red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 23-25 қарашасы аралығында Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 17 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 14 адам;
  • мемлекеттік мекемелер қызметкерлері – 1 адам;
  • ҮЕҰ өкілдері және басқалар – 2 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС; Троицк ҚАЭС «ОГК-2» ААҚ; «Гордорсервис-Т» ЖШС; «Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ; «Азиялық Газқұбыры» ЖШС; «Семизбай – U» ЖШС; «АБК-Автодор НС» ЖШС; «МұнайТас» СБҚК» АҚ; «АБК Курылыс-1» ЖШС; «ТеңізСервис» ЖШС; ҚР ЭМ ЭРБК Атырау облысы бойынша экология департаменті;  «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК; Экология және орнықты даму институты.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Журынова Сауле КонысхановнаҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;

Макажанова Аида Жанаталаповна – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті басқармасының басшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

Баспасөз хабарлама

Дереккөз: energo.gov.kz

2016 жылғы 21-22 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Балаға мейірімді Қазақстан!» атты халықаралық конференциясы өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің, Қазақстандағы БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен өткізілді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарыБ.Қ Хаменова мен М.Б.Теміржановтың, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Бала және қоршаған орта» тақырыбында қоршаған ортаны қорғау саласындағы балалар құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелері туралы диалог алаңы ұйымдастырылды.

Халықаралық конференцияның мақсаты – сындарлы диалогты тұрақты қамтамасыз ету үшін платформаны одан әрі дамыту және жетілдіру.

Халықаралық конференция балалар құқықтарын қорғау саласында республикада барлық тиісті мемлекеттік органдардың және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін жетекші үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың жүйелі жұмыстардың нәтижесі болады. Конференцияның барысында («Бала және қоршаған орта» қоса алғанда) балалар құқықтарын қорғау саласындағы барлық негізгі аспектілерін қозғайтын 13 тақырыптық бағыт бойынша алаңдарға тұрақты жұмыс берілді.

Алаңдардың негізгі мақсаты 2015 жылғы 4-ші елдік баяндаманың нәтижесі бойынша бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінің 70-сессиясындағы ұсынымдарын іске асыру жөніндегі тәжірибелік шаралар бағыттарын дамыту болып табылады.

Жасыл экономика. Қалдықтарды сұрыптаудың тиімді жолдары

Дереккөз: 24.kz

Жыл сайын полигондардағы қалдық көлемі артып келеді. Осы орайда мамандар қалдықтарды тиімді басқару жүйесіне тез арада көшу қажет екендігін ескертеді. Қарағандылық қоқыс сұрыптайтын зауыт бұл мәселені бірнеше жылдан бері қолға алған. Олар мектептерде үгіт жұмыстарын ұйымдастырып, тұрғын үй аулаларына арнайы контейнерлер орналастырған. Толығырақ осы шығарылым

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 16-18 қарашасы аралығында Павлодар қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 11 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 8 адам;
  • жеке тұлғалар – 1 адам;
  • ҮЕҰ өкілдері және басқалар – 2 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Каустик» АҚ; «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ; «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС; «Ангренсор Энерго» ЖШС; «Победа» ЖШС; «Тотал Сервис» ЖШС; «Қазақавтожол»  ШЖҚ РМК ПОФ; «ЭТРО» ҒӨБ КҚ; «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС.

Дәріс оқығандар:

Булатова Зарина Исмагуловна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД БАҚБ басшысы;

Макажанова Аида Жанаталаповна – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті басқармасының басшысы;

Бекеев Адилетбек Толендиевич – ҚОҚ және табиғатты пайдалану саласындағы тәуелсіз сарапшы.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 16-18 қарашасы аралығында Павлодар қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 11 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 8 адам;
  • жеке тұлғалар – 1 адам;
  • ҮЕҰ өкілдері және басқалар – 2 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Каустик» АҚ; «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ; «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС; «Ангренсор Энерго» ЖШС; «Победа» ЖШС; «Тотал Сервис» ЖШС; «Қазақавтожол»  ШЖҚ РМК ПОФ; «ЭТРО» ҒӨБ КҚ; «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС.

Дәріс оқығандар:

Булатова Зарина Исмагуловна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД БАҚБ басшысы;

Макажанова Аида Жанаталаповна – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті басқармасының басшысы;

Бекеев Адилетбек Толендиевич – ҚОҚ және табиғатты пайдалану саласындағы тәуелсіз сарапшы.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

Американдық павильонның ұйымдастыру мәселелерімен «APCO Worldwide» компаниясы айналысатын болады

Дереккөз: expo2017atana.com

Астана қ., 17 қараша 2016 ж.   

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов «APCO Worldwide» компаниясының атқарушы вице-президенті Дон Бонкермен кездесті.

Басқосу барысында екі жақ Америка Құрама Штаттарының халықаралық мамандандырылған көрмесінде қатысу мәселесі талқыланды.

Кездесуде А.Есімов америкалық делегация өкілдеріне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Франция, Германия, Қытай, Түркия және Венгрия елдерінің өкілдеріне павильондар беріліп те қойды. Сондай-ақ, қатысушы мемлекет қызметкерлеріне пәтерлер де дайын. Алда тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау міндеті тұр. АҚШ павильоны тапсыруға дайын», – деді А.Есімов.

«АРСО» компаниясы америкалық павильонның ашылуы бойынша жұмыстарды атқару үшін таңдалды. Біздер барлық ұйымдастырушылық мәселелермен, айталық павильон дизайны, контенті, оны ілгерілету жұмыстарымен айналысатын болады», – деді Дон Бонкер.

 Бүгінгі таңда Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын 106 мемлекет растады, 101 мемлекет өз комиссарларын таңдады, 90 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.

Айта кету керек, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 10 маусым мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін болады.

Жасыл экономика. Экологиялық бағалау жүйесі

Дереккөз: www.24.kz

Ел экономикасының құраушы күші өндіріс саласы болғанымен одан шыққа зиянды қалдықтар экологияға айтарлықтай зиянын тигізіп отыр. Бүгінде ғалымдар бұл бағытта біршама жобаларды қолға алған. Олар зиянды қалдықтарды алдын-ала болжап, озық технологиялардың арқасында «жасылдандыруға» мүмкіндік алмақ. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу моделін қолдау жобасы аясында да Еуроодақ, БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық экономикалық комиссия стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін қолға алады. Ол қалай жүзеге аспақ?

Жасыл экономика. Жасыл технологияның жас өнертапқыштары

Дереккөз: www.24.kz

«Жасыл» экономиканың дамуы алдағы 20 жылда қосымша 60 млн жұмыс орнының ашылуына түрткі болады. Оның «жасылдануы» бизнес пен еңбек нарығына жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Статистикалық деректерге көз салсақ «жасыл» экономиканың дамуымен қоса нарықта экодизайнер, экоқұрылысшы, «жасыл» кеңесші деген мамандарға сұраныс артып отыр. Сондықтан жастар білім мен ғылым, техниканың тілін жетік меңгеріп, экологиялық таза дүниелерді жасауға ұмтылуда. Бүгінгі шығарылымды елімізде осы бағытта жұмыс жасап жатқан жас өнертапқыштарымызға арнаймыз.

Бишімбаев Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның даму қорытындылары мен 2025 жылға дейінгі елдің стратегиялық дамуының негізгі ережелерін сарапшылармен бірге талқылады

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) алаңында сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстанның 25 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасау және «5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуын талқылау болды.

Министр өз сөзінде жүргізілген реформалардың арқасында Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ең серпінді экономикалық үштікке еніп, ал қазақстандық экономика шетелдік капитал үшін тартымды бола түскендігін және осы 25 жыл ішінде елге 260 млрд.АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция әкелінгенін атап көрсетті. Қазақстан бүгінде ТМД елдері арасында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімі бойыншаРесейден кейінгі екінші орынды иеленіп отыр. Қазақстан еңбек өнімділігін арттыруда айтарлықтай табысқа, сондай-ақ, өнеркәсіп өндірісі көлемін 10,3 есе ұлғайтуға қол жеткізді.

ftk_6589

Бишімбаевтың айтуына қарағанда, Мемлекет басшысының жүргізген реформаларының арқасында жұмыссыздық деңгейі 1991 жылмен салыстырғанда 2 есеге дейін төмендеді, ал кедейшілік деңгейі 3 пайыздан аспайды. Ол Тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау мен білім беру саласын қаржыландыру 8,5 есе өскенін, 1300 денсаулық сақтау нысаны салынғанын атап өтті. Денсаулық сақтау саласындағы тиімді жұмыстардың арқасында ана өлімі 1991 жылдан бері 5 есеге, сәби өлімі 3 есеге дейін азайып, туу көрсеткіші біржарым есе өсті. Елде өмір сүру ұзақтығы 68 жастан 72 жасқа ұлғайды.

Бұдан басқа, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 8 есе, экспорт 9 есе, импорт 8 есе өсті.

«Президенттің бастамасымен тұрғын үй мен инфрақұрылым саласына инвестиция салуды үдету есебінен ғана емес, сонымен бірге ел экономикасын одан әрі жаңғырту мен Қазақстанның транзиттік қуатын арттыру арқылы экономикалық дамуды ынталандыратын 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасы әзірленді», деді Бишімбев.

Кездесу кезінде 2025 жылға дейінгі ел дамуының стратегиялық жоспарының негізгі ережелері таныстырылды. Министр айтқандай, құжат Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

«Жаңа стратегиялық міндеттер және әлемдік экономикадағы жедел өзгерістер ортамерзімдік ұлттық іс-қимылды жаңа жағдайға сәйкес түзетуді және бейімдеуді талап етті. Елдің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақмерзімдік мақсаттарына қол жеткізу жолында жүзеге асырылуы тиіс басымдықтар мен бастамаларды белгілеп береді. 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі 7 ұлттық жетістік болуы тиіс», – деді министр.

Ол жаңа құжат аясында орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұзартуға мүмкіндік беретін халық денсаулығын жақсартуға бағытталған шаралар жалғаса беретінін атап көрсетті. Бұдан басқа, барлық қалалар орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, ал ауылдарды орталықтандырылған сумен жабдықтау 80 пайызға жеткізіледі.

Құжат сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын әзірлеуге ықпал етеді. Жаңа бағдарлама бойынша шағын несиелеу көлемі кеңейтіліп, несие ресурстарына қолжетімділік артады, қарыздарды кепілдендіру және субсидиялау қолға алынып, берілген шағын несиелер бойынша жобаларды қолдау, кепілсіз несие беру және жұмыспен қамтудың ұлттық тұғырнамасы жасалады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 1 млн.-ға жуық кәсіпкер жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алады, оның ішінде 500 мың жаңа бизнес өкілі пайда болады.

ftk_6678

Стратегия аясында жоспарға сай, 2025 жылға қарай миллионға жуық отбасы жаңа баспанаға ие болады, 100 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледіНәтижесінде тұрғын үймен қамту жан басына шаққанда 21-ден 25 шаршы метрге дейін артады. Бұл мақсатта дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер уческелерін бөлу жолымен дербес тұрғын үй құрылысын дамытуды, жеке құрылыс салушыларды ынталандыруды, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар үшін жалдық тұрғын үйлердің аймақтық қорларын құруды, коммерциялық банктердің ипотекалық несиесін арзандатуды көздейтін«Нұрлы Жер» бағдарламасы жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ, жоспар бойынша, мемлекеттің экономикадағы үлесі 2020 жылы 15 пайызға дейін азаяды, ал ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 2020 жылы 30 пайызды, 2025 жылы 35 пайызды құрайды. Аталған бағытты іске асыру аясында белгіленген шаралардың арасында жекешелендірудің кешенді жоспарын 2020 жылға дейін жүзеге асыру, мемлекеттік меншік құрылымын реформалау, ведомствоаралық ұйымдарды инвентаризациялаудың нәтижесінде 242 ұйымды жою, экономика саласында 2017 жылдан бастап бағалық реттеуден антимонополиялық жауап қату шараларына көшу және әкімшілік кедергілерді азайту белгіленген.

 Сарапшылар қауымдастығы өкілдері 2025 жылға дейінгі ел дамуының стратегиялық жоспары уақтылы әзірленіп отырғандығын, құжатта көрсетілген бағыттарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап көрсетті.

ftk_6803

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің Ресми Интернет-Ресурсы

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика