Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі халықаралық тәжірибеде адамдарға қоршаған ортаны қорғау туралы нақты және сенімді ақпарат берудің тиімді құралы ретінде қарастырылады.
Ластауыш заттардың мөлшері мен олардың қауіптілік деңгейі туралы ақпарат үкіметке, өнеркәсіптік секторға және азаматтық қоғамға тиесілі маңызды ақпарат болып табылады. Негізгі ластауыш заттар туралы сапалы деректерді жинау және олардың мониторингі қоршаған ортаның сапасын бағалаудың тиімді құралы болып табылады және алынған деректер негізінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеу болып табылады.
ЛШТТ тиімді ендіру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізумен қоса сарапшылар мен мамандармен көлемді жұмыстар жүзеге асырылады. Сондай-ақ оқу модульдері және ЛШТТ бойынша оқу бағдарламасы, жойылуы қиын органикалық ластауыштар мен ауыр металдар эмиссияларын бағалау әдістемелері әзірленді. Сонымен қатар негізгі және басым секторлар үшін бағалау әдістері бойынша Ұлттық нұсқаулықтар әзірленді.
Әрине, жоғарыда аталған барлық іс-әрекеттер өте маңызды, бірақ халықтың ЛШТТ сияқты маңызды құралды ендіру туралы хабардар болуына ерекше назар аудару керек. Осыған байланысты, мамандармен екі жыл бойына халықты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі және оған деген қызығушылығы туралы хабардар ету деңгейін арттыру бойынша белсенді ақпараттық кампания жүргізілді. Осылайша, тұрақты түрде әлеуметтік желілерде және Қазақстандағы ЛШТТ сайтында жаңалықтар және өзекті ақпарат жарияланады, Қазақстанның жетекші журналдары мен газеттерінде баспасөз ақпараттары мен мақалалар әзірленуде. Бұдан басқа, мамандармен жоғары оқу орындарында студенттердің назарын еліміздің экологиялық проблемаларына аударатын дәрістер оқылады. Дәрістерде ЛШТТ қатысты құқық негіздері қамтылады, ЛШТТ деген не және онымен қалай жұмыс істеу керек екендігі және т.б. түсіндіріледі.
2019 жылдың наурыз айының ортасында Алматы қ. Байтұрсынұлы126/1 көшесіндегі мекенжайдағы Алматы энергетика және байланыс университетінде дәріс өткізу жоспарланған. Спикер ретінде ЛШТТ және қоршаған ортаның эмиссиясын бағалау бойынша әдістемелерді әзірлеу бойынша сарапшы Анисимова Наталья Михайловна баяндама жасайды.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 727 255 85 75.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: Норт Каспиан Оперейтинг Компани H.B. (NCOC), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, ҚР БҒМ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, Астана қаласындағы «Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы» мекемесі, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК.
Семинарларда келесі мәселелер қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Бөкенова Саида Бекболатқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Сәдуақасова Әлия Малайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Әбдірахманова Жанар Бүркітқызы – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Досанова Ақмарал Наурызбайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Табиғи ресурстар кадастры басқармасының басшысы;
Тоқтасынова Тоты Қылышбекқызы – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Үмбетқызы – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы
Балабаева Алтын Ибрагимқызы – ҚР ЭМ “ҚОҚ АТО” ШЖҚ РМК МЭАҚ департаментінің директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы ақпанның 20-нан 22-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғат пайдаланушыларды реттеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: Норт Каспиан Оперейтинг Компани H.B. (NCOC), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, ҚР БҒМ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, Астана қаласындағы «Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы» мекемесі, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК.
Семинарларда келесі мәселелер қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Бөкенова Саида Бекболатқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Сәдуақасова Әлия Малайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Әбдірахманова Жанар Бүркітқызы – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Досанова Ақмарал Наурызбайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Табиғи ресурстар кадастры басқармасының басшысы;
Тоқтасынова Тоты Қылышбекқызы – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Үмбетқызы – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы
Балабаева Алтын Ибрагимқызы – ҚР ЭМ “ҚОҚ АТО” ШЖҚ РМК МЭАҚ департаментінің директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
Астанада банан ағашы гүлдеп, апельсин өсе бастады.
Өткен жылы ғана қолданысқа берілген ботаникалық бақтағы өсімдіктердің бұл алғашқы жемісі. Оның ішінде біздің өңірге таңсық банан, кумкват, ананас, апельсин сияқты экзотикалық жемістер бар. Бұған қоса енді елорданың қақ ортасынан құрма пальмасы, корольдік пальма және ваниль де өнім береді деп күтіліп отыр. Жылыжай қызметкерлері болса бұл жерге қала қонақтары мен тұрғындарының келіп тропикалық өсімдік әлемімен жақын танысуға мүмкіндік жасамақ. Бұнда бас-аяғы 2 мың ағаш өсіріліп жатыр. Арнайы экскурсиялар алдағы көктемде ұйымдастырыла бастайды.
Гүлнар Ситпаева, ботаника және фитожерсіндіру институтының бас директоры:
– Елімізде осындай республикалық деңгейдегі 6 ботаникалық бақ бар. Оның ішінде Астанадағы орталықтың ерекшелігі – заманауи технологиялардың қолданылуы. Соның арқасында өсімдіктерге жайлы климаттық жағдай жасалып, жақсы жеміс алынып жатыр. Енді отандық мамандар осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жалғастыра береді.
Дереккөз: www.24.kz
Қазақстандық кәсіпкерлікті дамыту қоры Біріккен Ұлттар Ұйымының Жасыл климат қорының қаржыландыруына қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазақстандық делегация Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен ынтымақтастық аясында және Қазақстан энергетика министрлігі қолдауымен оңтүстіккореялық Сондо қаласында орналасқан Green Climate Fund штаб-пәтерінде болған. Қор қызметкерлеріне елімізде парниктік газдардың үлесін азайтуға және климаттың өзгеруінің салдарын төмендетуге арналған жобалар ұсынылды. БҰҰ қоры өкілдерінің айтуынша, қазақстандық концепциялар теңдестірілген және адамдар денсаулығына жақсы әсер тигізеді.
Біржан Евниев, БҰҰДБ/ҒЭҚ жобасының сарапшысы
– Кәсіпкерлер көмір аз кететін қазандықтар орнатады. Бұл арқылы мектептердің қаржысы үнемделеді. Егер банкте жылдық мөлшері 14-15 пайызын құрайтын болса, біз он пайызын төлейміз. Бұл бизнес үшін жақсы жеңілдіктер.
Денис Есентаев, Кәсіпкерлікті дамыту қоры департаментінің директоры:
– Қаржыландыруға жағдай жасау мәселесімен қатар біз техникалық көмек көрсету, жасыл технологиялар аясында қордың әлеуетін арттыру бойынша оқыту, Қазақстанның шағын және орта бизнес нарығында жасыл сегментті айқындау мәселесін шешуге келістік.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2019 жылғы 14 ақпанда ҚР Энергетика министрлігінде Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық зерттеу институтының қолдауымен «Планета» жұмыс тобының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру туралы азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Жиналыста 40-тан астам мемлекттік органдар, ҮЕҰ, азаматтық сектор өкілдері қатысты.
Жиналыстың негізгі мақсаты – Қазақстан үшін маңызды тұрақты даму міндеттерін және мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына ТДМ көрсеткіштерін декомпозициялау бойынша одан әрі қадамдарын анықтау болып табылады.
«Планета» ЖТ ТДМ жұртшылықпен қайта талқылау 2019 жылғы 22 ақпанға жоспарланған.
Анықтама ретінде:
«Планета» жұмыс тобы Энергетика министрінің 2018 жылғы бұйрығымен құрылған және ОДМ 5 сұрағы бойынша 46 міндетті және 56 көрсеткішті қамтиды.
1) 6 мақсат. «Су ресурстарын ұтымды пайдалану және барлығы үшін қуәпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету» 8 міндет, 11 көрсеткіш;
2) 12 мақсат. «Тұтыну мен өндірістің оңтайлы үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету», 8 міндет, 13 көрсеткіш;
3) 13 мақсат. «Климаттың өзгеруі бойынша шұғыл шаралар қабылдау және салдарларымен күрес», 5 міндет, 8 көрсеткіш;
4) 14 мақсат. «Орнықты даму негізінде мұхиттарды, көлдерді және көл ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау», 10 мақсат, 10 көрсеткіш;
5) 15 мақсат. «Жер үсті экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды тұрақты басқару, шөлейттенумен күресу, жердің тозу процесін тоқтату және жою және биотүрлілік процесінің жойылуын тоқтату» 12 міндет, 14 көрсеткіш.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2019 ж. 18 ақпанда Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) басқарма төрағасы Алик Айдарбековтің және «Лукойл» ЖАҚ Президенті Вагит Алекперовтің қатысуымен үш жақты кездесу өтті.
Кездесу барысында ҚР Энергетика министрлігі, ҚМГ және Лукойл арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жеңіс теңіз жобасында бірлескен қызмет шеңберінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына және Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Бірлескен келіссөздер шеңберінде Республиканың пайдасына қол қою бонусын төлеу және жер қойнауын пайдаланушының кадрлардағы (50%-басшылар, 80%- құрылымдық бөлімше басшылары, 90%- мамандар бойынша, 100%- білікті жұмысшылар), сондай-ақ кемінде 50% жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемелері жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Ынтымақтастықтың келесі кезеңі – Жеңіс учаскесінде көмірсутегі шикізаттарын барлау және өндіру жұмыстары бойынша келісімшарт жасасу.
2018 ж. 5 маусымда ҚМГ және Лукойл арасында Жеңіс жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісім жасалған болатын. Осы келісімде бірлескен барлаудың негізгі талаптары бекітілген болатын. 2018 ж. 30 қарашада компаниялар арасында Бірлескен қызмет туралы келісімге және Қаржыландыру туралы келісімге қол қойылған.
Жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің нормаларына сәйкес тікелей келіссөздер 2018 жылғы 05 ақпанда қабылданды.
ҚМГ және Лукойл жылдар бойы бірқатар бірлескен жобаларды іске асырып келе жатқан стратегиялық әріптестер болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы отын-энергетикалық кешенін дамытудың басым міндеті – табиғи ресурстарды барлау мен өндіруге инвестицияларды көбейту, Каспий теңізінің қазақстандық секторында жобаларды іске асыру.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Қожан» АҚ, «ERG-дің ғылыми-зерттеу және инженеринг орталығы» ЖШС, Норт Каспиан Оперейтинг Компани H.B. (NCOC), «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, ҚР БҒМ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, «Матен Петролеум» АҚ, Астана қаласындағы «Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы» мекемесі, «Н Оперейтинг Компани» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Бөкенова Саида Бекболатқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Асанова Жанар Талғарқызы – «Жасыл Даму» АҚ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;
Досмақова Бизара Жәкиқызы – Тәуелсіз сарапшы;
Сәдуақасова Әлия Малайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Әбдірахманова Жанар Бүркітқызы – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Досанова Акмарал Наурызбайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Табиғи ресурстар кадастрының басшысы;
Тұрсынова Гүлжан Әлібекқызы – ҚР ЭМ мұнай-газ орталығында мемлекеттік тексеріс департаментінің бас сарапшысы;
Тәуекелова Мәдина Серғазықызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБ дайындау және экологиялық ақпаратты талдау басқармасының басшысы;
Тоқтасынова Тоты Қылышбекқызы – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы ақпанның 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.