Дереккөз: www.24.kz
Әлемдегі ең жылдам өсетін павловния ағашы Түркістан облысында өседі.
Қазір Сарыағаштағы тұқымбақта өңірімізге таңсық ағаштың 40 мың көшеті жайқалып тұр. Бізге таңсық павловния ағашын оңтүстікке әкеліп, жерсіндірген Дәурен Балтабайұлы. Жас жігіт Қытайда білім алған. Сонда оқи жүріп, бізде жоқ дүниелерді іздеп тауып, осында әкелуді ойластырған. Ерекше ағаш туралы естіген бойда зерттеуге кірісіпті. Оңтүстіктің ауа райына бейімділігін білген соң әкесімен ақылдасқан. Нәтижесінде 40 мың түп көшетке тапсырыс беріп, Сарыағашқа әкелген. Қала маңындағы 2 гектар жерге көшеттерді отырғызып, күтіп баптапты. Қазір бір жылдық көшеттерге сұраныс көп.
Батырғазы Таубаев, Сарыағаш ауданы дарбаза ауылдық орта мектебінің директоры:
– Павловния деген ағаштың ерекшелігін естіп, мектепке өсіру үшін алып кетіп жатырмыз. Саясы да жақсы болады екен. Одан кейін гүл шашады.
Дәурен Балтабайұлының айтуынша, Павловния суды өте жақсы көреді. Су ішкен сайын бойы өседі. Әрі жапырағы да үлкен болады.
Ауыл-аймақтан бастап, қаланы көгалдандыру үшін таптырмайтын ағаш. 5-6 апта бойы гүлдеп, айналасына көрік сыйлады.
Дәурен Балтабайұлы, кәсіпкер:
– Тез өседі, көп жерге бейімді. Құрт-құмырсқаға өзі тойтарыс бере алады. Жылына 5 метрге дейін өседі. 5-6 жылда 25 метр болады. Бойы өсіп болғасын жайылады. Аулаға еккенде арасына 10 метр жер қалдыру керек. Себебі жапырағы кеңге жайылады.
Павловнияның тағы бір ерекшелігі, басқа ағаштарға қарағанда оттегіні бірнеше есеге көп бөледі. Әсіресе, таза ауа тапшы қалалы жерде экологияға да пайдасы зор дейді мамандар. Демек, бұл ағаш бір шетінен экологияны жақсартса, екіншіден шаһарға көрік беріп, көлеңкесі көпке сая болмақ.
Павловнияның пайдасын түсінген жергілікті билік қазір өңірдегі аудан, қалалардағы мәдениет, спорт, әкімдік ғимараттары мен көше бойына көптеп егуге көшкен. Ал кәсіпкердің ендігі арманы – әлемдегі ең тез өсетін ағашпен табиғатымызды көркейтіп, елімізді жасыл елге айналдыру. Сондықтан биыл көшет санын 200 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, павловниядан тұрмыстық бұйымдар мен жиһаздар және музыкалық аспаптар жасалады.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш
Дереккөз: www.24.kz
Жалпы ауыл шаруашылығы дақылдары 823 мың гектар алқапқа егіледі деп жоспарлануда.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға артық. Бүгінге дейін жер жырту жұмыстары 95 пайызға орындалған.
Оңтүстікте басқа аймақтарға қарағанда көктемгі дала жұмыстары ерте басталады. Ордабасылық шаруа Бақытжан Бекбосынов биыл 40 гектар алқапқа картоптың Рифьера сортын егуде. «Жаңа тұқымның басқаларға қарағанда өнімділігі жоғары», – дейді кәсіпкер. Өйткені былтыр 20 гектарға егіп, гектарына 70 тоннадан өнім алыпты.
Бақытжан Бекбосынов, шаруа:
– Өте керемет картоп, ерте піседі. Өсімталдығы өте жоғары. Іші сары болады. Тәтті болады. Тағы бір ерекшелігі, біздің картопта ешқандай нитрат жоқ. Біз азот қолданбаймыз.
Диқан картопты голландиялық тәсілмен егеді. Техниканы Ресей мен Беларуьстен әкелген. Жаңа технология бойынша тұқым мен минералды тыңатқыш топыраққа қатар түседі. Қажетті дәрумендер беріледі. Жердің құнарлылығын сақтау үшін топыраққа іріқара малдың қиы араластырылған. Өнім мамыр айының ортасында піседі. Шаруа биыл 40 гектардан 1 мың 800 тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Табиғи таза өнімге Ресей тарапынан сұраныс жоғары артқан.
Бақытжан Бекбосынов, шаруа:
– Ресейдің екі облысы – Красноярск пен Новосибирскке біз картопты жеткізіп береміз. Олармен біздің келісімшартымыз бар. Олар біздің картопты жақсы көреді. Олар бізді қатты күтіп отыр. Былтыр біз Ресейге 800 тонна өткіздік.
Биыл Түркістан облысының диқандары 823 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға артық. Ал егіс құрылымын әртараптандыру мақсатында бидай 174 мың, ал мақта 121 мың гектарға егілмек. Бұл өткен жылғыдан егіс көлемі азайғанымен, есесіне көкөніс пен картоп және бақша дақылдары 114 мың гектарға орналастырылып, егіс көлемі 5 мың гектарға ұлғаяды.
Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
– Жүгері дақылының егіс көлемі де 2600 гектарға артып, 44 мың гектарға орналастырылады. Ал майлы дақылдардың егіс көлемі 2 мың гектарға артып, жалпы 100 мың гектарға егу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жер жырту жұмыстары 95 пайыз жер жыртылды. Яғни жоспарланған жаздық дақылдар 510 мың гектар болатын болса, соның 475 мың гектар жері айдалды. Қолда бар 15 мың дана трактордың 95 пайызы, 1,5 мың дана шынжыртабанды трактордың 93 пайызы жер жырту жұмыстарына дайын. Бүгінге дейін биылға жоспарланған 510 мың гектар жаздық дақылдың 18 мың гектарына тұқым себілген. Көкөніс 5,6 мың, каптоп 2 мың, жоңышқа 5 мың, жаздық бидай мен мақсары 1,5 мың гектарға егіліп үлгерген.
Биыл үкімет тарапынан көктемгі дала жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағармай бөлініпті. Оның 10 мың тоннасы наурыз, 15 мың тоннасы сәуір, қалған 10 мың тоннасы мамыр айында шаруаларға үлестіріледі. Сондай-ақ минералды тыңайтқышпен қамтуға 4 млрд 300 млн теңге қаржы бөлінген. Демек бұл шаруалар сатып алған минералды тыңайтқышының 50 пайызы субцидияланады деген сөз.
Авторы: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы наурыздың 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ,
«Human Health Institute» ҚБ,
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ,
«Солтүстік Қазақстан облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Тауекелова Мадина Сергазиевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБ дайындау және экологиялық ақпаратты талдау басқармасының басшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Досанова Акмарал Наурызбаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті табиғи ресурстар кадастрының басшысы.;
Токтасынова Тота Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Human Health Institute» ҚБ, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, «Солтүстік Қазақстан облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Тауекелова Мадина Сергазиевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБ дайындау және экологиялық ақпаратты талдау басқармасының басшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Досанова Акмарал Наурызбаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті табиғи ресурстар кадастрының басшысы.;
Токтасынова Тота Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дерекөз: www.energo.gov.kz
2019 жылғы 5 наурызда Минск қ., «Беларусь, Украина, Қазақстан және Арменияда озонды бұзатын заттарды (ОБЗ) және орнықты органикалық ластағыштарды (ООЛ) кәдеге жаратуды келісілген басқару (өңірлік таныстыру жобасы)» Жобасының Өңірлік Басқарушы Комитетінің (бұдан әрі – ЖБК) бірінші отырысы өтті.
ЖБК құрамына жобаны ұлттық деңгейлерде саяси басқаруды және ведомствоаралық үйлестірушілік қолдауды жүзеге асыратын Жобаны іске асыру елдерінің атқарушы министрліктерінің өкілдері, Беларусь пен Қазақстан ұйымдарының өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі өкілдері, «Жасыл Даму» АҚ, БҰҰӨД, БҰҰДБ өкілдері кірді. Отырыста басшылық еткен Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Александр Корбут.
Қатысушы елдерде ОБЗ және ООЛ қазіргі жағдай туралы туралы баяндамалары, 2019 жылға арналған жобаның жұмыс жоспары тыңдалды және өңірлік және жаһандық маңызы бар мәселелер бойынша негізгі серіктестермен өзара іс-қимыл бойынша шешімдер әзірленді.
Тоңазытқыш жабдықтарды жинау және кәдеге жарату және қауіпті қалдықтарды басқарудағы Беларусь тәжірибесін зерделеу үшін 6 және 7 наурызда қатысушылар Беларусьте электр және электрондық жабдықтарды жинау және қайта өңдеумен айналысатын «БелВТИ» ААҚ және Беларусь Республикасының Қауіпті қалдықтарына арналған уақытша сақтау орны болып табылатын «Гомель облысының уытты қалдықтарын қайта өңдеу және жою кешені» ЖБК қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі кәсіпорындарға барды.
Жобаны Басқарушы комитетінің келесі отырысын Қазақстанда ағымдағы жылдың соңында өткізу туралы шешім қабылданды.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
Бүгінде Алматы облысында 94 жылыжай шаруашылығы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың жалпы көлемі – 91,7 гектар. Оның ішінде 16-сы өнеркәсіптік, 33-і фермерлік, 45-і қарапайым жылыжайлар. Былтыр олардан 31 жарым мың тонна өнім жиналды. Оның 15 мың тоннасы – қызанақ, 13 мың тоннаға жуығы – қияр, қалғаны – басқа дақылдар. Аймақтағы ең үлкен жылыжайлардың бірі Қапшағай қаласында орналасқан. Өткен жылы бұл ұжым Ресейге 3 жарым мың тонна қызанақ пен қияр экспорттады. Былтыр Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай және Ұйғыр аудандарында жалпы көлемі 11,8 гектар болатын 6 жылыжай іске қосылды. Ал биыл облыста жалпы көлемі 25,6 гектар болатын бірнеше жылыжай салу жоспарланып отыр. Талдықорған өңіріндегі ірі жылыжайдың бірі Текелі қаласында орналасқан. Мұндағы өнімдер жергілікті базарлар мен Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базарына жөнелтіледі.
Талғат Мұқанов, Текелідегі жылыжай кешенінің атқарушы директоры:
– Бағаның көтерілу себебі неден болатыны маған түсініксіз. Мен өндірушімін. Менің бағам – орташа есеппен алғанда 400 теңгеден. Бақылау жасалу керек.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2019 жылғы 11 наурызда Астана қ., экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-түркмен Үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы өтті.
Комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбек болып табылады. Комиссияның түркмен бөлігін Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары М.Чакыев басқарды.
Отырыс барысында Қазақстан мен Түрікменстанның үкіметтік делегациялары екі елдің екі жақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, отырыстың күн тәртібі экономика, энергетика, білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы және экология салаларын қамтыды.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін кеңейту үшін барынша күш салуға келісті.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 99,6 млн. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 0,05% – ға төмен (99,6 млн. АҚШ долл.). Қазақстаннан Түрікменстанға экспорт 2018 жылы 56,3% – ға өсіп, 86,6 млн. АҚШ долл. құрады. 2018 жылы Түркіменстаннан Қазақстанға импорт 70,8% – ға төмендеп, 12,9 млн. АҚШ долл. құрады.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Астанада ЛШТТ пилоттық енгізудің негізгі қорытындылары талқыланды. 2019 жылдың 12 наурызында Сарыарқа даңғылы, 8а мекенжайында орналасқан «Park Inn by Radisson» қонақ үйінде «Қазақстанда ластағыштарды шығару және тасымалдау тіркелімін енгізу: негізгі нәтижелер және одан әрі қадамдар» атты семинар өтті.
Семинар ЮНИТАР-дың қолдауымен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы», Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығымен ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты Жобаны іске асырудың негізгі нәтижелерді тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстанда ЛШТТ тиімді енгізу үшін одан арғы қадамдарды талқылау болды.
Семинар жұмысына шамамен 63 адам қатысты. Семинарға қатысушылар қатарында – Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы, ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар.
Семинар барысында «Экологиялық ақпаратқа қолжетімділікті арттыру арқылы қоршаған ортаны ластауды болдырмау және азайту», «Қазақстанда ЛШТТ тиімді іске асыру мақсатында мүдделі тараптардың әлеуетін арттыру», «ЛШТТ Қазақстанда сынаппен ластануды азайту құралы ретінде», «Қазақстанда ЛШТТ құралын одан әрі дамыту» және т.б. сияқты мәселелер талқыланды.
Талқылау барысында Қазақстан Республикасында ЛШТТ одан әрі дамыту, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен басқа да мүдделі тараптардың өкілдерін оқыту, әдістемелік базаны жетілдіру және т.б. бойынша ұсыныстар анықталды.
Семинар шеңберінде айтылған барлық ұсыныстар Қазақстанда ЛШТТ одан әрі іске асыру кезінде ескерілетін болады.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
08.03.2019, Канн қаласы, Франция. Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы мен Франция ірі электр энергетикалық «Urbosolar SAS» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік делегациясы құрамындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» Франциядағы ҚР-ның Елшілігі, «Kazakh Invest» АҚ, Францияның оңтүстігіндегі ҚР-ның Құрметті консулдығы және «MEDEF International» Француз кәсіпкерлерінің қауымдастығы ұйымдастырған цифрландыру және баламалы энергетика жөніндегі қазақстан-француз форумының жұмысына қатысты.
Мемлекеттік ведомстволардың, ұлттық компаниялардың және іскерлік салалық бизнес-қауымдастықтың өкілдерінен тұратын Қазақстан делегациясын ҚР-ның цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Дарын Тұяқов бастап барды.
«Қазақстан күн энергетикасының қауымдастығы» француздық кәсіби салалық аудиториясын күн электр станцияларын тұрғызу мен пайдалануға берудің табысты тәжірибесінің бірі болып табылатын BURNOE SOLAR-мен таныстырды. ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы электр стансасының жұмысын 2018 жылдың желтоқсан айында бастап берді, ал EMEA Finance беделді әлемдік қаржы басылымы Еуропалық қайта құру және даму банкіне өз марапатын тапсырды және Қазақстан Республикасында осы жобаны іске асыруда банктің елеулі қаржылық қолдауын бағалай отырып, осы инвестициялық жобаны «Күн энергетикасы саласындағы Шығыс Еуропадағы ең үздік мәміле – 2018» деп мойындады.
30-дан астам мүдделі қазақстандық сарапшыдан тұратын Қазақстан тарапы өз елінің инвестициялық мүмкіндіктерін («KAZAKH INVEST» АҚ), сондай-ақ Цифрлық технологиялар мен баламалы энергетика саласын дамытуды мемлекеттік қолдау және ынталандыру жүйесімен таныстырды (ҚР-ның энергетика министрлігі, «АХҚО» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ).
Форумның жұмысы аяқталған соң, «Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» мен «жасыл» экономика саласында жұмыс істейтін он үздік еуропалық электр энергетикалық компаниялардың бірі «Urbosolar SAS» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстан қауымдастығының басшысы Нұрлан Қапенов мырза мен француз компаниясының вице-президенті Поль Керинк мырза осы Форум мен қол қойылған келісім екіжақты жемісті экономикалық ынтымақтастықтпен бірге баламалы энергетика саласындағы озық технологиялармен алмасудың кезекті кезеңі болатынына сенім білдірді.
Қазақстанның Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Ғалиев мырза цифрландыру мен баламалы энергетика жөніндегі өткен қазақстан-француз форумын экономикалық әріптестікті табысты және тиімді дамытуға қажетті оқиға ретінде сипаттады.
Елші мырза 2019 жылдың екінші жартысына Франция президенті Эмманюэль Макронның жоспарлаған Қазақстанға сапары қарсаңында экономиканың түрлі салаларындағы сарапшылардың екіжақты кездесулері сауда және инвестициялық қатынастардың қосымша серпіні ретінде маңызды екендігін атап өтті.
Анықтама: «Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ (Solar power association of Qazaqstan – SPAQ) Қазақстан Республикасында күн энергетикасын инвестициялау және оны табысты дамыту үшін тұтас саясат пен тартымды жағдайларды қалыптастыру мақсатында құрылды. 28.02.2019 Қауымдастық ҚР Үкіметінің ресми аккредитацясынан өтті. www.spaq.kz
«SPAQ» баспасөз қызметі
info@spaq.kz
Толығырақ: SPAQ Басқармасының төрағасы
Айдан Касымбеков
Ak@spaq.kz
+ 7 701 752 1847