Дереккөз: «Астана ЭКСПО-2017»
Астана қ., 2016 жылғы 22 желтоқсан
22 желтоқсанда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-да ЭКСПО-2017 Қоғамдық кеңесінің қорытынды отырысы болып өтті. Кездесу аясында Қоғамдық кеңестің үш отырысының жұмыстарына қорытынды жасалды және Қазақстан Үкіметіне әрі қарай қарастыру үшін жіберілетін 10 негізгі ұсыныс қабылданды.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің және шақыртылған сарапшылардың алдында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов сөз сөйледі. Ол 2016 жылы компанияның қол жеткізген негізгі жетістіктері туралы айтып берді.
«Біз сіздермен қаңтар айында Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында кездескен едік. Бұл жыл қауырт, бірақ нәтижелі болды. Көрме кешенін қарап шығып, бұған көз жеткіздіңіздер деп ойлаймын. Жақында Президент ЭКСПО аумағында стелланы ашты. Елбасы біз жасаған күрделі жұмысты байқады. Құрылысқа қатысты айтар болса, біз бүкіл жұмысты заңды негізге қойдық. Ең алдымен, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірледік және мемлекеттік сараптама алдық. Бұл аса үлкен қағаз жұмысы. Біз аса қомақты соманы үнемдедік, оны барлық нысандар бойынша қорытынды сараптама алған кезде дәл айтамыз», – деді Ахметжан Есімов. Ұлттық компания басшысы сондай-ақ Қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне органның жұмысына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді және келе жатқан жылда мол табыс пен жетістіктер тіледі.
ЭКСПО-2017 Қоғамдық кеңесінің Төрағасы, Л.Н.Гумилев ат. Еуразия университетінің ректоры Ерлан Сыдықов 2017 жылы жоо базасында Гидтер мен экскурсия жүргізушілерін даярлау бойынша орталық құру идеясы туралы айтты. «Гидтер мен экскурсия жүргізушілері қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз, түрік және басқа тілдерді үздік деңгейде біліп қана қоймай, сонымен қатар шетелдік туристерге елімізді ең жақсы жағынан көрсету үшін Қазақстан мен дүниежүзі географиясын, тарихын, экономикасын білулері тиіс».
Сонымен қатар Қоғамдық кеңестің Төрағасы ішкі және Байқоңыр ғарыш кешеніне келушілер туризмін дамыту үшін «Астана-Байқоңыр-Астана» және «Алматы-Байқоңыр-Алматы» тікелей әуе бағдарларының ашылуына, сондай-ақ шетелдік туристерді кешенге жіберуге өтінімдерді қарастыру мерзімдерін 45-тен 14 күнге дейін қысқарту туралы сұрақты шешуге қатысты ұсыныстар айтты.
ЭКСПО-2017 Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы 2016 жылдың 26 қаңтарында болған. Қоғамдық кеңестің бүкіл жұмысы ішінде бір жыл бойы консультативтік-кеңесші органның мүшелерімен 50 бағалы ұсыныстар мен кепілдемелер берілгенін айта кеткен жөн. Үкімет пен мемлекеттік органдарға қарастыруға негізгі 10 ұсыныс жіберіледі. Оның ішінде, туризмді дамыту бойынша дербес мемлекеттік органды құру туралы, «Байқоңыр» космодромына келу үшін шетелдік туристерге визалық және көліктік жағдайлар жасау туралы, Л.Гумилев ат. Еуразия университетінің базасында Гидтер мен экскурсия жүргізушілерін даярлау бойынша орталық құру туралы. Барлық осы сұрақтар Қоғамдық кеңестің отырыстарында бірнеше мәрте көтерілген және мемлекеттік органдардың сарапшыларының қатысуымен, облыс Әкімдерімен және қоғамдастық өкілдерімен талқыланған.
Дереккөз: www.24.kz
Енді тағы бір маңызды жұмыс легі басталады.
«Ол – ішкі мазмұн», – деді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов. EXPO көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері алдында баяндама жасаған Ахметжан Есімов 170 күннен кейін ашылатын кешенді шараға қатысушы елдер саны 112-ге жеткенін айтты. Соның 108-і өз комиссарларын тағайындап үлгерген. 75 мемлекет ұлттық күндерін өткізудің кестесін бекітіпті. 18 халықаралық ұйым қатысатынын мәлімдеген. Бүкіл әлем көрме тақырыбын ұнатып отырғаны анық. Себебі дүниежүзі болашақтың энергиясын іздеп жүр. Ахметжан Есімов бірыңғай қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп жатқанын және Франция, Түркия, Қытай, Ресей, Сингапур секілді барлығы сегіз мемлекет өз павильондарын сайлап қойғанын айтты.
Ахметжан Есімов, «Астана EXPO 2017» АҚ басқармасының төрағасы:
– EXPO күтпеген жерден дағдарысқа қарсы бағдарламаға айналды. 48,9 млрд теңгеге 322 отандық тауар өндірушінің өнімі сатып алынды. 50 мың адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік туды. Құрылысшылар саны он төрт мыңға жеткен кезін білеміз. Көлемі 1 млн шаршы метрді құрайтын ғимараттар тұрғызылды. Барлығы 4400 пәтер салынады.
Дереккөз: www.24.kz
2019 жылдан бастап полигондарға батареялар, тұрмыстық техника мен жиһаздарды тастауға шектеу қоятын заң қабылданады. Себебі электр құрылғылары қалдықтардың ең қауіпті сатысына жатады. Күн сайын миллиондаған техника полигондарға тасталып жатыр. Тиісінше қоршаған ортаға мырыш, сынап секілді улы заттар бөлінуде. Ендеше ескірген мұндай құрылғыларды қайда жібереміз?
Дереккөз: «Астана ЭКСПО-2017»
Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA)* «ЭКСПО-2017» қатысуын ресми растады. Бұл туралы IRENA бас директоры Аднан Амин 12 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаевпен Әбу-Дабиде өткен кездесуде мәлімдеді. А. Амин осының дәлелі ретінде Р. Жошыбаевқа ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің атына тиісті хат тапсырды.
Кездесуде сондай-ақ Қазақстанның халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестік перспективасы, соның ішінде ірі халықаралық алаңдарда көрме тақырыбын бірлескен кешенді жылжыту мәселесі талқыланды.
Р. Жошыбаевтың Біріккен Араб әмірліктері Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Ахмад аль-Джерманмен кездесуі барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері қаралды. Ахмад аль-Джерман эмират тарапының инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Қазақстанмен үкіметаралық келісімге жақын арада қол қоюға дайын екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар Қызметтік және арнайы төлқұжаттары бар азаматтардың өзара визасыз сапары туралы хаттамаға қол қою,сондай-ақ екі елдің азаматтары үшін виза талаптарын толықтай жою туралы келіссөз процесіне бастама көтеру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. «ЭКСПО-2017» көрмесін араб елдерінде ақпараттық-имиджтік сүйемелдеуге дайындығы туралы Эмират тарапының сендіруі Р. Жошыбаевтың БАӘ Ұлттық медиакеңесінің бас директорының орынбасары Салем аль-Америмен кездесуінің тағы бір қорытындысы болып табылды.
Абу-Дабиде Р. Жошыбаев сондай-ақ Эко қалалардың дүниежүзілік саммитіне қатысты. Ол «ЭКСПО-2017» тұсаукесерін таныстырған сәтте Астанада өтетін бұл көрме баламалы энергетиканы әзірлеуге және пайдалануға маңызды үлес қосатынын, ең озық әлемдік технологияларды ұсынуға мүмкіндік беретіндігін және XXI ғасырда энергетикалық тиімді бағдарламаларды ілгері жылжытуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Дереккөз: «Астана ЭКСПО-2017»
Астана қаласы, 2016 жылғы 21 желтоқсан
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ҚР Энергетика министрлігімен бірлестікте қазақстандық өнертапқыштар арасындағы «Болашақ энергиясы» республикалық байқауын қорытындылады. Интернет пайдаланушыларының пікірлері бойынша, Марат Исекеевтің «Роторлық типтегі көпдеңгейлік көпқатарлы жел станциясы» жобасы ең үздік болып танылды. Жел станциясы өтпе жел әсерін пайдаланады, оның есебінен қондырғы электр энергиясын оған ұқсас қондырғылармен салыстырғанда 30-50%-ға артық өндіреді. Республикалық байқау жеңімпазын «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов құттықтады.
«Біз үшін ел өңірлерінің барлығы дерлік, барлық ғалымдарымыз, жаңашылдарымыз белсенді қатысқан бұл байқау біздің елімізде инновациялардың дамуына қозғаушы күш болатындығы қуантады және оның үстіне 2017 жылы Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесінің базасында аса ірі инновациялық алаңға айналатындығын атап өту көңіл сүйсіндіреді. Біздің отандық ғалымдарымыздың озық технологияларын бүкіл әлемге көрсетуімізге мүмкіндік туады, осы орайда бүгін ғалым Марат Исекеевті осы марапатымен құттықтау мүмкіндігі мен үшін үлкен құрмет. Оның жобасы отандық ғалымдарымыздың 28 жобасының қатарында ЭКСПО-2017 көрмесінің базасында, Қазақстан» павильонындағы «жасампаз энергия» аймағында таныстырылатын болады», – деді Е.Шорманов.
Байқауға барлығы жүзге тарта өтінім келіп түсті. Олардың арасынан сараптамалық комиссия 50 жобаны іріктеп алды, олар www.yourexpo.kz сайтына орналастырылды. Өнертапқыштар мен жаңашылдар арасындағы тартыс осы сайтта өтті. Сайтта орналастырылған жобалар үшін, жалпы алғанда, 55 мыңдай адам дауыс берді.
«Сайт бірнеше қайтара дауыс беруден қорғалды. Сондықтан біз байқау қорытындысы, бүгінгі жеңімпаз объективті дауыс беру нәтижесінде анықталды деп есептеуімізге болады ойлаймыз. Айта кетерлік жай, Марат Исекеев өтінімді жуырда ғана берді, алайда оның өнертабысы дауысты аса екпінді түрде жинап, бірінші орынға озып шықты. Оған дейін қызықты идея ұсынған алматылық өнертапқыштар ұзақ уақыт бойы алда келген болатын», – деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.
Естеріңізге сала кетелік, жеңімпаздың жобасы 2017 жылы Көрмедегі ҚР Ұлттық павильонында көрсетілетін болады.
Байқау жеңімпазы туралы анықтама:
Исекеев Марат Мұхаметқалиұлы, техника ғылымдарының кандидаты, компьютерлік технология және логистика кафедрасының профессоры, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы жанындағы «G-Global» жастар штабының жетекшісі.
60 жастағы Марат Исекеев республикалық байқауға «Роторлық типтегі көпдеңгейлік көпқатарлы жел станциясы» атты жоба ұсынды.
Дереккөз: www.24.kz
Чехия EXPO-2017 көрмесінің алаңына энергетика саласындағы заманауи технологияларды шығармақ. Бүгінгі таңда еліміз бұл елмен баламалы қуат көздері саласында бірнеше жобаларды қолға алған. Ондағы басты назар судан қуат алу болып отыр. Екі ел арасындағы әріптестік жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.
Дереккөз: www.24.kz
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан ең алғашқылардың бірі болып «жасыл» экономика саласын игеруге бел буды. Арнайы тұжырымдама қабылданып, түрлі экологиялық және халықаралық ұйымдарға мүше болды. Бұл бағытта мыңдаған жұмыс орындары мен кәсіпорындар құрылды. Заман талаптарына сай инновациялық зертханалар ашылды. 25 жылда Қазақстан жеткен саладағы жетістіктер жайлы осы шығарылымда сөз етеміз.
Семинарда 10 маман оқытылды, соның ішінде:
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Варваринское» АҚ; «Қарақұдықмұнай» ЖШС; «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті» РММ; «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» РММ.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Журынова Сауле Конысхановна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;
Макажанова Аида Жанаталаповна – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті басқармасының басшысы;
Жайсаңбай Әсем Серікбайқызы – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті басқармасының басшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры.
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.
Семинарда 10 маман оқытылды, соның ішінде:
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Варваринское» АҚ; «Қарақұдықмұнай» ЖШС; «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті» РММ; «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» РММ.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Журынова Сауле Конысхановна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;
Макажанова Аида Жанаталаповна – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті басқармасының басшысы;
Жайсаңбай Әсем Серікбайқызы – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті басқармасының басшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры.
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: «Астана ЭКСПО-2017»
ЭКСПО-2017 көрмесі ұйымдастырушысының кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовтің Словакия Республикасы Ұлттық секциясының комиссары Патриция Жачиковамен кездесуі өтті, кездесу барысында Словакияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы жөніндегі шартқа қол қойылды.
Кездесу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін сөз етті. Ахметжан Есімов словакиялық тарапты Көрмеге дайындық және көрмеге халықаралық қатысушыларды тарту жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, ұлттық компания Басқармасының Төрағасы қазіргі уақытта 7 мемлекеттің өкілдеріне павильондар толтыру және контент үшін табысталғандығын және таяудағы уақыттарда бұл жұмыстың жалғаса беретіндігін жеткізді.
«Шарт жасасуды біз екі ел арасынағы экономиалық қарым-қатынастардың дамуындағы кезең деп бағалаймыз. Бұл Словакияны бүкіл әлемге өнеркәсіптік дамыған ел ретінде таныстырудағы маңызды қадам. Біз энергетика саласындағы құрылыс және жаңғырту, жаңартылатын энергия көздері облысындағы арнайы технологиялар бойынша словакиялық компаниялардың көптеген таныстырылымдарын дайындағымыз келеді».
Кездесу қорытындысы – ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Словакияның қатысу туралы шартқа қол қойылды.
Естеріңізге сала кетелік, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрмеге 5 миллион шамасында адам келеді деп күтілуде.