Бейне материалдар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Жасыл экономика. Қалдықтарды сұрыптаудың тиімді жолдары

Дереккөз: 24.kz

Жыл сайын полигондардағы қалдық көлемі артып келеді. Осы орайда мамандар қалдықтарды тиімді басқару жүйесіне тез арада көшу қажет екендігін ескертеді. Қарағандылық қоқыс сұрыптайтын зауыт бұл мәселені бірнеше жылдан бері қолға алған. Олар мектептерде үгіт жұмыстарын ұйымдастырып, тұрғын үй аулаларына арнайы контейнерлер орналастырған. Толығырақ осы шығарылым

Жасыл экономика. Экологиялық бағалау жүйесі

Дереккөз: www.24.kz

Ел экономикасының құраушы күші өндіріс саласы болғанымен одан шыққа зиянды қалдықтар экологияға айтарлықтай зиянын тигізіп отыр. Бүгінде ғалымдар бұл бағытта біршама жобаларды қолға алған. Олар зиянды қалдықтарды алдын-ала болжап, озық технологиялардың арқасында «жасылдандыруға» мүмкіндік алмақ. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу моделін қолдау жобасы аясында да Еуроодақ, БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық экономикалық комиссия стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін қолға алады. Ол қалай жүзеге аспақ?

Жасыл экономика. Жасыл технологияның жас өнертапқыштары

Дереккөз: www.24.kz

«Жасыл» экономиканың дамуы алдағы 20 жылда қосымша 60 млн жұмыс орнының ашылуына түрткі болады. Оның «жасылдануы» бизнес пен еңбек нарығына жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Статистикалық деректерге көз салсақ «жасыл» экономиканың дамуымен қоса нарықта экодизайнер, экоқұрылысшы, «жасыл» кеңесші деген мамандарға сұраныс артып отыр. Сондықтан жастар білім мен ғылым, техниканың тілін жетік меңгеріп, экологиялық таза дүниелерді жасауға ұмтылуда. Бүгінгі шығарылымды елімізде осы бағытта жұмыс жасап жатқан жас өнертапқыштарымызға арнаймыз.

Жасыл экономика. Ең озық энерготиімді әдістер

Дереккөз: www.24.kz

2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту энерготиімділік саясатымен астасып жатыр. Оған жетуде экономиканың нақты салаларына жаңа заманауи технологияларды енгізу керек. Елімізде бүгінде бұл бағытта біршама жобалар жүзеге асқан. Солардың бірі Степногорск тау-кен-химия комбинатының өндірістік ғимараты. Басты ғимараттан бөлек тұрған бұл жердің жылу орталығынан ажыратылғанына көп болды. Себебі орталықтандырылған жүйе тозған. Оны қалпына келтіру үшін кәсіпорын біраз ресурс шығындады. Өндіріс орнын жаңғырту мен шығындарды азайту мақсатында кәсіпорын басшылығы цехқа жылу сорғыларын орнатты. Олар қалай жұмыс істейді? Тиімділігі неде?

Жасыл экономика. Энергоүнемдеуге арналған жобалар

Дереккөз: www.24.kz

Ұлт жоспарының 59-қадамына сәйкес «Энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанынан арнайы институт құрылды. Бұл мекеме саладағы әлеуметтік жобаларды анықтап, оларға қолдау білдіреді. Бүгінгі шығарылымда біз солардың біріне тоқталамыз. Ол Сатпаев қаласындағы жаңа «Нұрлы мекен» шағын ауданында энерготиімділігі жоғары, инфорақұрылымы дамыған нысандар қатарына кіретін үйлер. Жоба барысындағы мамандардың басты мақсаты қолжеткізілген үнемді 50 пайыздан кем болмауын қадағалау.

Жасыл экономика. Энергоүнемдеуге арналған жобалар

Ұлт жоспарының 59-қадамына сәйкес «Энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанынан арнайы институт құрылды. Бұл мекеме саладағы әлеуметтік жобаларды анықтап, оларға қолдау білдіреді. Бүгінгі шығарылымда біз солардың біріне тоқталамыз. Ол Сатпаев қаласындағы жаңа «Нұрлы мекен» шағын ауданында энерготиімділігі жоғары, инфорақұрылымы дамыған нысандар қатарына кіретін үйлер. Жоба барысындағы мамандардың басты мақсаты қолжеткізілген үнемді 50 пайыздан кем болмауын қадағалау.

Дереккөз: www.24.kz

Жасыл экономика. Еліміздегі тұрмыс қалдықтарын басқару жүйесі

Дереккөз: www.24.kz

Қазақстанда жылына 5-6 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Оның тек 1,8 пайызы өңделеді екен. 2030 жылға қарай өңделетін қоқыс үлесі 40 пайыздан кем болмауы керек. Негізі бұл сала ауқымды инвестициялар мен заманауи технологияларды қажет етеді. Елімізде бүгінде бұл салада қандай жобалар мен шаралар атқарылып жатыр? Толығырақ осы шығарылымда.

Жасыл экономика. Трансшекаралық су ресурстарын басқару

Дереккөз: www.24.kz

2020 жылға дейін су ресурстарын тиімді пайдаланып, инфрақұрылымдарды жаңартудың арқасында оған деген тапшылықты төмендету көзделген. Еуропалық экономикалық комиссияның трансшекаралық су ресурстары бойынша жасалған арнайы конвенциясы бар. Онда суды басқару мен көлемін бақылау бойынша Орта Азия мемлекеттері үшін нақты шешімдер көрсетілген. Халықаралық құжат Қазақстанның да көршілермен су ресурстарын басқаруда орын алған мәселелерін шешуге ықпал етуі тиіс. Қазіргі таңда елімізде 8 өзен байссені бар. Олардың ішінде Ертіс, Балқаш-Алакөл, Арал-Сырдария, Жайық-Каспий бассейндері ең ірілері болып саналады. Ол су ресурстарының 90 пайызын құрайды. Қазақстан 2000-2014 жылдар аралығында осы бағытта өзге елдермен келісім жасасты. Қазір Қытаймен су ресурстарын басқару бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Жасыл экономика. Стартап-жобалар байқауы

Дереккөз:www.24.kz

Болашақтың таза технологиялары бір алаңға жиналды. Астанада өткен «New energy global startup fest» байқауы әлемнің 45 елінен 800 стартап-жобаның басын біріктірді. Өнертапқыштардың көздегені келер жылы елімізде өтетін ЕXPO көрмесіне қатысу болса, инвесторлар әлеуметтік жобаларды іздеп келгенін жасырмады. Озық технологияларды таныстырған жобалардан ақтық сынға 100-і өтті. Үміткерлер арасында 5 қазақстандық стартап-жоба да бар. Байқау жайлы толығырақ осы шығарылымнан көре аласыздар.

Жасыл экономика. Қазақстанның климат өзгеруіне бейімделу жоспары

Дереккөз: www.24.kz

Қазақстан климат өзгеруінің алдын-алу, салдарын жою секілді халықаралық аренада көтеріліп жатқан әрбір бастаманың басы-қасында жүр. Еліміз CO2 шығарындылар көлемін қысқарту бойынша өзіне бір белгілі міндеттемелер алған.  Бүгінгі шығарылым климаттың өзгеруіне бейімделу жайына арналмақ. Жалпы климаттың өзгеруі әсіресе экономиканы құраушы салаларға қатты әсер етеді. Олар ауыл шаруашылығы, жайылым не суармалы жерлер, егін шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері. Бұл жағдайға қарапайым шаруалар қалай бейімделмек? Елімізде бұл салада атқарылып жатқан жобалар бар ма? Олардың бағыты қандай?

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика