Дереккөз: www.24.kz
Алдағы жылы Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 20 жоба жүзеге асады.
Олардың барлығы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты. Атап айтқанда, көгілдір отын, су және кәріз жүйелерін тарту, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыруға арналған маңызды жобалар бар. Облыс орталығы Талдықорғанда қуаты 300 мегаваттық жылу электр орталығы салынады. Жобаның жалпы құны – 180 млрд теңге. 2020 жылы пайдалануға берілетін бұл нысанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Қапшағай қаласындағы кәріз тазалау қондырғыларын орнату жұмыстары да ірі жобалардың бірі. Оған 6 млрд теңгедей қаражат жұмсалады.
Дамир Дәулетханұлы, Алматы облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім жетекшісі:
– Бүгінгі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған. Және де ресейлік инвесторлармен тікелей келіссөздер жүргізілуде.
Әсем Тоқтасын, Талдықорған қаласының тұрғыны:
– Қазіргі таңда Талдықорған қаласы көркейіп, өсіп келеді. Көптеген ғимарат ашылды. Жастарға да жағдайлар жасалуда.