red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

БҚО-да мыңнан астам жас «Жасыл ел» арқылы жұмыс тапты

Дереккөз: 24.kz

БҚО ЖАСЫЛ ЕЛ СТУДЕНТТЕР ЖАСТАР СОНДАЙ-АҚ… БҚО-да балалар мінген қайықты жел айдап әкетті БҚО-да дауылдан мектептің шатыры ұшып кетті БҚО-да көлеңкелі айналымдағы 10 млрд теңге анықталды Грузиялық студенттерге жұмыс табу қиын Әзербайжанда күндізгі бөлімде оқитын студенттердің жұмыс істеуіне рұқсат жоқ БҚО-да мыңнан астам жас «Жасыл ел» арқылы жұмыс тапты 07:36, 10.07.2019 60 UPD: 14:48, 10.07.2019 Батыс Қазақстан облысында биыл 1175 бозбала мен бойжеткен «Жасыл ел» жасағына жұмысқа орналасты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл жалпы ниет еткендердің бестен бір бөлігі ғана. Жастар жаз мезгілінде нәпақа тауып қана қоймай, өңірдің тазалығына үлес қосуға асық.

Орал орман шаруашылығында жастар үшін жұмыс жеткілікті. Жасыл желекті суарып, түрлі құрт-құмырсқадан сақтаумен қатар жаңа көшеттерге орын даярлау керек. Бұл жұмысқа негізінен студенттер жұмылдырылған. Арасында мектептің жоғары сынып оқушылары да бар.

Нұртілек Ғалиуллин, «Жасыл ел» жасағының командирі:

– Әуелі ағаштардың түбін қопсытып, ондағы арам шөптерден тазартамыз, барлығын суарып және жаңа ағаш түрлерін егетін боламыз. «Жасыл елдің» жастарға беретіні өте көп. Мысалы, еңбекке деген құлшыныстарын арттырады, жұмысқа деген ерік-жігерлерін арттырады.

Ауа райының ыстық болуына байланысты арнайы киім үлгісі де жеңіл матадан тігілген. «Жасыл елдің» эмблемасымен қатар тігіншілер Жастар жылының таңбасын да орналастырған. Жұмысшы жастардың арнайы киімі жергілікті фабрикада тігіледі. Мемлекеттік тапсырысты алған кәсіпорын негізінен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып отыр.

Берік Әбілқасов, тігін фабрикасының директоры:

– «Жасыл елден» студенттік отрядқа тапсырыс алып жатырмыз. Осындай тапсырыстар көп болғанын қалаймын, себебі, мүгедектер жұмыс істейді.

«Жасыл ел» жасағы сарбаздарының жалақысы 70 мың теңге төңірегінде. Сондықтан жаз мезгілінде жұмыс істеп, нәпақа табамын деушілер саны көп. Мәселен, тек биылдың өзінде 1175 орынға 5 мыңнан астам адам өтініш берген.

Аслан Тапишев, облыстық «Жасыл ел» штабының жетекшісі:

– Қаражат көлемі көбейсе, «Жасыл ел» бағдарламасында жазғы мезгілде өздерінің уақыттарын тиімді пайдаланып жұмыс істесе, 1175 емес, 2000-2500 сарбаз жас бұл жұмысқа тартылса жақсы болар еді. 

Жастар жасағының өңірлік штаб өкілдері көп балалы үйдің өрендерін «Жасыл ел» қатарына алудың арнайы тетігін жасау қажет дейді. Бұл әлеуметтік әлсіз топты қолдап қана қоймай, өскелең ұрпақты еңбекке баулудың таптырмас жолы болмақ.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Ботагоз Базарбаева, Болат Жарылғасов

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласында мембағдарлама әзірленбек

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен бірге тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кешеніне барды, деп хабарлайды қала әкімінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасының қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаты «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасында айқындалған және қалдықтарды жеке жинауды енгізуге, қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамытуға, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қайта өңдеу өнімдерін өндіруге бағытталған.

Қазақстанның астанасындағы қалдықтарды қайта өңдеу бойынша зауыт – қайталама шикізатты қалпына келтіру арқылы қатты қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыратын, сондай-ақ сұрыпталған пластмассаларды өңдеуге арналған өндірістік нысандары бар қаланың жалғыз кәсіпорны. Елордада 65 қоқыс шығаратын компаниядан кешенге күн сайын 950 тонна ҚТҚ түседі. Қазақстанда өткізілетін іс-шаралар қатты қалдықтарды қайта өндеу үлесін 2018 жылы 11,51% -ға дейін арттыруға мүмкіндік берді, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 9%, 2016 жылы – 2,6% болатын.

Бүгінгі таңда республика бойынша 204 қала мен аудандардан әртүрлі кезеңдерде бөлек жинау 51, ал сұрыптау 30 елді мекенде енгізілген. Сонымен қатар, қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау ірі қалалар мен қоса өңірлерде де жүзеге асырылуда. Сұрыптау кешендерінде мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, қатты қалдықтарды өңдеу саласын одан әрі дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарту қажет. Осыған байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы проблемаларды жан-жақты шешу және осы салада бірыңғай көзқарас қалыптастыру үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинауды табысты жүзеге асыруда халықтың экологиялық санасы мен мәдениеті маңызды рөл атқарады. Сондықтан, экологиялық білімді арттыру мақсатында республикалық және жергілікті деңгейді ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан ШЫҰ құрамында Бейжіңдегі бағбаншылық ЭКСПО-ға қатысып жатыр

Дереккөз: infrom.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6 шілде күні 2019 жылғы Халықаралық бағбаншылық көрмесі аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

“Өткен жылдың маусым айында Циндаода өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының тұжырымдамасы қабылданған болатын. Аталған тұжырымдама аясындағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыты экологиялық қауіпсіздік, климат өзгерістеріне бейімделу, қалдықтарды басқару, экологиялық білім деңгейін арттыру, сонымен қатар “жасыл дамуды” ілгерілету саналады”, -деді Бейжің маңындағы Яньцин қаласында өткен салтанатты шара барысында ШЫҰ бас хатшысы Владимир Норов.

Оның атап өтуінше, 2019 жылдың 14 маусымында Бішкекте өткен ШЫҰ саммиті аясында аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

“Мұның барлығы да ШЫҰ және біздің мемлекеттеріміздің көшбасшыларының еуразиялық кеңістіктегі қоршаған ортаны қорғауға күш-жігерлерін шоғырландыруға ұмтылатындығына дәлел бола алады”, – деді дипломат.

ШЫҰ күнінен елшілер, дипломаттар, мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің ресми тұлғалары, қытай үкіметінің, мәдениет және өнер өкілдері, жалпы 300-ден астам қонақ қатысты. Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін концерт болды.

Естеріңізге сала кетсек, 29 сәуір мен 7 қазан аралығында 2019 жылғы Халықаралық бағбаншылық көрмесі өтіп жатыр. Аталған шараға әлемнің 86 елі мен 24 халықаралық ұйым қатысуда. ШЫҰ-ның бағы жер, ауа және су негізінде әрленген.

Көлсай көлдерінен медуза табылды

Дереккөз: inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР АШМ Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің баспасөз  хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында Көлсай көлдерінен медуза табылғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ерекше күзетілетін территорияларда «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мамандары Орта және Төмен Көлсайдағы фаунаны 2016-2019 жыл аралығында зерттеп келеді.

Атап айтқанда, гидробиология мен гидроаналитика зертханасының қызметкерлері көл түбіндегі микроорганизмдерді бақылауға алған.

«Орта Көлсай суынан тұщы суда өмір сүретін медуза табылғанда таң қалдық. Біздің су қоймаларында бұл жәндіктер өте сирек кездеседі. Алайда соңғы жылдары тұщы суда өмір сүретін жылу сүйгіш медузалардың барлығы жиі айтылып келеді. Бұндай тіршілік иесі Шымкент жанындағы Тоғыз көлінен де табылған», – деді Сәкен Ділдахмет.

Мамандардың пікірінше, Limnocnida tanganyicae және Craspedacusta sowerbii медузаларының суда пайда болуына су температурасының жайлылығы ықпал етеді.

«Көлсайда жазда су температурасы 15-16 градустан аспайды. Бұл медузалар үшін ең шекті температура болып табылады. Олардың Көлсай көлдеріне қалай түскені белгісіз. Бұл медузаны көлге туристердің бірі алып келген болар. Немесе бір құс әкелген болар. Төменгі температурада медузалардың көбеюі ақылға сыймайды. Себебі, Көлсай көлдерінен медузалар қайталап табылып жатқан жоқ», – деді ол.

Алайда мамандар осы ерекше күзетілетін аймақтың фаунасын барынша бақылауға алу керектігін ескертеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті арттыру бойынша басқарма 2019 жылғы шілденің 17-нен 19-на дейінгі мерзім аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті  арттыру бойынша басқармасы 2019 жылдың 1719 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда.   

Басқарма семинар қатысушыларын соңғы өзгертулер мен толықтырулар жасалған ҚР Экологиялық кодексі, электронды тасымалдауыштағы (2000-нан астам құжаттары бар CD-диск) қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» құқықтық базасы үлестірме материалдарымен қамтамасыз етеді.       

Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға ведомстволық үлгідегі куәліктер беріледі.    

Өтінімдер Басқарманың www.pkk.iacoos.gov.kz интернет-ресурсында қол жетімді тіркеу нысаны негізінде қабылданады. 

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 95-48-13,   95-47-41 телефондары және pkkiac@mail.ru электронды мекенжайы арқылы Басқарма мамандарына хабарласуға болады. 

 

2019 жылғы маусымның 26-нан бастап 28-не дейінгі мерзім аралығында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

2019 жылдың 26-28 маусым аралығында ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Біліктілікті арттыру бойынша басқармасымен Ақтөбе қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына семинар өткізілді.   

Семинар жұмысына «КазЭкоБиоСистема» ЖШС, «ЭКО Пром KZ» ЖШС, «NEO PLUS» ЖШС, «Ақжар-хром» ЖШС, «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «GREENJAIK» ЖҚ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК өкілдері қатысты.   

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды: мемлекеттік аналитикалық экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша тәжірибелік ұсынымдар, мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі, Қазақстан Республикасының орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясында көзделген міндеттері, қалдықтарды өңдеуге арналған технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді экологиялық реттеу және т.б.  

Семинар қатысушылары соңғы өзгертулер мен толықтырулар жасалған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер енгізілен дискілермен қамтамасыз етілді.   

Семинар куәліктерді табыстаумен аяқталды.     

 

«Сарыарқа» газ құбырының құрылысына тың технологиялар қолданылады

Дереккөз: 24.kz

«Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысына Чехияның әйгілі компаниясы қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көгілдір отынды елді мекендерге тарату үшін көптеген қосалқы бөлшектер керек. Ал бұл салада Қазақстанның тәжірибесі аздау. Енді чех технологиясы бойынша бұл құрылғылар отандық кәсіпорындарда жасалады. Қарағандыдағы кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде тараптар жұмыс жоспарын пысықтады.

Айта кетейік, «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша салынатын «Сарыарқа» магистральды газ құбыры болашақта 3 миллион тұрғынды көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Оның 820 шақырымы Қарағанды облысы арқылы өтеді. Өңірдегі 5 ірі қала мен 119 елді мекенге газ тартылады.

Генадий Копьяк, Кәсіпкерлер палатасы жанындағы машинақұрылысы комитетінің төрағасы:

– Дәл қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілмейтін қосалқы бөлшектердің сызбаларын, жасалу технологиясын чехтардан алмақпыз. Қысым датчигі, газ есептегіш секілді көптеген қондырғыларды өзімізде өндірсек, бағасы да анағұрлым арзанға түседі. Бұл бағытта жұмыс істейтін мамандарды оқуға жіберіп, біліктілігін жетілдіруіміз керек.

 

Алматыда Панфилов көшесіндегі тамыр жаймаған ағаштар күзде ауыстырылады

Дереккөз: inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Панфилов көшесінде жайқалып тамыр жая алмай қалған ағаштардың орнына күзде басқа ағаштар отырғызылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Панфилов көшесі былтыр қайта жаңғыртылған болатын. Құрылыс жұмыстарынан соң мердігер ұйым мұнда 380 ағаш отырғызған еді. Ағаш көшеттерін тасымалдау және отырғызу кезінде біраз күш түскен. Олар жаңа орынды жерсінбей әрі аязға шыдамай, салдарынан катальпа көшеті жарамсыз болып қалды.

Осыған орай,«Компания АИС Астана» мердігерлік ұйымы кепілдемелік міндеттеме бойынша биылғы жылдың вегетация маусымында жаңа ағаштар отырғызады.

Айта кетерлігі, 2015 жылы қалалықтардың талқылауынан соң қабылданған «Алматы-2020» Бағдарламасы аясында қаланың тарихи орталығының 60% жөнделді. Жайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында энергия жинақтаушы тротуар шамдары, көше жиһаздары, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері пайда болады. Жасылдандыру жүргізілді және жаңа ағаштар отырғызылды, суарудың автоматты жүйесі тартылды.

«Қала адамдар үшін» концепциясы аясында Алматыда биылғы жазда жаяу жүргіншіге басымдық беру үшін Достық даңғылының, Жібек жолы мен Байсейітова көшелерінің бөліктеріне реконструкция жүргізілуде.

4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Дереккөз: 24.kz

Қазақстанның батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде қатты жаңбыр тудырған биіктегі циклон Батыс Сібірге баяу жылжып, толтырылады.

Тропосфералық ағындар ендікке ауыса бастайды, яғни ауа массалары Атлантикадан келе бастайды. Сондықтан солтүстік облыстарда жаңбыр әлі де сақталып, ал республиканың оңтүстік облыстары жоғары атмосфералық қысымда болады. Сондықтан солтүстік облыстарда жылы ауа райы күтіледі. Оңтүстік облыстарында ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болжанғанымен, 40 градустық ыстық күтілмейді.

Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялады

Дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика