Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
2019 жылдан бастап полигондарға батареялар, тұрмыстық техника мен жиһаздарды тастауға шектеу қоятын заң қабылданады. Себебі электр құрылғылары қалдықтардың ең қауіпті сатысына жатады. Күн сайын миллиондаған техника полигондарға тасталып жатыр. Тиісінше қоршаған ортаға мырыш, сынап секілді улы заттар бөлінуде. Ендеше ескірген мұндай құрылғыларды қайда жібереміз?
Дереккөз: www.24.kz
Чехия EXPO-2017 көрмесінің алаңына энергетика саласындағы заманауи технологияларды шығармақ. Бүгінгі таңда еліміз бұл елмен баламалы қуат көздері саласында бірнеше жобаларды қолға алған. Ондағы басты назар судан қуат алу болып отыр. Екі ел арасындағы әріптестік жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.
Дереккөз: www.24.kz
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан ең алғашқылардың бірі болып «жасыл» экономика саласын игеруге бел буды. Арнайы тұжырымдама қабылданып, түрлі экологиялық және халықаралық ұйымдарға мүше болды. Бұл бағытта мыңдаған жұмыс орындары мен кәсіпорындар құрылды. Заман талаптарына сай инновациялық зертханалар ашылды. 25 жылда Қазақстан жеткен саладағы жетістіктер жайлы осы шығарылымда сөз етеміз.
Дереккөз: www.24.kz
Ауа температурасының артуын төмендету, климаттық өзгерістермен күрес. Бұл өткен жылы Франция астанасы Парижде өткен климаттық саммитте көтерілген үлкен мәселе болды. Дамушы елдерге осы бағытта көмек көрсету бойынша мемлекеттер келісімге келді. Қазақстан да жаһандық мәселеден қалыс қалмады. Париж климаттық келісімін жүзеге асыру үшін нақты тәжірибелік қадамдарды жасау керек. Бүгінде бұл жолда қандай механизмдер қалыптасты?
Дерекөз: www.24.kz
Келер жылы елімізде өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесі өзге елдердегі кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. Бірі мұнда қаржы салатын бизнес жоба іздесе, екіншісі кәсібін жандандыруға болатын бос нарықты табуды қалайды. Қазан айында көрмеге қатысушыларға павильондарды тапсыру рәсімі басталды. Бүгінде Чили, Мексика, Перу, Колумбия, тіпті Барбадос аралы да оған қатысуға ниет танытты. Осылайша мемлекеттер саны 111-ге жетті. 17 халықаралық ұйым да қызығушылық танытып отыр. Осы шығарылымды біз EXPO-2017 көрмесіне дайындық жайына арнаймыз.
Дереккөз: www.24.kz
Бұл ауылдық жерлердегі су үнемі мәселесіне көңіл бөлген жоба. Басты қатысушылары жастар. Олардың арасында арнайы байқау ұйымдастырылып, елді мекендерде жүзеге асуы мүмкін деген ең үздік жұмыстар іріктеліп алынды. Ауылдық жерлерде су мәселесі өте өзекті. Әсіресе оның тазалығы, қолжетімділігі аса маңызды. Жалпы бүгінде жоба аясындағы нәтиже қандай?
Дереккөз: www.24.kz
Бүкіләлемдік экономиканың тұралаған тұсында тұрақтылықтың жаңа моделі қажет. Жаһандық бағыт «жасыл» экономикаға өту дейді мамандар. Оның қатарында Қазақстан да бар. Сарапшылар бұл бағытты дамыту үшін тиімді инновацияларға ауқымды инвестициялар салу қажеттігін айтады. Дамыған елдер ғимараттардың энерготиімділігін арттыру мен инфрақұрылым, тіпті эко-қалалардың құрылуына басымдық берсе, дамушы елдер қаржыларын ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және автономды энергияға жұмсауда дейді олар. Таза энергия жолына түскен Қазақстан қазір жас өнертапқыштардың стартаптарына көңіл бөліп, барынша қолдау білдіруде. Толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.
Дереккөз: www.24.kz
Қазақстандық биоалуандылықты сақтау қауымдастығының мәліметінше тұрғындар соңғы рет тұран жолбарысын 1947 жылы кезіктірген. Өкінішке орай антропогендік факторлардың кесірінен олар жойылып кетті. Жабайы аңның бұл түрі әлемнің тек 13 елінде ғана өмір сүрген. Бірнеше жыл бұрын Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры елімізде тұран жолбарысының популяциясын қайта жаңғырту жөнінде арнайы аймақ құру бастамасын көтерген болатын. Бүгінде сирек кездесетін аңдардың популяциясын қалпына келтіру үшін жасалған арнайы бағдарлама қалай жүзеге асырылып жатыр?
Дереккөз: kazakh-tv.kz