Дереккөз: www.24.kz
Экономиканың қарқынды дамуы өндірістегі адам факторын арттырады. Әлемде жыл сайын жаңа технологиялар пайда болып, фермерлік техникалар жаңарып жатады. Сондықтан жұмысшыларды кәсіби тұрғыда үздіксіз оқыту өзекті мәселе. Өйткені, кәсіби кадрлар ғана ауыл шаруашылығындағы бәсекелестікті көтеруге ықпал ете алады.
Дереккөз: www.24.kz
Үйіңізден шыққан қоқыс сізге жылу энергиясы ретінде қайтып келуі мүмкін. Астаналық қоқыс зауыты қалдықтарды өңдеп, энергия алатын цехты іске қосты. Тұрғындардың бар қалдығы келіп төгілетін зауытқа экскурсия жасауға болады. Мұнда қоқыстан қандай пайдалы дүние шығарады? Бағдарламамыздың бүгінгі санында.
Дереккөз: www.24.kz
Тиімді технологиялар жөнінде қазақстандық жеткіншектер не біледі? Ауыл шаруашылығы үшін қандай жасыл инновациялар бар? Топырақ орнына қандай шикізатты пайдалануға болады? Бағдарламаның бүгінгі шығарылымында толығырақ.
Дереккөз: www.24.kz
Егер сізге қыс мезгілінде қызынақ немесе қияр қажет болса, жылыжайда өсірілген өнімдер сіздің сұранысыңызды өтей алады. Қазақстанның климаты тиімді жылыжай шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Солай бола тұра, бұл шаруа еліміздің барлық аймағында көркейіп тұр деп айтуға келіңкіремейді. Біз бүгінгі бағдарламада еліміздегі жылыжай кешендерінің туралы айтпақпыз.
Дереккөз: energo.gov.kz
Дереккөз: www.24.kz
Жасыл экономика саласындағы Қазақстанның межелеген мақсаттары 2050 жылға дейін белгіленіп қойған. Біз алдағы 33 жылдың ішінде баламалы қуат көздерінің үлесін 50%-ға жеткізіп, энергия шығынын 50%-ға қысқартып, жасыл сектордағы жұмыс орындарының санын 500 мыңға жеткізуіміз керек. Бүгінде тиісті заңнамалық ретке келтірілсе, сол кәсіпті игеріп кететін белсенді тарап керек. Алайда көп жағдайда қаржының жетіспеушілігі қолбайлау болып жатады. Десе де қазіргі таңда «Жасыл қаржы» инструменттері дамытылып жатыр.
Дереккөз: www.24.kz
Килоджоуль және киловаттпен өлшенетін энергия шығынын қалай азайтуға болады? Қуат көзі неліктен үнемделуі керек? Қарағандының білім беру мекемелерінде өткізілген жөндеуден кейін қанша энергия үнемделуде? Бағдарламамыздың бүгінгі санында толығырақ тарқатамыз.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
Елімізде құм көшкіні үйлерді басып жатқан ауылдар көп. Бұл Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары көшпелі шағылдан қиындық көріп отырған елді мекендердің ортақ проблемасы. Бүгінгі бағдарламада құмнан қашып, үйлерін құмнан аршып табиғаттың осындай тосын мінезімен күресіп жүрген Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм ауылының тұрғындарының жағдайы туралы баяндаймыз.
Дереккөз: www.24.kz