Бейне материалдар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Арнайы репортаж. EXPO 2017: жаhандық шара қорытындысы

Дереккөз: www.24.kz

– Қазақ жерінде өткен халықаралық шараға дүйім жұрт атсалысты. Жоғары деңгейдегі көрме ТМД елдері арасында алғаш рет өтті.

– Астанадағы көрменің басты павильоны «Нұр Әлем» расында әлем назарын өзіне аударып, жұршылық қызығушылығын арттырған. Павильонға келушілердің саны күніне 28 мыңға жуықтаған.

– Көрмеге үш айда 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысып, болашақ энергиясы тақырыбында өз ізденістерін көрсетті.

– Астана EXPO 2017 көрмесінен кейін, жоғары технологиялар орталығы ғана емес, әлемдік өркениеттің тоғысқан мекеніне айналды.

– Аталмыш көрмені өткізу ендігі Араб Әмірліктеріне бұйырды. 2020 жылы Дубай қаласы EXPO қонақтарын құшағын кеңінен жайып қарсы алмақ.

Жасыл экономика. Болашақ энергиясының Қазақстанда дамуы

Дереккөз: www.24.kz

Болашақ энергиясы тіркесі сіз үшін қандай мағына береді? Бұл сала турасында қаншалықты ақпараттандырылғансыз? Бағдарламаның осы санында осы бағытта жұмыс істеп жатқан білікті сарапшылардың нақты шешімдері мен ұсыныстарымен бөлісеміз.

Жасыл экономика. ҚР ауыр шаруашылығындағы жасыл технологиялар

 Дереккөз: www.24.kz

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті зор. Өткен жылдың өзінде жалпы өнім көлемі 3,6 трлн теңгені құрады. Бұл нәтижемен шектелмей әрі қарай даму үшін инновациялық технологиялар қажет. Бүгінде Қазақстан ауыл шарушылығы саласына жасыл энергия көздерін енгізу тұрғысында нық қадамдар жасап келеді.

Жасыл экономика. Суды сақтап қалудың бірегей шешімдері

Дереккөз: www.24.kz

Су – тіршілік көзі. Бірақ, өкінішке орай, тұщы судың коры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры гидросфреа ресурсының 1%-на жетпейді. Жеріміздің түпкір-түпкірінде бұл көрсеткіш әртүрлі деңгейде. Еліміз тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына кіреді.

Жасыл экономика. Жаңғырмалы энергия көздері технологияларының климат өзгерісін алдын-алудағы рөлі

Дереккөз: www.24.kz

Таза энергия – жаңа мүмкіндіктер көзі. Баламалы технологиялар өндірісі бүгінде экономика турасында біршама жетістіктерге жетіп үлгерді. Күннен күнге бұл қатарда бәсекелестік те артып келеді.Бұл саланы дамыту үшін Әлем ғалымдары жаңа инновациялар ойлап тауып, саясаткерлер оларды тиімді пайдаланудың жолдарын іздеп жатыр.

Жасыл экономика. Қоқыстарды кәдеге жарату ісі

Дереккөз: www.24.kz

Қалдықтарды өңдеп, оны баламалы энергия көзіне айналдыру – әлем елдерінің алға қойып отырған мақсаттарының бірі. Бүгінде қоқыс қосымша энергия көзіне айналып отырған заманда түрлі технологиялар нарығы да даму үстінде.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика