Дереккөз: www.24.kz
«Осы көрсеткішті мейлінше жақсартудың бір жолы – шаһарға газ тарту», – дейді табиғат жанашырлары.
Алайда қаланы газдандыру мәселесі талай жылдан бері көтерілгенімен, әзірге бұл тұрғыда нақты бір жоба қолға алынған емес. «Қалаға көгілдір отын жетсе, үнемі көк түтін басып тұратын шаһар экологиясы оңалар еді», – дейді мамандар.
Өскемендегі бірнеше ықшам аудан тұрғындары осыдан 60-70 жыл бұрын газ тұтынған екен. Қаладағы қоғам белсенділерінің бірі Геннадий Корешков сол кезді жақсы біледі. Айтуынша, көгілдір отын ол уақытта жұртқа тасымалдап жеткізілген.
Геннадий Корешков, қоғам белсендісі:
– Тасымалды газ орталықтандырылған жүйемен таратылатын. Шамамен 1 айға дейін жететін еді. 90-жылдары отын тасымалы тоқтатылды. Осылайша бүгінде тек санаулы үй ғана көгілдір отын игілігін көріп отыр. Есесіне қала ішінде қараусыз қалған газгольдер көп.
«Қаланы газбен қамтамасыз ету тұрғындардың шаруасын жеңілдетіп қана қоймай, қоршаған ортаның тазаруына ықпал етер еді», – дейді мамандар. Өнеркәсіптік түтінді өз алдына былай қойғанда, шаһарда 22 мыңнан астам жер үй, екі ірі жылу электр орталығы, 20-ға жуық қазандық бар. Барлығы да қатты отын тұтынады.
Дмитрий Кавригин, облыстық Экология департаментінің басшысы:
– Газ құбырын тартудың экологиялық тиімділігі зор. Осы отын түрін тұтынатын болсақ, ешқандай қалдық қалмайды. Яғни зиянды қалдықтарды жоюға, залалсыздандыруға кететін шығындар үнемделеді. Нәтижесінде экологиямыз бірнеше есеге тазарар еді.
Облыс орталығына газ құбырын жеткізудің тек екі жолы ғана қарастырылған. Бұл – талай алқалы жиында айтылып, нақты қолдау таппай келе жатқан шаруа.
Дархан Тоқтаров, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
– Өскеменге газ жеткізудің 2 нұсқасы бар. Бірінші – РФ магистарьлдік құбыры Рубцовск қаласынан тарту, екінші – Зайсанның Сарбұлақ кен орнынан, әзірше бұл екеуі нұсқа ғана, әлі нақты шешім жоқ.
Әзірше Сарбұлақтың қойнауынан шығып жатқан көгілдір отынның рахаты зайсандықтарға ғана бұйырыпты. Аудан бойынша 9 елді мекенде мыңға жуық, ал орталықта 2 мыңнан астам үй газ құбырын тартып алған. Енді Тарбағатайдағы 8 ауылға газ жеткізудің сметалық құжаттамалары тиісті орындарға жіберілді.
Айта кету керек, мамандардың мәліметінше, Сарбұлақтың бойында 4,6 милллиард текше метр көгілдір отын қоры бар. Бірақ бұл көрсеткіш одан да көп болуы ықтимал. Осы орайда жуық арада ол жерде тағы да барлау жұмыстары жүргізілмек.
Авторлары: Э.Ахметова, А.Төлепов
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Жиынға Премьер-Министр А.Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исекешев және Премьер-Министрдің орынбасары Г.Әбдіқалықова қатысты.
Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шараларды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
– «Нұр Отан» партиясының жақында өткен съезінде әлеуметтік саясат саласындағы шаралардың іске асырылуын егжей-тегжейлі қарастырдық. Мен тұрмысы нашар және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде жаңа ауқымды шаралар ұсынған болатынмын. Біз бүгін соларды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жан-жақты талқылаймыз, – деді Қазақстан Президенті.
Басқосуда Мемлекет басшысына Үкіметтің жүктелген міндеттерді орындау, соның ішінде әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жоспары таныстырылды.
Жиынға қатысушылардың баяндамасын тыңдаған соң, Елбасы халықтың көмекке мұқтаж санатына жататындардың бәріне әлеуметтік жәрдем беру қажет екенін айтты.
– Әлеуметтік тұрғыдан тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бөлінетін қаражат салық түсімі есебінен құралатынын түсінген жөн. Сондықтан, мемлекеттің тиісті тепе-теңдікті сақтай отырып, көмекке аса мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсететінін баршаға түсіндіру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар мемлекеттің қамқорлығын жақын арада сезінуге тиіс екенін атап өтті.
– Көмекке аса мұқтаж және көп балалы отбасылар биылғы 1 сәуірден кешікпей әлеуметтік көмек алуы қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдерінің жұмыстарын бағалау азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне және тұрмыс сапасына тікелей байланысты болатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы өңірлерде жалақыны өсіру жөніндегі шараларды уақтылы қабылдаудың, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі реформалар жүргізудің, тұрғын үйлер мен ішкі аудандық жолдарды салу қарқынын күшейтудің, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен экология проблемаларын шешудің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Құтты мекен» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
– Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері өңірдегі тұрғындардың өзекті мәселелерін жеке бақылауға алып, жүктелген міндеттерді іске асыру үшін нақты шаралар қабылдауы керек. Сонымен қатар, әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылау жасау негізгі бағыттың бірі саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы экономикалық саясаттың тиімділігін арттырып, бұл үдеріске тұрғындардың белсенді атсалысуы қажеттігін атап өтті.
– Ең алдымен, халықты жұмыспен қамту керек. Мемлекеттік аппараттың міндеті – шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға күш жұмылдыру. Бұл жұмысты барлық қалаларда, аудандар мен ауылдарда жаппай жүргізу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, жүктелген міндеттердің орындалу барысын үнемі бақылап отыруды тапсырды.
– Үкімет, әкімдер, жұртшылық және «Нұр Отан» партиясы нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін осы жұмысқа атсалысуға тиіс. Мен бұл үдерісті өзім қадағалап отырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
200-ге жуық экзотикалық құс шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған. Қаракөл – «Қызыл кітапқа» енгізілген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл аумақ табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында.
Мамандардың айтуынша, қызғылт түстес, ірі денелі құстар, негізінен тропикалық елдерде ұя салады. Ал наурыз-сәуір айларында Маңғыстауға ұшып келеді.
Кирилл Осин, эколог:
– Қоқиқаздар осы жерде тынығып, демалып болғаннан кейін Маңғыстаудан да ыстық Түркіменстан, Иран жаққа қарай ұшып кетеді. Қазір мұнда қоқиқаздармен қатар көкқұтандар бар. Қаракөлде биыл қыста екі мың аққу, төрт мыңға жуық үйрек тұқымдас құс қыстап шықты.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2019 жылы 1 наурызда Астана қаласында Қазақстан мен Финляндияның арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 11-отырысы өтті.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы болып табылады. Финляндия Республикасының сыртқы сауда және даму министрі Анне-Мари Виролайнен финляндиялық бөлігіне басшылық етті.
Отырыс барысында Қазақстан мен Финляндия үкіметтерінің делегациялары екі елдің екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестігінің одан әрі даму мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, экономика, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс және денсаулық салалары қарастырылды.
Жоғарыда аталған мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау мақсатында осы іс-шара аясында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін кеңейту үшін барынша күш салуға уағдаласты.
Қазақстан мен Финляндия 2018 жылғы сауда айналымының көлемі 265,8 млн. АҚШ долл. құрады. 2005-2017 жыл аралығында Финляндиядан тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 329 млн. АҚШ долл. құрады. Қазақстаннан Финляндияға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 0,5 млн. АҚШ долл. құрады.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Бүгін энергетика Министрлігінде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-финдік Үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысы өтті. Мекеме басшысы Қанат Бозымбаев атап өткендей, тараптар білім, энергетика, денсаулық сақтау, сандық қауіпсіздік және тағы басқа салалардағы елдердің өзара іс-қимылын талқылады. Ал фин тарапы Қазақстанға қалдықтардан электр энергиясын өндіру бойынша технологияларды ұсынғысы келетінін мәлімдеді.
“Бүгін біз елдеріміздің өзара қарым – қатынасының барлық палитрасын талқыладық-бұл білім беру, денсаулық сақтау, сандық технологиялар, энергетика, сандық қауіпсіздік, жасыл энергетика. Тиісті құжаттарға жақын арада қол қоямыз және бұл елдер арасындағы ынтымақтастықтың негізі болады”, – деп атап өтті Бозымбаев.
Ол сондай – ақ, бүгін Финляндияда барлық қалдықтардың 97% – ы өңделуде, ал Қазақстанда үш жыл бұрын ҚТҚ өңдеу 2,6% – ды, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша 11,5% – ды құрағанын хабарлады.
“Бірақ бұл аз, – деді министр. – Таяудағы жылдары біз алдымызға 50% – ға жету міндетін қойып отырмыз. 32% – өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу. Мұнда велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, жасыл технологияларды, фин бизнесін, ноу хау мен капиталды тарту керек болды. Егер заңнама мұны істеуге мүмкіндік бермесе, онда заңнаманы өзгерту қажет”, – деп атап өтті Бозымбаев, билік қазір жаңа экологиялық кодекс пен басқа да заңдарға, оның ішінде Салық кодексіне “іс жүзінде қазір жоқ”сала үшін салық преференцияларын алу бөлігінде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
“Бұл қалдықтардан, газ, электр және тағы басқа энергия алу болып табылады. Ол жоқ, сондықтан оның салығы-нөл. Ол аяғына тік тұрады. Бірақ бұл саланы құру керек,жұмыс істесе де, содан кейін салық сала аламыз. Біз осы ұстанымды ұсынып, қорғайтын боламыз”, – деді Бозымбаев.
Сонымен қатар,ол Финляндия қалдықтардан электр энергиясын өндіруде үлкен әлеуетке ие екенін хабарлады.
“Бұны бүгінгі күні Финляндия Қазақстанға ұсынғысы келеді, – деді энергетика Министрі. Жарқын мысал-бұл Алматыдағы қалалық су каналындағы биоэнергия өндірісі. Яғни, онда фин кәсіпкерлері биогаз өндіретін жабдық қойды. Содан кейін электр энергиясын өндіру мақсатында олар заңнамадағы тоқсыздықтан көмек сұрады.
Олар біздің салада пионерлер секілді-біз осыны қарастыратын боламыз. Сонымен қатар, Финляндия-жаңартылған энергия көздеріндегі көшбасшы. Ол Фин компанияларына Қазақстанда жұмыс істеу қызықты екенін және біз белсенді түрде жұмыс істейтін боламыз”, – деді Бозымбаев.
Дереккөз: www.24.kz
Түркістан облысының Жетісай ауданында қуаттылығы 14 МВт болатын күн электр станциясы салынады. Күн сәулесінен баламалы қуат көзін өндіретін нысанның құрылысы алдағы наурыз айында басталып, биылғы жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда.
Қазір ауданнан 10,7 гектар жер бөлініп, құжаттары дайындалу үстінде. Сонымен қатар осы жобаны жүзеге асыру мақсатында шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр,-дейді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары. Бүгінгі таңда күн энергиясы – баламалы қуат көздерінің ішіндегі болашағы зор сала. Сондықтан жаңа станса іске қосылғанда өңірдегі қуат көзіне деген қажеттілік көлемі де азаятын болады. Жалпы қазір Түркістан облысы аумағында қуаттылығы 6,5 МВт болатын 4 станса жұмыс істейді.
Роза Сариева, облыстық энергетика және ткш басқармасының бөлім басшысы:
– Күн электр станциясын салуға инвестор тарту жұмыстары жүргізілуде. Ресейлік компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Тағы басқа да шетелдік компаниялармен де келіссөздер жүргізуде инвестор тарту мақсатында. Күн электр станциясы салынған кезде бірінші кезекте Жетісай ауданының өзіне және Мақтаарал, Келес аудандарын қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қанат Бозымбаевты энергетика министрі қызметіне тағайындау ұсынысын Мәжіліс депутаттары қолдады, – деп хбаралайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжіліс парламенті сайтына сілтеме жасап. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Мәжіліс жиналысында Қанат Бозымбаевты энергетика министрі қыметіне тағайындау кандидатурасы ұсынылды. Қазақстан Республикасының премьер-министрдің ұсынысымен кандидатураны премьер-министрдің кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды. Ол Бозымбаевтың энергетика саласындағы зор тәжірибесін атап өтті. Мәжіліс комитетінің мүшелері кандидатқа бірқатар сұрақ қойып, талқылаудан кейін Бозымбаевты энергетика министрі қызметіне қабылдау жайлы тиісті қорытынды қабылдады.
Біздің еліміздің халқының басы бөлігі үшін ЛШТТ термині таныс емес. Бұл нені білдіреді және оның құрудың қандай пайда бар? Өнеркәсіптік кәсіпорындар ЛШТТ үшін қандай ақпаратты ұсынуы қажет? Оның жұмысына кім басшылық етеді?
27 ақпанда сағат 9:00-де Бизнес FM (89,6 жиілігі) радио станциясында «Деловое утро» бағдарламасында тікелей эфирде Қазақстанда ЛШТТ (ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі) ендіру бойынша жобаның сарапшысы Анисимова Наталья және жобаның маманы Үмбетқалиева Камилла тыңдармандарға аталған құралдың елдегі іс әрекетінің маңыздылығы, экологиялық жағдайға ендірудің салдарлары мен ықпалдары туралы әңгімелеп береді.