Дереккөз – EcologyofKazakhstan
Бүгінде қалалардың 97,2%-ы мен ауылдардың 86,4%-ы орталықтандырылған су құбырларына қосылған.
2021 жылдың соңына дейін ұзаққа созылған үш жобаның құрылысы аяқталады.
Бұл 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуге мүмкіндік береді.
2025 жылға қарай 100% халық таза ауыз сумен қамтылады.
Дереккөз – www.gov.kz
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының (МАВ) Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессиясының отырысы (ағылш.- International Co-ordinating Council of the MAB Programme) 2020 жылдың 27 және 28 қазанында виртуалды формата өтті. Кездесуді өткізудің таңдалған форматы COVID-19 пандемиясымен байланысты және кездесуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі елдерден таңдалды.
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессиясының жұмысына Қазақстан Республикасының атынан ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера” бағдарламасының Қазақстандық Ұлттық комитетінің (МАВ) мүшелері – Ященко Роман Васильевич және Ильина Виктория Олеговна, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің қызметкері – Байсабаева Әлия Ғазизқызы қатысты.
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитеті (МАВ) карантин режимімен байланысты барлық қиындықтарға қарамастан, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосу үшін 2 номинациялық дерекнама дайындады. Комитет мүшелерімен Алматы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының ұлттық желісі екі жаңа биосфералық резерватпен толықтырылды.
Халықаралық деңгейде арнайы сараптамалық кеңес ЮНЕСКО бағдарламасының Қазақстандық Ұлттық Комитеті ұсынған «Адам және биосфера» (МАВ) құжаттамасының ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының критерийлеріне сәйкестігіне баға беріп, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісінің биосфералық резерваттары ретінде Алматы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорықтарын мақұлдау мүмкіндігі туралы шешім қабылдады.
Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының Қазақстандағы ұлттық желісінде 12 биосфералық резерват тіркелген. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттардың осындай санының танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударатынын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды.
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының (МАВ) Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессиясын өткізудің қорытындысы ретінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне әртүрлі елдердің аумағында орналасқан, олардың бірі трансшекаралық болып табылатын 24 биосфералық резерваттың қосылуын айтуға болады. Осылайша, 2020 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне әлемнің 129 елінің аумағында орналасқан 714 биосфералық резерват кіреді.
ЮНЕСКО бағдарламасының «Адам және биосфера»” (МАВ) Қазақстандық Ұлттық комитетінің қызметі туралы толығырақ комитеттің ресми сайтына кіріп білуге болады: www.kazmab.kz
Дереккөз – www.gov.kz
Тау кластерін дамытудың жобалық кеңсесі оған Алматы облысындағы ұлттық парктерді дамыту функцияларын беру арқылы қайта құрылады. Жобаны ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Алматы облысы әкімдігі және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы бірлесіп жүзеге асырады.
Онда Алматы облысы аумағында орналасқан «Көлсай көлдері», «Іле-Алатау», «Алтын Емел», «Шарын», «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктерінің өкілдері жұмыс істейді деп күтілуде. Кеңсе туристермен, әлеуетті инвесторлармен, туристік агенттіктермен және ұлттық парктер жанынан құрылған Қоғамдық кеңестер мүшелерімен үйлестірілген түрде жұмыс жүргізеді. Аталған жобалық кеңседе бес ұлттық парктегі туристік және инвестициялық мүмкіндіктер туралы барлық ақпарат «бір терезе» қағидатымен беріледі.
Еске салайық, қаңтар айында ҚР Премьер-министрінің тапсырмасымен Алматы тау кластерінің біріккен жобалық кеңсесі құрылған. Осылайша ұлттық парктерді дамыту міндеттерін қоса атқару арқылы кеңсе Алматы облысында жалпы туризмді, оның ішінде экотуризмді дамыту бойынша стратегиялық органға айналады.
Бірыңғай ақпарат алаңын құру ұлттық парктерді дамытуға қатысты маңызды мәселелерді шешуге, атап айтқанда экотуризмді жолға қоюға, цифрландыруды жүзеге асыруға (WI-FI, бейнебақылау, дабыл пернесі), рейнджерлер қызметін, тау туризмі, альпинизм нұсқаушыларын дайындауға мүмкіндік бермек.
Сарапшылардың бағалауынша, 2025-2030 жылдары еліміздің ұлттық парктерінде экотуризмді дамытуға 500 млрд. теңге көлеміндегі жеке инвестициялар тартып, жергілікті экожүйеге салмақ түсірместен 12,5 млн туристке дейін қабылдауға, 30 мың жатын орын, 20 мыңдай жұмыс орнын құруға болады.
Сонымен бірге сарапшылар Қазақстанда ұлттық парктерді дамыту арқылы жылына 5 млрд АҚШ долларын табуға болады деп есептейді. “Kazakh Tourism” ҰК Басқарма Төрағасы Ержан Еркінбаев атап өткендей, әлемде пандемия әсерінен экотуризмге деген қызығушылық уақыт өткен сайын арта береді. «Бұл халықтың қазіргі жағдайда ашық табиғатта көбірек болып, таза ауамен тыныстағысы келетінімен байланысты. Сәйкесінше Қазақстандағы ұлттық парктерге баратын адамдар қаласақ та, қаламасақ та көбейе береді»,- деп атап өтті Ержан Еркінбаев. «Сондықтан мемлекет ондағы экотуризмге арналған инфрақұрылымды жетілдіруді жалғастырып, инвесторлар тартып, жергілікті экожүйеге түсетін жүктемені теңдей үлестіруі керек», – деді ол.
Өз кезегінде Экология министрлігі барлық мүдделі тараптармен бірлесіп ұлттық парктерді дамыту бойынша әріптестік орнатуға дайын.
Дереккөз – www.inform.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасында өткен көшпелі жиын барысында Абай көшесінің Достық пен Байтұрсынұлы көшелері аралығындағы ағаштардың жай күйі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мамандардың айтуынша, бұл жерде 306 ағаш өсіп тұр.
Қылқанжапырақты ағаштар саны – 254.
Жапырақты ағаштар саны – 26.
Жеміс ағаштары саны – 24.
Сарапшылар олардың көпшілігінің жағдайы нашар екенін анықтады.
Ағаштар қурап кеткен. Комиссия кеуіп кеткен ағаштарды кесуге рұқсат берді.
306 ағаштан 47 ағаш кесіледі. Оның ішінде 23 ағаш 27 қазаннан бастап басқа жерге көшіріледі.
«Бұл учаскеде ең алдымен апаттық жағдайдың алды алынады. Ағаштар қурап тұрғандықтан құлап қалуы мүмкін. Сондай-ақ, Абай даңғылының эстетикалық көркемдігін арттыру үшін осы араның жасыл желегін жаңарту керек», – деді басқарма басшысының орынбасары Ұлан Абдулдаев.
Дереккөз – www.gov.kz
«Елім-ай» сыйлығы 16 номинация бойынша табысталды.
«Браконьерлермен күрестегі ерен ерлігі үшін» “Охотзоопром” Ақмола облыстық тірек пунктінің инспекторы Нұрбеков Достай Балғабекұлы марапатталды. Ол 2016 жылы браконьерлермен бетпе-бет келіп, мойнынан пышақ жарақатын алып, ажалдан аман қалған еді.
Охотзоопром” ӨБ орталық аймақтық филиалының инспекторы Алиев Мұрат Қабиденұлы «Жануарлар дүниесін қорғауда «үздік инспектор» деп танылды.
Орман шаруашылығы саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан “Самар орман шаруашылығы” Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің директоры Қабдырғалиев Еркен Чаймұратұлы «Үздік орманшы» атанды.
«Орман шаруашылығын дамытуға барын салып атсалысқалы үшін» «Семей орманы» мекемесінің Семей қалалық филиалы Батпаев орманшылығының жетекшісі Александр Трушин марапатталды.
«Орман шаруашылығына еңбегі сіңген ардагер» номинациясына «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің аға ғылыми қызметкері Ахметов Хамит Ағабекұлы ие болды. Биология ғылымдарының кандидаты 30-ға жуық ғылыми мақала жазды.
“TMT GROUP” ЖШС басшысы Тұрсынәлі Марлен Тұрсынәліұлы «Үздік балық өсіруші» деп танылды. Ал «Карагандинский рыбопитомник» ЖШС «Үздік балық тәлімбағы» атанды.
«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Үздік ұлттық парк», «Барсакелмес» мемлекетті қорығы «Үздік қорық» аталымын алды.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басшысы Ержан Еркінбаевқа «Экотуризмді насихаттау бойынша үздік жоба» номинациясы берілді.
«Тамыр» жабайы табиғатта серуендей мектебі экологиялық мәдениетті көтеру және адамдардың жабайы табиғаттағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін марапатталды.
Итбалықтардың қорғаушысы ретінде танылған Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова «Экологиялық насихат бағытындағы маман» аталымына ие болды.
«Аман пен ерік-жігер» аталымымен екі қолының жоқтығына қарамастан Ақмола облысында 18 мың ағаш отырғызып, үлгілі іспен өмірден өткен Александр Карповичтің еңбегі аталып өтілді. Сыйлық ұлына табысталды.
«Өлкетануға қосқан үлесі үшін» «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Құрманов Алтынбек Жұматұлы марапатталды.
«Жабайы аңдарға жасаған қамқорлығы үшін» “Сайрам-Өгем” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биолог-аңшысы Ақынбаев Нұржан Сайранбайұлы марапатталды.
Жануарларды қорғау қауымдастығының Президенті Лилия Сәрсенова «Үй жануарларын қорғағаны үшін» номинациясын алды. Ол жануарлар паналайтын орталық ашқан.
Дереккөз – www.inform.kz
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының маңында орналасқан Үштөбе ауылында «Біргеміз: Таза әлем» еріктілер акциясы өткізілді. Қарағанды мен Үштөбеден келген ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен экологиялық белсенділер Соқыр өзенінің саласы мен ерекше алма бағының жағаларын ретке келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндай акциялар мұнда бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Өкінішке орай, волонтерлер қанша тырысқанымен, қалдықтар аз болмайды. Бұл ауылдың көрікті шетін таңдаған демалушылардың арқасы. Олар артта қоқыстар мен сынған ағаштарды қалдырады. Сөндірілмеген оттықтар өртті жиі тудырады. Ал ауыл тұрғындары арасында өзен арнасын қоқысқа арналған арық ретінде пайдаланатындар бар. Мұнда тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, автокөлік дөңгелектері әкелінеді.
Нәтижесінде акцияға қатысушылардың «аулауы» 100-ден астам дөңгелектер мен 30-ға жуық тұрмыстық қалдықтарды құрады. Соғыстан кейінгі жылдары ауылда қаланған алма бағының аумағында тағы 10-ға жуық сөмке жиналды. Бақты бір айдан астам уақыт бұрын 300-ге жуық ерікті тазалағанымен.
Еріктілердің бір бөлігі аумақты тазалап жатқанда, екіншілері экологиялық белгілер мен ақпараттық тақталар орнатып жатты. Қарапайым шындықтары бар тақталар – «Қоқыс тастамаңыз!», «Ағаштарды сындырмаңыз!», «Отты сөндіріңіз!» – өзен жағалауларында және орман екпелерінде пайда болды.
Акцияны Үштөбе ауылының бастамашыл тобы «Қарағанды облыстық экологиялық музейі» ҮЕҰ-мен бірлесіп, Біргеміз: Таза Әлем ұлттық жобасының шағын гранттар байқауы аясында ұйымдастырды.
Источник – www.akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының негізгі бағыттары жөнінде есеп берілді.
Мағзұм Мырзағалиев Президентке Экология кодексінің Мәжілісте қаралып жатқаны туралы егжей-тегжейлі баяндады. Мемлекет басшысы аталған құжатқа оң баға беріп, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жаңалықтарды атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аталған Кодекс қоғамды табиғатты аялауға шақыруға және ауаны ластайтын зиянды заттардың көлемін азайтуға үндеуімен айрықша маңызды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Президентке биылғы вегетациялық кезеңнің өтуі және су ресурстарының жағдайы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, биыл су деңгейінің төмен болуына және су тапшылығы қаупіне қарамастан вегетациялық кезең салыстырмалы түрде тұрақты өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына су саласын цифрландыру туралы баяндалды. Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су арнасын цифрландырудың пилоттық жобасының аяқталғаны туралы айтты. Бұл су шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Осы ретте, Президент суды тиімді пайдалану қажеттігіне назар аударды.
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа балық шаруашылығының жағдайы және осы бағытты дамытудың салалық бағдарламасының әзірлену барысы туралы ақпарат берілді. Министрдің айтуынша, Қазақстан су қоймаларының әлеуеті балық өсіру көлемін жылына 7,5 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл балық экспортын 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға ықпал етеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.
Дереккөз – www.facebook.com
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін күн биыл 18 қазанға тура келіп отыр.
“Қиындығы мен сан-түрлі тәуекелдеріне қарамастан, еліміздің орман қорын сақтап, жаңғырту табанды еңбек етіп келе жатқан азаматтар қандай құрметке де лайық. Себебі орман кешені – экологиялық қауіпсіздіктің кепілі”,- деп жазды ол Twitter парақшасында.
Министр қазір орманшылар статусын көтеру мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етті.
“Орманшылар баға жетпес ұлттық байлығымызды қорғап, келер ұрпаққа жеткізушілер. Олардың зор еңбегін ескере отырып, біздің министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр. Жасыл табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан барлық ел азаматтарын орман қорына ұқыпты қарап, оны қорғаушыларға қолдау көрсетуге, жұмыстарын бағалауға шақырамын”,- деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
Еске салайық, орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 2017 жылы ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген.
Дереккөз – www.gov.kz
Ағымдағы жылғы 19 – 30 қазан аралығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Ашық диалог» порталында «Экологиялық ақпарат беру» тақырыбында сауалнама жүргізілетінін хабарлайды.
Сауалнамаға қатысу үшін сілтеме бойынша өтуге болады https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1720
Дереккөз – www.gov.kz
Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін күн биыл 18 қазанға тура келіп отыр.
“Қиындығы мен сан-түрлі тәуекелдеріне қарамастан, еліміздің орман қорын сақтап, жаңғырту табанды еңбек етіп келе жатқан азаматтар қандай құрметке де лайық. Себебі орман кешені – экологиялық қауіпсіздіктің кепілі”,- деп жазды ол Twitter парақшасында.
Министр қазір орманшылар статусын көтеру мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етті.
“Орманшылар баға жетпес ұлттық байлығымызды қорғап, келер ұрпаққа жеткізушілер. Олардың зор еңбегін ескере отырып, біздің министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр. Жасыл табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан барлық ел азаматтарын орман қорына ұқыпты қарап, оны қорғаушыларға қолдау көрсетуге, жұмыстарын бағалауға шақырамын”,- деп атап өтті министр.
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 2017 жылы ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген.