Дереккөз: www.inform.kz
«Мұндай шара мамыр айында облыс аумағында «Таза су айдындары» атты табиғатты қорғау акциясы аясында өткізілді. Су айдындарын тұрмыстық қалдықтардан тазалау – басты мақсатымыз. Таза су – денсаулық кепілі, тіршілік көзі, облыс көлеміндегі су айдындары таза болса, денсаулығымыз да жақсы болады. Балық пен басқа да су жануарларының қоры көбейеді», – деді Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов.
Бұл шараға ауыл тұрғындары, студенттер, оқушылар қатысты. Нәтижесінде 48,5 тоннаға жуық әр түрлі тұрмыстық қоқыстар мен 1011 ау-құралдардың қалдықтары жиналып, тиісті орындарға шығарылды.
Дереккөз: www.inform.kz
Елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды екіге бөліп жинауды ұйымдастыру жобасы іске асырыла бастайды. Жобаны елорда әкімдігі мен «Оператор РОП» ЖШС бірлесіп әзірледі. Бірінші кезеңде әзірлеушілер тұрғындарға қоқысты бөліп жинаудың ережелері мен басымдықтарын түсіндіретін болады.
Ал шілдеде алаңдарда сары түсті 6276 контейнерді орнату жұмыстары басталмақ. Бұл контейнерлер металл, пластик, қағаз, шыны сияқты құрғақ қалдықтарға арналған.
Жасыл түсті мырышталған контейнерлерге азық-түлік қалдықтарын, өңделмейтін органикалық қоқысты тастау керек.
Қалдықтарды бөліп жинаудың қаншалықты пайдалы екендігін АҚШ-та, Түркияда, Қытайда, Швейцарияда, Испанияда, Бельгияда, басқа да елдерде тұратын отандастарымыз айтып отыр.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылдың 19 маусымында Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.
Өзінің баяндамасында ведомство басшысы энергетика саласында атқарылған жұмыстар, жетістіктер және болашақ жоспарлар, сонымен қатар өткен жылда іске асырылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті.
Министрліктің қызметі үш стратегиялық бағытқа негізделген: мұнай-газ және мұнай-газ химия салалары; электр энергетика, көмір және атом энергиясын пайдалану салаларын дамыту; қоршаған ортаны қорғауды жақсарту.
Мұнай-газ химия саласы бойынша:
Мұнай-газ саласының барлық секторларындағы көрсеткіштер 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсімді көрсетеді.
Жоспарланған мұнай өндірудегі өсім 1% болды, ал іс жүзінде бұл өсім 6,4% көрсетті. Мұнай өндіру көлемі 6,3 млн.тоннаны құрады, өсім 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% құрады. Жоспарланған мұнай экспорты 1,4%,өсім 5,7% құрады. Жоспарланған газ өндіру көлемі 0,8%, өсім 6,4% құрады.Жоспарланған сұйытылған және тауарлық газды өндірудегі өсім 3,4% және 1%, өсім 4,7% және 7,6% құрады.
Мұнай өндіру көлемі өсетін болады және 2025 жылға қарай 104 млн. тоннаға дейін жетеді.
Бұл үшін барлық үш ірі жобада (Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған) өндірісті әріқарай кеңейту және ұзарту жобалары іске асырылып жатыр.
Қашағанда, 2024 жылға қарай бұдан әрі кеңейту жобасы бойынша өндіріс көлемін жылына 13 млн. тоннадан 16 млн-ға жеткізу күтілуде. Жобаны іске асыру кезеңінен бастап (1998 ж.), Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына құйылған инвестиция көлемі 570 млн. АҚШ долларын құрады. Жалпы, әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуға жыл сайын 50 млн. АҚШ доллары бөлінуде.
Қарашығанақтағы болашақ игеру жоспарына сәйкес ағымдағы өндіру көлемін сақтап қалу бойынша жобаларды іске асыру көзделген, олар – газ қуаттарын жаңғырту, 4-ші компрессорды және 5-ші ішкі кәсіпшілік құбырын салу. Іске асыру мерзімі 2020 жыл, инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ доллары. Қарашығанақты игеру жылдарында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына шамамен 342 млн. АҚШ доллар бөлінді.
Жалпы, өңірдің әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына жыл сайын 20 млн. АҚШ доллары бөлінуде.
Бүгінгі таңда Болашақ кеңейту жобасы шеңберінде Теңізде 30 мыңнан астам қазақстандықтар жұмыс істейді. Жоба бойынша инвестициялар көлемі 38 миллиард АҚШ долларын құрады, 2 жыл ішіндегі нақты игеру – 11 млрд. доллардан астам, ал 2018 жылғы жоспар 7 миллиард доллардан асады. 2022 жылдан кейін Теңіздегі мұнай өндіру көлемі 26-дан 39 миллионға дейін артатын болады.
1993 жылдан бастап Теңізшевройлмен Атырау облысының тұрғындары үшін әлеуметтік жобаларға 1,5 млрд. АҚШ доллары берілді.
Жалпы, Атырау облысының әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына жыл сайын шамамен 25 млн. АҚШ доллары бөлінуде.
Жер қойнауы туралы кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру айтарлықтай жеңілдетілді, мерзімдер қысқартылды (келісімшарт 40 жұмыс күніне дейін), әкімшілік кедергілер төмендетілді (құқықтық, экономикалық сараптамалар, келісімшартқа қол қою үшін жобалық құжат қысқартылды).
Осы жылы жер қойнауын пайдалану құқығына конкурстар жалғастырылатын болады, бірінші 5 өңірде (Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында) 11 жер қойнауы учаскелері ұсынылды. Конкурстың нәтижелері бойынша келісімшарттарға Жаңа кодекстің нормалары бойынша қол қойылады.
2018 жылы Шымкент зауытындағы жаңғырту жұмыстары аяқталады. 2018 жылы мұнай өңдеудің жалпы көлемі 1 млн. тоннаға өсіп, 16 млн. тоннаны құрайды.
2018 жылдың басынан бастап, Кеден одағының Техникалық регламенті күшіне енді. 2018 жылдың шілдесінен бастап, мотор отындарының сапасы K-4 және 5 экологиялық класстарына сәйкес келуі тиіс.
Ағымдағы жылы үш мұнай өңдеу зауытына енгізілетін, жөндеуді басқаруды автоматтандыру жүйесі (ТОРО) МӨЗ-дерді жөндеудің жылдық кезеңін 45-тен 20 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 45 күнге тоқтату жұмыстары үш жылда бір рет жүзеге асырылатын болады.
Әр мұнай өңдеу зауытындағы мұнай өңдеу көлемі орта есеппен жылына 300 мың тоннаға артады деп күтілуде.
5 айда нарықтың отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етлуі: бензин бойынша – 84,8%, дизельдік отын – 95%, әуе керосині– шамамен 36%-ға жетті.
Тапшылықты болдырмау мақсатында Энергетика министрлігімен тәулік бойы мұнай базаларындағы өнімдер көлемі және ЖЖМ импорты бақыланып отырады.
Жанар-жағар май бағасына келетін болсақ, Global Petroleum Prices халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша Қазақстан 167 елдің ішінде бензин бағасы бойынша 12-ші орынды, ал дизель отын бойынша – 15-ші орынды иеленеді (11.06.18ж сәйкес ақпарат).
Қымбат бензин Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ, Ресей, Әзірбайжан сияқты елдерде. Арзан бензин 11 елде (Венесуэла, Иран, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Түркменстан) және арзан дизельдік отын 14 елде (Венесуэла, Иран, Кувейт, Түркіменстан). Рейтинг ай сайын жасалады.
Жаңа МӨЗ салу: Алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Жылдың екінші жартысында зауыттың орналасатын жері, оның параметрлері және қаржыландыру механизмі анықталады.
Елді газдандыру деңгейі шамамен 47,4% құрайды. 1300-ден астам елді мекен газға қол жеткізді. Республикалық бюджеттен газдандыруға жыл сайын шамамен 13 млрд. теңге бөлінуде.
Мемлекет басшысының 5-ші әлеуметтік бастамасының арқасында Астана, Қарағанды және Ақмола облыстарын газдандыру мәселесі шешілуде. «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының салтанатты ашылуын шілде айының басында өткізу жоспарланып отыр.
«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша бірінші кезең 2019 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады. Бірінші кезеңнің болжамды құны 267 млрд. теңгеден асады.
1 – кезеңде газ құбыры бойынша 171 елді мекенге тартылады, 2,7 миллион адам газбен қамтамасыз етіледі.
Елорда тұрғындары үшін, ең алдымен, газды «Коктал-1,2», «Железнодорожный», «Юго-Восток» оң және сол жақ аудандарына, сонымен қатар ЖЭЦ-1,2,3.
Жылдан жылға битум өндірісінің көлемі артып, ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етуде. 2017 жылы 731 мың тонна битум өндірілді, бұл 2016 жылмен (480 мың. тонн) салыстырғанда екі есе көп. 2018 жылға 750 мың тонна битум шығару жоспарлануда.
500 мың тонна полипропилен және 1,250 мың тонна полиэтилен өндіретін ірі мұнай-газ химиялық жобаларын жүзеге асыру жалғастырылуда.
Полипропилен жобасының құрылыс кезеңі іске асырылуда (аяқталу мерзімі – 2021 жыл).
Полипропилен жобасының құрылыс кезеңі іске асырылуда (аяқталу мерзімі – 2021 жыл).
Полиэтилен жобасы бойынша стратегиялық әріптесі – Borealis австриялық компаниясымен техникалық экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары жүргізілуде (аяқталу мерзімі – 2018 жылдың соңы). Екі жоба бойынша инвестициялар көлемі 9 млрд. АҚШ долларынан астамды құрайды.
Құрылыс кезеңінде шамамен 10 мың жұмыс орны және пайдалануға беру кезеңінде 1000-нан астам жұмыс орны пайда болады. Екі жобадан ЖІӨ-ге (жалпы ішкі өнім) үлесі алдын ала 1,5% бағаланды.
Қоршаған ортаны қорғау:
Қазіргі уақытта инвестициялар тарту және технологияларды енгізу бөлігінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға заңнамалық деңгейде қолайлы жағдайлар жасалды.
Еуропа қайта құру және даму банкімен Қазақстандағы ЖЭК жобаларына инвестициялау үшін тағы 480 млн. еуро тарту арқылы банк тарапынан 200 млн. еуро бөлу туралы келісімдерге қол жеткізілді.
«Жасыл» климаттық қор ЖЭК жобаларын іске асыру үшін Қазақстанға 110 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржыландыруды мақұлдады.
Қазіргі уақытта республикада ЖЭК бойынша жалпы қуаты 352 МВт болатын 58 объекті бар. Осы жылы жалпы қуаты 138 МВт болатын 10 ЖЭК объектісін енгізу жоспарланып отыр.
Мамыр айының соңында – маусым айының басында жалпы қуаты 245 МВт көлеміндегі ЖЭК жобалары үшін бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Жалпы аукциондарда Ресей, Франция, Болгария, Түркия, Қытай және Қазақстан сияқты әлемнің 6 елінен 53 компания қатысты. Қатысушылар жалпы қуаты 960 МВт-қа өтінімдер ұсынылды. Бұл сұраныстан 4 есеге артық.
Нәтижесінде электр энергиясына тариф жел станцияларында 20%-ға, кіші су электр станцияларында – 23%-ға, күн энергиясына 25,5%-ға төмендеді. Қазірдің өзінде 19 компания жалпы қуаты 194 МВт-қа ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен 15 жылға келісімшартқа қол қою мүмкіндігіне ие.
Ағымдағы жылдың қазан айында күзгі аукциондық сауда-саттық өткізу жоспарлануда. Ол жерде сатып алынатын белгіленген қуат көлемі 755 МВт мөлшерінде анықталған.
2017 жылы экологиялық реттеуге қатысты бизнеске ауыртпалықты төмендету бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді.
Кәсіпкерлік кодексте тексерулердің санын шамамен екі есеге қысқартуға мүмкіндік берген тәуекелдер деңгейін бағалау жүйесі енгізілді: 2016 жылғы 3177 тексеруден 2017 жылы 1753 тексеруге дейін қысқартылды.
Жасыл технологияларды пайдалануда бизнесті ынталандыру мәселесіне ерекше мән беріледі.
«ЭКСПО-2017» өткізілгеннен соң 105 шетелдік және 28 отандық технология іріктелді, оның ішінде әкімдіктер мен ұлттық компаниялар іске асыру үшін 98 технологияны таңдап алды. Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстары әкімдіктерімен 9 технология енгізілді.
2018 жылдың соңына дейін ЭКСПО көрмесінің тағы 9 технологиясын енгізу жоспарлануда.
Қалдықтарды басқару саласында келесі жетістіктерге қол жеткізілді. 2015 жылдан бастап өңделген және кәдеге жаратылған өндіріс қалдықтарының үлесі 1,3 есеге өсті, тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) – 5 есеге өсті. Қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметпен еліміздің 69% тұрғыны қамтамасыз етілген. Экологиялық және санитарлық талаптарға сай келетін полигондардың үлесі 16% құрайды.
Әкімдіктер бизнесті кеңінен тарта отырып ТҚҚ заманауи кәдеге жарату және өңдеу бойынша шаралар кешенін әзірлеуде. Қазіргі таңда түрлі кезеңдерде бөлек жинау – 40, ал сұрыптау – 19 елді мекенде жүзеге асырылады. ТҚҚ бөлек жинау, сұрыптау және өңдеу бойынша 130-дан астам кәсіпорын жұмыс жасайды, олар қайталама шикізаттан өнімнің 20-дан астам түрін шығарады.
МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) шеңберінде Алматының Алатау ауданында қуаты тәулігіне 1500 тоннаға дейін қоқыс сұрыптау кешенін салу қарастырылады. Аяқталу мерзімі – шамамен 2018 жылдың екінші жарты жылдығы.
Оралда ICM Recyclingфин компаниясы осы жылдан бастап қоқыс сұрыптау кешенін салу бойынша жобаны іске асыруды бастады. Қазіргі уақытта коммуникациялар жүргізу бойынша жұмыстар жүруде.
Қарағандыда SETCleanTech фин компаниясы «Қарағанды қаласының «Горкомтранс» ЖШС-мен бірлесіп газ синтезін ала отырып қалдықтарды өңдеу бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Енгізілген ӨКМ механизмі қалдықтарды басқаруға айтарлықтай үлес қосты. ӨКМ-ді іске асыру кезеңінде (2016-2017 жж.) 136 мың тонна қалдық жиналды және өңделді. Өңдеушілердің төлем көлемі 5 миллиард теңгеден асты.
Құрамында сынап бар шамдарды және батареяларды жинауға шамамен 1 млрд. теңге сомасына 2 мыңнан астам контейнер шығарылып, әкімдіктерге берілді. Жеке және заңды тұлғалардан 5,6 млрд. теңге сомасына шамамен 40 мың автомобиль кәдеге жаратуға сатылып алынды.
2018 жылы қаптама және электр жабдықтар қалдықтарын жинауға, тасымалдауға және өңдеуге 3 млрд.теңгеден астам бөлінді. Ағымдағы жылы 7 елді мекенде сұрыптау желілерін, Шымкент, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ Алматы облысы және СҚО-ның Қызылжар ауданында қалдықты өңдеу бойынша 5 объектіні іске қосу жоспарлануда.
Тарихи ластануды жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда 15 тарихи қалдықтар объектісі республикалық меншікте. Олардың 3-і жойылған, атап айтқанда Қарағанды қаласында құрамында сынап бар қалдықтар, Маңғыстау облысында мұнай шламдары, Қостанай облысының Тоғызақ ауылында улы химикаттар.
Жалпы аталған жобаларды іске асырудан республикалық бюджетке 94 млн. теңгеге жуық қаражат түсті.
Осы жылы ҚР Энергетика министрлігі Қарағанды облысындағы Теміртау электрометаллургиялық комбинатының сұйық химиялық қалдықтарын жою, Қостанай және Маңғыстау облыстарында қауіпті иесіз қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін анықтау және құнын бағалау, сондай-ақ Қарағанды облысындағы 137 цезий иондаушы сәулелендіру көзін көмуді жоспарлап отыр.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, Мемлекеттік емес мекеме – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Сыр табиғаты» заңды тұлғалар ассоциациясы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «ЛАБОРАТОРИЯ-АТМОСФЕРА» ЖШС, «Чабан В.В.» ЖК, «Еңбек» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы маусымның 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық аудит» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, Мемлекеттік емес мекеме – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Сыр табиғаты» заңды тұлғалар ассоциациясы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «ЛАБОРАТОРИЯ-АТМОСФЕРА» ЖШС, «Чабан В.В.» ЖК, «Еңбек» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
«SMART OIL & GAS: Цифрландыру.Технологиялар. Көшбасшылық» Халықаралық саммиті 2018 жылдың 25-26 маусымы аралығында Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтеді.
«SMART OIL & GAS Eurasia: Цифрландыру. Технологиялар. Көшбасшылық» саммитінің басты тақырыбы – мұнай-газ секторын цифрлық түрлендіру. Саммит бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның үздік тәжірибесін және ең соңғы технологияларды қолданудың, басқарудың цифрлық моделіне көшу жағдайында мұнай-газ өнеркәсібі компаниялары үшін тиімді стратегияларды анықтаудың әлемдік кейстері қарастырылады.
Шетелдік және қазақстандық компаниялардың өкілдері ақпараттандыру саласындағы тәжірибелерімен бөліседі:
және басқалар.
«SMART OIL & GAS Eurasia: Цифрландыру. Технологиялар. Көшбасшылық» саммитінің шеңберінде «Теңізшевройл» ЖШС-ның цифрлық кен орнынатехнологиялық туржәне мұнай-газ саласы кәсіпорындарының киберқауіпсіздігі жөніндегі көшбасшыларына арналған бағдарлама өтеді: «Kaspersky industrial cyber-security (KIPS) стратегиялық симуляциясы: «OIL AND GAS» сценарийі». Тренинг шеңберінде мынадай мәселелер қарастырылады:
Тренинг жетекшісі–Евгений Питолин, Орталық Азия мен Моңғолиядағы Касперский Зертханасының басқарушы директоры
Саммиттің әріптестері ABB және Касперский зертханасы сияқты цифрлық мұнай-газ және киберқауіпсіздік мәселелеріндегі шешімдер саласындағы ірі әлемдік көшбасшылар болып табылады.
Саммиттің ұйымдастырушысы – Redenex – энергиялық тиімді және цифрлық технологиялар, заттар интернеті, үлкен деректер, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық зерттеу компаниясы.
Қосымша мәліметтер мен тіркелу:
http://smartoilandgas.kz/
Қосымша ақпарат алу үшін Саммиттің ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз:
Тел.: +7 (495) 780 7198 (Мәскеу)
Тел.: +7 (7172) 696229 (Астана)
E–mail: info@redenex.com
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылдың 19 маусымында сағат 15-00-де Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 – «Қазмедиа орталығы» ғимаратының Киноконцерттік залында өтеді. Кездесу «Хабар 24» телеарнасында тікелей режим арқылы және «Bnews.kz» ақпараттық порталында онлайн-трансляция режимінде таратылады. Өңірлердегі тұрғындар үшін кездесуге тікелей қосылу арқылы Энергетика министрінің есебін облыстардың және Алматы қаласы әкімдіктерінің ғимаратында тыңдауға болады. Тұрғындар кездесуге қатысу үшін тиісті облыстың және Алматы қаласының әкімдіктеріне жүгіне алады. Отын-энергетикалық кешенді дамыту тұтынушыларды электр энергиясымен, көмірмен қамтамасыз ету, энергиямен жабдықтау сапасын, әрі қарай газдандыру, мұнай өнімдерінің, сұйытылған мұнай газдың нарығын дамыту, экология және қоршаған орта сапасының мәселелерін қамтиды. Кездесу барысында белсенді қатысуға және Энергетика министріне жеке сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндік беріледі. Сұрақ қою және оған жауабын алу үшін онлайн режимде Энергетика министрлігінің ресми сайтында «Энергетика министрінің халыққа есеп беру кездесуі форумы» (http://www.energo.gov.kz) және «электрондық үкіметтің» веб-порталы (http://egov.kz) іске қосылды.
Толық ақпарат алу және ұсыныстарыңызды беру үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз: 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе электрондық мекенжайға: a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz, e.ermekuly@energo.gov.kz .
Дереккөз: www.24.kz
Өскемен су электр бекетінде тұрған «Ледокол» өрт сөндіру кемесі Бұқтырма су қоймасына аттанды.
Ондағы мақсат – жағалаудағы қауіпсіздіктің алдын алу. Аталған су көлігі Ертіс айдынындағы ең ірі апаттық-құтқару кемесіне жатады. Үш сорғыш құрылғыдан тұратын кеменің су сыйымдылығы – 255 тонна. «Ледокол»кемесі жағалауда өрт шыға қалса, 50 метрге дейін өшіруге қауқарлы. Енді бұл өрт сөндіру техникасы шомылу маусымы аяқталғанға дейін жағалауды күзетеді. Бұқтырмаға ең жақын өрт сөндіру бөлімі Серебрянск қаласында орналасқандықтан, құтқарушыларды осы су көлігімен бір жағалаудан екінші жағалауға тасымалдау анағұрлым жылдам.
Михаил Истомин, кеме капитаны:
– Демалыс аймақтарындағы жағаларда жолдың тарлығынан өрт сөндіру көліктері бара алмайды. Оған қоса суы мен жанармайы да таусылып қалуы мүмкін. Сондықтан жағажайда өрт болса, теплоходпен барамыз. Ол автокөлікке жанармай да жеткізе алады.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Ағымдағы жылдың 8 маусымында Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешен және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Комиссияларының отырыстары өткізілді (Электр энергетика және көмір бойынша комиссия, Бюджет және стратегиялық, нормативтік-құқық бағыты бойынша комиссия).
Комиссиялар отырыстарында келесі мәселелер қарастырылды:
Талқылау қорытындылары бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қарастырылған мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсынымдар берілді