Ақпараттық қарым қатынасты кеңейту және халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Еуропалық Комиссияның қаржылық қолдауымен Энергетика министрлігі «Зой» экологиялық желісін ұйымдастырумен және БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП) бірлесе 2016 жылға Қоршаған ортаның жак-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндаманың ресми нұсқасының негізінде 2016 жылғы баяндаманың интерактивті нұсқасы мемлекеттік тілде жарияланды. Интерактивті баяндама бөлімдерінде мәтінді түсінуді жеңілдету үшін «қозғалмалы күштер – жүктеме – күй – әсер – жауап шаралары» логикалық тізбегінің иллюстрациялары қолданылады.
2016 жылғы Ұлттық баяндаманың интерактивті нұсқасы мемлекеттік тілде newecodoklad.ecogosfond.kz сайтында орналастырылған.
2016 жылға арналған Интерактивті баяндама ертеректе орыс тілінде жарияланғанын хабарлайды.
2018 жылы қоршаған ортаның жай-күйі туралы интерактивті баяндаманы отын-энергетикалық кешен және экология мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес (экология бойынша Комиссия) мүшелері мақұлдады.
Қазіргі таңда ЮНЕП қолдауымен «Зой» экологиялық желісімен ынтымақтастықта 2017 жылға арналған Интерактивті баяндама дайындау жүргізілуде.
Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы Орхус конвенциясына (бұдан әрі – Хаттама) Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне қатысты «Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясының хаттамасы 2003 жылғы мамырда Киевте «Еуропа үшін қоршаған орта» Министрлердің бесінші конференциясында қабылданды. Хаттама 2009 жылғы 8 қазанда күшіне енді.
Аталған Хаттама жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысуы үшін құқықтық базаны қамтамасыз етеді, сонымен қатар ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының ұлттық тіркелімін қолдайды және оны дамуына және түрленуіне жұртшылықтың қатысуына мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) бұрынғыдай экологиялық проблемаларды шешуге белсенді тартылған, экологиялық проблемалар туралы ақпараттандыруды арттырады және тұрақты дамуға ықпал етеді. Қазіргі таңда ҮЕҰ, сонымен қатар экологиялық мониторинг жүргізумен, экологиялық білім беруді ынталандырумен, мүдделі тараптардың әлеуетін арттырумен, бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын орнатумен айналысады. Сонымен Қазақстанда ЛШТТ жобасын жүзеге асыруға ҮЕҰ маңызды рөл атқарады. ҮЕҰ ЛШТТ туралы білімді тиімді ендіруге және таратуға жәрдемдеседі және төмендегілерді орындай алады:
Қазақстанда осындай ҮЕҰ бірі «Орнықты дамуға жәрдемдесу орталығы» (бұдан әрі – Орталық) болып табылады. Қазіргі таңда Орталық ЕҚЫҰ-ның және Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығының қолдауымен ластауыш заттар эмиссияларын бағалау бойынша ұлттық нұсқаулықтар мен тұрақты органикалық ластауыштар мен ауыр металдар эмиссияларын бағалау бойынша әдістеме жобаларын әзірледі.
Сонымен қатар Орталықтың халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынасымен өнеркәсіп және басқа мүдделі тараптардың өкілдері үшін 6 оқыту семинар-тренингі өткізілді.
Орталықтың мысалында Қазақстанда ҮЕҰ құралдарын ендіруде және дамытуда ҮЕҰ-ның маңызды рөлін атап өтуге болады. Болашақта бизнес сектор, мемлекет, ҮЕҰ және жұртшылық арасындағы ынтымақтастықтың сауатты платформасын құруды жалғастыру жоспарлануда. Мұның барлығы ЛШТТ қатысты мәселелерді жан-жақты қарастыруға және шешуге көмектеседі, нәтижесінде ел экологиясының жақсартуға алып келеді.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Себебі, агроөнеркәсіптік кешенде отандастарымыздың біразы еңбек етеді. Олар жай ғана тер төкпей, елдің дамуына сүбелі үлестерін қосып жүр. Негізі мұндай мамандардың көпшілігі 90-шы жылдары қарапайым фермер еді. Ал, қазір білікті де табысты кәсіпкер. Бүгінгі бағдарламамызда Тәуелсіздік жылдары ішінде аграрилердің дәл осындай жаңа бейнесі қалай қалыптасқандығын әңгімелейтін боламыз.
Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ сәйкес, қоршаған ортаның жағдайы, оның ластану дәрежесі, оны қорғау және оңалту жөніндегі қабылданған шаралар туралы толық, нақты және уақтылы экологиялық ақпарат алу Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқығы болып табылады..
Сонымен Қазақстанда Кодекстің 160-бабы Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі ЛШТТ) жүргізуді қарастырады. Тіркелім ластауыштар туралы ақпаратты жинау және сақтау және оларды тасымалдау үшін қолданылатын электрондық деректер базасы болып табылады. Деректер базасы жұртшылықтың электрондық форматта қол жетімді және шығарындылар және/немесе химиялық заттарды тасымалдау туралы ақпарат жыл сайын жаңартылып отырады.
Жұртшылық үшін ЛШТТ деректерін қарапайым және қолжетімді пайдалану және көру үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жанындағы Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығымен Қазақстанның картасы орналастырылған және есепті ұсынған барлық кәсіпорындар картада көрініс табатын интернет-портал әзірленді. Сонымен қатар бірінші санаттағы кәсіпорындар есепті онлайн-форматта, тікелей сайттың өзінде ұсына алады.
Портал әзірше мәтіндік режимде жұмыс істейді алайда, оны әлі де дамытуға және жетілдіруге көп көңіл бөлінуде.
Бүгінгі таңда сайт үш опциядан тұрады. Бірінші опция – Қазақстан картасын көрсететін басты бетті көруге болады және сол бетте батырмалы белгілермен есепті ұсынған өнеркәсіп кәсіпорындар белгіленген. Сайтта картаны жақындатып көру мүмкіндігі бар. Тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері және қалаған жағдайда, басқа аймақтар бойынша ластауыштар туралы толығырақ біле алады. Белгіні басу арқылы табиғат пайдаланушы туралы ақпарат алуға болады.
Екінші опция есептерді ұсынатын кәсіпорындардың тізімін көруге мүмкіндік береді. Жеке бағанда өндiрiстiк алаңның иесi көрсетiледi. Осылайша табиғат пайдаланушының атауын басып келесі ақпаратты алуға болады: оның атауы, орналасқан орны және ластауыш заттар эмиссиялары артуының болуы.
Сайттың үшінші опциясы пайдаланушыларға анықтамалық материалдарға қол жетімділікті ұсынады. Осылайша Қазақстанда ЛШТТ ендіру туралы ақпаратпен, ЛШТТ хаттамасымен, Заңнамалық актілермен және ЛШТТ ендіру бойынша шетелдік мемлекеттердің тәжірибесімен танысуға болады.
Сайт тұрақты түрде өткізілген семинарлар, оқыту тренингтері, дәрістер барысындағы ұсынымдар мен жұртшылық тарапынан кері байланыс алу кезінде жиналған ұсыныстар есебінен өңделіп, пысықталып отырады. Сонымен, Қазақстандағы ЛШТТ ресми сайтын әзірлеу және жетілдіру Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімінің басты мақсаттарының бірі болып табылатын – бізді қоршаған орта жағдайы туралы ақпаратты қол жетімді етуге бағытталған.
2019 жылдың наурызында Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ (бұдан әрі – Стратегия) жүзеге асыру аяқталады.
Стратегия жоспарын жүзеге асыру шеңберінде бір жарым жыл ішінде жұртшылықтың ЛШТТ туралы хабардарлық деңгейін арттыру, заңнамаға өзгерістерді енгізу, өнеркәсіп өкілдерін оқыту, ластауыш заттардың эмиссияларын бағалау бойынша әдістерді әзірлеу, ұлттық нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша және т.б. көптеген жұмыстар атқарылды.
Стратегияны жоспарлы жүзеге асыру және Қазақстанда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін ендіру үшін Ұлттық үйлестіруші болып – Серік Жүнісов тағайындалды.
Жобаны қорытындылау, сондай-ақ ЛШТТ туралы ақпаратты жеткізу мақсатында Серік Нұрланұлы бірінші қазақстандық мультимедиалық бизнес арнасы – Atameken Business Channel үшін эксклюзивті сұхбат берді.
Серік Нұрланұлы ЛШТТ деген не екендігі туралы өзекті мәселелерге тоқталды, сонымен қатар 2017 жылға арналған есептерді ұсынған кәсіпорындардың саны туралы және сондай-ақ Қазақстандағы ЛШТТ белсенді дамуы мемлекет, ҮЕҰ және өнеркәсіптік кәсіпорындардың өзара тиімді экологиялық ластауыштардың мөлшерін азайтуға және қоршаған ортаның ластауыштар санын азайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Серік Нұрланұлы «ЛШТТ дегеніміз не?» деген негізгі ұстанымдарға тоқталды, 2017 жылға арналған есептерін ұсынған кәсіпорындардың саны және Қазақстанда ЛШТТ-тың белсенді дамуы мемлекеттің, ҮЕҰ және өнеркәсіптік кәсіпорындардың және қоршаған ортаға ластауыш заттардың мөлшерін минимизациялауға және азайтуға өзара іс-қимылына тиімді ықпал ететінін атап өтті.
Сұхбат https://www.youtube.com/watch?v=NHJfzYOWDmI сілтеме арқылы қол жетімді.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қарағанды облысының экологиялық ахуалын жақсартуға 50 миллиард теңге қаржы бөлінеді.
Бұл туралы Теміртауда өткен «жасыл кеңестің» көшпелі жиынында айтылды. Табиғат жанашырлары құрышты қаланы өндірістік қалдықтан тазартудың кешенді жоспарын талқылады. Естеріңізге сала кетейік, бұл маңызды құжат былтыр
Теміртауда «қара қар» жауған соң жедел қабылданған болатын. Онда 77 экологиялық шара қамтылған, өткен жылы соның 24-і жүзеге асыпты. Биыл Теміртау қаласындағы 4 ірі кәсіпорын газ бен шаңды сүзгіден өткізетін қондырғыларын жаңартпақшы. Теміртауда биылдан бастап 40 мың түп ағаш көшеттері отырғызылады.
Ол үшін 1 миллиард теңге қаржы бөлінген. Руслан Төлепбаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы: – Кешенді жоспар жүзеге асқан кезде қоршаған ортаға таралатын зиянды заттар шамамен 20 мың тоннаға азаяды деп күтіп отырмыз. Сондай-ақ зауыт-фабрикалардан шығатын өндірістік қалдықтар 1,3 миллион тоннаға және көліктерден ауаға бөлінетін улы газдар 10-20 пайызға кемитін болады.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Дөңгелек үстелдің мақсаты “жасыл” технологияларды қолдану арқылы “жасыл” құрылыс әдістерін интеграциялау бойынша ұлттық серіктестердің мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) және Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (UN ESCAP) ынтымақтастығы шеңберінде қалалық аудандардың проблемаларын шешуге және Қазақстандағы тез урбанизация мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Қазақстан шикі мұнай экспорты бойынша 12-ші орында және көмірді тұтыну бойынша әлемде 15-ші орында тұр. Қазбалы энергияны тұтыну энергияның жалпы тұтынуының 76% құрайды. Қазба отынына энергетикалық тәуелділікке байланысты еліміз қала аудандарында энергия өндіру мен тұтынудың ұлғаю проблемаларымен бетпе-бет келеді, бұл ел экономикасының елу пайыздан астамын құрайды.
“Қазақстандағы ғимараттардың энергия және су тиімділігі әлеуетін пайдалану энергияны үнемдеуге, ауа сапасын жақсартуға және су ресурстарын сақтауға әкелуі мүмкін. Субсидиялар мен ынталандыруларды қоса алғанда, тиісті рейтингтік, сертификаттық және саяси құралдары бар жасыл құрылыс жүйесі отын тұтынуды және парниктік газдар шығарындыларының үрдістерін тоқтатуы мүмкін” – деп атап өтті IGTIC басшысы Рәпіл Жошыбаев.
Дөңгелек үстел барысында БҰҰ Даму бағдарламасы Тұрақты даму мақсатын енгізу бойынша жұмысты қалай қолдайтынын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрақты қалаларын дамыту бойынша нәтижелермен және сараптамалық зерттеулермен бөлісті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жасыл ғимараттарда жасыл технологияларды қолдану және нарықтың тұрақтылығы мен кеңеюі тұрғысынан экологиялық құрылысты сертификаттауды (OMIR) енгізу бойынша ұсыныстар ұсынды.
Сарапшылардың айтуынша, жаһандық деңгейде ғимараттар барлық энергияның 40 пайызын және тұщы судың 12 пайызын тұтынады. БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне сәйкес жасыл өсу дамушы елдер үшін үлкен мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді, өйткені экономикалық жүйенің өзгеруі оларға дамудың жаңа сатысына қадам жасауға мүмкіндік береді, олар индустриялық елдермен тең деңгейде бәсекелесе алады.
Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Қазақстан Нью-Йорк қаласында (АҚШ) БҰҰ жоғары деңгейдегі саяси форумы аясында тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша ерікті ұлттық шолу ұсынады.