Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Бірыңғай экологиялық интернет ресурс (Ecogosfond) сайты

Экологиялық интернет ресурс сайты – Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстары бойынша толық нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Аталған сайттың арқасында елдегі экологиялық жағдайға қатысты мәселелер бойынша ақпаратты табуға болады.

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 161-бабы, 1-т. сәйкес сайт азаматтарды қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі туралы нақты ақпарат беру мақсатында Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу туралы ақпараттандырады. Ecogosfond сайты халыққа ұсынылатын экологиялық ақпаратты ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Сайтта деректер базасы мен Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының тізілімі ұсынылған. Аталған ақпарат сайттың басты бетінде қол жетімді.

Басты бетте қоршаған орта жағдайы саласындағы соңғы жаңалықтарға қатысты көрнекі бейне шолулар орналастырылған.  Экологиялывқ ақпаратты алуға мүдделі тұлғалар үшін арнайы «сұрақ-жауап» қызметі бар.

Сонымен қатар пайдаланушылар Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы 1998 жылғы 25 маусымда қабылданған Орхус конвенциясымен таныса алады. Сайтқа кірушілер ұлттық баяндамаларға қол жеткізе алады. Ұлттық баяндама қоршаған ортаның, сонымен қатар табиғи ресурстарды әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты қамтиды. ҚР аумақтары бойынша экологиялық жағдай туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен ұлттық баяндама әзірленеді.

Сайттың басты бетінде Энергетика министрлігі мен Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ресми беттеріне тікелей ауысуға арналған сілтемелер бар. Аталған беттерде энергетика саласындағы қызықты жаңалықтар мен ақпаратпен, сонымен қатар экологиялық көздер туралы өзекті ақпаратпен танысуға болады.

Ecogosfond сайтында Қазақстанда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) ендіру бойынша ақпаратпен танысу мүмкіндігі бар. ЛШТТ қоршаған ортаны реттеудегі жаңа маңызды құрал болып табылады, ол атмосфераға шығарылатын стационарлық/стационарлық емес ластауыш түрлеріне қатысты деректер базасы болып табылады. ЛШТТ негізгі артықшылықтарының бірі – халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қатер төндіретін шығарындылар мен ластауыштар туралы қол жетімді ақпарат болып табылады.

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүзеге асыру бойынша басқа елдердің тәжірибесі

Бүгінгі таңда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі әлем бойынша 40 тан астам елде енгізілді немесе енгізілу үстінде. Олардың ішінде Еуропалық одақ елдерін және Жапонияны атап айтуға болады.

Еуропалық ЛШТТ (Е-ЛШТТ) енгізу және жүзеге асыру 2007 жылы басталды және бүгінгі таңда  қоршаған орта туралы оңай қол жетімді негізгі деректерді ұсынады. Е-ЛШТТ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Сербия және Швейцариямен қоса, Еуропалық одақтың 28 мүше-елдерін қамтиды. Тіркелім 30 000-нан астам өнеркәсіптік кәсіпорынмен жыл сайын ұсынылған деректерден тұрады. Әрбір объектімен ауаны, суды және топырақты 91 ластауыш заттың шығарындылар саны, сонымен қатар кәсіпорын аумағынан тыс ағынды суларға қалдықтар мен ластауыш заттарды тасымалдау туралы ақпарат ұсынылады. Есептілікті ұсынуға қажетті ластауыштар құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштар (пестицидтер, диоксиндер және т.б.), ауыр металдар, парниктік газдар және басқа органикалық және бейорганикалық химиялық заттар кіреді. Е-ЛШТТ қағидалары мен нұсқаулығы 2006 жылы әзірленген, соған байланысты сол уақыттың техникалық және ғылыми түсінігі көрініс табады. Екі құжат да бірінші басылымнан бері өзгерген жоқ. Сонымен бірге, Еуропалық Комиссия Еуропалық Одақтың өндірістік шығарындылар жөніндегі директивасын толық бағалауды талап етеді, соған байланысты «Е-ЛШТТ шолу және тиісті нұсқаулық» жобасы басталды. Жалпы алғанда, Еуропалық ЛШТТ экологиялық деректердің ашықтығын қамтамасыз ету және экологиялық шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы үшін жақсы дамыған құрал болып табылады.

ЛШТТ табысты енгізі мен іске асырудың тағы бір мысалы Жапониямен көрсетілді. 1999 жылы «ЛШТТ және химиялық заттарды реттеуге ықпал ету туралы заң» қабылданды. Жапонияда химиялық заттарды реттеуді жүзеге асыру ЛШТТ және қауіпсіздіктің ақпараттық картасын (SDSs – safety data sheet system) жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Заңға сәйкес кәсіпорындар І-ші класқа жатқызылған 462 химиялық зат бойынша есептілікті ЛШТТ-қа және қауіпсіздіктің ақпараттық картасына ұсынулары қажет. Олардың ішінде канцерогенді қасиетке ие 15 зат ерекше белгіленген. ІІ класқа жатқызылған 100 зат бойынша Жапонияда қауіпсіздіктің ақпараттық картасын енгізу шеңберінде есептілікті ұсынуы қажет. Жапонияда инфографика және иллюстрацияны белсенді қолдану арқылы көптеген мақалалар, шаблондар және нұсқаулықтар әзірленгендіктен ЛШТТ туралы халықты хабардар етуді және шынымен ақпаратты қол жетімді түрде ұсыну жақсы дамыған құралы бар.

Елдерде ЛШТТ енгізу – бұл жан-жақты тәсілді талап ететін жұмыс екендігін, оның мақсаты қоршаған орта жағдайын және халықтың денсаулығын жақсарту болып табылатынын басқа елдердің тәжірибесі көрсетеді.

Ластауыш заттар эмиссияларын бағалау бойынша әдістеме

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу шеңберінде жойылуы қиын органикалық ластауыштар мен ауыр металдар сияқты ластауыштардың эмиссияларын бағалау бойынша әдістемелер әзірленді. Аталған әдістемелер Қазақстан өнеркәсібі өкілдерімен ұсынылған және талқыланған болатын. Полихлорлы дибензо-п-диоксиндер ((ПХДД) мен полихлорлы дибензофурандар ПХДФ) – ПХДД/ПХДФ жойылуы қиын органикалық ластауыштардың эмиссияларын бағалау бойынша әдістеме – ластанудың басым көздерін сәйкестендіруге, қажетті шараларды айқындауға және барлық кездейсоқ қалыптасқан жойылуы қиын органикалық ластауыштардың шығарындыларын азайту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Әзірленген әдістемеге сәйкес көздерден немесе көз санатынан тасымалданып, ортаға келіп түсетін (ауа, су, топырақ, өнімдер мен қалдықтар) диоксиндер мен фурандардың жылдық эмиссиялары, эмиссия факторы мен кәсіпорынның өнімділігін пайдалануы арқылы формула бойынша есептеледі. Аталған жағдайда эмиссия факторы қазірдің өзінде кездейсоқ түзілген ЖҚОЛ шығарындылары көздерінің әр санаты мен кіші санатына есептелген және әдістемеге қоса тіркелген кестеде келтірілген. Эмиссияны есептеудің осы кезеңіндегі бастысы эмиссия факторын дұрыс анықтау және ластанудың барлық көздерін есепке алу болып табылады.

Кәсіпорынның өнімділігі ретінде өндіру көлемі бойынша деректер (мысалы, кәріздік құбырына ағызылған тонналар, өндіріс өнімінің тонналары, жағылған отынның және т.б. тонналары) пайдаланылады.

Осылайша өнәркәсіптік кәсіпорындар үшін ПХДД/ПХДФ жылдық эмиссиялары КТ ЖҚОЛ барлық эмиссия көздерінің қарқынды жиынтығы ретінде анықталады.

Бүгінгі таңда әдістемелер оқыту семинарларында талқылау барысында алынған пікірлер бойынша пысықталу деңгейінде. Оларды жақын арада бекіту және Қазақстанда ЛШТТ жүзеге асыру шеңберінде енгізу жоспарланып отыр.

Қазақстандық делегацияның Үндістанға сапары барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2019 жылы 10-12 ақпан аралығында ҚР Энергетика министрі   Қ. Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация құрамында Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Көшербаев, Инвестициялар комитеті және «Казахинвест» ұлттық компаниясы өкілдері Үндістанға іссапармен барды.

Сапар барысында делегация жаңартылатын энергия көздері, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге арналған технологияларды дамыту және т.б. мәселелеріне арналған PETROTECH-2019 ірі халықаралық конференциясына қатысты.

«Энергияға қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық» сессиясы барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанның энергетикалық әлеуеті, елімізде жүргізіліп жатқан энергетикалық саланы жаңғырту туралы егжей-тегжейлі айтып берді,  сондай-ақ халықаралық инвесторларды осы салада Қазақстанмен ынтымақтасуға шақырды.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ірі халықаралық компаниялар үшін сенімді серіктес бола алды. Бүгін де олар мұнай-газ кен орындарын игеруге белсенді түрде инвестиция құюда. Қазіргі таңда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде біз көлік инфрақұрылымын кеңейтуге қол жеткіздік, Қазақстан әлемдік нарықтарға мұнай мен газдың жауапты жеткізушісі болып табылады.

Отандық МӨЗ жаңғырту сәтті аяқталғанын және бүгінгі күні қазақстандық мұнай өнімдері қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетінін атап өткім келеді.

Сондай-ақ біз көмірсутектерді терең өңдеу өнімдерін шығару бөлігінде мұнай-газ химиясын дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Бұл салаға инвестиция тарту үшін жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетіледі», – деп атап өтті  ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үндістанның Мұнай және табиғи газ министрі Дармендра Прадханмен кездесу барысында.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын, мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру саласындағы қазақстандық және үнді компанияларының өзара    іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Екі елдің министрлері Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясында және Астанада ҮАК 13-ші отырысы барысында қабылданған уағдаластықтарды орындау шеңберінде өз елдерінің төрағалары болып табылатынын атап өткен жөн, тараптар оның кезекті отырысын 2019 жылы өткізуге келісті.

Қазақстандық делегацияның үндістандық импорттаушылар   Сауда-Өнеркәсіп палатасының президенті, Үндістан өнеркәсібі Конфедерациясының және ONGC, CG Corporation, Jaypee Group, KUSUM Group, «Шимон групп», Sterling & Wilson Pvt. Ltd, J M Baxi Group, Larson & Toubro ltd және т.б., ірі компаниялардың басшыларымен келіссөздері өте нәтижелі өтті. Онда Үнді компанияларының Қазақстандағы перспективалы инвестициялық жобаларға қатысу мәселелері талқыланды.

Сапар аясында сондай-ақ «Қазақинвест» ҰК мен Үндістанның ірі энергетикалық конгломераты NTPC Limited арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қойылған құжат күн электр станцияларын салу жөніндегі жобаларда тараптардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ ҚР аумағындағы қолданыстағы көмір станцияларының жобаларына Үнді компаниясының қатысуын көздейді.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Дереккөз: energo.gov.kz

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 және «Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 13 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

Жобада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ Қазақстан Қеспубликасының Кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары және Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.

Жоба қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес  келтіру талап етілмейді.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.energo.gov.kz интернет-ресурсында (сілтеме: http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=23847) және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (сілтеме: http://egov.kz. Ашық үкімет ® Ашық НҚА ®Орталық мемлекеттік органдар ® ҚР Энергетика министрлігі) орналастырылды.

ҚР Энергетика министрлігінің Кеңейтілген алқа отырысы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2019 жылдың 8 ақпанында сағат 15-00-де «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимаратында (Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» блогы, 3-қабат)
ҚР Энергетика министрлігінің Кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

Отырыс барысында ҚР Энергетика министрлігінің, сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ, «KEGOC» АҚ және т.б. ұйымдардың 2018 жылғы қызметінің қорытындысы және 2019 жылғы мақсаттары тыңдалатын болады.

Алқа отырысының тікелей көрсетілімін 2019 жылдың 8 ақпанында сағат
15-00-де ҚР Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында (ҚР Энергетика министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан) көруге болады.

Отын-энергетикалық кешен және экология сұрақтары бойынша Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың Қоғамдық кеңес алдында есебіне пресс-релиз

Дереккөз:www.energo.gov.kz

2018 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешен және экология сұрақтары бойынша Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) алдында Есебі өткізілді.

Отырыс жұмысында Энергетика министрі, Қоғамдық Кеңес төрағасы, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаев негізгі бағыттар, жүзеге асырылмалы реформалар туралы, Министрлік қызмет нәтижесі, негізгі көрсеткіштерге, жетекшілік ететін салалардың алдағы уақытта дамуы бойынша нысаналы индикаторлар мен қойылған міндеттерге қол жеткізу туралы және Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан қабылданған шешіммен Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың есебін қабылдады.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес төрағасы Я. Рабайдың үш жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

Бұдан басқа, Қоғамдық кеңестің барлық мүшелері Отын-энергетикалық кешен және экология саласындағы жұмыстарға қосқан үлес үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Қазақстан Республикасы үшін таратуды және хабардар етуді арттыру, ЖҚОЛ есептілігіне арналған құрал ретінде Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» бірлескен жоба қорытындылары

2018 жылы«Қазақстан Республикасы үшін таратуды және хабардар етуді арттыру, ЖҚОЛ есептілігіне арналған құрал ретінде ЛШТТ жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба шеңберінде көп жұмыстар жасалды. Аталған жоба ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығымен,ЮНИТАР және «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығымен бірлесіп жүзеге асырылды.

Өткен жылы бірлескен күшпен өнеркәсіп, мемлекеттік органдар және барлық басқа да мүдделі тараптар өкілдері үшін үш семинар өткізілді. Семинарға екі әдістеме жобасы ұсынылды: орнықты органикалық ластауыштар мен ауыр металдар сияқты ластауыштардың эмиссияларын бағалау бойынша әдістемелер. Аталған әдістемелердің жобалары Ақтөбе және Павлодар қ. өткізілген «Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынаптың эмиссиялары: анықтау әдістері, түгендеу және Қазақстан Республикасының Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркеліміне қосу» оқыту семинарларында ұсынылды.

Сонымен қатар АТО үнемі порталда өндірістік алаңдарды іздеу және қосымша ақпараттық бөлімдерді сүзгілеуді әзірлеумен қоса ЛШТТ веб-порталын жетілдіру, пысықтау жұмыстарын жүргізеді.

2018 жылы мамандармен ЛШТТ мәселелері бойынша Қазақстанның ЖОО-да дәрістер өткізілді, онда әртүрлі маман студенттеріне оның ішінде экологтар мен химиктерге Қазақстанда қоршаған орта жағдайын жақсарту және оның қажеттілігі үшін ЛШТТ құралына қатысты негізгі мәселелер түсіндірілді.

ЛШТТ туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында үш ақпараттық брошюра әзірленді, онда ЛШТТ деген не, ол қалай жұмыс істейді және ластауыш заттар эмиссиясын бағалау бойынша негізгі әдістемелердің қысқаша сипаттамасы туралы ақпарат берілген.

Сонымен қатар халықты тұрақты түрде өзекті және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жобаның интернет-платформасын жаңалықтармен және баспасөз ақөпараттармен толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылмен салыстырғанда, бүгінгі таңда шын мәнінде ДШТТ көп таралды және еліміздің экологиялық әл ауқаты үшін адамдар ЛШТТ қолдайтыны және маңыздылығын мойындады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика