Дереккөз: www.24.kz
Ақтөбе облысында 2014-2016 жылдары ірі кен орындарынан 8 мың тонна мұнай ұрланған. Қылмысқа қатысы барлар тұтқындалып, тиісті жазасын алды. Алайда мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы әлі де тыйылмай тұр.
Бүгінде ішкі істер департаменті 17 қылмыстық істі тексеріп жатыр. 6 вагон мұнай өнімін Ауғанстан асырмақ болғандардың ойы іске аспады. Ел экономикасына теріс әсерін тигізетін қылмыстың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдануы тиіс.
Бұл туралы Ақтөбеде өткен өңіраралық форумда айтылды. Бас прокуратура мен облыс билігі бірігіп ұйымдастырған жиынға батыс аймақтың прокурорлары мен мұнай компанияларының өкілдері қатысты. Жалпы соңғы 3 жылда елімізде мұнай мен газ ұрлығына қатысты 700 іс қозғалып, 11 қылмыстық топтың жолы кесілген.
1 млн тонна мұнай өнімі заңсыз айналымға шығарылып, мемлекетке 100 млрд теңге шығын келді. Мысалы кейбір компаниялардың өндірген мұнай көрсеткішімен сыртқа тасымалданған көлемінде сәйкестік жоқ. Форумда бас прокуратура 7 қадамнан тұратын кешенді шара ұсынды. Ең бастысы бұл салаға қатаң бақылау жасап, нақты есеп жүргізу керек.
Азамат Дүйсенбеков, ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысының орынбасары:
– 3 жыл ішінде өндірілген, қайта өңделген мұнай мен экспортқа шығарылған мұнай көрсеткішінің айырмашылғы 2 млн тоннаны құрап отыр. Бұл шамамен – 600 млн АҚШ доллары. Алдағы уақытта осы екі жүйені бір базаға біріктіріп, ортақ есеп жүргізу қажет. Сонымен бірге табиғатты пайдаланушылар электронды есеп жүйесін енгізулері керек. Әйтпесе бұл саланың көлеңкелі тұстары мұнай айналымына бақылау жасауға мүмкіндік бермей отыр.
Дереккөз: www.24.kz
Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында бал шығаратын зауыт ашылғалы бері өңірде омарташылық қарқынды дами бастады.
Осылайша ауыл тұрғындары атадан балаға мирас болған ата кәсібіне қайта оралып жатыр. Өткен жылы кәсіпорында 40 тонна бал өңделген. Қазір экологиялық табиғи таза өнімді алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығару бағытында келіссөздер жүріп жатыр.
Лепсі ауылының тұрғыны Марат Вишняков 6-сыныптан бері омарташылықпен айналысады. Бұл істе 30 жылдық тәжірибесі бар. «Ата-бабаларымыз сүйіп айналысқан кәсіп түрі осылайша бізді де өзіне еріксіз баурап алды. Бұрын жинаған балымызды алыпсатарлар арзан бағамен алып кететін. Ауыл іргесінен бал өндіретін кәсіпорынның ашылуы жергілікті омарташылар үшін өте тиімді болды», – дейді ол.
Марат Вишняков, омарташы:
– Зауыт ашқан, сол жақсы болды. Балға жақсы баға береді. Қорықпай жұмыс істей береміз. Иә, омартаны енді кеңейтеміз.
Бір омартаның өзі маусымына 40-50 литрдей бал береді екен. Мараттың иелігінде 100 шақты омарта бар. Алынған балдың сапасы өте жоғары. Себебі Лепсіде бал арасы қонатын 200-ден астам шөптің түрі бар. Соның тең жартысына жуығы дәрілік шөп. Лепсі балының осындай қасиетін білген Ресей Императоры Романовтар әулетінің 300 жылдығына орай Лепсіден 300 пұт бал алдырған деген тарихи дерек бар. Омарташылардан қабылданатын балдың сапасы жаңадан ашылған кәсіпорынның арнайы зертханасында тексеріледі.
Фархад Абузяров, «Лепсинк өнімдері» ЖШС директоры:
– Біздің бал EXPO-да болды. Біз серіктес болып EXPO-да тұрдық. Өте жақсы сатылды. Шетелден келген кісілер біздің балды алды.
Лепсі балы қазірдің өзінде Ресей мен көршілес Қытай Халық Республикасына экспортталуда. Болашақта бірқатар Еуропа елдері мен Жапонияға және Кореяға шығарылмақшы. Кәсіпорын биылдан бастап бал өндірісімен қатар таубүлдірген тосабы мен түрлі шырындарды шығару ісін де қолға алды.
Фархад Абузяров, «Лепсинск өнімдері» ЖШС директоры:
– Таудың өнімдерін дұрыстап жасап, біздің елге шығарып берейік деп жатырмыз. Табиғи таза өнім ғой. Халыққа, халықтың үстеліне барсын деп армандап жүрміз.
Экологиялық тұрғыдан табиғи таза әрі сапалы өнім халықтың дастарқанына жетіп те үлгерді. Лепсінің өзінде ірілі-ұсақты 50 шақты омарташы бар екен. Олар жаз бойы жинаған өнімдерін осында тапсырады. Осылайша өңірде омарташылық өркендеп келеді. Ал аталған кәсіпорынның ашылуы арқылы 20 шақты тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев
«Халықаралық тәжірибе және Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін жүзеге асырудың ағымдағы қазақстандық тәжірибе» семинарлар сериясы сәйкесінше 2017 жылдың 26 қазанында, 2017 жылдың 30 қазанында, 2017 жылдың 2 қарашасында Ақтөбе, Астана және Павлодар қалаларында өтеді.
Семинарлар Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының қолдауымен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК мен ЮНИТАР (БҰҰ оқу және ғылыми-зерттеу институты) – «Жойылуы қиын органикалық заттар (ЖҚОЗ) есептілігіне арналған құрал ретінде Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» және Қазақстан Республикасы үшін таратуды және хабарлар етуді арттыру бірлескен жобасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Семинарлардың негізгі мақсаты – ЛШТТ мәселесі бойынша мамандардың әлеуетін арттыру және Қазақстандағы ЛШТТ енгізуді әдістемелік қамтамасыз етудің әзірлемесі үшін ұсыныстарды қалыптасытыру.
Семинарларда ЛШТТ Хаттамасының негізгі қағидалары мен оның жүзеге асырылуындағы халықаралық тәжірибе қарастырылатын болады.
Қатысушыларға, ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерінің атмосфералық ауа, ағынды сулар, топырақ (өндіріс және тұтыну қалдықтарынан) бойынша ағымдағы жағдайына, Қазақстанда ЛШТТ енгізу бойынша шолу ұсынылады. Талқылау барысында қатысушылыр ЛШТТ бойынша есептілік үшін ұсынылатын ластауыш заттар тізбесін анықтайды. Сонымен қатар ЛШТТ бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық ұсынысы эмиссиялары туралы онлайн-есептілікті ұсыну үшін бағдарламалық қамтамасыз ету туралы біледі.
Семинарға қатысу үшін мемлекеттік органдар, тау-кен өндіру, энергетика, мұнай өңдеу, металлургия, химия саласының, экологиялық жобалық ұйымдардың және зертханалардың, үкіметтік емес ұйымдардың, Орхус орталықтарының өкілдері қатысады.
Толық және БАҚ аккредиттеу туралы ақпаратты +7 727 255 87 78, +7 776 255 84 21 телефондары бойынша алуға болады.
Барлық ниет білдірушілерді семинарға қатысуға шақырамыз!
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қазанның 13-нен 14-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Атырау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Атырау-Тенгиз Констракшн Сервис» ЖШС, «КазНефтеПроект» ЖШС, «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС, «Сенімді Курылыс» ЖШС, «Batys Petroleum» ЖШС, «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС, «Мунай Сервис, ЛТД» ЖШС, «Насиха» ЖШС, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС, «Потенциал Ойл» ЖШС, “Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор” компаниясының филиалы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Сәтпаев Оперейтинг» ЖШС, «КазТурбоРемонт» құрылыс компаниясы» ЖШС, North Caspian Operating Company, «Атырау мұнай және газ университеті», коммерциялық емес акционерлік қоғам, «МГҚК ҚазҚұрылысСервис» акционерлік қоғамының Атырау филиалы, «Entellekto» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Атырау-Тенгиз Констракшн Сервис» ЖШС, «КазНефтеПроект» ЖШС, «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС, «Сенімді Курылыс» ЖШС, «Batys Petroleum» ЖШС, «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС, «Мунай Сервис, ЛТД» ЖШС, «Насиха» ЖШС, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС, «Потенциал Ойл» ЖШС, “Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор” компаниясының филиалы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Сәтпаев Оперейтинг» ЖШС, «КазТурбоРемонт» құрылыс компаниясы» ЖШС, North Caspian Operating Company, «Атырау мұнай және газ университеті», коммерциялық емес акционерлік қоғам, «МГҚК ҚазҚұрылысСервис» акционерлік қоғамының Атырау филиалы, «Entellekto» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: : www.24.kz
Олардың жартысына жуығы етті бағыттағы мал шаруашылығымен айналысса, қалғаны сүт өндіреді.
Осы кооперативтердің 38-іне биыл мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 700 млн теңге көмек берілген. Бұл қаражат ұжымға біріккен шаруалардың керек-жарағына жұмсалады.
Зеренді ауданына қарасты Қараөзек ауылының тұрғыны Ғабиден Емматов мал шаруашылығымен айналысуды көптен бері көздеп жүр екен. Алайда қаржы мәселесі қолбайлау болып келген. Жақында ғана ол көрші ауылдағы кооперативтің құрамына еніпті. Кейіннен 4 млн теңге несие алып, оған 16 бас сауынды сиыр сатып алған. Қазір солардың сүтін өткізіп, отбасылық кәсіппен айналысып отыр.
Ғабиден Емматов, кооператив мүшесі:
– Сүт сауып, соны сатып отырмыз. 100 литрдей күніне сүт өндіреміз. Жақсы бағамен өткіземіз. Жалғыз сүт қана емес, мал бордақылаумен де айналысамыз. Үкіметтің қолдауымен мал шаруашылығын әрі қарай дамытып, сүтті молайтуға тырысып жатқан ниетіміз бар. Ал Ғабиден секілді 30 шақты шаруаның басын біріктіріп отырған кооперативте қазір заманауи сүт қабылдау бекеті бар. Оны ұжым басшысы 5 млн теңгеге сатып алған. Кеткен қаржының жартысын мемлекет төлеген. Сүт тасымалдайтын бірнеше көлігі де бар.
Ал кооператив небәрі жарты жылдың ішінде облыс орталығындағы зауыттарға 500 тонна сүт өткізген.
Құнанбай Серғазин, кооператив төрағасы:
– Одан басқа 8 ауылдан 200 отбасы бар. Сүттерін жинап, күніне 7 тоннасын зауыттарға апарып жатырмыз. Жазда 7 тонна, қазір 2,5 тонна. Сүт қабылдағыштың жақсы жері жақын ауылдардан әкеліп, алыс жерлерге жеткізе аламыз. Қанша градус қажет болса, сонша қоямыз. 2-3 градусқа дейін суытып береді.
Абзал Кенжеахметов, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры облыстық филиалының өкілі:
– Кооперативке әрбір ауыл тұрғыны 6 пайызбен несие алып, кіре алады. Әрбір кооператив мүшелері сүт бағытында 6 млнға дейін берсе, ет бағытында 4 млн-ға дейін ала алады. Оған бүгінгі таңда халық кәдімгідей белсенді қосылып кіруде. Кооператив саны күннен-күнге артып келе жатыр.
Жалпы биыл Ақмола облысының ауылшаруашылық саласын қолдауға Үкіметтен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал кооперативтерге біріккен ауылдықтар жыл басынан бері 15 мың тонна сүт және 400 тоннаға жуық ет өндіріпті. Осылайша елді мекен тұрғындары ата кәсіпті жандандыру арқылы өздері де несібелерінен айырып, жергілікті өндіріс ошақтарының да сұраныстарын қамтамасыз етіп келеді.
Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко
Дереккөз: : www.24.kz
Елімізде жыл сайын ауыл шаруашылығы саласы бойынша білім алған мыңдаған студент жоғарғы оқу орнын тәмамдайды.
Алайда олардың барлығы бірдей мамандығына сай жұмыс істемейді. Мамандардың айтуынша, бұған жастардың аграрлық салаға деген сенімсіздігі себеп. Бұл жаңсақ пікір екенін дәлеледеу үшін, бүгін Аграрлық несие корпорациясы бір топ студентті ірі шаруа қожалығының жұмысымен таныстырды.
Шаттанайым Айжанова – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 4 курс студенті. Мамандығы – Азық түлік өнімдерінің технологиясын игерумен байланысты. Оның айтуынша, қазіргі оқуы көңілінен шығады. «Сондықтан өмірлік қызметімді осы саладан табамын», – дейді болашақ маман.
Шаттанайым Айжанова, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті:
– Осы мамандық, осы сала Қазақстанда енді дамып келе жатыр. Осындай үлкен жетістікке жеткен зауыттарда тәжірибе жүргізген жақсы әсер береді.
Бүгін агротехникалық университеттің 50-ге жуық студенті еліміздегі ірі шаруа қожалықтардың бірі «Родина» ЖШС жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл агрофирма Астана маңындағы елді мекендерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Болашақ мамандар сүт өндірісінің және ірі қара шаруашылығының қыр-сырына қанықты. Студенттердің теориялық білімді іс жүзінде байқауына Аграрлық несие корпорациясы ұйытқы болды.
Ерлан Қарабаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиал директорының орынбасары:
– Жыл сайын агротехника бойынша білім алған мыңдаған шәкірт жоғарғы оқу орнын тәмамдайды. Алайда олардың барлығы ауылда бизнесті өркендетуге болатынына сенбейді. Сондықтан негізгі мақсатымыз – агросектордың еліміздегі болашағы бар бағыттардың бірі екенін студенттерге көрсету еді. Ол үшін біз «Родинаны» таңдадық.
Корпорация мен Қазақ агротехникалық университеті бірнеше жылдан бері бірлесіп жұмыс істеп келеді. Мәселен, осыған дейін жоғарғы оқу орны қабырғасында ісі өрге басқан фермерлер арнайы дәріс оқып, тіпті оқу бітірген бірнеше студентті жұмысқа алған еді. Болашақта корпорация университетпен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түспек.
Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Ербол Дайыров
Дереккөз: www.24.kz
Құрметті ауыл еңбеккерлері!
Астық жинау – диқандар үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін айтулы науқанның бірі. Егін ору нәтижелері мемлекеттегі азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты айқындайды. Сіздердің маңдай терлеріңіздің арқасында Қазақстан өзінің жетекші астық державасы екенін тағы да дәлелдеді.
21 миллион тоннадан аса астық жиналды. Соның үштен екісінен астамы әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы өнімге жатады. Майлы дақылдар егілетін егістік алқабы айтарлықтай көбейді. Жалпы астық жинау науқанының қорытындысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің әлеуеті зор екенін көрсетіп отыр.
Бүгінде мемлекет ауыл шаруашылығы саласын жүйелі түрде жетілдіруге және әртараптандыруға бағытталған саясат жүргізуде. Оны әрі қарай ілгерілетудің маңызды шарты – қайта өңделген өнім шығаруға көшу. Қазақстан әлемдегі экспорттық ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын ірі елдің бірі болуға тиіс.
Біз халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолындағы ауыл еңбеккерлерінің еңбегін жоғары бағалаймыз. Сіздерді егін ору науқанының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық және Отанымызды одан әрі өркендету жолында толағай табыс тілеймін!
Ақпарат көзі: akorda.kz
Дереккөз: www.24.kz
Алматыда ағаш көшеттеріне сұраныс артып отыр.
Қаладағы бау-бақша орталықтарының бірінің директоры Наталья Никулинаның айтуынша, бұған «Алматы – қоршаусыз қала» бағдарламасы себеп болған. Қазір шаһарда көптеген мекемелер ескі қоршауларын алып, орнына жасыл желек егіп жатыр. Әсіресе, аю бадам, боз арша мен қына ағашына сұраныс жоғары. Қыркүйек айында қалалық әкімдік 81 мың метрден астам темір, ағаш және бетон қоршаудың алынғанын жариялаған еді. Көшеттердің бағасы олардың биіктігіне байланысты. Мысалы, қына ағашының кішкентай көшеті 350 теңге, ал бір жарым метрлік боз аршаның құны 8 мың бес жүз теңге тұрады. Күтімі жақсы болса, жасыл желек 50 жылға дейін өседі. Сатушылар әр мекеме өзінің қаржылық жағдайына қарап, тапсырыс беріп жатқанын айтады.
Наталья Никулина, Бау-бақша орталығының бас директоры:
– Біз көбірек ағаш сатуды көздемейміз. Мысалы, 1 метр жерге бір түп боз арша отырғызса жеткілікті. Үш жылдың ішінде ол өсіп шығады. Ал енді бірден әдемі әрі биік қоршау керек болса, онда екі түптен отырғызыңыз. Яғни біздің мақсатымыз – сатып алушының үдесінен шығу. Сондай-ақ оларға ағаштарды күтіп-баптау жөнінде кеңес береміз.