red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Елімізде Қөші-қон қызметі комитеті пайда болады

eeefbe332ee75bad719a52eafac55fb7_l

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Үкіметке осындай жаңа ведомство құру туралы тапсырма жүктелді.

Сонымен бірге елімізде бірқатар министрлік қайта құрылды. Халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне беріле отырып, Ұлттық экономика министрлігі қайта құрылды. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірқатар функциясы мен өкілеттігі Ішкі істер министрлігіне беріліп, қайта ұйымдастырылды.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 21-23 желтоқсан аралығында Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 4 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 3 адам;
  • жеке тұлғалар – 1 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС; «Қаражанбасмұнай» АҚ.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Жайсаңбай Әсем Серікбайқызы – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті басқармасының басшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД жетекші маманы.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 21-23 желтоқсан аралығында Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 4 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 3 адам;
  • жеке тұлғалар – 1 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС; «Қаражанбасмұнай» АҚ.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Жайсаңбай Әсем Серікбайқызы – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті басқармасының басшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД жетекші маманы.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

Доминикан Республикасы ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы шартқа қол қойды

Дереккөз:  lenta.inform.kz

fab856207381ab901cfc1ec17c292c43_l

АСТАНА. ҚазАқпарат – Санто-Домингода Доминикан Республикасының Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қоюының ресми рәсімі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Шартқа қол қоюға Қазақстан тарапынан еліміздің Канада мен Доминикан Республикасындағы елшісі Константин Жигалов, Доминикан тарапынан – сыртқы істер министрі Мигель Варгас пен ұлттық секция комиссары Ханс Данненберг (Доминикан Республикасының Үндістан мен Қазақстандағы елшісі) қатысты.

К.Жигалов жиналғандарды Астанадағы ЭКСПО-2017-ге дайындықтың ауқымды жұмыстары туралы ақпараттандырып, Доминикан басшылығының көрмеге қатысуы – Қазақстан-Доминикан қарым-қатынасының ширақ дамуын көрсететінін айтып өтті. Қазақстан елшісі М. Варгасқа өзінің Қазақстанға алғашқы сапарын көрмеге қатысуға келумен байланыстыруын ұсынды.

М. Варгас Доминикан Республикасының Қазақстанды өңірдегі басты серіктес ретінде қарастыратынын және энергетика саласындағы, соның ішінде жаңғыртылатын энергия саласындағы ынтымақтастық екі елдің келешегі зор, өзара тиімді әріптестігінің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Доминикан Республикасының Астанадағы ЭКСПО-2017-ге қатысуы тек «жасыл энергетика» өндірісіндегі тәжірибе алмасуға ғана ықпал етпей, сонымен қатар, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына да қосымша септігін тигізеді.

Вьетнам ЭКСПО-2017 көрмесіндегі өз павильонының тұжырымдамасымен жұмыс жасауда

Дереккөз: www.24.kz

Астана қ., 2016 жылғы 26 желтоқсан

Бүгін ЭКСПО ұйымдастырушысының кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов Вьетнамның  ҚР-дағы Төтенше және уәкілетті  елшісі Доан Тхи Суан Хиенмен және Вьетнамның Ұлттық секциясының комиссары Нгуен Чунг Кханьмен кездесті.

Тараптар кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелері талқылады. Ахметжан Есімов вьетнамдық тарапты Көрмеге дайындық бойынша жүргізілудегі жұмыспен таныстырды. Сондай-ақ ұлттық компания Басқармасының Төрағасы қазіргі уақытта 8 мемлекет өкілдеріне толтыру үшін павильондар тапсырылғандығын айтты. Сондай-ақ ол Вьетнамның Ұлттық секция павильоны тапсыруға дайын екендігін және аталған павильонның қызметкерлері үшін пәтерлерді алуға болатындығын атап өтті.

«Біз ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша Вьетнам тарапына жәрдем көрсетуге дайынбыз. 29 тамызда -Вьетнам Республикасының Ұлттық күнін өткізу оқиғасы бойынша  салтанатты іс-шараны бірге дайындаймыз. Сонымен қатар, 9 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, онда ҚХР, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және т.б. сияқты мемлекеттердің Мемлекет басшылары қатысады. Біз Вьетнам Социалистік Республикасының жоғары мәртебелі тұлғаларын асыға күтеміз», –  деді Ахметжан Есімов.

«Соңғы жылдары біз елімізде көптеген өзгерістер көрудеміз. 2017жылы  біздің елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толады. Сондықтан біз ЭКСПО-2017 көрмесінде бірнеше мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге ниет білдірудеміз. Аталған кезеңде біз Вьетнам павильонын толтыруға белсенді дайындалудамыз», – деп атап өтті Вьетнам Ұлттық секциясының комиссары Нгуен Чунг Кхань.

Тараптар павильонды дайындау бойынша техникалық мәселелерді талқылады.

Абай өлеңдерінің 4 тілдегі жинағы EXPO қонақтарына тарту етілмек

Дереккөз: www.24.kz

1312146bb7faa2db88ae679dfbb0dd29_l

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы «ЭКСПО-2017» көрмесіне ерекше тарту әзірлеп отыр.

Данышпан ақынның қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жарық көрген өлеңдер жинағы шетелдік қонақтарға кәдесый ретінде ұсынылмақ. Бұл топтаманың ерекшелігі саяхатшылар үшін қолға ұстап жүруге қолайлы. Жинаққа Абайдың кең таралған 62 өлеңі енген. Жергілікті «Семей-көркем» баспаханасынан шыққан кітаптың таралымы – 2 мың дана. Абай мұражайы халықаралық көрмеге арнайы экспозиция да дайындап жатыр. Ол үшін қызметкерлер ағылшын тілін меңгеріп алды.

Шынар Садықова, Абай мұражайының бөлім меңгерушісі:

– Қытай тілінде шыққан жинақтың ерекшелігі мұнда абайтанушы, аудармашы, Абайдың өмірін зерттеп жүрген Хабайдың аудармалары кіргізілді. Ағылшын және орыс жинақтарында бұған дейін аударылған аудармашылардың өлеңдері кіргізілді. Әр өлеңнің астында сол аудармашыларды көрсетіп отырмыз.

Кямьа Нгангом, Үндістан азаматы:

– Мұражайды аралап көріп, данышпан ақын жайында көптеген дерекке қанықтым. Ал Абай өлеңдерін ағылшын тілінде оқып көріп ем, жаным рахаттанып, бойымды асыл сезім биледі. Бұл жырлар адамды ізгілікке шақырып, терең ой тұңғиығына жетелейді екен.

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде бұрқасын соғады

Дереккөз: www.24.kz

03b7853b812296a7500fea27c05e63d2_l

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігі оңтүстік антициклонның ықпалында болады.

Еліміздің солтүстігі мен шығысында,, ауа температурасы 20 градус аязды көрсетпек. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, ал кей жерлерде 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Еліміздің батыс аймағында сынап бағаны күндіз 2-7 градус суықты, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 0-5 градусты көрсетеді.

Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК лауазымды және инженер-синоптигі:

– Ертең Астанада күндіз қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытына ауысады. Жел екпіні секундына 9-14 метрге жетпек. Күндіз -6-8 градусты, түнде -15-17 градус аяз.

ЕХРО көрмесінде екі орталықтың жұмысы іске қосылды

Дереккөз: 24.kz

Бүгін елордадағы ЕХРО-2017 көрмесі аумағында Бірыңғай қызмет көрсету орталығы іске қосылды. «Бір терезе» принципі бойынша жұмыс жасайтын орталықта ішкі істер органдарынан бастап кедендік одақ және салық мекемелерінің өкілдері қызмет көрсетеді. Оған қоса, көрмеге қатысушылар визалық қолдау, көші-қон есебі, салық салу, авторлық құқық секілді бірнеше қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік бар. Ақсұлу Арзықұлова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары: – Бүгінгі таңда 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым осы көрмеге қатысатынын ресми растады. Осы барлық қатысушы мемлекеттерге және олардың қызметкерлеріне осы орталықтар қызмет көрсететін болады. Осы жерде өздерінің кеңестерін береді, осы жерде құжаттарын дайындауға, т.б. осы жерден қызметтерін бітіруіне болады. Сонымен қатар, Аккредиттеу орталығының да тұсауы кесілді. Енді көрме аумағын көргісі, өзге нысандарды аралағысы келетін адамдар онлайн жүйеде тіркеліп, құқық қорғау органдарында арнайы тексерістен өтуі тиіс.

Астанада бельгиялық компанияның ЭКСПО-2017-ге қатысу мәселесі талқыланды

Дереккөз: lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР СІМ ғимаратында «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаевтың «ЭКСПО-2017»-ге Бельгияның атынан қатысатын танымал велошабандоз, «CMI Group» корпорациясының комиссары Андрей Кашечкинмен кездесуі өтті, деп хабарлады комиссардың хатшылығы.

Кездесу барысында бельгиялық компанияның ЭКСПО-2017-ге қатысуы мен Бельгия елінің туристерін 2017 жылы Астанаға тарту туралы мәселелер талқыланды. Комиссар «ЭКСПО-2017»-ге бельгиялық компанияны тартуда және көрменің шетелдегі тақырыбын арттыруда Андрей Кашечкиннің рөлі зор екендігін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде, Жошыбаев Кашечкинге мемлекеттігімізді қалыптастыруға, егемендігімізді нығайтуға және ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін табыс етті.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика