Дереккөз: www.24.kz
Ақмола облысында шамасы жеткен шаруалардың барлығы жаппай астық кептіру кешендерін салып жатыр.
Бұл ең алдымен диқандарды өзгеге тәуелді болудан арылтып, қаржысын үнемдеп, астығын дер кезінде қамбаға құйып алуына мүмкіндік береді. Мәселен, Сандықтау ауданының Каменка ауылындағы серіктестік жақында ғана осындай астық кептіру кешенін тұрғызды. Жыл сайын 20 мың гектар жерге дән себетін олар биыл мол өнім жинады. Енді бидайды сақтайтын 4 бірдей қойма да салмақ. Осылайша ұжым өздеріне ғана емес, көрші шағын шаруашылықтарға да қызмет көрсете алады. Ал ең бастысы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астықты жинап, оны қажетінше кептіріп ала береді. Жалпы Ақмола облысында қазір ірілі-ұсақты 229 астық кептіргіш бар.
Алексей Джейранов, серіктестік басшысы:
– Бұл кешен сағатына 60 тонна астықты кептіре алады. Мұндай өнімділігі жоғары қондырғыны қойған себебіміз, маңайдағы ұсақ шаруашылықтарға да жақын жерден жеңіл болсын дедік. Былтыр біз астықты кептіртіп алу үшін 97 млн теңгеге шығындалдық. Ал мына кешен 72 млн теңге тұрады. Бір жақсысы, жұртқа жалынбайсың.
Дереккөз: www.24.kz
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы шаруашылықтардың бірі түйе өсуруді қолға алды.
Бұған дейін қой мен ірі қара өсіріп келген жеке қожалық 3 жыл бұрын Алматы облысынан 25 түйе әкелген. Қазір ойсылқара тұқымының саны 40-қа жеткен. Шаруашылық жетекшісінің айтуынша, шығыстың табиғаты қанша қатал болса да, түйелер бірден жерсінген. Тек іңгендер боталаған кезде немесе жыл он екі ай жайылымда болады. Шаруашылық енді шұбат саууды бастаған. Мәселен, өткен жазда 4-5 тонна шұбат өндірген. Болашақта түйенің санын 300-ге дейін жеткізіп, шұбат пен түйе етін өндірістік деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін шаруашылық басшысы үлкен цех салуды бастап кеткен.
Ғалым Ахметжанов, шаруашылық жетекшісі:
– Халыққа осының шұбатын бәрін өткізіп, дүкендер алады. Халық өзі сұраныспен келіп, алып жатыр. Қазір Жарма ауданының халқы үйреніп келеді. Сұраныс көбейіп келеді. Сол үшін басын көбейтсек деп, жұмыс істеп жатырмыз.
2017 жылдың 31 қазанында Астана қаласында «Экологиялық ақпаратты тарату және пайдалану мақсатында орхус орталықтарының әлеуетін арттыру» атты семинар болып өтті.
Семинар Қазақтандағы Орхус қозғалысын дамытудың Стратегиялық жоспарын талқылау, сонымен қатар ЛШТТ бойынша ақпаратты таратуда Орхус орталықтарының әлеуетін арттыру мақсатында Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының қолдауымен, «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК мен «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинарға ҚР Энергетика миинистрлігінің, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының, аймақтық Орхус орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Семинардың бірінші сессиясына Қазақстанның Орхус қозғалысының Даму бағдарламасы ұсынылды. Қатысушылар қоғамдық ақпараттық орталықтың құрылуы, онлайн-конференцияны өткізу, іс-шараларды орындау міндеттемелерін өзіне алуға даяр Бағдарлама қатысушыларының меморандум қорытындысы кіретін бағдарламаның жүзеге асырылу механизмдерін талқылады.
Орхус орталықтары мен ҮЕҰ өкілдері тәжірибелік сабақтар барысында Орхус орталықтарының қызметіне қаржыны тарту мүмкіндіктерін қарастырды.
Қатысушылар жеке сессия шеңберінде «жасыл экономика» жоспарларын жүзеге асыруда ЛШТТ-ның мәнін және Қазақстан Республикасында халықаралық міндеттемелердің орындалуын, ЛШТТ ақпаратына жұртшылықтың қол жетімділік Ұлттық стратегиясын, сонымен қатар ЛШТТ деректерін тарату мен пайдаланудағы Орхус орталықтарының рөлін талқылады.
«Азаматтарды қолдау орталығының» басшысы, халықаралық сарапшы, «Арника» (Чехия) ҮЕҰ жобасының үйлестірушісі – Мартин Скальский ЛШТТ ақпаратты тарату мен қолданудың халықаралық тәжірибесін ұсынды, Чехияда ЛШТТ дамытудағы «Арника» ҮЕҰ-ның үздік тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар ірі ластауыштар шығарындыларын азайтуда ЛШТТ-ның тигізетін көмегі туралы әңгімелеп берді.
Орхус орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері талқылау барысында белсенділік танытты және Қазақстанда ЛШТТ-ның алға басуына ықпал етуге дайын екендіктерін көрсетті.
Қазақстанның Орхус қозғалысы дамыту бағдарламасының жобасымен мына жерден алуға болады. Бағдарлама жобасына ұсыныстар msvgeo@gmail.com мекенжайы бойынша 2017 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады.
“Стратегический план развития Орхусского движения” (Могилюк) баяндамасын жүктеу)
“Регистр загрязнения в Казахстане: инструмент для НПО” (Скальский) баяндамасын жүктеу
“Финансовая устойчивость Орхусских центров” (Изтелеуова) баяндамасын жүктеу
2017 жылдың 30 қазанында Астана қаласында «Халықаралық тәжірибе және Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін жүзеге асырудың ағымдағы қазақстандық тәжірибе» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинар ҚР Энергетика министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК мен ЮНИТАР «Жойылуы қиын органикалық заттар (ЖҚОЗ) есептілігіне арналған құрал ретінде Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» жобасы шеңберінде Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының және «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығының қолдауымен өтті.
Семинардың басты мақсаты – ЛШТТ мәселесі бойынша мамандардың әлеуетін арттыру және Қазақстандағы ЛШТТ енгізуді әдістемелік қамтамасыз етудің әзірлемесі үшін ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады.
Семинардың жұмысына «Азаматтарды қолдау орталығының» басшысы, халықаралық сарапшы, «Арника» (Чехия) ҮЕҰ жобасының үйлестірушісі – Мартин Скальский қатысты. Ол мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және ҮЕҰ ЛШТТ Хаттамасын жүзеге асырудағы халықаралық тәжірибе және үздік дағдылар туралы сұрақтарына жауап берді.
Семинар жұмысына 70-тен астам адам қатысты. Семинарға қатысушылар қатарында ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің, «Қазгидромет» РМК-ның, «Жасыл даму» АҚ-ның өкілдері болды. Семинарда келесі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары белсенділік танытты: «Самрұқ-Энерго» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, КПО б.в., АМӨЗ және басқа тау-кен өндіру, энергетика, мұнай өңдеу, металлургия, химия саласының кәсіпорындары. Үкіметтік емес секторға аймақтық Орхус орталықтары мен басқа да ҮЕҰ-мен ұсынылды.
Семинарға қатысушыларға ЛШТТ хаттамасының негізгі ережелері, Қазақстанда ЛШТТ енгізу бойынша шолу, ЛШТТ бойынша Ұлттық ұсыныстар, сонымен қатар мемлекеттік ЛШТТ үшін ақпаратты ұсыну бойынша ҚР заңнамасының ағымдағы талаптары ұсынылады.
Тыңдаушылар ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерінің атмосфералық ауа, ағынды сулар, топырақ (өндіріс және тұтыну қалдықтарынан) бойынша ағымдағы жағдайын бағалауды қарастырды.
Семинар шеңберінде айтылған барлық ұсыныстар Қазақстанда ЛШТТ енгізуде пайдаланылатын болады.
“История создания и основные положения Протокола РВПЗ” (Анисимова) баяндамасын жүктеу
Дереккөз: www.24.kz
Қызанақ пен картоп бір түптен.
Семейлік ғалымдар осындай жетістікке қол жеткізді. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің аға оқытушысы Бақтығали Сәрсембаев пен ІІІ курс студенті Жансая Мұхаметқали бір жыл бойы жүргізген тәжірибе нәтижесінде гибридтік өнім алған. Талайды таң қалдырған жобаға әуелде күдікпен қарағандар көп болыпты. Алайда ғалымдар тобы бірнеше сәтсіздіктерге қарамастан ғылыми жұмысты жалғастыра берген. Аграрлық факультеттің жылыжайында қыс бойы өсірілген өскіндер будандастырылып, көктемде далаға егіліпті. Болашақта орамжапырақ пен шалғамды будандастыру арқылы тағы бір гибридтік өнім алу жоспарда бар.
Бақтығали Сәрсембаев, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің аға оқытушысы:
– Әрбір түптен 37 томат алдық, әрбіреуінің салмағы 120-140 грамм болды. Картоптың да мөлшері солай болды. Саяжайда, жылыжайда, шаруашылықтарда 2 түрлі өнім алуға болады деген ойдамыз.
Дереккөз: www.24.kz
Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше акция басталды.
Жоба «Бір сәби – бір ағаш» деп аталады. Шара кезінде өңірдің биыл ғана нәрестелі болған жас отбасылары тал отырғызды. Басты идея ата-бабадан қалған өсиетті жастардың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру.
Басталған жоба аясында аймақ бойынша мыңнан астам ағаш бір уақытта отырғызылды. Шараға облыс орталығы мен 10 ауданның жас ата-аналары қатысты. Ағаш көшеттері негізінен жергілікті перзентханалардың маңайы мен арнайы белгіленген демалыс орындарына егілді.
Ал жуалылықтар ағаштарды Батыс Қытай-Батыс Еуропа автомагистралінің бойына отырғызды. Жолдың шетіне емес, жаңа «Мәңгілік ел» саябағына екті.
Жәнібек Мырзалиев биыл сәбилі болмаса да, үшінші перзентінің өмірге келуін күтіп жүр. Ол осы шараға атсалысу үшін бала-шағасын ертіп келген.
Жәнібек Мырзалиев, Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны:
– Барлық жас отбасылар келіп өз үлестерін қосуда. Әр отбасы бір-бір арша талын отырғызып, өз отбасылық тектерін белгілеп кетті. Біз де бүгін өзімнің ұлымды алып бір ағаш отырғызып, ауылымыздың көркеюіне үлес қосуға келіп отырмыз.
Эсмира Мәден, Қайрат ауылының тұрғыны:
– Саябағымызға тал егуге келіп тұрмыз. Бала-шағамызбен келіп тұрмыз. Біздің балаларымыз, болашақ ұрпақ осы саябаққа келіп демалады деген сенімдеміз.
Аумағы 25 гектарлық демалыс орнында үш мыңнан астам ағаш жайқалып өсіп келеді. Қазір «Рухани жаңғыру» аллеясының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұдан бөлек жасанды көл, ардагерлер және жастар демалатын орындар салынбақ.
Марат Нарымбеков, Жуалы ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы:
– «Атадан мал қалғанша тал қалсын» дейді. Ертең осы жерде әр отбасы өзінің талын егіп, ертең тал туралы өзінің баласы білетін болады. Әрі талды баптап, өсіріп, содан ол өзінің ұрпағына айтады. Ең басты мақсат – бұл ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
Бұл саябаққа аудан тұрғындары «Мәңгілік ел» деген атау берген. Кешенді демалыс орнын жергілікті жастар ұйымдасқан түрде асарлатып салып жатыр. Біз де Қазақстан Мәңгілік ел болсын деген ниетпен бір түп ағаш отырғызуды жөн санадық.
Айта кету керек, биыл аймақта жыл басынан бері 19 мыңға жуық бала өмірге келген. «Бір сәби – бір ағаш» жобасына олардың мыңнан астамының ата-анасы тартылды. Игі бастама жалғасын табады.
Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә
Дереккөз: www.24.kz
Елімізде құрылған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне мемлекет тарапынан нақты қолдаулар көрсетіліп келеді.
Мәселен, Батыс Қазақстан облысының аумағында осындай 180 бірлестік бар. Соның 42-сі биыл құрылған. Қазір министрлік мамандары кооперация төрағалары мен мүшелеріне арнап, арнайы оқыту семинарларын жүйелі түрде ұйымдастыруға кірісті. Шағын шаруа қожалықтарының басшылары ауылдастарымен бірлесіп, мал басын бордақылауға, сүт және сүт өнімдерін жинауға, дәнді-дақылдар мен көкөніс түрлерін өсіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар ет пен сүт өнімдерін қайта өңдейтін өндірістік желілерді іске қоспақшы. Теректі ауданына қарасты Покатилов елді мекенінде 7 шаруашылық пен 13 ауыл тұрғыны бірігіп, автоматтандырылған сүт қабылдау бекетін сатып алды. Енді сатылған сүттің әр литрі үшін оларға мемлекет тарапынан 10 теңге көлемінде субсидия төленеді. Жалпы биыл аймақтағы ауылдық кооперативтерді субсидия есебінен қолдау мақсатында 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бағытталған 1 млрд теңге жаңадан құрылған бірлестіктерді қолдауға жұмсалады.
Медет Ғабдырахымов, Покатилов ауылының тұрғыны:
– Бұрын біз сүтімізді, майды Оралға тасып, басқа да өнімдерді жасап тапсыратын еді. Ол қиын, жолақысы бар. Қазіргі кезде осы пунктке тапсырамыз сүтімізді, ақшасы да жақсы, ауыл тұрғындарына бірталай көмек болды.
Нұрболат Мақашев, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары:
– Енді ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың себебі, ауылдық елді мекендерде көптеген адамдар жұмыссыз отыр. Осы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында. Екіншіден, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелуі өте төмен. Енді осы кәсіпорындардың жүктелуін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің рөлі өте ерекше.
Дереккөз: www.24.kz
Қызылордалық күрішшілер бесінші жыл қатарынан рекорд жаңартып отыр.
Диқандар бұл жолы Сыр маржанының әр гектарынан 55,3 центнерден өнім алды. Осылайша облыс тарихында алғаш рет жарты миллион тоннадан астам астық қамбаға құйылды. Жалпы биыл Ақмешіт атырабында 181 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның 91 мың гектары күріштің үлесінде. Мемлекеттік қолдаулардың арқасында өңір агрокешені ілгерілей бастаған. «Жердің мелеративтік жағдайын жақсартып, егін алқаптарына лазерлік тегістеу технологиясын енгізу өнімділіктің артуына әсер етті», – дейді мамандар.
Бақыт Жаханов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
– Биылғы жылдан бастап бірегей тұқымға, супер элита, элита тұқымға аса мән беріп жатыр. Қазір соған субсидия төлеу, сонымен қатар бірінші репродукциялық тұқымға да субсидия төлеу мәселесі қарастырылған. Субсидияның да көлемі ұлғайтылды. Оған шетелдік сорттарды, өзіміздің де сорттарды енгізіп отырмыз.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қазанның 25-нен 27-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Қызылорда қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «СКЗ-U» ЖШС, «Галаз и Компания» ЖШС, «AkDiEr» ЖШС, «Дос Инжиниринг ЛТД» ЖШС, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «Кристалл Менеджмент» АҚ, «Құмкөл Көлік Қызметі» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» РММ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
Ұжымдасқанның ұтары көп.
Қостанай облысында биыл ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін 17-ге жеткізу жоспары артығымен орындалды.
Қазіргі таңда өңірде ет, сүт өндіретін 27 жеке шаруа бірлестігі жұмыс істеп тұр. Бүгінде тұрғындар мал басын көбейтіп, тұрмысы түзеліп келеді. Сапабек Жабағиннің қорасы бір жыл бұрын қаңырап бос тұратын. Қазір жеті сауын сиыры бар. Ол ауылда кооператив ашылғанда ең бірінші болып кірді. Үйін кепілге қойып, 1 млн 400 мың теңге несие рәсімдеді. Бұл қаражаттың бәрін мал сатып алуға жұмсады. Бағдарламамен берілген несиенің шарты шаруа үшін тиімді.
Сапабек Жабағин, «Александров» АӨК мүшесі:
– Мұның ыңғайлы жері, 6%-бен беріледі. Өте төмен баға. Мысалы, 2 жыл демалыс бар. Бұл мал басын көбейтуге, жеке шаруашылық ашып кетуге көп көмек береді.
Сапабек Жабағин тіркелген «Александров» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі бүгінде Қостанай ауданының төрт ауылын қамтып отыр. 25 мүшесі бар. Олар бұрынғыдай «сүтті қайда тапсырамыз?» деп алаңдамайды. Литрін 90 теңгеден өткізеді. Осындай тиімділігін көрген тұрғындар бірігуге ынталы.
Абай Сейдахметов, Александров ауылының әкімі:
– Жалпы несие рәсімдеуге 25 мүшеге 73 млн бөлінді. 246 бас ірі қара алынды. Мұның мақсаты – халықты жұмыспен қамту. Биыл көп бірінші рет мал ұстап, осы мал шаруашылығын көріп жатыр.
«Александров» – Қостанай ауданында құрылған алғашқы кооператив. Қазір тағы осындай екі ұжым ашылды. Ал облыс бойынша келер жылы 17 бірлестік ашу жоспарланған. Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедьяров