Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ЛШТТ және экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша Стратегия Жобасы (жоспар)

Қазіргі таңда ҚР Энергетика министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК және ЮНИТАР (БҰҰ Оқу және Ғылыми зерттеу институты) және «Қазақстан Республикасы үшін таратуды және хабарлар етуді арттыру, Жойылуы қиын органикалық ластауыштар есептілігіне арналған құрал ретінде Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» бірлескен жобасы шеңберінде ЛШТТ және экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша Стратегия Жобасы әзірленді.

Қазақстанда ЛШТТ тиімді ендіру үшін ЛШТТ және экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігін кеңейтуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру талап етіледі. Стратегия экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігін жақсартуға және ЛШТТ байланысты мәселелер бойынша ақпараттандыруды арттыруға бағытталған.

Жобамен мына жерде танысуға болады.

Ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда оларды

Жасыл экономика. Қазақстанда экологиялық проблемалардың шешемін табатын қауымдастық құрылды

Дереккөз: www.24.kz

Елімізде қазақстандық экономикалық ұйымдардың қауымдастығы құрылды. Мақсат – қоршаған ортаның проблемаларын бірігіп шешу. Олардың үкіметтік деңгейде қаралуын қамтамасыз ету. Экологиялық бастамаларды көбейтіп, бұқараны тарту.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы желтоқсанның 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «КОМ-МҰНАЙ» ЖШС, Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көктем» МКК«Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Almix» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, «Рудненский водоканал» ЖШС, «Sinooil» ЖШС АФ, «Оркен» ЖШС, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ, «Казэнергокабель» АҚ, «Бұрғышы-Сервис» ЖШС, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық, университеті» ЖЖКОМ «Көлдерді қорғау» ҚҚ, «GREENJAIK» жеке қоры, «Қазақстан су шаруашылық қауымдастығы» ЗТБ, «Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» мекемесі,
«Баламалы білім беру орталығы «Жастар жетістіктері» ҚҚ,  «Байтақ болашақ» экологиялық одақ» РҚБ, «Медет АТК» ҚҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
  • Табиғат пайдаланушыға берілетін негізгі экологиялық талаптар;
  • Қалдықтарды басқару саласындағы заңнама;
  • Экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғау заңнамасының нормаларын құқық қолдану практикасы;

·         Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу;·         Табиғи ортаны өте жоғары және жоғары ластану критерийлері.

 

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна –  ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Асанова Жанар Талгаровна – «Жасыл даму» АҚ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Тұрсынова Гүлжан Әлибекқызы – ҚР ЭМ  Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаментінің бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы желтоқсанның 14-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Қызылорда қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:

«Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС, «AkDiEr» ЖШС, «СНПС – Ай Дан Мұнай» АҚ,  «Компания-Даулет Азия» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» РММ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу;
  • Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар;
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • Жобалық құжат құрамындағы ҚОӘБ жобаларын және қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу;
  • Қалдықтарды орналастыруға рұқсат алу;

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – Заместитель директора Департамента управления отходами МЭ РК;

Абдрахманова Жанара Беркутовна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

2017 жылғы желтоқсанның 14-нен 15-не дейінгі «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарламасы

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы желтоқсанның 14-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Қызылорда қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС, «AkDiEr» ЖШС, «СНПС – Ай Дан Мұнай» АҚ, «Компания-Даулет Азия» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» РММ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу;
  • Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар;
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • Жобалық құжат құрамындағы ҚОӘБ жобаларын және қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу;
  • Қалдықтарды орналастыруға рұқсат алу;

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;

Абдрахманова Жанара Беркутовна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

 

2017 жылғы желтоқсанның 13-нен 15-не дейінгі «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарламасы

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы желтоқсанның 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «КОМ-МҰНАЙ» ЖШС, Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көктем» МКК«Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Almix» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, «Рудненский водоканал» ЖШС, «Sinooil» ЖШС АФ, «Оркен» ЖШС, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ, «Казэнергокабель» АҚ, «Бұрғышы-Сервис» ЖШС, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық, университеті» ЖЖКОМ «Көлдерді қорғау» ҚҚ, «GREENJAIK» жеке қоры, «Қазақстан су шаруашылық қауымдастығы» ЗТБ, «Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» мекемесі,
«Баламалы білім беру орталығы «Жастар жетістіктері» ҚҚ,  «Байтақ болашақ» экологиялық одақ» РҚБ, «Медет АТК» ҚҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
  • Табиғат пайдаланушыға берілетін негізгі экологиялық талаптар;
  • Қалдықтарды басқару саласындағы заңнама;
  • Экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғау заңнамасының нормаларын құқық қолдану практикасы;

·         Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу;·         Табиғи ортаны өте жоғары және жоғары ластану критерийлері.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна –  ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Асанова Жанар Талгаровна – «Жасыл даму» АҚ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Тұрсынова Гүлжан Әлибекқызы – ҚР ЭМ  Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаментінің бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

2016 жылғы Қазақстандағы нақты экологиялық жағдай

Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайды жақсарту туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру  мақсатында ҚР Энергетика министрлігімен қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндамасын әзірлеуді ұйымдастырады.

Ұлттық баяндамада аймақтардағы экологиялық мәселелер туралы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша; негізгі қоғамдық маңызды экологиялық проблемалармен қоса, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары, қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы мәліметтер көрініс табады.

2016 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтының «Экология» бөлімінде (http://energo.gov.kz/index.php?id=8340) жарияланды.

Ұлттық баяндамада қоршаған орта жайдайы мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзара байланысын сипаттайтын нақты көрсеткіштер ұсынылған. Көрсеткіштер топтар бойынша ұсынылды: атмосфералық ауа, климаттың өзгеруі су ресурстары, биоәртүрлілік, жер жесурстары, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, қалдықтар. Ұлттық баяндамада сонымен қатар Қазақстанның барлық аймақтарындағы экологиялық жағдай ұсынылған.

Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп дайындалды.

Атырау облысының шаруалары келешекте кешенді шаруашылық құрмақ

Дереккөз: www.24.kz

123456788900000000000085231

Атырау облысы Махамбет ауданы бірыңғай ауыл шаруашылығымен айналысады.

Ауданда тауарлы-сүт дайындау кешені, экспорттық бағыттағы ешкі фермасы жұмыс істейді. Үстіміздегі жылдан бастап ауыл тұрғындары 12 жерден мал бордақылау алаңын ашып, облысқа сапалы ет өнімдерін бере бастады.

«Таңдай» ауылының тұрғыны Қаршыға Дүйішевтің жұмыс күні өз қорасынан басталады. Мемлекет көмегі арқылы жеңілдетілген несие алысымен іске кіріскен шаруагер қазан айында 22 бас өгізшені жемдеп, етке өткізіпті. Қазір келесі бордақының қамында. Бұған дейін өнімін өзге жерге өткізіп келген шаруа үшін ауылдан салынған мал сою цехы шығынымды азайтады. «Бұл – ауылдықтар үшін баға жетпес көмек», – дейді ауыл тұрғыны.

Қаршыға Дүйішев, шаруа:

– Коопертив алға қарай жеңіл бағамен жем-шөп тауып беріп тұрса, онда үлкен пайдасы болады. Мына мал сою бекетін бітірді ғой, енді ет осы жерден қабылдайтын болса, онда тіпті нұр үстіне нұр болады.

Бағасы 15 миллион теңгелік мал сою кешені ауылдықтар үшін үлкен көмек болғалы тұр. Себебі цех құнының 50 пайызын мемлекет қайтарымсыз өтеп берген. Қалған қарыз 6 пайыздық несиемен 6 жылда қайтарылса болғаны. Алыс ауыл тұрғындары үшін мал сою бекетінің маңыздылығы сол – мал иелері осы жерден қолма-қол есеп айырысады.

Жолдас Бисекешұлы, коопертив мүшесі:

– Мұның қуаты бір ауысым деп аталады, 8 сағатта 10 бас мал сойылады. Сонда 1 күнде екі ауысым дегенде 20 бас мал сойылады. Бұл – 400 келі ет. Сонда айына 12 тонна ет өндіре аламыз.

Махамбет ауданында «Бақсай» және «Ынтымақ» ауыл шараушалығы коопертиві жұмыс істейді. Құрамында 95 мүше бар. Үстіміздегі жылы іске кіріскен коопертивтер 106 миллион несие алып, 373 бас ірі қараны бордақылап, етке өткізген. Шаруаға тиімді, ауыл тұрғындарына арзан да сапалы өнім.

Олжас Мырзабаев, Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

– 373 бас ірі қара бордақыланып, 61 тонна ет өткізді. Сойылған мал басына тиесілі субсидия қабылданып, қазір субидия құжаттар жолданатын болады.1 мал басына 20 мың теңге.

Жалпы биыл Атырау облысы бойынша 21 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жұмыстарын бастады. Олардың өнімдері облыс орталығында 4 сауда нүктесінде сатылап жатыр. Мемлекет қолдауына сүйенген ауылдықтар келешекте кешенді шаруашылық құрмақ. Атап айтқанда, шұжық, қалбырдағы ет секілді нарықта жоғары сұранысқа ие өнімдер осы Махамбет ауданында өндірілетін болады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже Темірлан Сұлтанғазиев, Амантай Мәтенов

Атырау облысында жылыжай іске қосылды

Дереккөз: www.24.kz

824e096881eb937e058da25d99c72aa5_l

Атырау облысының Махамбет ауданында 12-жылыжай кешені іске қосылды.

Аумағы 240 шаршы метрлік шағын жылыжайда қияр, көк жуа, аскөк секілді көкөніс түрлері өсіріледі. Қазан айында отырғызылған көшеттер, Жаңа жыл қарсаңында тұтынушылар дастарқанына жетеді. Осылайша жыл он екі ай аудан тұрғындары сапалы көкөніспен қамтылмақ. Жыл басында жеңілдетілген пайызбен берілген 5 миллион теңгені шаруа жылыжай құрылысына жұмсаған. Желтоқсанда қожалық алғашқы 3 тонна өнімін тапсырады. Кәсібі өрге басса, келешекте шаруашылықты кеңейтпек.

Артур Қожантаев, жылыжай жетекшісі:

– Бұл жылыжайдың ерекшелігі сырты поликарбонатпен қапталған ол ауа райының қолайсыздықтарына қарамай, жылы болады,төзімді болады. Егінді, Алла қаласа, осы айдың аяғына қарай жинап бастап, Махамбет ауданының ауыл тұрғындарын қиярмен қатамасыз етіп, сол бағытта жұмыс жасап жатырмын

Қазақстанда батат өңделеді

Дереккөз: www.24.kz

0858a77363ca62cbbb49d3f4dfe9696d_l

Алматы облысында тәтті картоп өсіріп, оны өңдейтін зауыт ашылады.

Бұл туралы отандық ғалымдар Оңтүстік Кореяда өткен семинарда хабарлады. Қазақстанда бұл көкөніс 2014 жылы өсіріле бастады. Түсім мол болғанымен, біздің шаруалар бататты көп еге қоймайды. Себебі халық оған қызықпайды. Алайда қазір бүкіл әлемде тәтті картопқа деген сұраныс жоғары. Өйткені батат – денсаулыққа ең пайдалы көкөністердің бірі. Ол күретамырлық қан қысымын қалыпқа келтіріп, қант диабеті мен қатерлі ісіктің алдын алады.

Қабыл Жамбакин, ҚР БҒМ биология мен биотехнология институтының бас директоры: 

– Шетелдік кәсіпкерлер біздің егіс алаңдарын пайдаланғысы келеді. Себебі Кореяда бос жерлер аз. Олар көкөністің бұл түрін Қазақстанда өсіруге ниетті. Кейін тәтті картоптан крахмал мен кеспе жасауға болады. Алынған өнімдерді басқа мемлекеттерге экспортқа жібереміз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика