ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 18-20 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:
Іс-шараға «МұнайТас» солтүстік-батыс құбыр компаниясы» ЖШС, «Kazakhstan Innovations» ҚҚ, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, ҚР БҒМ «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының соңғы өзгерістерімен және толықтыруларымен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасымен танысты.
Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.
Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.
ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 11-13 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:
Іс-шараға «Алматы электр станциялары» АҚ, «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ, «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «КазЭкоСервис Актобе» ЖШС, «ЖанЭкоСервис-С» ЖШС, «Тасбулат Ойл Корпорэйшн» ЖШС, «Автогаз-Трэйд» ЖШС, «AB Petroleum Capital» ЖШС өкілдері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының соңғы өзгерістерімен және толықтыруларымен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасымен танысты.
Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.
Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГжТБРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.
Дереккөз: 24.kz
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТҰМСА ТАБИҒАТ ХАБАР 24 СОНДАЙ-АҚ… Әлемдік мұнай бағасының қымбаттауына не себеп Түркияда болашақ спорт жұлдыздары мен чемпиондар бастауыш сыныптан анықталады Британияда спорт қаншалықты қолжетімді Елордада Еуразия форумы басталды 2021 жылы 5 мың елді мекен интернетпен қамтылады Атырау облысының Қиғаш өзенінде жер бетіндегі сирек лотос гүлі өседі 19:21, 15.09.2019 107 UPD: 20:27, 15.09.2019 Атырау облысындағы Қиғаш өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы нағыз туристік орталыққа айналдыруға болатын ғажайып мекен. Теңіз атырабындағы ондаған өзен сағасында сан алуан өсімдіктер өсіп, түрлі балық пен аң-құс мекен етеді. Жазғы маусымда мұнда құстар балапан басып, жылы жаққа кері ұшып кетеді. Бұл аңшылар мен балықшылардың қанжығасы майланатын сәт. Бір ғана Қиғаш өзенінің сағаларындағы әсем табиғат көріністері мен су жәндіктері, аң мен құсын есепке алса «шағын қызыл кітап» деуге болады. Мұнда жер бетінде сирек кездесетін лотос гүлдерімен су жаңғақтары да бар. Бүкіл жер шарын айналып келетін жыл құстары да жазда осында тұрақтайды. Сансызбай Тоғаев, «Ақжайық» табиғи қорығының инспекторы: – Біздің жақта неше түрлі құстар бар. Соның ішінде қызыл кітапқа енген 36 түрі бар. мысалы бірқазан, қарабай, үйректің шүрегей деген түрі бар, кіп-кіштентай болады. Сондай көптен-көп құстар бар қызыл кітапқа енген. Сулы да, нулы да бұл өлкені маусым кезінде құс төресі – аққулар да мекен етеді. Қолайлы ортада тез қанаттанып үлгерген ақүрпек балапандарын өргізіп су бетіне шыққанда аспандағы ақ бұлттар айдын көлге қонғандай әсер аласыз. Осындай ғажайып табиғи орта бұл аймаққа туристердің көптеп келуіне бірден-бір септігін тигізіп отыр. Махамбет Көптілеуов, «Қиғаш» экологиялық туризм базасының басшысы: – Адамдардың соңғы кездері экологиялық туримзге баса мән беруі мені қатты қуантады. Бүкіл отбасы, бала-шағаларымен келіп демалып, мына қайталанбас табиғи көріністерге куә болып жатады. Отандастарымыздың арасында ішкі туризм енді дамып келе жатқанымен тылсым табиғат аясындағы саяхаттан ләззат алатын шетелдіктер бұл ғажайып мекенді көптен біледі. ТМД мен Еуропа елдерінен келетін туристерді айтпағанның өзінде Америка, Африкадан арнайы келетін қонақтарда бар екен. Ал алыстан ат арылтып келетін меймандар үшін аймақтағы 5 туристік орталық өкілдері талапқа сай сервистік қызмет көрсетеді. Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында тұрғындар қыс қамын ойлауға асықпай отыр Шамалғандағы апатқа байланысты жедел штаб жұмысын бастады »
Дереккөз: 24.kz
Атырау облысында мұнайшылар дала бүркітінің балапанын аман алып қалды. Бұл түсірілім әлеуметтік желіде көп көрсетілді. Қызыл кітапқа енгізілген түз құсының 5-6 айлық балапанын «Теңіз» кен алаңындағы мұнайшылар тауып алыпты. Электр бағанына соғылып, жарақат алған балапан жолға жорғалап жетіп, ұшып кетуге әрекеттенген. Алайда өздігінен жерден көтеріле алмады. Қамқор қолға тап болған түз құсы табиғат қорғаушыларға тапсырылды. Кейінірек жарақатынан айыққан бала бүркіт «Ақжайық» табиғи қорығына жіберілді. Қанаты қатайған соң дала бүркіті байырғы мекеніне оралады. Осы категория бойынша: « Апаттан кейінгі жағдай: тікелей қосылым Жаңаарқалық қыз-келіншектер қымыз пісуден әлемдік рекорд орнатты »
Дереккөз: atpress.kz
Мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар, жергілікті тұрғындар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері облыс орталығын абаттандыру мен көгалдандыру шараларына қатысады.
Екі айлық мерзім ішінде жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін штаб құрылады, оған қаланың барлық коммуналдық қызметтерінің басшылары, сондай-ақ қала әкімдігінің жауапты бөлімдері – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сондай-ақ тұрғын үй инспекциясы бөлімі кіреді.
Екі ай ішінде қаланы толық санитарлық тазарту, пайда болған қоқыс полигондарын жою, сумен жабдықтау және кәріз құбырларындағы апаттық учаскелерді анықтау және оларды жою жоспарлануда.
Дереккөз:inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстанда күзгі-қысқы аңшылық маусымы ашылады және аң-құстың түріне байланысты 2020 жылдың 15 ақпанына дейін созылады.
Бұл жайында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның дерегінше, 34 сүтқоректі және 59 құстың түрін аулауға рұқсат берілген. Аңшылық республикадағы 701 аңшылық шаруашылықта өтеді.
Қазақстан аумағындағы аңшылық мерзімі Аң аулау қағидалары туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрыққа сәйкес өткізіледі.
Қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап аңшылық жануарлардың келесі түріне рұқсат етіледі:
– маймаққаз, қаз, қарашақаз, үйрек, қасқалдақ – 7 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін солтүстік өңірлер бойынша, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша;
– шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шіл -7 қыркүйектен 15 қарашаға дейін;
– құр – 7 қыркүйектен 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша;
– қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа) – 7 қыркүйектен сенбісінен 30 қарашаға дейін;
– борсық – 7 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін;
– марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан – 7 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін;
– сібір тау ешкісі – 7 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін.
«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 265 бұйрығы бойынша кәсіпшілік аң аулаудан басқа, бір аңшыға шаққанда жабайы құс пен терісі бағалы аңның бір түрін алып қоюдың тәуліктік нормасын бес дараққа дейін шектеу туралы нормасы бекітілді», – деп жазды ол.
Дереккөз: 24.kz
2015 жылдан бері еліміз бойынша сексеуіл кесуге жарияланған мораторий Қызылорда облысындағы орман қорының ұлғаюына және сортаң жерлердің елеулі бөлігін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Мамандардың мәліметі бойынша өңірдегі барлық орман өсімдіктерінің арасында сексеуілдің үлесі 87 пайызға жеткен.
Айта кетейік, биылғы жылдың қаңтар айында шөлде өсетін өсімдікті қорғау шаралары тағы 5 жылға ұзартылды. Мораторийдің маңызы қандай?
Қазақстандағы сексеуіл алқаптарының 40 пайызы Қызылорда облысының аумағына кіреді. Бұл Сыр өңіріндегі мемлекеттік орман қорының шамамен 6 жарым миллион гектарын құрайды.
Жандос Әлиев, «Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау» КММ директоры:
– Бір дана сексеуіл 10 текше метр құмды ұстап тұрады, көшуінен тоқтатып. Бұл өте тиімді нәрсе. Басқа облыстарда құм көшкіні көбейіп отыр. Ал бізде сексеуілдің көбеюіне байланысты бұл тоқтатылып тұр.
Мамандардың мәліметі бойынша, мораторий кезеңінде сексеуіл орманды жерлерде ғана емес, жеке алқаптар мен ауылдық округтердің аумақтарында да көптеп өскен. Бүгінде осы өсімдік есебінен бірқатар аудандардың қорғау аумағына кіретін жасыл желек қоры да ұлғайып отыр.
Бақытжан Әбдісәметов, «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау» КММ директорының орынбасары:
– Санақ жүргізу барысында 1580 гектар жер өздігінен көбеюінен орманды алқапқа ауыстырдық. Осыдан да байқауға болады. Шөлейтті жерлерде орманды алқап 691 мың гектар жерді қамтып отыр.
Мамандар шіріген сексеуілдің қоршаған ортаға зияны көп екенін айтады. Олар өсімдік ауруларын таратып қана қоймай, орман өрттеріне де себепші болады. Табиғат тазалығын сақтау үшін қартайған сексеуіл ағаштарын тұрғындардың кесуіне рұқсат беру қажет, дейді орманшылар.
Исатай Әбдіразақов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
– 1 млн гектардың аумағында сексеуілдер өсуін тоқтатып, қартайған сексеуілдер болып есептеп жатырмыз қазір. Орман заңнамасына сәйкес кеспе ағаш аймағынан тыс жерлерде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін қолдап жинау арқылы 11 мың текше метр шамасында отын алуға лемиттер бөлінді.
Отын ретінде қызуы күшті сексеуілдің табиғат тепе-теңдігін сақтаудағы маңызын көпшілік жақсы біледі. Сондықтан Арал теңізінің құрғаған ұлтанына да осы өсімдікті егу белең алып отыр. Тұрмыста тек отыннан басқа ештемеге жарамайды делінген сексеуілден ғалымдар дәрілік заттар дайындауға болатынын да анықтапты.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамед Байділдаев
Дереккөз:24.kz
Жақында Ресей тарапы айдынның солтүстік бөлігін шұғыл түрде тазалау керектігін мәлімдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұндағы судың сапасы сын көтермейді. Оның басты себептерінің бірі – қондырғылардың тозғандығы. Сондықтан 5 мемлекет Каспийдің тазалығын жан-жақты қорғаудың маңыздылығын айтады.
5 жыл бұрын Каспий теңізінің суы мөлдір таза деп есептеліп, саяхатшылар легі көптеп ағылатын. Алайда, өткен жылы табиғат қорғаушылары теңіз суының ластанғанын айтып, дабыл қақты. Мамандар арнайы тексерулерден кейін жағажайдағы судың ластануы қалыпты нормадан едәуір асып кеткенін анықтады. Тек Иранның теңіз жағалауындағы жағдайды алып қарасақ, онда суға құйылған қоқыс деңгейі соңғы 5 жыл ішінде үш есеге артқан
Алиреза Тагави, «Фарабад» туризм орталығының басшысы:
– Қазір теңіздің лас суынан туристік компаниялар шығынға ұшырап отыр. Әрине, ешкім де ластанған суға түсіп, ауру жұқтырғысы келмейді. Сондықтан теңізді тазартуға бірден бес елдің кіріскені қуантарлық жайт. Себебі мәселе өте ауқымды. Алдымен тазарту жабдықтарын жөндеп, кейбірін тіпті мүлдем жабу керек. Олай болмаған жағдайда бізді нағыз экологиялық апат күтіп тұр.
Иранда алғашқы тазарту жұмыстары Каспий теңізі жағалауында орналасқан Мазандеран провинциясында басталды. Себебі дәл осы аймақ бірінші кезекте экология тауқыметін тартып отыр. Сондай-ақ мамандар Гилян провинциясындағы ең ірі Бендер-Энзели портында тазарту құрылғыларын жөндеуді қолға алды. Өйткені жергілікті тазарту жабдықтарының шамамен 60% дерлік қайта жөндеуден өтуді немесе толықтай жаңартуды қажет етеді. Осыған байланысты табиғат қорғау инспекторлары да жергілікті су каналдарына жоспардан тыс рейд жүргізіп, ағызылған судың сапалық көрсеткіштерін бақылауға ала бастады.
Рахман Хоссейни, мазандаран провинциясындағы туристік нысандарды бақылауға жауапты маман:
– Екі мекеме канал арқылы теңізге лас су төккені үшін жауапкершілікке тартылды. Жалпы өткен жылғы конвенциядан кейін Каспийге бірден бес ел иелік ететін болды. Демек енді теңіздің ластануымен Иранмен бірге Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан елдері де күреседі. Егер бәріміз жұмыла жұмыс істеп, Каспий теңізін көздің қарашығындай сақтасақ, оны келер ұрпаққа таза күйінде қалдыра аламыз.
Ал келесі аптада арнайы орган қызметкерлері жағалауда тұрғызылған ғимараттарға рейд жүргізіп, мүлек иелерінің құжаттарын тексереді. Себебі Иран заңы бойынша теңіз жағасында нысан тұрғызуға қатаң тыйым салынған.
Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди
Дереккөз: 24.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапармен барды. Президент алдымен қара алтын өндірісінде қолданылатын жабдықтарды шығаратын еліміздегі жалғыз зауыт жұмысымен танысты.
Өндіріс орыны осыдан 4 жыл бұрын іске қосылған. Ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етіп отыр. Жақында іргедегі елдермен байланыс орнатпақ.
Қазір зауытта 360 адам еңбек етеді. Жұмысшылардың қызметін дәнекерлеуші робот құрылғысы жеңілдетіп отыр. Тың жабдық осыдан 2 жыл бұрын жеткізілген. Соның көмегімен еңбек өнімділігін еселеп арттыруға мүмкіндік туды.
Қазір мемлекет басшысы мұнай мен газ саласын дамытуға арналған кеңеске қатысып жатыр. Жиында осы сектордағы өзекті әрі өткір мәселелер қаралмақ. Ол жөнініде алдағы шығарылмдарда толығырақ айтамыз.
Источник: 24.kz
Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, екпінді жел және оңтүстікте найзағай күтіледі.
Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда циклон өтуімен кей жерлерде жауын жауып, тұман болжанады, соған байланысты түнгі және таңғы сағаттарда көріну қашықтығы 200-500 м дейін нашарлайды. Республиканың батыс аймақтарына антициклон ығысып, жаңбыр басылады. Ал ауа температурасы Қазақстанның бүкіл аймағында климаттық нормадан 3…6°С төмен сақталады.