Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан Республикасының мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің екінші рейтингінің қорытындыларын жариялау бойынша Баспасөз хабарламасы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2019 жылғы 22 қаңтарда Астанада экологиялық жауапкершілік саласында Қазақстанның мұнай-газ компанияларының ашықтығының екінші рейтингісін әзірлеу қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және КРЕОН тобы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен экологиялық жауапкершілік саласындағы Қазақстанның мұнай-газ компанияларының ашықтық рейтингісінің қорытындысын екінші рет ұсынды.  Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (UNEP-CA) қолдауымен жүзеге асырылады, рейтинг есебін Ұлттық рейтинг агенттігі жүргізді. Жоба серіктесі CREON Capital S.a.r.l. компаниясы болды.

Биылғы жылғы рейтинг есебі өткен жылғы көшбасшылардың табыстылығын растады және жаңа есім ашты. Екінші рет тізімді “ҚазМұнайГаз “ҰК” басқарды, күміс жүлдегер де өзгеріссіз қалды, бұл “Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.”. Алғаш рет көшбасшылар үштігіне “Ембімұнайгаз” компаниясы енді, үшінші орын “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз”.

ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай “Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің рейтингін өткізу Қазақстанда жұмыс істейтін мұнай-газ компанияларының жариялылық және ашықтық деңгейін арттырады»,-деді.

Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық рейтингінің негізіне экологиялық жауапкершілік саласында 19 компанияның ашықтық деңгейі туралы салыстырмалы ақпарат және қоршаған ортаға олардың қызметінің әсер ету ауқымы жария кеңістікте бар Қазақстан аумағындағы компаниялардың қызметі туралы келесі критерийлер бойынша: экологиялық менеджмент, қоршаған ортаға әсер ету, ақпаратты ашу/ашықтық критерийлері бойынша деректер енді.

«Соңғы онжылдықта қоршаған ортаны сақтау жөніндегі талаптарды ескере отырып, орнықты даму моделіне көшу көптеген елдердің үкіметтері үшін стратегиялық басымдыққа айналды, оның ішінде Қазақстан үшін де» – деді БҰҰ кеңсесінің Орталық Азия бойынша қоршаған орта ұлттық бағдарламалық қызметкері Олжас Атымтаев.

Рейтингті ұйымдастырушы, топ басшысы КРЕОН Фарес Кильзие: XXI ғасырда әлемдік экономикадағы қоршаған ортаға ұқыпты қарау шешуші факторға айналатынына сенімді.

Ресейдің WWF табиғатты қорғау саясаты жөніндегі директоры Евгений Шварц “экологиялық жауапкершіліктің ерікті тетіктері әлеуметтік-экологиялық инновацияларды, қызметтің ашықтығын ынталандырады және бизнес үшін және тұтынушылық артықшылықтарды қалыптастыру кезінде және қаржы институттарының тәуекелдерін бағалау кезінде нарықтық бәсекелестік артықшылықтарды құрады”деп есептейді.

Ұлттық рейтинг агенттігінің президенті Виктор Четвериков “бүкіл әлемде кредиттік емес рейтингтерге деген қызығушылық артып келеді, олардың қажеттілігі айқын. Қазақстан компаниялары үшін осындай маңызды рейтингтің болуы экология мәселелерінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің өсуіне ықпал ететін болады.”

Осылайша, Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігі саласындағы ашықтық рейтингін іске асыру көмірсутек шикізатын өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу кезінде экологиялық тәуекелдерді басқару сапасын арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге ықпал ететін болады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

«Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту» сессиясын өткізу қорытындысының баспасөз – хабарламасы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстандағы БҰҰДБ-мен бірлесіп, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) қолдауымен 2019 жылғы 14 Қаңтарда Абу-Даби қаласында Дүниежүзілік энергетикалық Саммит шеңберінде «Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту» тақырыбында сессия өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторында коммерциялық жобаларды дамыту және іске асыру үшін инвесторлардың қызығушылығын арттыру болды.

Сессия Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі  С. Есімханов, ИРЕНА атқарушы директоры Гурбуз Гонулдың қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар ЕҚДБ, БҰҰДБ, РФО, күн энергиясы қауымдастығы (SPAQ), Шелл және т.б. сияқты ЖЭК мәселелері бойынша бөлімшелер мен ұйымдардың басшылары презентациялармен және баяндамалармен сөз сөйледі. Өз кезегінде баяндамашылар Қазақстандағы ЖЭК даму жағдайы туралы және энергетиканың осы секторын дамыту үшін әлеуетті инвесторлар мен серіктестерді тарту үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Іс-шара барысында жеке сектордың инвестицияларын оқшаулайтын негізгі кедергілерді анықтау және ЖЭК дамытуды қолдау мен ынталандырудың жақсы жұмыс істейтін және тұрақты жүйесін құру жолы арқылы жаңартылатын энергия көздері саласындағы Қазақстанның орасан әлеуетін іске асыру әдістері туралы сапалы сараптамалы диалог қалыптасты.

Ашық пікір алмасудың арқасында қатысушылар инвестициялауға кедергі келтіретін негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешудің бірқатар тиімді жолдарын ұсынды.

Осы сессия шеңберінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен «ЮКСЭС-50» ЖШС (Risen Energy компаниясы қаржыландыратын) арасында Шолаққорған күн энергетикасы бойынша жобаны қаржыландыру үшін Қарыз туралы келісімге қол қойылды. ЕҚДБ 17 миллиард теңгеге (шамамен 45 миллион АҚШ доллары) дейінгі соманы бөледі және қосымша 10 миллион АҚШ долларына жуық жасыл климаттық қор бөлетін болады.

Бұдан басқа, дүниежүзілік энергетикалық саммит алаңында өткен негізгі іс-шаралар шеңберінде “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ мен жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (ИРЕНА) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен осындай іс-шаралар Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту және ілгерілету бойынша тиімді құрал болып табылады деген ортақ пікірге келді.

Іс-шараға Қазақстанда инвестицияларға қызығушылық танытатын 20-дан астам шетелдік компания қатысты.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Халық арасындағы ЛШТТ туралы білім бағасы

2018 жылдың қаңтарында Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ (Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі) жүзеге асыру шеңберіндеhttps://ru.surveymonkey.com/r/TSRFVSL сілтемесі бойынша Survey Monkey серверінде онлайн-сауалнама үдерісі іске қосылды, сонымен қатар сауалнаманың баспа нұсқасылары семинарларда, конференцияларда, қонақ дәрістерінде және жобаның жұмыс тобы ұйымдастырған басқа да іс-шараларда жұртшылыққа таратылды. 2019 жылдың басында ақпаратты жинау бойынша алаңдарды үлғайту үшін әртүрлі платформаларда https://ru.surveymonkey.com/r/GQYZH7S және https://docs.google.com/forms/d/1cOfJHn08IzcghNhPd_FzDIeA0YWVEdNUne59DReCLqs/edit. сілтемелері бойынша  Survey Monkey және Google forms серверінде сауалнамалар қайта құрылды.

Деректер талдауы сауал алынғандардың 52%-ы ЛШТТ-ты жақсы біледі, 34% -ы аталған тіркелім туралы біраз естіген, ал қалған 14%-ы бұл не екенін білмейтіндігін көрсетті.

Респонденттер «өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды шығарындылары туралы ақпаратпен қоса, адам ағзасына зиянды әсерлері туралы ақпаратты алуға мүдделі ма?» деген екінші сұраққа қатысты екі нұсқада тең «иә, бұл маңызды деп ойлаймын» және «бұны білу пайдалы болар еді» деген жауаптар алынды. Сауал алынғандардың ешқайсысының «маған бәрібір, бұл мені қызықтырмайды» деген нұсқаны таңдамағандығынан, сөзсіз жұртшылықтың ЛШТТ қажеттілігін түсіну деңгейінің жоғары екендігін атап өту қажет. Бұл қазірдің өзінде халықтың өзекті экологиялық ақпарат мониторингіне және өз денсаулығын сақтауға мүдделі екендігін көрсетеді.

Сауал алынғандар (55%) ақпарат алудың ең қолайлы жолы ретінде арнайы интернет сайтты таңдады. Респонденттердің 38%-ы экологиялық ақпаратты әлеуметтік желіден алуды жөн санады. қатысушылардың қалған 7%-ының пікірі теңге бөлінді: ақпарат алудың ең жақсы тәсілі – газеттер, журналдар және семинарлар.

Сауал жүргізу барысында респонденттердің 80%-ы 25 тен 44 жас санатындағылар, 17%-ы 25 жасқа дейінгілер және 3%-ы 44-60 жастағылар екендігі анықталды.

Сауалнама нұсқасының соңында Қазақстандық кәсіпорындардың зиянды шығарындыларының бұқаралық тізілімін құрудың маңыздылығы туралы сұрақ қойылды. Аталған жағдайда пікірлер екіге бөлінді. Көпшілігі (65,5%) жұртшылық үшін экологиялық ақпараттың қолжетімділігін қолдайтындығын атап өткен жөн. Респонденттердің 17,2%-ы оның қаншалықты маңызды және қажет екенін білмейміз деп жауап берді. Қалған 17,3%-ы «ШЖК (шекті жол берілетін концентрат) және оның нормалары» дегеннің не екендігін барлығы білмейтіндіктен экологиялық ақпараттың бұқаралығының маңыздылығын түсінбейміз деп жауап берді. Алайда, болашақта сайтты қарапайым халықтың экологиялық ақпаратты толық түсіне алатындай негізгі анықтамалармен түсіндіретін ақпаратпен толықтыру жоспарлануда.

ЛШТТ туралы білімнің Қазақстан Республикасы халқының арасында таралуы

Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ жүзеге асыру шеңберінде жұмыс тобымен ЛШТТ мәселелері бойынша халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал ететін әртүрлі тақырыптардағы ақпараттық брошюралар әзірленді.

Бірінші бюллетенге Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі (бұдан әрі – ЛШТТ) деген не, ЛШТТ жүргізу ережелері және сондай-ақ, I санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар қандай негізгі ақпаратты ұсынуы қажеттілігіне назар аударатын ақпарат кіреді. Осылайша кәсіпорындар келесі деректерді ұсынуы қажет: кәсіпорынның атауы, мекенжайы және қызмет түрі, экологиялық рұқсат берудің электронды .ұсқасы, қоршаған ортаға нақты эмиссияның көлемі, мемлекеттік экологиялық бақылау және т.б. нәтижелері. Сонымен қатар бюллетенде сайтқа және Қазақстандағы ЛШТТ әлеуметтік желілердегі ресми парақтарға сілтемелер көрсетілген.

Екінші ақпараттық бюллетенде ЛШТТ негізіне жататын ақпарат, оның мақсаттары: қоршаған ортаның ластануын азайтуға және алдын алуға ықпал ететін жанама ақпарат көрініс табады

Үшінші бюллетень ЛШТТ құралының жұмысы туралы түсінік береді. ЛШТТ жұмысының механизмін барынша түсіну үшін, барлық үдеріс төрт кезеңге бөлінген: қоршаған ортаны ластауыш заттардың 86 түрі бойынша кәсіпорындармен ұсынылатын есептер; алынған деректерді жүйелеу және жекелеген кәсіпорындар мен ластауыш заттар үшін ыңғайлы және қол жетімді деректер базасын құру; Қазақстандағы ЛШТТ ресми сайтындағы ақпараттың қол жетімділігі; және сәйкесінше ағымдағы экологиялық жағдай туралы хабардарлық деңгейді арттыру мақсатында Қазақстандағы ЛШТТ ресми сайтына кіру.

Төртінші бюллетень Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНИТАР) Оқу және Ғылыми зерттеу институтының оқыту бейне-модулдері негізінде әзірленген және ЛШТТ деректерін жинау үшін эмиссиялар бағасының төрт әдісі туралы ақпараттан тұрады: мониторинг, материалдық тепе-теңдік, эмиссия факторы және техникалық есептеулер. Бюллетенде әдістердің негізгі мәні, сондай-ақ олардың күшті және әлсіз жақтары анықталады.

Барлық ақпараттық бюллетендер халық арасында оқу семинарлары, дөңгелек үстелдер, ЖОО-дағы дәрістерде және басқа да іс-шараларда таратылады. Көптеген жұртшылық өкілдері бюллетень ақпаратымен өз достары мен туыстарымен ақпарат алмасуға дайын, бұл сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының арасында ЛШТТ туралы білімдерінің кеңінен таралуына ықпал етеді.

2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп беру туралы ақпарат

Дереккөз: energo.gov.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына түзетулер көпшілік алдында талқылауға енгізді.

«Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына ҚР Экологиялық кодексінің 154-бабына, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 87, 132-баптарына, «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына, ҚР «жасыл экономика» бойынша тұжырымдамасына, ҚР Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 «Әкімшілік деректерді әкімшілік дереккөздермен тегін беру ережесін бекіту туралы» бұйрығына, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Қалдықтардың сыныптамасын бекіту туралы» № 169-п бұйрығына сәйкес, сонымен қатар жыл сайын Министрлік және Үкімет арасындағы «Өнеркәсіптік қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы және «Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы бойынша стратегиялық жоспар көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі меморандумға сәйкес өзгерістер енгізіледі.

Түзетулерді қабылдау мерзімдерін ескере отырып, 2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу туралы жылдық есеп қолданыстағы нұсқада «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады, ал 2019 жылдың қалдықтарды түгендеу туралы жыл сайынғы есеп 2020 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылдың 1 наурызына дейін жаңа нысандаhttp://os.energo.gov.kz ҚОҚ БАЖ жүйесінде қалыптастырылады.

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (Е-ЛШТТ) Еуропалық тіркелімінде іздеуді қалай ұйымдастыруға болады?

Дереккөз: prtr.eea.europa.eu

Ластауыш заттар шығарындылары бойынша іздеу

Ластауыш заттардың шығарындысы опциясы пайдаланушыға ластауыш заттар тобының негізгі критерийлерін немесе Eуропалық ЛШТТ регламентінің II-қосымшасындағы әрбір 91 заты ретінде пайдалана отырып, деректерді іздестіруге мүмкіндік береді. Осы іздеу опциясының нәтижесі нақты ластауыштың жиынтық шығарындылары туралы есеп болып табылады. Ақпарат қызметтің әрбiр түрi үшiн таңдалған ластауыштың шығарындыларының жиынтығын, осы деректер бар кестелермен, әрбiр елдегi әр ластауыш заттың (кесте және сызба) жалпы шығарындысы және тиiстi ластауышты өндiретiн кәсiпорындардың тiзiмiн көрсететiн бірнеше парақта көрсетiледi.

Қалдықтардың тасымалдары бойынша іздеу

Қалдықтардың тасымалдары бойынша іздеу пайдаланушыға елдің іішндегі және елден тыс қалдықтардың тасымалы бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді. Осы іздеу опциясының нәтижесі жыл сайынғы қалдықтардың тасымалдары туралы  туралы есеп болып табылады. Ақпарат қызметтің әрбiр түрi үшiн таңдалған ластауыштың шығарындыларының жиынтығын, осы деректер бар кестелермен, әрбiр елдегi әр ластауыш заттың (кесте және сызба) жалпы шығарындысы және тиiстi ластауышты өндiретiн кәсiпорындардың тiзiмiн көрсететiн бірнеше парақта көрсетiледi; Қауіпті қалдықтарды тасымалдауды көрсететін қалдықтардың әрбір типі, сызбасы тасымалдайтын объектінің тізбесі  және алынған қауіпті қалдықтардың саны бар елдің кестесі. Елді басқан кезде ел ішіндегі нақты объектілердің тізімі көрінеді.

Өнеркәсіп өкілдерінің ЛШТТ туралы пікірі

2018 жылдың қарашасында Павлодар және Ақтөбе қалаларында ластауыш заттар бойынша есептілік тұрғысынан мүдделі тараптардың әлеуетін арттыру, Қазақстандағы ЛШТТ енгізу, сондай-ақ шығарындылар туралы онлайн есеп беру порталын пилоттық тестілеу бойынша екі күндік семинарлар өткізілді. Семинарлардың тақырыбы келесідей: «Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынаптың эмиссиялары: анықтау әдістері, түгендеу және Қазақстан Республикасының Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркеліміне қосу».

Семинарлардың тиімділігі мен тәжірибесін арттыру үшін екі қалада өткен семинарлардың соңында негізінен салалық өкілдері болып табылатын қатысушылардан сауалдар алынды. Қазақстан өнеркәсібі энергетика, химия, мұнай, газ өңдеу, металлургия және басқа салалардан құрылған.

Барлығы 51 қатысушының жауабы жиналды. Семинардың қаншалықты маңызды екендігі туралы бірінші сұраққа екі қаланың да қатысушыларының 70%-дан астамы ЛШТТ – ел үшін басым мәселелердің бірі болып табылатынын айтты. Респонденттердің қалған бөлігі бұл да басқа экологиялық мәселелер сияқты маңызды екендігін атап өтті. Сауал алынғандардың ЛШТТ туралы білімдерін бағалау туралы сұраққа жауаптары, көптеген қатысушылар тек ЛШТТ туралы естігендіктері және олар үшін бұл білім жаңа болғандығын көрсетті. Павлодарда сауал алынғандардың 25%-ға жуығының семинарға дейін ЛШТТ туралы білімі болды және тек 4%-ының семинарға дейін ЛШТТ саласындағы жақсы білімі болды.

Сондай-ақ семинарда ЛШТТ саласындағы сарапшылармен әдістемелерді әзірлеу, сынап, ауыр металдар мен жойылуы қиын органикалық ластауыштардың (бұдан әрі – ЖҚОЛ) эмиссияларын бағалау бойынша әдістемесін ұсынды. Осыған байланысты, сауалнама нысанының үшінші сұрағы қатысушылардың семинарға дейін Қазақстандағы ЖҚОЛ эмиссияларын бағалау туралы өздерінің білімін қалай бағалайтындығына тоқталды. Қатысушылардың 70%-дан астамы семинарға дейін осы саладағы білімінің аз екендігін және бұл тақырыпты түсінбегендігін, ал қалған респонденттер бұл туралы бұрын білетіндіктерін атап өтті. Респонденттердің тек 3%-ы семинар алдында ЖҚОЛ эмиссияларын бағалау мәселесінде жақсы хабардар екендіктерін көрсетті.

Семинардың тиімділігі, іс-шараның өткізілу сапасы, семинар бағдарламасының қатысушылардың үміттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін және дәріскерлердің баяндамаларының қаншалықты ақпараттылығы, қолжетімділігі және мазмұндылығы туралы басқа сұрақтарға жауаптарда барлық қатысушылар оң жауап берді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар үшін семинарларды өткізу тиімділігі Қазақстандағы ЛШТТ туралы хабардарлық деңгейінің төмендігіне қатысты жауаптармен расталған. Нақты олар елдің негізгі ластаушысы болып табылады, сондықтан да ЛШТТ мәселелерге қатысты олардың әлеуетін арттыру өте маңызды.

Павлодарлық студенттер ЛШТТ не екенін және оны қалай пайдалану керектігі туралы білді

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы хаттама ЛШТТ туралы алғашқы заңды міндетті халықаралық құжаттама болып табылады. Оның мақсаты жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуге, жұртшылықтың қоршаған ортаның ластануын алдын алуға және азайтуға еңбек сіңіруге және қатысуына жәрдемдесуге белгіленген.
Кең жұртшылықтың хабардар болуының деңгейін жетілдіру үшін оқыту семинарларын өткізу, брошюралар тарату, әлеуметтік желілеріндегі Қазақстандағы ЛШТТ-ның ресми парақшаларын актуалды ақпаратпен және жаңалықтармен толықтыру сияқты белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұған қоса, Хаттама туралы білімді студенттер арасында тарату өте маңызды, себебі қазірден бастан болашақ мамандардың назарын біздің еліміздің экологиялық проблемаларына аудару, сондай-ақ ЛШТТ мәселелері туралы, нормативтік-құқықтық аспектілерді қоса, олардың потенциалдарын жетілдіру қажет.
Сонымен, ЛШТТ және ластауыш заттардың эмиссиясын бағалау әдістемесін әзірлеу жөніндегі эксперт Анисимова Наталья Михайловна баяндамамен сөз сөйлеген дәрістің тыңдаушыларының бірі Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразиялық Университетінің студенттері болды.
Спикермен Қазақстанда ЛШТТ жүргізудің негізгі мақсаттары және осы құралмен қалай пайдалану қажеттілі және ең бастысы ол қоғамға не бере алады, қандай игілік екендігі белгіленді.
Бұдан басқа, студенттер арасында «ЛШТТ деген не?» және «Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі. Бұл қалай жұмыс істейді?» ақпараттық брошюралар таратылды.
Дәріс соңында студенттер ақпарат өте пайдалы болғандығы және олар міндетті түрде өздерінің білімдерімен таныстарымен және жаңындарымен бөлісетіндігі туралы атап өтті. Бұл ЖОО-да дәрістер өткізудің тиімділігін растайды, себебі бенефициарлардың потенциалды саны тыңдаушылар санынан көбірек өсуде, себебі соңғылары осы білімдерді өздерінің әлеуметтік топтары арасында таратады.

Көмірсутек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру жөніндегі Жол карталарын жүзеге асыру бойынша баспасөз хабарламасы

Дереккөз: energo.gov.kz

2019 жылғы 4 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №469 бұйрығы күшіне енді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру (10 жұмыс күнінен 8 күнге дейін), көмірсутектер саласындағы қызмет түрлеріне лицензия беру (30 жұмыс күнінен 15 күнге дейін) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдері  қысқартылды.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта шикі газды алау етіп жағуға өтініш беру кезінде мәліметтер нысанын толтыру қажеттілігі жоқ.

Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру; теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызметтер оңтайландырылып, «Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» болып бір мемлекеттік қызметке біріктірілді. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі 15 жұмыс күнінен 13 күнге дейін қысқартылды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметі алып тасталынғанын атап өткен жөн.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша оңтайландырылған бизнес-процестерді іске қосу www.egov.kz, www.elicense.kz «Электрондық үкімет» порталында жүзеге асырылған.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика