«Орхус орталықтарының әлеуетін экологиялық ақпаратты тарату және пайдалану мақсатында жетілдіру» тақырыбындағы семинар Астана қаласында 2017 жылдың 31 қазанында өткізілетін болады.
Семинар «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық талдау орталығы» РМК «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығымен бірлесіп Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен өткізілетін болады.
Семинардың мақсаты – Қазақстанда Орхус қозғалысын дамытудың стратегиялық жоспарын талқылау, сонымен қатар Орхус орталықтарының әлеуетін ЛШТТ бойынша ақпаратты тарату бөлігінде жетілдіру.
Халықаралық сарапшы – Азаматтарды қолдау орталығының» басшысы, «Арника» ҮЕҰ (Чехия) жобаларының үйлестірушісі Мартин Скальский – ЛШТТ ақпаратын таратудың және пайдаланудың халықаралық тәжірибесін ұсынатын болады.
Қатысушылар Қазақстандағы Орхус қозғалысының Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру және Орхус орталықтарының қызметіне қаржыландыру жұмылдыру тетіктерін талқылайтын болады.
Бөлек сессия аясында қатысушылар ЛШТТ-ның «жасыл экономика» жоспарларын іске асырудағы және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін, қоғамның ЛШТТ ақпаратына қол жетімділігінің ұлттық стратегиясын орындауындағы маңызын, Орхус орталықтарының ЛШТТ мәліметтерін тарату және пайдаланудағы рөлін, сонымен қатар Орхус орталықтарының төзімді органикалық заттар мен басқа да қауіпті химиялық заттарды жоюдағы үлесін талқылайтын болады.
Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің, Қазақстан Республикасының өңірлік Орхус орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.
Семинар «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК мен ЮНИТАР және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен «Төзімді органикалық ластағыштар бойынша есеп беру құралы ретінде ЛШТТ жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы үшін тарату және хабардар етудің жаһандық жобасы» бірлескен жобасы аясында семинар өткізіледі. Ұйымдастырушы «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығы.
Семинардың басты мақсаты – ЛШТТ мәселесі бойынша мамандардың әлеуетін жетілдіру және Қазақстанда ЛШТТ ендіруді әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу үшін ұсыныстар әзірлеу.
Семинардың жұмысына халықаралық сарапшы – «Азаматтарды қолдау орталығының» басшысы, «Арника» ҮЕҰ (Чехия) жобаларының үйлестірушісі Мартин Скальский қатысатын болады.
Семинарларда ЛШТТ хаттамасының негізгі қағидалары және оны жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі қарастырылатын болады. Қатысушыларға Қазақстанда ЛШТТ ендіру, атмосфералық ауаға, ағынды суларға, топыраққа ластағыш заттардың шығарындылары мен тасымалдарын (өндіріс және тұтыну қалдықтарынан) бағалау бойынша ағымдағы ахуал жөнінде шолу ұсынылатын болады. Талқылау барысында қатысушылар ЛШТТ бойынша есептілік үшін ластағыш заттардың тізімін талдайтын болады.
Сондай-ақ тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының ЛШТТ бойынша ұлттық ұсыныстары мен эмиссиялар бойынша онлайн-есептілікті ұсыну үшін бағдарламалық қамтамасыз ету ұсынылатын болады.
Семинарға мемлекеттік органдардың, таукен өндіру, энергетика, мұнай өңдеу, металлургия, химиялық саланың кәсіпорындарының, экологиялық жобалық ұйымдар мен зертханалардың, үкіметтік емес ұйымдардың, Орхус орталықтарының өкілдері қатысады.
Дереккөз: www.24.kz
Ақмола облысында 28 мың 702 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, оның ішінде 237-сі кәсіпкерлікпен айналысады.
Биылғы жылы олар өз кәсібін өркендетуге 20 млн теңгеге жуық несие алған. Солардың бірі – Жақсы ауылының тұрғыны Байтас Мусин. Жұбайы және 3 баласымен еңбек ететін Мусиндердің отбасылық шаруашылығында қазақтың 40 ақ бас ірі қарасы бар. Оның 15-і сауын сиыр. Төрт мүшесі түгел адамнан артық шаруа жасап, табыс тауып, 9 млн теңге несие қаражатын мерзімінен бұрын қайтарып отырған мүгедек жанның тіршілігі кімге болса да үлгі боларлықтай. Еске сала кетейік, Ақмола облысының Жақсы ауданының өзінде мүмкіндігі шектеулі 600 адам тұрады.
Байтас Мусин, Жақсы ауылының тұрғыны:
– Өзіңнің қандай шаруамен айналысатыныңды анықтап алу керек. Маған жылқы бағу, қой өсіру сияқты ұсыныстарды да айтты. Мұның бәрі келешекте болады. Рената Тілепова, Жақсы аудандық жұмыспен қамту және ӘБ бөлімі басшысының орынбасары: – Бұл адам бойындағы ерік-жігердің, өмірге деген құштарлық пен махаббаттың нағыз үлгісі деп есептеймін. Өзі мүгедек жан бола отырып, отбасылық кәсіппен айналысу үшін несие алып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Осы кісіден үлгі алған тағы көптеген мүмкіндігі шектеулі жандар жүк тасымалдау, шаштараз ашу, дәріхана мен дүкен ашуға ұмтылыс жасап жатыр.
Дереккөз: www.24.kz
Келесі жылы Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн гектар жерге майлы дақыл егіледі. Диқандар қауымы осылайша егін шаруашылығын әртараптандырып, шет елдерде жоғары сұранысқа ие өнімді экспортқа шығармақ.
Биыл өңірде 5 млн 600 мың тонна астық жиналды. Бұл ел бойынша қамбаға құйылған егіннің 30 пайызы. Диқандар әр гектарынан 18 центнерден астық жинады. Енді ауыл еңбеккерлері көктемгі егіс науқанына дайындалып, жер жырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шаруалар тұқым қорын жаңартуға да баса мән беріп отыр.
Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:
– Елбасының тапсырмасына сай диверсификация жұмыстарының да нәтижиесін көріп отырмыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда майлы дақылдар 40 пайызға көбірек егілді. Енді келесі жылы біз 1 млн гектарға дейін жеткізуді сондай бір жоспарымыз бар. Майлы дақылдардың бағасы бүгінгі күні бір тонна үшін 122,5 мың теңге тұрады.
Дереккөз: www.24.kz
Aлматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Жауапты тұлғалар «Алакөл жағасындағы балықшыларға жарты тоннадан астам балықты заңсыз аулады» деп жалған хаттама толтырған. Соның кесірінен маусымдық жұмысқа байланысты жасалған келісімшарт бұзылып, жұмысы тоқтап қалған кәсіпкерлердің бірі Алакөл аудандық прокуратурасына шағымданды. Нәтижесінде инспекторлардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Енді олар заң алдында жауап беретін болады.
Әділет Әлімқұлов, Алакөл аудандық прокуратурасының аға прокуроры:
– Жасалмаған құқықбұзушылықтарды жасады деп әкімшілік хаттама толтырған. Бейсембаев шаруа қожалығының арызын тексеру кезінде аталған шаруақожалық басшысының уәждері толығымен дәлелін тапты. Арнайы экспертиза қорытындысы негізінде жалған хаттамалар толтырылғаны анықталып отыр.
Дереккөз: www.24.kz
Ақтөбе облысында 2014-2016 жылдары ірі кен орындарынан 8 мың тонна мұнай ұрланған. Қылмысқа қатысы барлар тұтқындалып, тиісті жазасын алды. Алайда мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы әлі де тыйылмай тұр.
Бүгінде ішкі істер департаменті 17 қылмыстық істі тексеріп жатыр. 6 вагон мұнай өнімін Ауғанстан асырмақ болғандардың ойы іске аспады. Ел экономикасына теріс әсерін тигізетін қылмыстың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдануы тиіс.
Бұл туралы Ақтөбеде өткен өңіраралық форумда айтылды. Бас прокуратура мен облыс билігі бірігіп ұйымдастырған жиынға батыс аймақтың прокурорлары мен мұнай компанияларының өкілдері қатысты. Жалпы соңғы 3 жылда елімізде мұнай мен газ ұрлығына қатысты 700 іс қозғалып, 11 қылмыстық топтың жолы кесілген.
1 млн тонна мұнай өнімі заңсыз айналымға шығарылып, мемлекетке 100 млрд теңге шығын келді. Мысалы кейбір компаниялардың өндірген мұнай көрсеткішімен сыртқа тасымалданған көлемінде сәйкестік жоқ. Форумда бас прокуратура 7 қадамнан тұратын кешенді шара ұсынды. Ең бастысы бұл салаға қатаң бақылау жасап, нақты есеп жүргізу керек.
Азамат Дүйсенбеков, ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысының орынбасары:
– 3 жыл ішінде өндірілген, қайта өңделген мұнай мен экспортқа шығарылған мұнай көрсеткішінің айырмашылғы 2 млн тоннаны құрап отыр. Бұл шамамен – 600 млн АҚШ доллары. Алдағы уақытта осы екі жүйені бір базаға біріктіріп, ортақ есеп жүргізу қажет. Сонымен бірге табиғатты пайдаланушылар электронды есеп жүйесін енгізулері керек. Әйтпесе бұл саланың көлеңкелі тұстары мұнай айналымына бақылау жасауға мүмкіндік бермей отыр.
Дереккөз: www.24.kz
Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында бал шығаратын зауыт ашылғалы бері өңірде омарташылық қарқынды дами бастады.
Осылайша ауыл тұрғындары атадан балаға мирас болған ата кәсібіне қайта оралып жатыр. Өткен жылы кәсіпорында 40 тонна бал өңделген. Қазір экологиялық табиғи таза өнімді алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығару бағытында келіссөздер жүріп жатыр.
Лепсі ауылының тұрғыны Марат Вишняков 6-сыныптан бері омарташылықпен айналысады. Бұл істе 30 жылдық тәжірибесі бар. «Ата-бабаларымыз сүйіп айналысқан кәсіп түрі осылайша бізді де өзіне еріксіз баурап алды. Бұрын жинаған балымызды алыпсатарлар арзан бағамен алып кететін. Ауыл іргесінен бал өндіретін кәсіпорынның ашылуы жергілікті омарташылар үшін өте тиімді болды», – дейді ол.
Марат Вишняков, омарташы:
– Зауыт ашқан, сол жақсы болды. Балға жақсы баға береді. Қорықпай жұмыс істей береміз. Иә, омартаны енді кеңейтеміз.
Бір омартаның өзі маусымына 40-50 литрдей бал береді екен. Мараттың иелігінде 100 шақты омарта бар. Алынған балдың сапасы өте жоғары. Себебі Лепсіде бал арасы қонатын 200-ден астам шөптің түрі бар. Соның тең жартысына жуығы дәрілік шөп. Лепсі балының осындай қасиетін білген Ресей Императоры Романовтар әулетінің 300 жылдығына орай Лепсіден 300 пұт бал алдырған деген тарихи дерек бар. Омарташылардан қабылданатын балдың сапасы жаңадан ашылған кәсіпорынның арнайы зертханасында тексеріледі.
Фархад Абузяров, «Лепсинк өнімдері» ЖШС директоры:
– Біздің бал EXPO-да болды. Біз серіктес болып EXPO-да тұрдық. Өте жақсы сатылды. Шетелден келген кісілер біздің балды алды.
Лепсі балы қазірдің өзінде Ресей мен көршілес Қытай Халық Республикасына экспортталуда. Болашақта бірқатар Еуропа елдері мен Жапонияға және Кореяға шығарылмақшы. Кәсіпорын биылдан бастап бал өндірісімен қатар таубүлдірген тосабы мен түрлі шырындарды шығару ісін де қолға алды.
Фархад Абузяров, «Лепсинск өнімдері» ЖШС директоры:
– Таудың өнімдерін дұрыстап жасап, біздің елге шығарып берейік деп жатырмыз. Табиғи таза өнім ғой. Халыққа, халықтың үстеліне барсын деп армандап жүрміз.
Экологиялық тұрғыдан табиғи таза әрі сапалы өнім халықтың дастарқанына жетіп те үлгерді. Лепсінің өзінде ірілі-ұсақты 50 шақты омарташы бар екен. Олар жаз бойы жинаған өнімдерін осында тапсырады. Осылайша өңірде омарташылық өркендеп келеді. Ал аталған кәсіпорынның ашылуы арқылы 20 шақты тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев
«Халықаралық тәжірибе және Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін жүзеге асырудың ағымдағы қазақстандық тәжірибе» семинарлар сериясы сәйкесінше 2017 жылдың 26 қазанында, 2017 жылдың 30 қазанында, 2017 жылдың 2 қарашасында Ақтөбе, Астана және Павлодар қалаларында өтеді.
Семинарлар Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының қолдауымен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК мен ЮНИТАР (БҰҰ оқу және ғылыми-зерттеу институты) – «Жойылуы қиын органикалық заттар (ЖҚОЗ) есептілігіне арналған құрал ретінде Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» және Қазақстан Республикасы үшін таратуды және хабарлар етуді арттыру бірлескен жобасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Семинарлардың негізгі мақсаты – ЛШТТ мәселесі бойынша мамандардың әлеуетін арттыру және Қазақстандағы ЛШТТ енгізуді әдістемелік қамтамасыз етудің әзірлемесі үшін ұсыныстарды қалыптасытыру.
Семинарларда ЛШТТ Хаттамасының негізгі қағидалары мен оның жүзеге асырылуындағы халықаралық тәжірибе қарастырылатын болады.
Қатысушыларға, ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерінің атмосфералық ауа, ағынды сулар, топырақ (өндіріс және тұтыну қалдықтарынан) бойынша ағымдағы жағдайына, Қазақстанда ЛШТТ енгізу бойынша шолу ұсынылады. Талқылау барысында қатысушылыр ЛШТТ бойынша есептілік үшін ұсынылатын ластауыш заттар тізбесін анықтайды. Сонымен қатар ЛШТТ бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық ұсынысы эмиссиялары туралы онлайн-есептілікті ұсыну үшін бағдарламалық қамтамасыз ету туралы біледі.
Семинарға қатысу үшін мемлекеттік органдар, тау-кен өндіру, энергетика, мұнай өңдеу, металлургия, химия саласының, экологиялық жобалық ұйымдардың және зертханалардың, үкіметтік емес ұйымдардың, Орхус орталықтарының өкілдері қатысады.
Толық және БАҚ аккредиттеу туралы ақпаратты +7 727 255 87 78, +7 776 255 84 21 телефондары бойынша алуға болады.
Барлық ниет білдірушілерді семинарға қатысуға шақырамыз!
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қазанның 13-нен 14-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Атырау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Атырау-Тенгиз Констракшн Сервис» ЖШС, «КазНефтеПроект» ЖШС, «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС, «Сенімді Курылыс» ЖШС, «Batys Petroleum» ЖШС, «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС, «Мунай Сервис, ЛТД» ЖШС, «Насиха» ЖШС, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС, «Потенциал Ойл» ЖШС, “Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор” компаниясының филиалы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Сәтпаев Оперейтинг» ЖШС, «КазТурбоРемонт» құрылыс компаниясы» ЖШС, North Caspian Operating Company, «Атырау мұнай және газ университеті», коммерциялық емес акционерлік қоғам, «МГҚК ҚазҚұрылысСервис» акционерлік қоғамының Атырау филиалы, «Entellekto» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: : www.24.kz
Олардың жартысына жуығы етті бағыттағы мал шаруашылығымен айналысса, қалғаны сүт өндіреді.
Осы кооперативтердің 38-іне биыл мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 700 млн теңге көмек берілген. Бұл қаражат ұжымға біріккен шаруалардың керек-жарағына жұмсалады.
Зеренді ауданына қарасты Қараөзек ауылының тұрғыны Ғабиден Емматов мал шаруашылығымен айналысуды көптен бері көздеп жүр екен. Алайда қаржы мәселесі қолбайлау болып келген. Жақында ғана ол көрші ауылдағы кооперативтің құрамына еніпті. Кейіннен 4 млн теңге несие алып, оған 16 бас сауынды сиыр сатып алған. Қазір солардың сүтін өткізіп, отбасылық кәсіппен айналысып отыр.
Ғабиден Емматов, кооператив мүшесі:
– Сүт сауып, соны сатып отырмыз. 100 литрдей күніне сүт өндіреміз. Жақсы бағамен өткіземіз. Жалғыз сүт қана емес, мал бордақылаумен де айналысамыз. Үкіметтің қолдауымен мал шаруашылығын әрі қарай дамытып, сүтті молайтуға тырысып жатқан ниетіміз бар. Ал Ғабиден секілді 30 шақты шаруаның басын біріктіріп отырған кооперативте қазір заманауи сүт қабылдау бекеті бар. Оны ұжым басшысы 5 млн теңгеге сатып алған. Кеткен қаржының жартысын мемлекет төлеген. Сүт тасымалдайтын бірнеше көлігі де бар.
Ал кооператив небәрі жарты жылдың ішінде облыс орталығындағы зауыттарға 500 тонна сүт өткізген.
Құнанбай Серғазин, кооператив төрағасы:
– Одан басқа 8 ауылдан 200 отбасы бар. Сүттерін жинап, күніне 7 тоннасын зауыттарға апарып жатырмыз. Жазда 7 тонна, қазір 2,5 тонна. Сүт қабылдағыштың жақсы жері жақын ауылдардан әкеліп, алыс жерлерге жеткізе аламыз. Қанша градус қажет болса, сонша қоямыз. 2-3 градусқа дейін суытып береді.
Абзал Кенжеахметов, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры облыстық филиалының өкілі:
– Кооперативке әрбір ауыл тұрғыны 6 пайызбен несие алып, кіре алады. Әрбір кооператив мүшелері сүт бағытында 6 млнға дейін берсе, ет бағытында 4 млн-ға дейін ала алады. Оған бүгінгі таңда халық кәдімгідей белсенді қосылып кіруде. Кооператив саны күннен-күнге артып келе жатыр.
Жалпы биыл Ақмола облысының ауылшаруашылық саласын қолдауға Үкіметтен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал кооперативтерге біріккен ауылдықтар жыл басынан бері 15 мың тонна сүт және 400 тоннаға жуық ет өндіріпті. Осылайша елді мекен тұрғындары ата кәсіпті жандандыру арқылы өздері де несібелерінен айырып, жергілікті өндіріс ошақтарының да сұраныстарын қамтамасыз етіп келеді.
Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко