Дереккөз: www.energo.gov.kz
3-4 сәуір, 2019 жыл
Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
2019 жылғы 3-4 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің шақыруымен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Үндістан делегациясының сапары өтті.
Делегацияны Үндістанның атом энергиясы департаментінің Ядролық бақылау және жоспарлау басқармасының басшысы – Ранаджит Кумар басқарды. Үнді делегациясы құрамына Бхабха атом зерттеу орталығының (Bhabha Atomic Research Centre (BARC)) ғалымдары мен зерттеушілері кірді.
Сапар барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Үнді делегациясының Қазақстан Республикасындағы Үндістанның елшісі Жоғары мәртебелі мырза Прабхат Кумардың басшылығымен ҚР Энергетика вице-министрі С.Қ. Есімхановпен кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты кәсіпорындары («ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ өкілдері қатысты. Кездесу шеңберінде үнді делегациясы Үндістан Республикасында атом энергетикасы мен ғылымы дамуы туралы презентациялар ұсынды. Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелерінің өкілдері және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атом ғылымы мен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар, сапар барысында үнді делегациясы «Қазақстан Республикасының Ядролық физика институты» РМК-ның пәнаралық ғылыми- зерттеу кешенінде, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталықта болды.
Сапардың қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК мен Үндістан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі жаһандық серіктестік орталығы арасындағы ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік бойынша меморандумды әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі еліміздің аумағында атом электр станциясын салу бойынша Ресей Федерациясы басшылығының ұсынысына байланысты мынаны хабарлайды.
Жүргізілген бағалауға сәйкес еліміздің электр қуатының болжамды балансында 2030 жылға қарай Қазақстанның Оңтүстігінде 2,7 ГВт-қа дейін базалық қуат тапшылығы күтілуде. Осыған орай, еліміздің оңтүстігінде бу-газ, гидро және атом станцияларын салу сияқты әртүрлі отын және энергия көздерін пайдалана отырып, базалық және маневрлік генерацияны енгізу арқылы тапшылықты жабу мүмкіндігін қарастырып отыр.
Салынуы мүмкін АЭС-тің экономикалық және техникалық параметрлерін нақтылау және реакторлық технологияны таңдау үшін Техникалық-экономикалық негіздеменің Маркетингтік бөлімі әзірленді. Онда нарықта бар III+ реакторлық технологияларды талдау, сондай-ақ 5 елдің реакторлық технологияларды жеткізушілерімен, соның ішінде Росатом мемлекеттік компаниясымен, ақпарат алмасу жүргізіледі.
Бұдан басқа, әлеуетті инвесторлар еліміздің оңтүстік өңірлерінде маневрлі газ генерациясын, сондай-ақ Ертіс өзенінде Шүлбі ГЭС және Іле өзенінде Қапшағай ГЭС контррегуляторларын салу мәселесін қарастыруда. Шымкент Жылу электр орталығы алаңында қуаты шамамен 450 МВт болатын жаңа бу-газ электр станциясын салу жөнінде ұсыныс берілді.
Тек мүмкіндіктер және ұсынылатын жобалар тиянақты зерттелген соң ғана электр энергиясын өндіруге Қазақстан үшін неғұрлым оңтайлы және қолайлы технологиялар айқындалатын болады. Егер қуат тапшылығын жою мақсатында АЭС-ті таңдаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АЭС-ті салу туралы шешімді ҚР Үкіметі қоғамдық тыңдаулар жүргізіп, АЭС салынатын аумақтардың жергілікті өкілді органдардың келісімі бойынша қабылдайтын болады. Бұл ретте еліміздің шаруашылық міндеттерін шешу мұқтаждығы, қажетті жағдайлардың болуы және қауіпсіздік қатерінің болмауы ескеріледі.
Осылайша, алдын ала даурығып, тұжырымдар жасауға және негізсіз алаңдауға себеп жоқ екенін хабарлаймыз.
ҚР Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2019 жыл 2 сәуірде Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бірлесіп «Энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және өнеркәсіп үшін тұрақты инфрақұрылым» тақырыбында «Жасыл» өсім бойынша Саяси диалог өткізді.
Энергетика Вице-министрі С.Нұрлыбай Тұрақты даму мақсаттарына жетуде энергетикалық инфроқұрылымды көпжақты дамыту және Париж климаттық келісімі бойынша баяндаманы ұсынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
• тұрақты, сапалы инфрақұрылымды жоспарлау аспектілерін және жасыл өсім үшін инвестицияларды талқылау;
• энергия-су-тамақ қатынасын анықтау;
• «Жасыл экономика» тұжырымдамасын қолдау үшін GIZ жобасының күтілетін үлесін талқылау,
• Қазақстан үшін саясат пен әлеуетті нығайту саласындағы басымдықтарды және ЭЫДҰ және серіктестер тарапынан көрсетілетін қолдауды қарастыру.
2016 жылы Қазақстан жасыл өсім бойынша саяси диалог сериясын іске қосты, ол мүдделі тараптармен экономиканы жасылдандыру жөнінде ведомствоаралық саяси пікірталастар мен консультацияларды ынталандыруға мүмкіндік берді.
Іс-шараға ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымды дамыту, «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы, GIZ, АХҚО және «ССДО» АҚ өкілдері қатысты.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Серік Жүсіпұлы Сүлейменов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1990 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “Математик” мамандығы бойынша үздік бітірді, 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “Құқықтану”мамандығы бойынша сырттай бітірді.
Еңбек жолын 1992 жылы “Казкоммерцбанк” АҚ-да бастады, заң қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.
1997-2003 жылдары “Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ Бас директоры, “Темірбанк”АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2003 жылдан 2013 жылға дейін энергетика саласында жұмыс істеді, “Қазақстандық Коммуналдық жүйелер” АҚ президенті, “Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы” АҚ Басқарма төрағасы, “Қызылорда электртораптық бөлу компаниясы”АҚ Басқарма төрағасы лауазымында жұмыс істеді.
Мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы лауазымында жұмыс істеген.2015 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
“Құрмет” орденімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының медальдарымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №191-ж бұйрығымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Ер-Тай» ЖШС, «Тәртіп» АҚ, «Каздорпроект» ЖШС, «ЭКО ҚАМҚОР БОЛАШАҚ» ҚБ, «Моторная компания «Астана-Моторс» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы наурыздың 27-нен 29-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Алматы қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Ер-Тай» ЖШС, «Тәртіп» АҚ, «Каздорпроект» ЖШС, «ЭКО ҚАМҚОР БОЛАШАҚ» ҚБ, «Моторная компания «Астана-Моторс» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
Алматы облысында биыл қант қызылшасы алқабы 11 мың 200 гектардан 14 мың гектарға дейін ұлғаяды.
Одан шамамен 485 мың тонна тәтті түбір жиналып, 50 мың тоннадан астам қант өндірілмекші. Бұл бағытта 600 шаруашылық қожалығымен келісімшарт жасалған. Шаруашылықтар жоғары сапалы тұқыммен, тыңайтқыштармен және жиын-терім науқаны кезінде қажетті техникамен қамтамасыз етіледі. Өңірде қызылша өсірушілерді қолдау мақсатында қосымша 6 сервистік-дайындау орталығы құрылуда. Ол орталықтарға 75 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынады. Жоғары сұрыпты тұқым түрлері Франция, Германия мен Даниядан әкелінген.
Талғат Малыбаев, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы:
– Қазіргі уақытта тұқымдардың барлық партиялары қоймаға қойылып, тұқым үлгілері карантиндік шаралардан өткізу, талдау үшін зертханаға жіберілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне тұқым сату ағымдағы жылдың 27 наурызынан 14 сәуірге дейін жүргізіледі.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі барлық мүдделі тараптарды 2019 жылы жаңартылатын энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын генерациялау объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа (бұдан әрі – ЖЭК аукциондық сауда-саттық) қатысуға шақырады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сәйкес 2019 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында (http://energo.gov.kz/ pdf, 2.3 Mb) орналастырылды.
Графикте бекітілген мәлеметтердің негізінде 2019 жылы іріктеуге жоспарланған электр станциялардың түрі бойынша бөлінген жалпы жиынтық қуаты 255 МВт:
– күн электр станциялар – 80 МВт (оның ішінде 50 МВт жобалық аукционға);
– жел электр станциялар – 100 МВт;
– су электр станциялар – 65 МВт;
– Био ЭС – 10 МВт құрайды.
ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға дайындалу мақсатында мүдделі тараптарға белгіленген мерзімдерде ҚР Энергетика министрлігінің (http://energo.gov.kz/), «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп-айырысу орталығы» ЖШС-нің (http://www.rfc.kegoc.kz/) және «КОРЭМ» АҚ-ның (http://www.korem.kz/) ресми сайттарында түсіндіру ақпаратты алуға және түсіндіру семинарларға қатысуға болады.
№ |
ЖЭК түрі |
Орнатылған қуат көлемі, МВт |
БЭЖ аймағы |
Сауда-саттық уақыты |
Сауда-саттық мерзімі |
|
Кіші |
Ірі |
|||||
1 |
СЭС |
5 |
|
Солтүстік және Оңтүстік айқмақтары |
14.00-17.00 |
16.09.2019 ж. |
2 |
СЭС |
10 |
Солтүстік және Оңтүстік айқмақтары |
14.00-17.00 |
17.09.2019 ж. |
|
3 |
БиоЭС |
10 |
|
Барлық аймақтар |
14.00-17.00 |
18.09.2019 ж. |
4 |
ЖЭС |
20 |
|
Барлық аймақтар |
14.00-17.00 |
19.09.2019 ж. |
5 |
ЖЭС |
80 |
Солтүстік аймақ |
14.00-17.00 |
23.09.2019 ж. |
|
6 |
КЭС |
30 |
Барлық аймақтар |
14.00-17.00 |
24.09.2019 ж. |
|
7 |
СЭС |
50 |
Солтүстік және Оңтүстік айқмақтары |
14.00-17.00 |
25.09.2019 ж. |
|
8 |
КЭС* |
50 |
Оңтүстік аймақ |
14.00-17.00 |
27.11.2019 ж. |
* – жобалық аукцион (аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы электрондық жүйеде аукцион негізінде ұйымдастыратын және өткізетін аукциондық сауда-саттықтың түрі, және ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және жаңа ЖЭК пайдалану объектісі жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлерін айқындай отырып қатысушыларға дайындау құжаттарымен ескере отырып ЖЭК объектілерінмен өндірілетін электр энергияға аукциондық бағаны анықтау).