Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ШҚО-да егістік алқаптары ұлғайып келеді

Дереккөз: www.24.kz

576ee2e65939c1d55a545245910d27da_l

Шығыс Қазақстан облысында егістік алқаптары ұлғайып келеді.

Мәселен, тек қана Аягөз ауданында соңғы жылдары 2 мың гектарға жуық аумақ айналымға қосылған. Қазір мұнда көктемгі егістік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауа райының салқындығына байланысты дәнді дақылдар егу әлі де жалғасуда. Жалпы 25 мың гектар жер игерілген. Соңғы жылдары бұрын пайдаланылмай бос жатқан 10 мың гектарға жуық жер сот шешімімен мемлекет меншігіне өткен. Енді бұл аумақтар да шаруашылығын өрістетемін деушілерге беріледі.

Райхан Шаукенова, Аягөз аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

– Біздің ауданымыздың негізгі бағыты мал шаруашылығы болғандықтан, қазір мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді. Соған байланысты мал азықтары, жемге деген сұраныс көбеюде. Сол себепті дәнді дақылдар, мал азық дақылдарын егуді жылма жыл ұлғайтып жатыр.

Еліміздегі жарамсыз жайылым жерлері қайтадан игеріледі

Дереккөз: www.24.kz

496a5b9a863f2637c3963e1628422159_l

Еліміздегі 180 млн гектарды құрайтын жайылымдық жердің бүгінде 20 миллионы жарамсыз.

Тұз басып, құрғап кеткен. Осындай алқаптарды қайта игеру үшін халықаралық ауылшаруашылығы және азық-түлік ұйымы жаңа жобаны қолға алды. Оған елімізден бөлек Орталық Азиядағы төрт мемлекет пен Түркия қосылды. Олардың аймақтық кеңсесі бүгін Алматыда ашылды. Аталған алты ел ортақ жобаға жалпы сомасы 80 млн доллар қаржы салып отыр. Бес жылға жоспарланған бастама аясында құнарсыз жерлер жаңа технология бойынша зерттеледі. Нәтижесінде жайылым көлемі артып, мал өсіруге кететін қаржы үнемделеді екен. Отандық ғалымдардың айтуынша, еліміздегі құнарсыз жерлерді қайта игеру үшін бірінші кезекте су жүйесін реттеу керек.

Қайрат Нәжімеденов, Халықаралық АШ ұйымының Қазақстандағы өкілдігі басшысы:

– Біз бұл жоба аясында аймақтар мен елдімекендердегі жайылымды қайта қалпына келтіру үшін алдымен пилоттық жұмыстарды қолға аламыз. Өйткені әр аймақтың ауа райы, жасыл желегі әртүрлі. Сонымен қатар өткен ғасырда істен шыққан арықтарды қайта қалпына келтіреміз.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы мамырдың 23-нен 25-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы мамырдың 23-нен 25-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиатский Газопровод» ЖШС; ҮЕҰ «Экосфера» мекемесі; «Kazakhstan Innovations» ҚҚ; «Акшат-Актобе» ЖШС; Троицк ҚАЭС «ОГК-2» ААҚ; «Алматы электр станциясы» АҚ; «Озенмунайгаз» АҚ; «АБК-Автодор НС» ЖШС Павлодар филиалы; «Теміржол жөндеу» ЖШС; «Қызылжар су» ЖШС; ШЖҚ МКК«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»;  «Астана халықаралық аэропорты» АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептерді дайындау және түгендеу;
  • Экологиялық аудит;
  • Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс;
  • Экологиялық реттеу;
  • Мемлекеттік бақылау саласындағы реформалар (профилактикалық бақылауға көшу)

Дәріс оқығандар:

Сергазина Гульмира Халеловна –Тәуелсіз сарапшы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;

Досмакова Бизара ЖакиевнаҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті     директорының м.а;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Турысбекова Эльмира Жумахановна – ҚР ЭМ бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

2018 жылғы мамырдың 23-нен 25-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы мамырдың 23-нен 25-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиатский Газопровод» ЖШС; ҮЕҰ «Экосфера» мекемесі; «Kazakhstan Innovations» ҚҚ; «Акшат-Актобе» ЖШС; Троицк ҚАЭС «ОГК-2» ААҚ; «Алматы электр станциясы» АҚ; «Озенмунайгаз» АҚ; «АБК-Автодор НС» ЖШС Павлодар филиалы; «Теміржол жөндеу» ЖШС; «Қызылжар су» ЖШС; ШЖҚ МКК«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»;  «Астана халықаралық аэропорты» АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептерді дайындау және түгендеу;
  • Экологиялық аудит;
  • Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс;
  • Экологиялық реттеу;
  • Мемлекеттік бақылау саласындағы реформалар (профилактикалық бақылауға көшу)

Дәріс оқығандар:

Сергазина Гульмира Халеловна –Тәуелсіз сарапшы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;

Досмакова Бизара ЖакиевнаҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті     директорының м.а;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Турысбекова Эльмира Жумахановна – ҚР ЭМ бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

event5 event8 event7 event6

Астанадағы «Чемпиондар аллеясында» танымал спортшылар ағаш отырғызды

Дереккөз: www.24.kz

958f079f13269a5aba31809b23ee8273_l

2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жүлдегері Отгонцэгцэг Галбадрах, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында еліміздің байрағын көтеріп шыққан Абзал Әжіғалиевтің енді өз ағаштары пайда болды.

«Мен мұндай қызықты жобаға қатысқаныма қуаныштымын. Өйткені, біз қайырымды іс тындырдық. Кез келген ер адам ағаш егіп, жаңа өмірдің басталуына себепші болуды армандайды. Спортшының мансабы он жылға созылуы мүмкін, ал ағаштар жүздеген жылдар бойы өмір сүреді. Бұл мен үшін үлкен оқиға. Болашақта менің отбасымның мүшелері осы аллеяға келіп, өз әулеттерінің бөлшегі бар екенін сезінсе, бұл – бақыт», – дейді Денис Тен.

Бүгінде Денис елорданың 20 жылдығына арналған «Денис және оның достары»  мұзды шоуына қарқынды дайындық жүргізіп жатыр.

ОҚО-да дуадақтар табиғатқа ұшырылды

Дереккөз: www.24.kz

ebadc2f1a0a683a511c74628db07f874_l

Оңтүстік Қазақстан облысында құс атасының сұлуы саналатын мыңнан аса дуадақ табиғат аясына жіберілді.

Дала төсіне ұшырылған дуадақтың бұл түрі жек деп аталады. Дархан далада еркін қанат қаққан құстардың көбі Біріккен Араб Әмірлігінде өсірілген. Ал кейбіреулері жергілікті тұқымбақта жұмыртқа жарып шыққан. Бұл жұмыстар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігінің бірлесіп дуадақтарды көбейтуге қорғауға бағытталған жобасы аясында жүзеге асып отыр.

Бұл дуадақтың жек атты түрі Орта Азияда көптеп мекендейді. Соңғы уақытта Қазақстанға да жерсініп келеді. Ал Сауд Арабиясының тұқымбағында өсірілген бұл дуадақтар Оңтүстік Қазақстан аумағына жіберілді.

Облыс аумағында ұшырылған құстардың барлығына арнайы белгі тағылып, қондырғылар орнатылған. Осының арқасында табиғат қорықшылары мен ғалымдар ғаламтор арқылы құстың ұшып кететін бағытын және олардың қай жерде көбейетінін зерттейтін болады. Мамандар адам қолында өскен дала құсының оңтүстіктің табиғатына да тез сіңісіп, қысқа дейін жылы жаққа ұшып кететініне сенімді.

Нұрлан Әбдіраманов, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК қорық аумақтарын қорғау қызметінің жетекшісі: 

– Қорықты қорғау қызметінің мамандары аумақты күн сайын бақылауында ұстайды. Құстардың орнын анықтайды. Біздің мақсат – дуадақтарды аулайтын браконерьлермен күресу ғана емес, олардың алдын алу, жолын кесу. Біз, табиғат жанашырлары әуелі осы қағидаға берікпіз.

Қызыл кітапқа енген дуадақтың 10 жыл көлемінде еліміздің барлық аймақтарына, тұқымбақтан еркіндікке 11 мыңнан астамы жіберілген. Оның бірқатары араға жыл салып барып ұшырылған мекеніне қайта оралған. «Табиғатқа жіберілген жас дуадақтардың 70 пайызы аман қалады. Ал тұқымбақта 90 пайызы өсіп жетіледі», – дейді мамандар.

Сәкен Ділдахмет, АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

– Басты мақсатымыз – біздің табиғатымыздағы осы жойылып бара жатқан құстың санын қалпына келтіру. Оны осы табиғатта орнықты сақтап, оны тағы да қорғау жұмыстары бар.

Мұнда дуадаққа бар жағдай бар. 895 гектар жер көлемін алып тұрған құс тұқымбағы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Жек дуадағына жем-су бекітілген тәртіппен беріліп отырады. Балапандар бір жасқа толғанша төрт-бесеуден бірге ұсталады. Одан кейін аналығы мен аталығы бөлек-бөлек бағылады. Аналықтары жылына бір мезгіл 3-4 жұмыртқа салады екен. Жалпы алғанд,а тұқымбақтағы құс басын 15 мыңға жеткізу межеде тұр. Ол үшін жобаның үшінші кезеңі жүзеге асырылуда.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов

Астанада ЖЭК жобалары бойынша бірінші аукцион өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 23 мамырда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) аукциондық сауда-саттық жүйесі іске қосылды. Жалпы қуаты 20 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша бірінші аукцион Солтүстік аймаққа арналды (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары).
Қазақстандық компаниялардан 9 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 2-ден 7 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 40,7 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 теңгеден 18 теңгеге дейін болды. Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.
Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:
6. «Зенченко и К» СС 2 МВт-қа 18 теңге бағамен
7. «Вичи» ЖШС 7 МВт-қа 18,01 теңге бағамен
8. «Ventum Energy» 4,95 МВт-қа 18,99 теңге бағамен
9. «EastWindEnergy» ЖШС 4,95 МВт-қа 19,99 теңге бағамен
10. «Иван Зенченко» ЖШС 2 МВт-қа 22,53 теңге бағамен

Келесі аукцион 2018 жылғы 24 мамырда өтеді.

Қазақстанда биогазды қолдану мүмкіндігі талқыланды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Астанада Ғаламдық метан  бастамасының қолдауымен 2018 жылдың   16 мамырында семинар өткізілді. Семинарда Қазақстанда энергияны өндіру үшін биогазды қолдану мүмкіндігі талқыланды.

Бұл іс-шараны, «Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы», «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға 35 адам қатысты, оның ішінде Ғаламдық Метан Бастамасы (GMI), мемлекеттік органдар, қаржы институттары, бизнес қауымдастықтар, кәсіпорындар.

Қатысушыларды ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Соспанова А.С., Ғаламдық метан бастамасының (GMI) атқарушы директоры Моника Шимамура, Тұрғын үй құрылысын дамытудың Қазақстандық ғылыми-техникалық орталығының бас директоры Махамбет А.Қ., Еуропа қайта құру және даму банкінің жетекші банкирі Файзиев Б., «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығының атқарушы директоры Мустафина В.В қарсы алды.

  • Семинардың бірінші сессиясы Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көзі ретінде биогазды пайдалану жағдайына арналды. Сессияда Қазақстандағы метан эмиссиясын түгендеу нәтижелері, биогаз қондырғыларына шолу және Орталық Азия елдеріндегі «Water-Waste-Energy» бастамасы бойынша салалық сарапшылардың сөз сөйлеуі атап өтілді.
  • Екінші сессия тақырыбы Қазақстанда биогаздық қондырғыларды пайдаланудың мүмкіндіктері мен келешегіне, сондай-ақ халықаралық ұйымдар жүзеге асыратын жобаларға арналды.
  • Семинардың үшінші отырысына Қазақстанда биогаздық қондырғылар құрылысын жоспарлап отырған кәсіпорындар қатысты. Олар әрі қарай  жүзеге асыру жоспарлары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ шетелдік компаниялар қалдықтардан биогаз алу үшін ең жақсы технологияларды ұсынды.

Семинар соңында Қазақстанда биогазды қолдану жайында үлкен пікірталас өткізілді. Биогаз үшін аукциондар өткізу, бекітілген тарифтерді белгілеу, салаға инвестиция тарту, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру сияқты маңызды мәселелер қаралды.

Семинар мен талқылаулардың қорытындысы бойынша қатысушылар семинар-кеңестің шешімінде көрсетілетін ұсыныстар мен ұсынымдарды ұсынды. Бұл қаулы  Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне, Ғаламдық метан бастамасына және басқа мүдделі ұйымдарға жіберіледі.

20180516_100647

Астана экономикалық форумы қорытындыланды

Дереккөз: www.24.kz

8b47474089308f4f04295d68ee2f7640_l

Бүгін ХІ Астана экономикалық форумының қорытынды сессиясы өтті. Келелі кеңеске келген қонақтар дөңгелек үстел форматында қазақ үкіметімен ой-талқылар өткізді. Басқосуда елімізді дамыту мәселесі талқыланды. Сарапшылар Қазақстанды өркендетудің алты бағыты бойынша пікір алмасты.

Астана экономикалық форумының қорытынды сессиясы. Қазақстанды дамытудың алты бағыты талқыланды. Бірінші бағдары – «институттар мен экономикалық саясат». Сан тараптан келген сарапшылар технологиялық жаңғыру мен Қазақстан үшін жаңа нарықтар, макроэкономикалық тұрақтылық, жаһандық экономикалық қауіп-қатерлер жағдайындағы құрылымдық реформалар, теңсіздік деңгейін азайту амалдары мен инвестицияларды ынталандыру сұрақтарын қаузады.

Екінші бағыт – адами капиталды дамыту. Майталман мамандар «ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесі қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап іздеді. Web 2.0 сияқты жаңа технологиялар мен оқыту процесіне ғаламтор ғаламаттарын енгізу секілді мәселелер көтерілді. Креативті индустрияны дамыту және шығармашылық белсенділікті ынталандыру, елге адами капиталды тарту әдістері жөніндегі қатысушылардың ұсыныстары да қаралды.

Енді бір бағдар – «цифрландыру мен ақпараттық технологиялар». Сарабдал сарапшылар сандық мемлекеттік басқару мәселесін егжей-тегжейлі талқылады. Компаниялар мен бизнесті цифрландыру, ІТ жобаларды әзірлеу кластерін дамыту және алдыңғы қатарлы технологиялар трансферін ынталандыру бойынша нақты шешімдер ұсынылды.

«Жаңа ақша және қаржы секторы» бағыты бойынша қатысушылар бәсекеге қабілетті қаржы орталығын қалай құру керегін жан-жақты қарастырды. Блокчейн бойынша қандай жобаларды жүзеге асырып, болашақ ақша технологиясын пайдаланудың арқасында қандай пайда көруге болатыны да күн тәртібіне енді.

Ал «Таза энергия және жасыл технологиялар» сессиясының бағдарламасы қызу пікірталас тудырды. Бүгінде экономика секторларын табиғи байлықты сақтай әрі баламалы энергияны пайдалана отырып жетілдіру керек? Форумға қатысқан сарапшылардың пікірі осындай. Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытуда институционалды, қаржы және технологиялық кедергілер бары да әңгіме өзегіне айналды. Осы орайда бизнесті қалай ынталандырып, энергиялық тиімділігі жоғары инновацияларға қалай инвестиция салу керек деген сауалдар қойылды.

2050 жылға қарай Қазақстанның қалалары қалай өзгереді? Және ХХІ ғасырдың үздік шаһарлары қандай болмақ? Бұл сұрақтың жауабын мамандар «Қалаларды дамыту» сессиясында іздеді. Осы ретте олар мегаполистерге арналған мегажобалар, олардың көлік жүйесін дамыту, экология, өмір сүру сапасының деңгейін арттыру сынды мәселелерді талқыға салды. Халықаралық сарапшылардың ұсыныстары еліміздің дамуына үлкен септігін тигізбек. Авторлары: Ж.Біркенов

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика