Дереккөз: www.24.kz
Еліміздегі 180 млн гектарды құрайтын жайылымдық жердің бүгінде 20 миллионы жарамсыз.
Тұз басып, құрғап кеткен. Осындай алқаптарды қайта игеру үшін халықаралық ауылшаруашылығы және азық-түлік ұйымы жаңа жобаны қолға алды. Оған елімізден бөлек Орталық Азиядағы төрт мемлекет пен Түркия қосылды. Олардың аймақтық кеңсесі бүгін Алматыда ашылды. Аталған алты ел ортақ жобаға жалпы сомасы 80 млн доллар қаржы салып отыр. Бес жылға жоспарланған бастама аясында құнарсыз жерлер жаңа технология бойынша зерттеледі. Нәтижесінде жайылым көлемі артып, мал өсіруге кететін қаржы үнемделеді екен. Отандық ғалымдардың айтуынша, еліміздегі құнарсыз жерлерді қайта игеру үшін бірінші кезекте су жүйесін реттеу керек.
Қайрат Нәжімеденов, Халықаралық АШ ұйымының Қазақстандағы өкілдігі басшысы:
– Біз бұл жоба аясында аймақтар мен елдімекендердегі жайылымды қайта қалпына келтіру үшін алдымен пилоттық жұмыстарды қолға аламыз. Өйткені әр аймақтың ауа райы, жасыл желегі әртүрлі. Сонымен қатар өткен ғасырда істен шыққан арықтарды қайта қалпына келтіреміз.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы мамырдың 23-нен 25-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиатский Газопровод» ЖШС; ҮЕҰ «Экосфера» мекемесі; «Kazakhstan Innovations» ҚҚ; «Акшат-Актобе» ЖШС; Троицк ҚАЭС «ОГК-2» ААҚ; «Алматы электр станциясы» АҚ; «Озенмунайгаз» АҚ; «АБК-Автодор НС» ЖШС Павлодар филиалы; «Теміржол жөндеу» ЖШС; «Қызылжар су» ЖШС; ШЖҚ МКК«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»; «Астана халықаралық аэропорты» АҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Сергазина Гульмира Халеловна –Тәуелсіз сарапшы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының м.а;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Турысбекова Эльмира Жумахановна – ҚР ЭМ бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жүлдегері Отгонцэгцэг Галбадрах, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында еліміздің байрағын көтеріп шыққан Абзал Әжіғалиевтің енді өз ағаштары пайда болды.
«Мен мұндай қызықты жобаға қатысқаныма қуаныштымын. Өйткені, біз қайырымды іс тындырдық. Кез келген ер адам ағаш егіп, жаңа өмірдің басталуына себепші болуды армандайды. Спортшының мансабы он жылға созылуы мүмкін, ал ағаштар жүздеген жылдар бойы өмір сүреді. Бұл мен үшін үлкен оқиға. Болашақта менің отбасымның мүшелері осы аллеяға келіп, өз әулеттерінің бөлшегі бар екенін сезінсе, бұл – бақыт», – дейді Денис Тен.
Бүгінде Денис елорданың 20 жылдығына арналған «Денис және оның достары» мұзды шоуына қарқынды дайындық жүргізіп жатыр.
Дереккөз: www.24.kz
Оңтүстік Қазақстан облысында құс атасының сұлуы саналатын мыңнан аса дуадақ табиғат аясына жіберілді.
Дала төсіне ұшырылған дуадақтың бұл түрі жек деп аталады. Дархан далада еркін қанат қаққан құстардың көбі Біріккен Араб Әмірлігінде өсірілген. Ал кейбіреулері жергілікті тұқымбақта жұмыртқа жарып шыққан. Бұл жұмыстар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігінің бірлесіп дуадақтарды көбейтуге қорғауға бағытталған жобасы аясында жүзеге асып отыр.
Бұл дуадақтың жек атты түрі Орта Азияда көптеп мекендейді. Соңғы уақытта Қазақстанға да жерсініп келеді. Ал Сауд Арабиясының тұқымбағында өсірілген бұл дуадақтар Оңтүстік Қазақстан аумағына жіберілді.
Облыс аумағында ұшырылған құстардың барлығына арнайы белгі тағылып, қондырғылар орнатылған. Осының арқасында табиғат қорықшылары мен ғалымдар ғаламтор арқылы құстың ұшып кететін бағытын және олардың қай жерде көбейетінін зерттейтін болады. Мамандар адам қолында өскен дала құсының оңтүстіктің табиғатына да тез сіңісіп, қысқа дейін жылы жаққа ұшып кететініне сенімді.
Нұрлан Әбдіраманов, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК қорық аумақтарын қорғау қызметінің жетекшісі:
– Қорықты қорғау қызметінің мамандары аумақты күн сайын бақылауында ұстайды. Құстардың орнын анықтайды. Біздің мақсат – дуадақтарды аулайтын браконерьлермен күресу ғана емес, олардың алдын алу, жолын кесу. Біз, табиғат жанашырлары әуелі осы қағидаға берікпіз.
Қызыл кітапқа енген дуадақтың 10 жыл көлемінде еліміздің барлық аймақтарына, тұқымбақтан еркіндікке 11 мыңнан астамы жіберілген. Оның бірқатары араға жыл салып барып ұшырылған мекеніне қайта оралған. «Табиғатқа жіберілген жас дуадақтардың 70 пайызы аман қалады. Ал тұқымбақта 90 пайызы өсіп жетіледі», – дейді мамандар.
Сәкен Ділдахмет, АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:
– Басты мақсатымыз – біздің табиғатымыздағы осы жойылып бара жатқан құстың санын қалпына келтіру. Оны осы табиғатта орнықты сақтап, оны тағы да қорғау жұмыстары бар.
Мұнда дуадаққа бар жағдай бар. 895 гектар жер көлемін алып тұрған құс тұқымбағы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Жек дуадағына жем-су бекітілген тәртіппен беріліп отырады. Балапандар бір жасқа толғанша төрт-бесеуден бірге ұсталады. Одан кейін аналығы мен аталығы бөлек-бөлек бағылады. Аналықтары жылына бір мезгіл 3-4 жұмыртқа салады екен. Жалпы алғанд,а тұқымбақтағы құс басын 15 мыңға жеткізу межеде тұр. Ол үшін жобаның үшінші кезеңі жүзеге асырылуда.
Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 23 мамырда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) аукциондық сауда-саттық жүйесі іске қосылды. Жалпы қуаты 20 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша бірінші аукцион Солтүстік аймаққа арналды (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары).
Қазақстандық компаниялардан 9 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 2-ден 7 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 40,7 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 теңгеден 18 теңгеге дейін болды. Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.
Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:
6. «Зенченко и К» СС 2 МВт-қа 18 теңге бағамен
7. «Вичи» ЖШС 7 МВт-қа 18,01 теңге бағамен
8. «Ventum Energy» 4,95 МВт-қа 18,99 теңге бағамен
9. «EastWindEnergy» ЖШС 4,95 МВт-қа 19,99 теңге бағамен
10. «Иван Зенченко» ЖШС 2 МВт-қа 22,53 теңге бағамен
Келесі аукцион 2018 жылғы 24 мамырда өтеді.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Астанада Ғаламдық метан бастамасының қолдауымен 2018 жылдың 16 мамырында семинар өткізілді. Семинарда Қазақстанда энергияны өндіру үшін биогазды қолдану мүмкіндігі талқыланды.
Бұл іс-шараны, «Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы», «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға 35 адам қатысты, оның ішінде Ғаламдық Метан Бастамасы (GMI), мемлекеттік органдар, қаржы институттары, бизнес қауымдастықтар, кәсіпорындар.
Қатысушыларды ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Соспанова А.С., Ғаламдық метан бастамасының (GMI) атқарушы директоры Моника Шимамура, Тұрғын үй құрылысын дамытудың Қазақстандық ғылыми-техникалық орталығының бас директоры Махамбет А.Қ., Еуропа қайта құру және даму банкінің жетекші банкирі Файзиев Б., «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығының атқарушы директоры Мустафина В.В қарсы алды.
Семинар соңында Қазақстанда биогазды қолдану жайында үлкен пікірталас өткізілді. Биогаз үшін аукциондар өткізу, бекітілген тарифтерді белгілеу, салаға инвестиция тарту, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру сияқты маңызды мәселелер қаралды.
Семинар мен талқылаулардың қорытындысы бойынша қатысушылар семинар-кеңестің шешімінде көрсетілетін ұсыныстар мен ұсынымдарды ұсынды. Бұл қаулы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне, Ғаламдық метан бастамасына және басқа мүдделі ұйымдарға жіберіледі.
Дереккөз: www.24.kz
Бүгін ХІ Астана экономикалық форумының қорытынды сессиясы өтті. Келелі кеңеске келген қонақтар дөңгелек үстел форматында қазақ үкіметімен ой-талқылар өткізді. Басқосуда елімізді дамыту мәселесі талқыланды. Сарапшылар Қазақстанды өркендетудің алты бағыты бойынша пікір алмасты.
Астана экономикалық форумының қорытынды сессиясы. Қазақстанды дамытудың алты бағыты талқыланды. Бірінші бағдары – «институттар мен экономикалық саясат». Сан тараптан келген сарапшылар технологиялық жаңғыру мен Қазақстан үшін жаңа нарықтар, макроэкономикалық тұрақтылық, жаһандық экономикалық қауіп-қатерлер жағдайындағы құрылымдық реформалар, теңсіздік деңгейін азайту амалдары мен инвестицияларды ынталандыру сұрақтарын қаузады.
Екінші бағыт – адами капиталды дамыту. Майталман мамандар «ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесі қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап іздеді. Web 2.0 сияқты жаңа технологиялар мен оқыту процесіне ғаламтор ғаламаттарын енгізу секілді мәселелер көтерілді. Креативті индустрияны дамыту және шығармашылық белсенділікті ынталандыру, елге адами капиталды тарту әдістері жөніндегі қатысушылардың ұсыныстары да қаралды.
Енді бір бағдар – «цифрландыру мен ақпараттық технологиялар». Сарабдал сарапшылар сандық мемлекеттік басқару мәселесін егжей-тегжейлі талқылады. Компаниялар мен бизнесті цифрландыру, ІТ жобаларды әзірлеу кластерін дамыту және алдыңғы қатарлы технологиялар трансферін ынталандыру бойынша нақты шешімдер ұсынылды.
«Жаңа ақша және қаржы секторы» бағыты бойынша қатысушылар бәсекеге қабілетті қаржы орталығын қалай құру керегін жан-жақты қарастырды. Блокчейн бойынша қандай жобаларды жүзеге асырып, болашақ ақша технологиясын пайдаланудың арқасында қандай пайда көруге болатыны да күн тәртібіне енді.
Ал «Таза энергия және жасыл технологиялар» сессиясының бағдарламасы қызу пікірталас тудырды. Бүгінде экономика секторларын табиғи байлықты сақтай әрі баламалы энергияны пайдалана отырып жетілдіру керек? Форумға қатысқан сарапшылардың пікірі осындай. Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытуда институционалды, қаржы және технологиялық кедергілер бары да әңгіме өзегіне айналды. Осы орайда бизнесті қалай ынталандырып, энергиялық тиімділігі жоғары инновацияларға қалай инвестиция салу керек деген сауалдар қойылды.
2050 жылға қарай Қазақстанның қалалары қалай өзгереді? Және ХХІ ғасырдың үздік шаһарлары қандай болмақ? Бұл сұрақтың жауабын мамандар «Қалаларды дамыту» сессиясында іздеді. Осы ретте олар мегаполистерге арналған мегажобалар, олардың көлік жүйесін дамыту, экология, өмір сүру сапасының деңгейін арттыру сынды мәселелерді талқыға салды. Халықаралық сарапшылардың ұсыныстары еліміздің дамуына үлкен септігін тигізбек. Авторлары: Ж.Біркенов
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 17 мамырда Global Challenges Summit XI Астана Экономикалық Форумы алаңында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев, ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының төрайымы
Ә. Назарбаева, Жасыл өсім жаһандық институтының төрағасы Пан Ги Мун және тағы басқалардың қатысуымен «Жасыл экономика: тұрақты дамудың жаңа моделі» панельдік отырысы өтті.
Отырыс барысында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамашылығымен құрылған Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы іске қосылды және оның қызметі таныстырылды. Орталық ЭКСПО-2017 мұрасының идеологиялық жалғасы болады.
Орталықтың негізгі функциясы – «жасыл» мәдениетті қалыптастыру және алдымен Қазақстанда содан соң Орталық-Азия өңірі елдерінде жасыл технологияларды дамыту арқылы экологиялық проблемаларды шешу. Орталық энергетикалық секторды трансформациялау, «жасыл» бизнеске көшу, трансферт және жасыл технологиялар мен үздік тәжірибелерді бейімдеу міндеттерін атқаруға арналған.
«Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру жылдарында ресурстарды үнемдейтін, таза технологияларды пайдалану қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 94 пайызға және ауылдық жерлерде 57 пайызға жақсартуға мүмкіндік береді; ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі екі есе өседі; қазіргі заманға лайықты энергия үнемдеу жүйесінің негізі құрылады; ағымдағы жылдың соңына қарай жаңартылатын энергия көздерінің қуаты шамамен 460 МВт болады деп күтілуде; қолданыстағы көмір электр станцияларында заманауи күлді өңдеу құрылғыларын енгізу жұмыстары жалғасады; қалдықтарды өңдеу және қайта өңдеу 31 пайызға жетті.
ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық – Қазақстан үшін стратегиялық басымдықтарының бірі. Халықаралық шарттарға және құқықтық құралдарға қосылу Қазақстанға белгілі міндеттемелер жүктейді. Осы мақсатта экологиялық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс басталды. Ол ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер қағидаттарының негізінде жасалатын болады: қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қолданыстағы жүйесі қайта қарастыралатын болады, үздік қолжетімді технологияларды пайдалану негізінде эмиссияларды төмендетуге табиғат пайдаланушыларды ынталандыру бойынша механизмдерді енгізу, шығарындыларды нормалау қағидаттары жетілдіріледі.
Париж келісімі шеңберінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу парниктік газдардың шығарындыларының көлемін азайтумен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамытуды көздейді. Осы мақсатта қазақстандық заңнамаға және ЖЭК-ті дамыту үшін оны жетілдіру мүмкіндіктеріне талдау жасалды, Қазақстанның Күн ресурстары атласы әзірленді және пайдалануға берілді.
2018 жылғы 23 мамырда ЖЭК-ті салу бойынша жобаларды іріктеудің бірінші аукциондық саудасы өтеді. Аукциондардың екі сессиясы ішінде (көктемдегі және күздегі) қуаты 1 ГВт ЖЭК ұсынылатын болады. Аукционның жеңімпаздары ЖЭК-тің бірыңғай сатып алушысы – қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алуға 15-жылдық кепілді офф-тейк келісімшартқа қол қою мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстан халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастыққа үлкен мән беретіндігін ерекше атап өткен маңызды. Дүниежүзілік банкпен, Еуропа қайта құру және даму банкімен, Азия Даму банкімен жұмыс жүргізілуде. Бүгін қол қою жоспарланған «Қызылорда облысында қуаты 50 МВт Байқоңыр күн электр станциясын салу» жобасын қолдау және ынтымақтастық туралы келісімге және ҚР Энергетика министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Шелл Казахстан Б.В.» компаниясы және «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ арасындағы меморандум тараптардың жасыл экономиканы дамытуға ұстанымдарын көрсетеді.
Дереккөз: www.nur.kz
Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы Əлия Назарбаева Астана экономикалық форумына қатысты деп хабарлайды.
Жиында Əлия Назарбаева жасыл экономика тақырыбы төңірегінде ой өрбітті. Бұл ретте ол Қазақстанда 5 жыл бұрын жасыл экономикаға өту тұжырымдамасының қабылданғанын мәлімдеді.
“2030 жылға қарай біз елдегі жасыл экономика үлесін 30 пайызғп дейін арттырмақпыз. Осыған орай президент жарлығымен жасыл технологияларлың халықаралық орталығы құрылды”, – деді Əлия Назарбаева.
Дереккөз: astana.gov.kz
Еліміздің бас қаласында бүгін «Біз таза елорданы қолдаймыз!» акциясы бастау алды. Жалпықалалық сенбілікке жүз мыңнан астам тұрғын мен қаланың бес мыңға тарта кәсіпорындары мен мекемелері қатысып жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Экологиялық науқанға Астана әкімі Әсет Исекешев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Нығматулин, «НұрОтан», «Ақжол», ҚКХП партиялары парламенттік фракцияларының депутаттары, Мәжіліс аппаратының қызметкерлері де қатысты. Олар Орынбор көшесінде орналасқан «Зеленый квартал» тұрғын үй кешені ауданында ағаш отырғызды.
«Бүгін барлығымыздың көңіл-күйіміз жақсы. Сенбілік Астананың 20 жылдығы сияқты тамаша мерекенің қарсаңында өтіп жатыр. Әрине, мұндай шараға өз үлесімізді қуана қосқымыз келеді. Қаламызды абаттандыру, оның көркін келтіру жұмыстарында сенің де кішкентай еңбегіңнің бар екендігін білу ерекше күйге бөлейді емес пе?!» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова.
Науқанға қатысушылар 120-ға тарта ағаш көшеттерін отырғызды. Енді Астананың сол жақ жағалауына терек, шаған, шефердия сияқты ағаштар көрік бермек.
Кең ауқымды сенбілікті өткізуге қатысты бастаманы еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін қолдады. Қала көшелерін тазартуға көптеген отбасылар, ұжымдар шықты. Олардың арасында мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері, әлеуметтік желілердегі «Астана – Что? Где? Когда?», «Астана, хочу похвалить/ хочу пожаловаться» атты қауымдастықтардың жазылушылары да бар.
Экологиялық науқан барысында барлығы 17 313 ағаш егіледі деп жоспарланған.
9 сәуір мен 10 мамыр аралығында елорда аумағынан 4 227,74 тонна қалдық шығарылып, 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында 8 065 ағаш отырғызылды.