Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Сыр өңірінде 42 заңсыз балық аулау дерегі тіркелді

Дереккөз: www.24.kz

4dcdf29bb67bb090ef7e841c8d0fcb12_l

Сыр өңірінде сәуірден бастап маусым айының алғашқы 10 күндігіне дейін балықтың уылдырық шашатын мезгілі.

Сондықтан бұл кезеңде су айдындары ерекше қорғауға алынатыны анық. Алайда қоршаған ортаның саулығын емес, жеке бастың қамын ойлайтындар заңды белшеден басып жүр. Мамандар осы уақыт аралығында 42 заңсыз балық аулау дерегін тіркеп отыр. Браконьерлермен күрес қалай жүруде?

Қаскөйлерден айла артылған ба, түн жамылып Арал теңізінің солтүстік бөлігінен су маржандарын сүзіп жүр. Уылдырық шашатын кезеңде балық ауламақ тұрмақ, су көліктерінің қозғалысына да тыйым салынатыны белгілі. Дегенмен қанжығасын майлау үшін олар беймезгіл уақытты таңдайды екен.

Су маржанының табиғи көбеюіне барынша жағдай жасау үшін Арал инспекциясының мамандары тәулік бойы теңіздің басынан табылады. Тыйым салған уақытта рұқсат етілмеген аумақтан ұсталғандарға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал табиғатқа келтірген зияны бөлек есептеледі. Бірақ ескертуді елеп жатқандар аз.

Браконьер:

– Ескертіп жатыр. Өзіміз үйге бірдеңе аламыз ба деген ой ғой. Екі аумен шыққанбыз. Екі ғана ауымыз бар, басқа жоқ. Көп балық жоқ, дауылдан көз ашпайсың. Бұйырғанын аласың да қайтасың. Осы оңай жолы жұмыстың.

Оңай пайданы ойлағандар алыстан келмейді екен. Барлығы дерлік теңізге жақын елді мекендердің тұрғындары.

Теңіздегі тіршілік түнде қызады екен. Табиғат қорғаушылар айналдырған екі сағаттың ішінде 10 заңсыз балық аулаушыны қолға түсірді. Олардың барлығы да олжасыз емес. Қазірдің өзінде 100 келіден астам балық тәркіленіп алынды.

Құрыққа ілінбей құтылып кеткендері де бар. Браконьерлер тізгіндеген қайықтардың жылдамдығы 100 аттың күшінен де асып түсіп жатады. Жүрісінен тұрысы көп ескі техникалар балық қорғаушыларды тығырыққа тіреп тұр. Қанша жамап-жасқағанымен, бірер күннен кейін қайта істен шығады.

Есенбай Есіркепов, облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы:

– Ойымыз техниканы көбейтсе дейміз. Оның үстіне біздің теңізге лайықты қайықтар болса. Мына мініп тұрған өзен кемесі ашық теңізде жүруге келмейді. Спорттық қайығымыз да келе бермейді. Сондықтан браконьерлерден қалып барамыз.

Арал инспекциясы өткен жылы балық аулау қағидасын бұзған 384 деректі тіркесе, биылғы 5 айда бұл көрсеткіш 178-ге жеткен. «Заңсыз балық аулаушыларды анықтап, алдын алу шараларының күшеюі нәтижелі жұмысқа арқау болып отыр», – дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Елордада жаңғыртылған энергия көздері жөнінде саммит өтеді

Дереккөз: www.24.kz

4586a8cb083363e2f30a8614f8641762_l
Елімізде 2030 жылға қарай баламалы және жаңартылатын энергия үлесін 30 пайызға дейін жеткізу көзделген. Мұндай энергияға деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Бұл тақырып бүгін Астанада өтетін саммитте кеңінен талқыланбақ. Шараға Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев қатысады. Германия, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты бірқатар мемлекеттен келген мамандардың бас қосуында саланың дамуы мен тиімділігі кеңінен баяндалады.

2018 жылдың 6 маусымда жалпы қуаты 20 МВт күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша аукцион Оңтүстік аймаққа арналды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

9 қазақстандық және Ресей, Қытай, Болгария өкілдерін қоса алғанда шетелдік компаниялардан 12 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 3-тен 10 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 92,9 МВт құрады.  Аукциондағы бастапқы баға – 34,61 теңге/кВт*cағ.  3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 28,00 теңге/кВт*cағ. 34,56 теңге/кВт*cағ. дейін болды.

Қатысушылар саны 3-тен кем емес және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:

1. URBASOLAR SAS 5 МВт-қа 28,00 теңге/кВт*cағ. бағамен;

2. «ТехноБазальт» ЖШС 3 МВт-қа 28,99 теңге/кВт*cағ. бағамен;

3. «Hydroenergy company» АҚ 10 МВт-қа 29,00 теңге/кВт*cағ. бағамен.

Келесі аукцион 2018 жылдың 7 маусымда өтеді.

Анықтама ретiнде:

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 мен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

ҚР Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.

ҚР Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:

– күн электр станциялары – 290 МВт;

– жел электрстанциялары – 620 МВт;

– гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

– биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.

Астанада Оңтүстік аймаққа арналған жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша аукцион өттіАстанада Оңтүстік аймаққа арналған жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша аукцион өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 5 маусымда Оңтүстік аймаққа арналған жалпы қуаты 10 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша сегізінші аукцион өтті.
3 компаниядан 3 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 4,95-тен 10 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 19,95 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 22,68 теңге/ кВт*сағ. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 тг/ кВт*сағ.-нан 22,65 тг/ кВт*сағ. дейін болды.
Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.
Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:
1. «Alcor Energy» ЖШС 4,95 МВт-қа 22,65 тг/ кВт*сағ. бағамен
2. «Восток Ветер» ЖШС 10 МВт-қа 22,66 тг/ кВт*сағ. бағамен

Келесі аукцион 2018 жылғы 6 маусымда өтеді.

Анықтама ретiнде:
Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2018 ж. №466 бұйрығы) ҚР Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттық графигін қалыптастырды.
ҚР Энергетика Министрлігі бекіткен аукциондық сауда-саттық графигіне сәйкес, ағымдағы жылы белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда, электр станцияларының түрлері бойынша:
• күн электр станциялары – 290 МВт;
• жел электр станциялары – 620 МВт;
• су электр станциялары – 75 МВт;
• биоэлектр станциялары – 15 МВт.
«КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы болып анықталды.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

2020 жылы жаңартылған энергия көзінің үлесі үш пайызға артады

Дереккөз: www.24.kz

08ae03dc25ca7521fee9b881921424a0_l

Елімізде 2020 жылы жаңартылған энергия көзінің жалпы үлесін 3 пайызға, 2030 жылға қарай 10 пайызға арттыру көзделген.

Былтыр 1,1 млрд киловатт сағат электр энергиясы өндірілді. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырған 180 млн киловатт сағатқа артық. Ал биыл қуаттылығы шамамен 138 мегаватт жаңартылған энергия көзін қосу жоспарда бар.

Айта кетейік, еліміз – әлемде жасыл экономикаға көшу жөніндегі құжатты мемлекеттік деңгейде қабылдаған алғашқы елдердің бірі. Оны дамыту мақсатында аукцион тәсілі қолданыла бастады. Ол саланың ілгерілеуіне оң септігігін тизізбек. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру барысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экономика министрінің орынбасары:  

– Бұл жүйе жаңартылатын энергия көздерінің ең тиімді жобаларын дамытуға серпін беретіні сөзсіз. Осыған сәйкес 23 мамырда алғашқы аукциондық сессия басталғанын білесіздер. Жалпы, биыл ауционға қуаттылығы 1 гигаватт жаңартылатын энергия көздері қойылады. Аукционда жел энергиясына бастапқы баға 22 теңге 68 тиыннан 17 теңге, 49 теңгеге төмендегенін айта кету керек.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы мамырдың 29-нан 31-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Шымкент қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиялық Газқұбыры» ЖШС , «КАТКО» БК»  ЖШС, «Қазықұрт-Оңтүстік» ЖШС, «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл-Жылу» МКК, «Қобланды» ЖШС, «Эмбаведьойл» ЖШС.

«Эмбамунай» ЖШС, «Бұрғышы-Сервис» ЖШС, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Тараз су» ШЖҚ МКК», «Талас ауданы әкімдігінің «Игілік» көпсалалы кәсіпорны» ШЖҚ КМК, «ОРТАЛЫҚ» Өндіруші кәсіпорны» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Парниктік газдар шығарындылары мен шығарындыларын жою саласындағы мемлекеттік реттеу (ҚР Экологиялық кодексі);
  • ҚОӘБ ерекшеліктері. Жобада ӨЭБ, ҚББ, ҚОҚЖ болуы. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі.

Дәріс оқығандар:

Сергазина Гульмира Халеловна –Тәуелсіз сарапшы;

Ингербаева Жанат Умбетовна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

2018 жылғы мамырдың 29-нан 31-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы мамырдың 29-нан 31-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Шымкент қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиялық Газқұбыры» ЖШС , «КАТКО» БК»  ЖШС, «Қазықұрт-Оңтүстік» ЖШС, «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл-Жылу» МКК, «Қобланды» ЖШС, «Эмбаведьойл» ЖШС.

«Эмбамунай» ЖШС, «Бұрғышы-Сервис» ЖШС, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Тараз су» ШЖҚ МКК», «Талас ауданы әкімдігінің «Игілік» көпсалалы кәсіпорны» ШЖҚ КМК, «ОРТАЛЫҚ» Өндіруші кәсіпорны» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Парниктік газдар шығарындылары мен шығарындыларын жою саласындағы мемлекеттік реттеу (ҚР Экологиялық кодексі);
  • ҚОӘБ ерекшеліктері. Жобада ӨЭБ, ҚББ, ҚОҚЖ болуы. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі.

Дәріс оқығандар:

Сергазина Гульмира Халеловна –Тәуелсіз сарапшы;

Ингербаева Жанат Умбетовна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_8236 img_8234 img_8225 img_8216

«Төмен көміртекті даму бойынша халықаралық бастама тұрғысында парниктік газдар шығарындыларының сауда жүйесі» CARBON-KZ IV Халықаралық форумының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 1 маусымда Астана қаласында төртінші жыл сайынғы Carbon-KZ Халықаралық форумы өтті.
Форум ұйымдастырушылары: ҚР Энергетика министрлігі, «Жасыл Даму» АҚ және Еуропалық энергетикалық биржаның (EEX) қолдауымен «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ, «Каспий» Тауар биржасы» АҚ.
Форум жұмысына бейінді министрлік өкілдері, «Жасыл Даму» АҚ, халықаралық спикерлер, табиғат пайдаланушылар, брокерлер, қаржы институттары, сондай-ақ Еуропалық одақ сауда биржаларының  өкілдері қатысты.
Форум қатысушылары парниктік газдар шығарындыларын реттеуге, Қазақстан Республикасындағы заңнаманы өзгертуге, көміртегі бірліктерінің биржалық нарықтағы жағдайына және олардың сауда перспективаларына, биржалық сауда-саттықтағы нарық қатысушыларының рөліне, операциялық және қаржылық тәуекелдерді басқаруға, клирингке қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

photo-2018-06-01-15-15-40

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика