Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ОҚО-да су қоймалары қалпына келтіріліп жатыр

Дереккөз: www.24.kz

e6714a591142cefbfc948343ca37b37a_l

Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында 12 су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл қайта жөндеуден өткен 4 су қоймасы іске қосылды. Олардың әрқайсысында 500 мың текше метрден су сақтаулы тұр. Бұл аудандағы суармалы жерлердің көлемін 700 гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұл су қоймасы ширек ғасырдан кейін алғаш рет суға толтырылып отыр. Ұзақ уақыт бойы қараусыз қалғандықтан, табаны қоқыс пен лайға толып қалған.

Жасар Нысанбаев, аудандық су шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры:

– 1985-1986 жылдардан бері қараусыз қалған тоғандар. Осы тоғандарды лай, ұйықтан тазаладық. Кей жерлері 10-15 метрге дейін қоқыс толып қалған. Бәрін желтоқсанға дейін тазалап, су жиналды.

Төлеби ауданында 12 су сақтау қоймасы бар. Биыл соның 2 млн текше метр су сыятын 4-еуі қайта қалпына келтіріліп, қолданысқа берілді. Оған жергілікті бюджеттен 36 млн теңге қаржы жұмсалған.

Бұқарбай Парманов, Төлеби ауданының әкімі:

– 4 су қоймасы бұрын жекешеленіп кеткен. Біз соны мемлекет меншігіне қайтарып алдық. Бүгінде біздің су қоймамызда 2 мың текше метрден аса су сақтаулы тұр. Енді таудан келетін 12 шақырымдық каналдың барлығын жөндеп жатырмыз. Жобалық-сметалық құжаттарына облыстық бюджеттен көмек беріліп жатыр 5 каналға. Жалпы ауданда 74 канал бар. Осылардың барлығын ретке келтірсек, біз 20 мың гектар жерді суландыруға қол жеткізетін боламыз.

Бұрын тек бидай егіп келген жергілікті шаруалар енді қалағанынша көкөніс егіп, табысқа кенелмек. Бастысы, судан тарықпайтын болдық деп алақандарын ысқылап отыр. Мәселен, 30 жылдан бері диқаншылықпен айналысып келе жатқан Қамытбек Үсіпбековтің 8 гектар жері бар. Бұрын су болмағандықтан, тек жоңышқа егіп тастайтын. Енді ол да картоп, қызанақ, қияр егіп, жерлестерін отандық көкөніспен қамтымақ.

Қамытбек Үсіпбеков, шаруа:

– Көкөніс ексек, жастар жұмыспен қамтылар еді. Қызылша, қияр, жүгері ексек, Кәусардың суы дайын. Оның пайдасы жоңышқа, бидайдан 4-5 есе көп.

Алдағы екі жылда тағы да 8 су қоймасы қалпына келтірілмек. Бұл аудандағы суармалы жердің көлемін 2 мың гектарға ұлғайтып, барлық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді сумен қамтуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Ақбөкендер Атырау облысына орала бастады

Дереккөз: www.24.kz

fc02ca3de191ad21cab96d4efdf11032_l

Атырау облысында дала еркесі ақбөкендер орала бастады.

Көп жылдар мүлде көрінбей кеткен киіктердің алғашқы шоғыры өткен жылдың қараша айларында Құрманғазы, Индер және Махамбет аудандарынан байқалыпты. Қазір олар бұрынғы миграциялық өрістеріне оралып, өркен жая бастаған. Атырау облыстық, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен Батыс Қазақстан облысының зоолог ғалымдары бірлесіп, киік санағын жүргізді. Әуеден ұшақпен бақылау барысында Атырау облысында 500-ден астам ақбөкен мекен ететіні анықталды.

Азамат Әбіғалиев, аумақтық инспекцияның аң шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Қазіргі таңда киіктердің төлдеуіне байланысты құзырлы органдармен бірлесіп, рейдтік шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, жергілікті полиция қызметкерлері мен аудандық инспекциялармен Махамбет, Индер, Құрманғазы итнспекцияларымен бірлескен рейдтік шаралар өтіп жатыр. Ондағы мақсат – олардың өсіп-өнуіне және көбеюіне жағдай жасау.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы сәуірдің 25-нен 27-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Атырау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Светланд-Ойл» ЖШС; «Caspian Offshore Construction Realty» ЖШС (Каспиан Оффшор Констракшн Реалти); «Батыс Пауэр» ЖШС; «Полимер Продакшн» ЖШС; Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; «Қазақтың мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС; «Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты

пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; «Азиялық Газқұбыры» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • ҚОӘБ ерекшеліктері. Жобада ӨЭБ, ҚББ, ҚОҚЖ болуы. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Дәріс оқығандар:

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна ҚР ЭМ бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

2018 жылғы сәуірдің 25-нен 27-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

 ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы сәуірдің 25-нен 27-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Атырау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Светланд-Ойл» ЖШС; «Caspian Offshore Construction Realty» ЖШС (Каспиан Оффшор Констракшн Реалти); «Батыс Пауэр» ЖШС; «Полимер Продакшн» ЖШС; Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; «Қазақтың мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС; «Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты

пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; «Азиялық Газқұбыры» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • ҚОӘБ ерекшеліктері. Жобада ӨЭБ, ҚББ, ҚОҚЖ болуы. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Дәріс оқығандар:

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна ҚР ЭМ бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_8111 img_8115 img_8117 img_8118 img_8122

Қазақстанда заманауи стратегиялық экологиялық бағалауды енгізу жөніндегі заңнамалық түзетулердің алғашқы жобасы әзірленді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 26 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіне елімізде стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) заманауи жүйесін құруға бағытталған, халықаралық стандарттарға, атап айтқанда БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының СЭБ жөніндегі Хаттамасына сай заңнамалық түзетулердің алғашқы жобасы таныстырылды.

СЭБ – бұл мемлекеттік жоспарлау кезеңінде қолданылатын және стратегиялық мемлекеттік құжаттарды (мемлекеттік жоспарларды, бағдарламаларды, стратегияларды, тұжырымдамаларды және т.б.) әзірлеу және бекіту барысында экологиялық факторларды ескеруге арналған тиімді құрал. СЭБ қоршаған орта мен адам денсаулығына деген қайтымсыз кері әсердің күні бұрын алдын алуға септігін тигізеді. Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеушілер СЭБ нәтижесі бойынша экономикалық қана емес, сондай-ақ экологиялық аспектілерді ескеретін нақты ұсыныстарға ие болады.

Ұлттық және халықаралық сарапшылар әзірлеген СЭБ жөніндегі экологиялық кодекстің жаңа тарауының алғашқы мәтіні Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, БҰҰ ЕЭК және  ЕҚЫҰ қатысқан сараптау отырысында талқылаудан өтті (2018 жылғы 26 сәуірде).

Пікірталасқа мемлекеттік биліктің салалық органдарының мамандары,  БҰҰ ЕЭК және  ЕҚЫҰ халықаралық кеңесшілері, ұлттық кеңесшілер және жұртшылық қатысты. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер сарапшылардың алдағы жұмысында ескерілетін болады және 2018 жылғы күздегі қарауға, 2019 жылғы бекітуге шығарылатын болады.

Жақында, 2018 жылғы 25 сәуірде жұмыс тобы Қазақстандағы қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) саласындағы нормативтік-құқықтық базаны кешенді түрде реформалау тұжырымдамасына оң баға берді. Аталмыш тұжырымдама халықаралық стандарттар мен Эспо Конвенциясы талаптарына сай келетін жаңа, заманауи ҚОӘБ жүйесін енгізуді көздейді. Осы негізде ол аталған тұжырымдаманы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының қарауы мен келісімдеуіне жолдауды ұсынды.

Еске салсақ, ҚОӘБ пен СЭБ саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бастамасымен өткізіліп отыр және ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ-ның «Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуін қолдау» атты бірлескен жобасының, ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің және Швейцария үкіметінің қолдауымен іске асырылуда.

img_2297 img_2305 photo_2018-04-28_18-17-52 img_2314

2018 жылға арналған ЖЭК аукциондық сауда-саттығы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

АУКЦИОНДЫҚ САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ (docx, 49 Kb)

2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізудің графигі (pdf, 741 Kb)

Қазақстан Республикасында ЖЭК объектілерін іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу жөніндегі хабарландыру

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі барлық мүдделі тараптарды 2018 жылы жаңартылатын энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын генерациялау объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа (бұдан әрі – ЖЭК аукциондық сауда-саттық) қатысуға шақырады.

Осы іс-шараның мақсаты жаңартылатын энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын генерациялау объектілерін салу бойынша инвестициялық жобалардың іріктеуі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі  ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында (http://energo.gov.kz/ pdf, 741 Kb) орналастырылды.

Графикте бекітілген мәлеметтердің негізінде 2018 жылы іріктеуге жоспарланған электр станциялардың түрі бойынша бөлінген жалпы жиынтық қуаты 1000 МВт:

– күн электр станциялар – 290 МВт;

– жел электр станциялар – 620 МВт;

– су электр станциялар – 75 МВт;

– Био ЭС – 15 МВт құрайды.

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға дайындалу мақсатында мүдделі тараптарға белгіленген мерзімдерде ҚР Энергетика министрлігінің (http://energo.gov.kz/), «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп-айырысу орталығы» ЖШС-нің (http://www.rfc.kegoc.kz/) және «КОРЭМ» АҚ-ның (http://www.korem.kz/) ресми сайттарында түсіндіру ақпаратты алуға және түсіндіру семинарларға қатысуға болады.

ЖЭК аукциондық сауда-саттыққа:

  1) ЖЭК сауда-саттықты өткізу жөніндегі «КОРЭМ» АҚ-ның сауда жүйесінде белгіленген мерзімде  тіркелген;

     2)  «КОРЭМ» АҚ-мен шарт жасасқан:

   3) «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп-айырысу орталығы» ЖШС-нің атына аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін қаржылық қамтамасыз ету өтінімді ұсынған өтінім берушілер қатысуға мүмкіндік алады.

Астанада Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 25 сәуірде ҚР Энергетика министрлігінде Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен энергетика саласындағы мұнай-газ кешенін дамыту бөлігіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған кездесуі өтті.

Кездесуге ҮЕҰ, салалық кәсіптік одақтардың, халықаралық ұйымдардың, азаматтық сектордың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және Министрлік қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаев Министрліктің басты бағыттары, қызметінің нәтижесі, іске асырылып жатқан реформалар және мұнай-газ кешенін дамыту міндеттері туралы қысқаша баяндама оқыды.

Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссиясының қызметі туралы басшысы сөз сөйледі.

Ресейдің Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының өкілі мұнай-газ және тау-кен өндіру компанияларының экологиялық жауапкершілік саласындағы ашықтығы рейтингімен таныстырды.

Мұнай-газ кешенінің өзекті мәселелері талқыланды және Энергетика министріне ресурс ұстаушылардың мұнай-газ өнімдерін сатуға электронды сауда алаңдарын енгізу, Астана қаласын газдандыру, мұнай сервисі мәселелері жөнінде сауалдар қойылды.

31301890_827425850798986_6677586526416666624_n 31311368_827425854132319_7562210834315739136_n

ШҚО-да арнайы рейд барысында екі тонна балық тәркіленді

Дереккөз: www.24.kz

1a660e74ce6e680c750f82d4ba41886c_l

Шығыс Қазақстан облысында балық уылдырық шашатын маусымда браконьерлер көбейді.

Қазір облыста сәуірдің 16-сынан мамырдың 31-іне дейін жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Табиғат қорғау саласына жауапты барлық құзырлы орган мамандары жұмылып, аймақтағы өзен-көлдер мен су айдындарына қадағалауды күшейтті.

Шығыстағы өзен-көлдерде мұз енді толық еріп болды. Сәуір мен мамыр айы жаппай балық аулау маусымы іспеттес. Дәл осы уақытта заңсыз ау құрып, қармақ салатындар да көбейеді. Сондықтан ерекше қорғауға алынған аймақтарды қорық мамандары жерден, құзырлы орган қызметкерлері әуеден бақылайды. Арнайы рейд басталған 4 тәулікте қара Ертіс пен Зайсан көлінің бойын шолып шықты. Нәтижесінде 2 тонна балық пен бірнеше шақырамға созылған тор тәркіленді.

Арман Иманов, облыстық ІІД табиғат қорғау полициясы бөлім басшысы:

– Жедел алдын алу шарасы кезінде мобильді топтар құрылды. 4 тәулік ішінде 78 заң бұзушылық тіркелді. Әкімшілік жауапкершілік бойынша 75 хаттама толтырылса, 3 қылмыстық іс қозғалды. Барлығы да заңсыз балық аулауға қатысты.

Тек Зайсан көлінің жағасынан заңсыз балық аулап жүрген 20-дан астам топ әшкере болды. Табиғатты қорғау қызметкерлерінің айтуынша, браконьерлердің көбі жылтыр жіптен жасалған Қытай торын құрады.

Бүгінде қызыл кітапқа енген Сібір бекересі мүлде құрып кеткен. Бұл балықтың түрі Ертіс өзенінің ең төменгі сағасы Ресей жерінде ғана аз қалған. Сол үшін құзырлы орган қызметкерлері арнайы рейд кезінде жан-жақы тексеру жүргізеді.

Талғат Рахымжанов, облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Заңсыз сататын орындар, қабылдайтын және аулау жерлерімен біріккен іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оның бәрі уылдырық шашу мерзімінде тосқауыл қоюға үлкен нәтиже көрсетеді.

Аймақта өзен-көл көп болғанымен, балық шаруашылығы алға баспай отыр. Себебі зауыттардың мол көлемде өңдейін десе балық қоры жоқ. Сондықтан биыл тек Зайсан көліндегі 9 аумаққа сазан, тұқы және Сібір амуры сияқты балықтардың шабағы жіберілмек. Алайда мамандарды  бұл шабақтардың көбі өсе келе браконьерлердің қармағын қабатыны алаңдатып отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин, Роман Родионов

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика