Дереккөз: www.24.kz
Нұр-Сұлтан қаласында 20 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Біз – таза астана үшін» жалпықалалық сенбіліктері өтеді.
2019 жылдың 26 наурызы мен 26 мамыры аралығында қала аумағын санитарлық тазарту, көріктендіру мен көгалдандыру бойынша «Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясы, сондай-ақ 20 сәуір мен 11 мамырда «Біз таза астана үшін» жалпықалалық сенбіліктері өтеді.
Ал 20 сәуірде қалалық және республикалық органдар мен ұйымдардың қатысуымен 1665 бірлік көлемінде жаппай ағаштар отырғызу жоспарлануда.
Сондай-ақ көгалдарды тазарту, ағаштарды ағартып әктеу және қоқыстарды рұқсатсыз төгетін жерлерді жою жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа 20 сәуірде жалпықалалық сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар 26 наурыздан бастап қазіргі таңда қаланың «Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясын өткізу кезеңінде ұйымдар, ПИК және коммуналдық қызметтер 1299,15 тонна қалдықты жинап шығарды.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде ірі күн электр станциясы салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Нысан маусым айында іске қосылмақ. Қазір аумақты қоршау толық аяқталып, енді электр желісін тартып, оған қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның құны – 55 млн еуро. Неміс инвесторлары «қуаты 50 мегаватқа жететін станцияны салу барысында еш кедергі болған жоқ», – дейді. Ал панельдерді қою кезінде шамамен 100-ге жуық жұмыс орны пайда болады. Айта кеткен жөн, облыс бойынша соңғы 3-4 жылда баламалы энергия бағытына 500 млн АҚШ доллар инвестиция тартылады деп күтіліп отыр. Евгений Гребенников, инвестор: – Қазір қосымша талдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Заң жобасымен танысудамыз. Тариф жүйесін танып, тағы да осы салада Қазақстанда жұмыс істесек дейміз. Себебі инвестициялық климат өте қолайлы, жақсы жағдай жасалған. Осы категория бойынша: « Ақтөбеде көшедегі заңсыз сауда инспекторлардың қатаң бақылауында Қостанайлық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаумен мал шаруашылығын дамытқан »
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Техбұлақ» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Human Health Institute» ҚБ, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті – Мемлекеттік емес мекемесі, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, С.Сейфуллин атындағы университеті» АҚ, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.», «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.
Семинарларда келесі мәселелер қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Бөкенова Саида Бекболатқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Сәдуақасова Әлия Малайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;
Досанова Ақмарал Наурызбайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Табиғи ресурстар кадастры басқармасының басшысы;
Тоқтасынова Тоты Қылышбекқызы – тәуелсіз сарапшы;
Латыпов Арсен Хасенұлы – ҚР ЭМ Бас сарапшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимқызы – ҚР ЭМ “ҚОҚ АТО” ШЖҚ РМК МЭАҚ департаментінің директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы сәуірдің 10-нан бастап 12-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Нұр-Сұлтан қаласында «Парниктік газдарды түгендеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Техбұлақ» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Human Health Institute» ҚБ, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті – Мемлекеттік емес мекемесі, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, С.Сейфуллин атындағы университеті» АҚ, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.», «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.
Семинарларда келесі мәселелер қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Бөкенова Саида Бекболатқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Сәдуақасова Әлия Малайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;
Досанова Ақмарал Наурызбайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Табиғи ресурстар кадастры басқармасының басшысы;
Тоқтасынова Тоты Қылышбекқызы – тәуелсіз сарапшы;
Латыпов Арсен Хасенұлы – ҚР ЭМ Бас сарапшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимқызы – ҚР ЭМ “ҚОҚ АТО” ШЖҚ РМК МЭАҚ департаментінің директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі барлық мүдделі тараптарды 2019 жылы жаңартылатын энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын генерациялау объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа (бұдан әрі – ЖЭК аукциондық сауда-саттық) қатысуға шақырады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сәйкес 2019 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында (http://energo.gov.kz/ pdf, 2.3 Mb) орналастырылды.
Графикте бекітілген мәлеметтердің негізінде 2019 жылы іріктеуге жоспарланған электр станциялардың түрі бойынша бөлінген жалпы жиынтық қуаты 255 МВт:
– күн электр станциялар – 80 МВт (оның ішінде 50 МВт жобалық аукционға);
– жел электр станциялар – 100 МВт;
– су электр станциялар – 65 МВт;
– Био ЭС – 10 МВт құрайды.
ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға дайындалу мақсатында мүдделі тараптарға белгіленген мерзімдерде ҚР Энергетика министрлігінің (http://energo.gov.kz/), «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп-айырысу орталығы» ЖШС-нің (http://www.rfc.kegoc.kz/) және «КОРЭМ» АҚ-ның (http://www.korem.kz/) ресми сайттарында түсіндіру ақпаратты алуға және түсіндіру семинарларға қатысуға болады.
№ |
ЖЭК түрі |
Орнатылған қуат көлемі, МВт |
БЭЖ аймағы |
Сауда-саттық уақыты |
Сауда-саттық мерзімі |
|
Кіші |
Ірі |
|||||
1 |
СЭС |
5 |
|
Солтүстік және Оңтүстік айқмақтары |
14.00-17.00 |
16.09.2019 ж. |
2 |
СЭС |
10 |
Солтүстік және Оңтүстік айқмақтары |
14.00-17.00 |
17.09.2019 ж. |
|
3 |
БиоЭС |
10 |
|
Барлық аймақтар |
14.00-17.00 |
18.09.2019 ж. |
4 |
ЖЭС |
20 |
|
Барлық аймақтар |
14.00-17.00 |
19.09.2019 ж. |
5 |
ЖЭС |
80 |
Солтүстік аймақ |
14.00-17.00 |
23.09.2019 ж. |
|
6 |
КЭС |
30 |
Барлық аймақтар |
14.00-17.00 |
24.09.2019 ж. |
|
7 |
СЭС |
50 |
Солтүстік және Оңтүстік айқмақтары |
14.00-17.00 |
25.09.2019 ж. |
|
8 |
КЭС* |
50 |
Оңтүстік аймақ |
14.00-17.00 |
27.11.2019 ж. |
* – жобалық аукцион (аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы электрондық жүйеде аукцион негізінде ұйымдастыратын және өткізетін аукциондық сауда-саттықтың түрі, және ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және жаңа ЖЭК пайдалану объектісі жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлерін айқындай отырып қатысушыларға дайындау құжаттарымен ескере отырып ЖЭК объектілерінмен өндірілетін электр энергияға аукциондық бағаны анықтау).
Дереккөз: www.24.kz
Түркістан шаһары гүлденіп келеді. Қала аумағына 300 мың голландиялық қызғалдақ көшеттері егілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның 200 мыңы Әзірет Сұлтан кесенесі маңында жайқалып тұр. Шаһарды көгалдандыру үшін биыл тағы 100 мың түп ағаш егілмек.
Биылғы көктем түркістандықтар үшін қарбаласпен басталды. Қаланы көгалдандыру, көшелерді таза ұстау жұмыстары қыза түсті. Қазір рухани шаһардың қай көшесіне барсаңыз да мынадай алуан түсті қызғалдақтарды көресіз. Көресіз де көңіліңіз өсіп, бір марқаясыз. Себебі, қыз жүрегін жаулаған нәзік қызғалдақтар сіздің де бойыңызды баурап, жүрегіңізді жаулап алары сөзсіз.
Түркістанның тағы бір жаңа қыры ашылып келеді. «Бұрын туристер мұнда киелі жерлерді аралап, тәу ету үшін келсе, енді көздің жауын алатын қызғалдақтарды тамашалау үшін келетін болады», – дейді мамандар. Биыл қаланы көріктендіру үшін көшелер мен алаңдарға 300 мың түп голландиялық қызғалдақ көшеті отырғызылған. Бұл қала халқының да көңілін көтеріп, мерейін өсіруде.
Гүлжанат Дүйсенбаева, Түркістан қаласының тұрғыны:
– Жан-жағымыздың бәрі қызыл қызғалдаққа оранып, Түркістанымыздың гүлдер шырайын ашып тұр. Менің қала мен облыс әкімдігіне алғысым шексіз. Шымкенттен Түркістанға кіреберістегі жолдың бойы жайнап тұр. Бұның бәрі Түркістан қаласының тұрғындары үшін жасалып жатыр. Біз осы тірлікке оң көзбен қарауымыз керек. Қаланың тазалығы тек әкімдіктің мойында емес, ол әр тұрғынның міндеті деп білемін.
Биыл рухани шаһарды таза әрі жасыл қалаға айналдыру жұмыстарына 320 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Оған қызғалдақтан бөлек, 100 мың түп ағаш көшеттері сатып алынған. Қазір көшеттер егіліп жатыр. Бұдан бөлек, облыстық ақсақалдар мен қалалық қоғамдық келісім кеңесінің ұйытқы болуымен шаһардағы халық көп баратын орындарға 32 мыңдай түрлі ағаш көшеттері отырғызылған.
Ерсұлтан Ахметов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары:
– Қазіргі таңға тал көшеттерін егу наурыз айынан басталды. Көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сәуірдің соңына дейін жалғасатын болады. Облыс әкімінің тапсырмасымен Сарыағаштан половия деген талдың көшеттерін егіп жатырмыз. Одан бөлек, қара ағаш, терек, әртүрлі ағаштар егілуде. Қазір шамамен 60 мыңыдай түп көшет егілді. 100 мыңдай түп ағаш көшеттері егілетін болады.
Түркістанды гүлдендіру үшін қала әкімдігі мен ақсақалдар алқасы бірігіп арнайы байқау жариялапты. «Ағаштар мен гүлдердің көптеп егілуіне сол байқаудың да әсері тиіп жатыр», – дейді қала тұрғындары. Өйткені соңғы уақытта өз ауласы мен көшесін көгалдандырып, байқауға қатысқысы келетіндердің қатары көбейген.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш
Источник: www.energo.gov.kz
Дереккөз: www.energo.gov.kz
ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов
Жүргізуші Ерболат Мұхамеджан (Erbolat Muhamedjan)
ВИДЕО: YOUTUBE.COM
Дереккөз: www.24.kz
Биыл еліміз бойынша шегірткеге қарсы 950 мың гектар алқап залалсыздандырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған қажетті техника мен дәрі-дәрмек толық жеткілікті. Биыл осы жұмыстарға Үкіметтен 2,1 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы Түркістан облысы Келес ауданында аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шараларын ұйымдастыруға арналған семинарда айтылды. Биыл Түркістан облысында шегірткенің таралу аумағы 3 есеге дейін қысқарған. «Оған сапалы дәрі-дәрмек пен химиялық өңдеудің және нәтижелі жұмыстың арқасында қол жеткіздік», – дейді жергілікті мамандар. Мәселен, өткен жылы облыста шегірткеге қарсы 340 мың гектар жер өңделсе, биыл 83 мың гектар алқап залалсыздандырылады деп жоспарланып отыр.
Алмабек Марс, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары:
– Дәрі-дәрмек жетеді. Қажетті техника бар. Сондықтан ешқандай қауіп жоқ, толық күреске дайынбыз. Тек Түркістан облысында ғана емес, республика бойынша шегірткеге қарсы күрес жүргізу жоспарланып отыр.