red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ЭКСПО-2017 көрмесінің билет бағалары белгілі болды

Дереккөз:  lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің басталуына тура жарты жыл бұрын іс-шара билеттерін кассаларда сату басталды. Билет кассаларының ашылу салтанаты астаналық «Керуен» СОО-да, «Хан-Шатыр» СОО-да, сондай-ақ «MEGA Park» және «Алматы MEGA Орталығы» СОО-да өтті. Айта кету керек, көрме билеттерін онлайн сату ағымдағы жылы 10 маусымында, яғни көрмеге дейінгі бір жыл бұрын басталған болатын.

 Енді билеттерді тек ресми сайттан ғана емес, сондай-ақ кассалардан тікелей сатып алуға болады. Билеттер құны әртүрлі. Айталық, жұмыс күндері белгілі бір нақты күні кіруге арналған билетінің бағасы 4000 теңге, демалыс күні – 6000 теңгені құрайды. Күні белгіленбеген, яғни ашық даталы  билет 2000 теңгеге қымбат болады. Студенттер, оқушылар, көп балалы аналар және жеңілдік санатына кіретін басқа да қазақстандықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне 50 пайыз жеңілдікпен кіре алады. Ал соғыс ардагерлеріне, алты жасқа дейінгі балаларға, жетім балаларға, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға – билет тегін. Аталған әлеуметтік топтарға арналған жеңілдік шарттары Көрмені өткізу кезеңінде ғана қолданылады.

«ЭКСПО-2017» билеттерді сату стратегиясы белгілі бір кезеңдерге негізделген. 10 маусымда онлайн-сату, 10 шілдеде туроператорлар үшін ЭКСПО көрмесіне билеттерді сату, 10 тамызда – реселлерлер үшін, ал 1 қыркүйекте субагенттік желі арқылы билеттерді сату басталды. Қазір билеттерді «Қазпошта» бөлімшелерінен, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Marwin/Меломан дүкен желілерінен және сауда-ойын-сауық орталықтарынан, сондай-ақ, Астана және Алматыдағы көрменің ресми билет кассаларынан алуға болады.  10 наурыздан бастап кассалар елдің барлық 14 өңірінде жұмыс жасай бастайды.

Ресми офлайн-сатудың ашылу рәсімі барысында касса келушілеріне арнайы сыйлықтар дайындалды. Алдағы Көрме кассаларының ашылуына Астана мен Алматыда танымал кісілер болды.  ЭКСПО-2017 елшілері олимпиада  чемпионы Александр Винокуров пен қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, сондай-ақ белгілі қазақстандық актер мен әншілер келді. Олар билет сатып алып, жанкүйерлеріне қолтаңба таратып, арнайы сұхбат берді.

EXPO көрмесіне жастар да атсалыспақ

Дереккөз: www.24.kz

Алып кәсіпорындардағы реакторлар мен катализаторлардан шығатын шаң-тозаң мен улы газдар ылғалды әдіспен тазаланады.

Ал кәдімгі төрт түліктің қиынан биоэнергия мен жылу өндіріледі. Бұның барлығы шымкенттік жас ғалымдардың ойлап тапқан тың жобалары. Өңірдегі оңтүстік туристік орталығында ұйымдастырылған «EXPO жастар көзімен» атты көрмеге баламалы қуат көзі болып табылатын осындай 9 жоба қойылды. Экоаялдама мен этносаяжолды безендіруде өнертапқыштар негізінен ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді қолданған. Ал оны жарықтандыруға баламалы қуат көзін пайдаланады. Жас ғалым Ерболат Әбдіразақтың желдің екпінінен қуат өндіретін айналмалы қалақшасы шағын бір үйге жарық береді. Енді ұстазы екеуі жер астынан шығып жатқан ыстық судан электр энергиясын өндіруді қолға алған. Бұл жобаны EXPO көрмесіне ұсынбақ.

Ерболат Әбдіразақ, өнертапқыш:

– Біздің желіміз қатты айналған сайын электр энергиясы жарығын күшейте түседі. Мұны қолдану өте тиімді. Төрткүлде, Созақ аудандарында қолданған дұрыс.Ол жерлер таулы аймақ желі көп болады.

Жасыл экономика. Париж климаттық келісімінің Қазақстандағы механизмі

Дереккөз: www.24.kz

Ауа температурасының артуын төмендету, климаттық өзгерістермен күрес. Бұл өткен жылы Франция астанасы Парижде өткен климаттық саммитте көтерілген үлкен мәселе болды. Дамушы елдерге осы бағытта көмек көрсету бойынша мемлекеттер келісімге келді. Қазақстан да жаһандық мәселеден қалыс қалмады. Париж климаттық келісімін жүзеге асыру үшін нақты тәжірибелік қадамдарды жасау керек. Бүгінде бұл жолда қандай механизмдер қалыптасты?

«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға чеш мемлекет басшылығы келеді

Дереккөзі: «EXPO-2017 Астана»

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Басқарма басшысы Ахметжан Есімов Чехия Өндіріс және сауда министрі Ян Младекпен, Чех Республикасының қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Элиш Жигавомен және Чехия ұлттық павильонының Комиссары Ян Крсомен ЭКСПО-2017 көрмесі ұйымдастырушылар кеңсесінде кездесуі өтті. Кездесуде Чех Республикасының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойылды.

Басқасы барысында Ахметжан Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрмені ұйымдастыру жұмысы туралы, сондай-ақ, халықаралық қатысушыларға павильондардың берілу дайындығына тоқталып өтті.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық қарқынды жүргізілуде, біз ендігі мазмұнмен толтыру кезеңіне көштік. Соңғы аптаның өзінде көрмеге қатысатындығын 6 мемлекет пен 1 халықаралық ұйым растады. Жалпы алғанда, қатысушы мемлекеттер саны 112, халықаралық ұйымдар 18-ге жетті. Біз қатысушы мемлекеттерге павильондарды өткізу және пәтерлерді беру жұмыстарына кірісіп кеттік», – деді ұлттық компания басшысы.

Басқарма басшысы ірі транссұлттық компаниялардың көрмеге қызығушылығының ерекше екендігін айтты. SAMSUNG, Shell, Chevron және тағы да басқа компаниялардың көрме серіктесі болғандығына тоқталды. Серіктестік тарапынан 126 млн.еуро көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.

Чех Республикасының Өндіріс және сауда министрі Ян Младек «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуі екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты арттырып, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретіндігіне, сондай-ақ энергия жетіспеушілігі мен жаһандық экология мәселесінің шешілуіне  ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

«Көрме тақырыбы бізге өте жақын. БЭП (ВИЭ) дамыту бойынша үлкен тәжірибеміз болғандықтан, осындай ауқымды іс-шараға қатысуға қызығушылық білдіріп отырмыз. Сондықтан «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға мемлекетіміздің басшысы, Премьер-министр мен Үкімет мүшелері келетін болады», – деді Ян Младек.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Нидерланд Корольдігінің ұлттық секциясының комиссары және Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Дирк Ян Коппен кездесті. Кездесуде екі жақ алдағы көрмеге дайындық барасын талқылап, голландықтар павильонына қатысты техникалық мәселелер айтылды.

bam_9298

Жасыл экономика. EXPO-2017 көрмесіне дайындық қалай?

Дерекөз: www.24.kz

Келер жылы елімізде өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесі өзге елдердегі кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. Бірі мұнда қаржы салатын бизнес жоба іздесе, екіншісі кәсібін жандандыруға болатын бос нарықты табуды қалайды. Қазан айында көрмеге қатысушыларға павильондарды тапсыру рәсімі басталды. Бүгінде Чили, Мексика, Перу, Колумбия, тіпті Барбадос аралы да оған қатысуға ниет танытты. Осылайша мемлекеттер саны 111-ге жетті. 17 халықаралық ұйым да қызығушылық танытып отыр. Осы шығарылымды біз EXPO-2017 көрмесіне дайындық жайына арнаймыз.

2016 жылдың 21-23 қарашасында Вена қ. (Австрия) ЕҚЫҰ қолдауымен Орхус орталықтарының жылдағы кездесуі өтті. Осы іс- шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Екі күндік кездесу барысында қатысушылар үкіметтік емес ұйымдар мен Орхус орталықтарының халықаралық жұмыс тәжірибесімен және олардың «жасыл» технологиялар принциптерін насихаттауға қосқан үлесімен,  экологиялық проблемаларды шешуде азаматтық қоғамның қатысу дамуымен, жастарды үкіметтік емес ұйымдар мен Орхус орталықтарының қызметіне тартуымен танысуға мүмкіндік алды.

Ағымдағы жылдың 23 қарашадағы, іс-шараның қатысушылары, оның қызметінің принциптерімен, кәсіпорынның құрылысымен, қалдық жинайтын коммуналдық қызметтің өзара іс-қимыл нысанасымен, сондай-ақ қоқыс және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және жағу үшін қазіргі заманғы Австрия технологияларымен танысу мақсатымен Вена қ. «WKU Pfaffenau» жағуға және қайта өңдеу жөніндегі ірі компаниялардың бірінде болды.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам өзара іс-қимылының оң мысалдарын бірқатар ұсынды. Атап айтқанда, пайдаланылған жиһаз, тұрмыстық техника, интерьер заттары, кітаптар, ойыншықтар, киім сататын дүкендер. Жергілікті билік өкілдерімен осындай дүкендер ашу тарихы туралы және халыққа оның артықшылықтарын (қаржы бойынша да) дұрыс түсіндіру презентациясы жасалынды. Аталған дүкендер сатудан түскен барлық қаражат қайырымдылық қорына жібереді.

Жасыл экономика. «Water in aul» жобасы

Дереккөз: www.24.kz

Бұл ауылдық жерлердегі су үнемі мәселесіне көңіл бөлген жоба. Басты қатысушылары жастар. Олардың арасында арнайы байқау ұйымдастырылып, елді мекендерде жүзеге асуы мүмкін деген ең үздік жұмыстар іріктеліп алынды. Ауылдық жерлерде су мәселесі өте өзекті. Әсіресе оның тазалығы, қолжетімділігі аса маңызды. Жалпы бүгінде жоба аясындағы нәтиже қандай?

Жасыл экономика. Прогреске апаратын инновация

Дереккөз: www.24.kz

Бүкіләлемдік экономиканың тұралаған тұсында тұрақтылықтың жаңа моделі қажет. Жаһандық бағыт «жасыл» экономикаға өту дейді мамандар. Оның қатарында Қазақстан да бар. Сарапшылар бұл бағытты дамыту үшін тиімді инновацияларға ауқымды инвестициялар салу қажеттігін айтады. Дамыған елдер ғимараттардың энерготиімділігін арттыру мен инфрақұрылым, тіпті эко-қалалардың құрылуына басымдық берсе, дамушы елдер қаржыларын ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және автономды энергияға жұмсауда дейді олар. Таза энергия жолына түскен Қазақстан қазір жас өнертапқыштардың стартаптарына көңіл бөліп, барынша қолдау білдіруде. Толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.

Жасыл экономика. Тұран жолбарысының популяциясын қайта жаңғырту

Дереккөз: www.24.kz

Қазақстандық биоалуандылықты сақтау қауымдастығының мәліметінше тұрғындар соңғы рет тұран жолбарысын 1947 жылы кезіктірген. Өкінішке орай антропогендік факторлардың кесірінен олар жойылып кетті. Жабайы аңның бұл түрі әлемнің тек 13 елінде ғана өмір сүрген. Бірнеше жыл бұрын Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры елімізде тұран жолбарысының  популяциясын қайта жаңғырту жөнінде арнайы аймақ құру бастамасын көтерген болатын. Бүгінде сирек кездесетін аңдардың популяциясын қалпына келтіру үшін жасалған арнайы бағдарлама қалай жүзеге асырылып жатыр?

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 23-25 қарашасы аралығында Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 17 маман оқытылды, соның ішінде:
• табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 14 адам;
• мемлекеттік мекемелер қызметкерлері – 1 адам;
• ҮЕҰ өкілдері және басқалар – 2 адам.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС; Троицк ҚАЭС «ОГК-2» ААҚ; «Гордорсервис-Т» ЖШС; «Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ; «Азиялық Газқұбыры» ЖШС; «Семизбай – U» ЖШС; «АБК-Автодор НС» ЖШС; «МұнайТас» СБҚК» АҚ; «АБК Курылыс-1» ЖШС; «ТеңізСервис» ЖШС; ҚР ЭМ ЭРБК Атырау облысы бойынша экология департаменті; «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК; Экология және орнықты даму институты.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Журынова Сауле Конысхановна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;
Макажанова Аида Жанаталаповна – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті басқармасының басшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры.
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика