Бейне материалдар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ақылды қала. Жол-көлік оқиғасына қатысты істі жеңілдететін қосымша

Дереккөз: www.24.kz

Отандық өнертапқыштар «электронды хаттама» бағдарламасын ойлап тапты. Бұл жол апаты болған жайдайда тәртіп сақшыларының жұмысын біршама жеңілдететін мобильді қосымша. Ол уақытты үнемдеп, ең бастысы қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді. Бағдарлама жайлы толығырақ осы шығарылымда таныстырамыз.

Жасыл экономика. Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту

Дереккөз: www.24.kz

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің 25 жылда жеткен жетістіктерін түйіндеді. Өткенге шолу жасап, болашақтың бағдарын нақтылады. Экономиканың түрлі саласында қордаланып қалған мәселелерді  көтерді. «Жасыл» экономикаға қандай тапсырмалар жүктелді?

Бастау керек. Ескі көлікті қайда өткіземіз?

Дереккөз: www.24.kz

Ескі көліктерді қабылдау бағдарламасының жүзеге асқанына біраз уақыт өтті. Алайда ел ішінде темір тұлпарларын осы жолмен өткізіп жатқандар аз дейді мамандар. Себеп неде? Жалпы ескі көлікті қалай және қайда өткіземіз?

Жасыл экономика. Баламалы қуат көздеріне салынған инвестиция

Дереккөз: www.24.kz

Қоғам мен энергетикалық нарық ойыншылары «жасыл» энергетиканы дамыту қажеттігі жайлы жиі айтып жүр. Ал дамыған елдер болса экономиканы «жасылдандыру» мақсатында салаға қомақты қаражат салып жатыр. Дегенмен баламалы қуат көздеріне деген басымдық тек соңғы 5 жылда ғана беріліп келеді дейді мамандар. Қазіргі таңда елімізде Ресей, Қытай, Иран, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және тағы басқа мемлекеттердің қатысуымен құрылған компаниялар жұмыс істейді. Бүгінгі бағдарама сол инвесторлардың «жасыл» технологияларға деген қызығушылығы жайында болмақ.

Жасыл экономика. Тозығы жеткен көліктерді жою бағдарламасы

Дереккөз: www.24.kz

«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторы елімізде тозығы жеткен көліктерді кәдеге жарату бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырды. Осы уақыт аралығында 5665 ескі көлік тапсырылған. Тозығы жеткен көліктерді тапсыру бойынша Шымкент қаласы алда тұр. «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторы 2017 жылға қандай жоспар жасап отыр?

Жасыл экономика. Сирек кездесетін жануарлардың популяциясын сақтау

Дереккөз: www.24.kz

«Қызыл кітапқа» енген кез келген жануар табиғат сақшыларының қарауында. Жыл өткен сайын жабайы аңдар популяциясы азайып барады. Тіпті олардың кейбірі жоғалудың шақ алдында. Саны азайған оларды ұрпағымыз шаң басқан мұрағаттардан емес, табиғат аясында өз көздерімен көргендері абзал дейді мамандар. Осы орайда елімізде сирек кездесетін аңдардың популяциясын қалпына келтіру үшін қандай шаралар атқарылып жатыр? Браконьерлермен күрес қалай жүргізіледі?

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика