Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі сайтының бағдарламалық қамтамасыз етілуі

Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ сәйкес, қоршаған ортаның жағдайы, оның ластану дәрежесі, оны қорғау және оңалту жөніндегі қабылданған шаралар туралы толық, нақты және уақтылы экологиялық ақпарат алу Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқығы болып табылады..

Сонымен Қазақстанда Кодекстің 160-бабы Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі ЛШТТ) жүргізуді қарастырады. Тіркелім ластауыштар туралы ақпаратты жинау және сақтау және оларды тасымалдау үшін қолданылатын электрондық деректер базасы болып табылады. Деректер базасы жұртшылықтың электрондық форматта қол жетімді және шығарындылар және/немесе химиялық заттарды тасымалдау туралы ақпарат жыл сайын жаңартылып отырады.

Жұртшылық үшін ЛШТТ деректерін қарапайым және қолжетімді пайдалану және көру үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жанындағы Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығымен Қазақстанның картасы орналастырылған және есепті ұсынған барлық кәсіпорындар картада көрініс табатын интернет-портал әзірленді. Сонымен қатар бірінші санаттағы кәсіпорындар есепті онлайн-форматта, тікелей сайттың өзінде ұсына алады.

Портал әзірше мәтіндік режимде жұмыс істейді алайда, оны әлі де дамытуға және жетілдіруге көп көңіл бөлінуде.

Бүгінгі таңда сайт үш опциядан тұрады. Бірінші опция – Қазақстан картасын көрсететін басты бетті көруге болады және сол бетте батырмалы белгілермен есепті ұсынған өнеркәсіп кәсіпорындар белгіленген. Сайтта картаны жақындатып көру мүмкіндігі бар. Тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері және қалаған жағдайда, басқа аймақтар бойынша ластауыштар туралы толығырақ біле алады. Белгіні басу арқылы табиғат пайдаланушы туралы ақпарат алуға болады.

Екінші опция есептерді ұсынатын кәсіпорындардың тізімін көруге мүмкіндік береді. Жеке бағанда өндiрiстiк алаңның иесi көрсетiледi. Осылайша табиғат пайдаланушының атауын басып келесі ақпаратты алуға болады: оның атауы, орналасқан орны және ластауыш заттар эмиссиялары артуының болуы.

Сайттың үшінші опциясы пайдаланушыларға анықтамалық материалдарға қол жетімділікті ұсынады. Осылайша Қазақстанда ЛШТТ ендіру туралы ақпаратпен, ЛШТТ хаттамасымен, Заңнамалық актілермен және ЛШТТ ендіру бойынша шетелдік мемлекеттердің тәжірибесімен танысуға болады.

Сайт тұрақты түрде өткізілген семинарлар, оқыту тренингтері, дәрістер барысындағы ұсынымдар мен жұртшылық тарапынан кері байланыс алу кезінде жиналған ұсыныстар есебінен өңделіп, пысықталып отырады. Сонымен, Қазақстандағы ЛШТТ ресми сайтын әзірлеу және жетілдіру Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімінің басты мақсаттарының бірі болып табылатын – бізді қоршаған орта жағдайы туралы ақпаратты қол жетімді етуге бағытталған.

Atameken Business Channel Қазақстандағы ЛШТТ ендіруді жүзеге асыру бойынша Ұлттық үйлестірушінің сұхбаты

2019 жылдың наурызында Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ (бұдан әрі – Стратегия) жүзеге асыру аяқталады.

Стратегия жоспарын жүзеге асыру шеңберінде бір жарым жыл ішінде жұртшылықтың ЛШТТ туралы хабардарлық деңгейін арттыру, заңнамаға өзгерістерді енгізу, өнеркәсіп өкілдерін оқыту, ластауыш заттардың эмиссияларын бағалау бойынша әдістерді әзірлеу, ұлттық нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша және т.б. көптеген жұмыстар атқарылды.

Стратегияны жоспарлы жүзеге асыру және Қазақстанда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін ендіру үшін Ұлттық үйлестіруші болып – Серік Жүнісов тағайындалды.

Жобаны қорытындылау, сондай-ақ ЛШТТ туралы ақпаратты жеткізу мақсатында Серік Нұрланұлы бірінші қазақстандық мультимедиалық бизнес арнасы – Atameken Business Channel үшін эксклюзивті сұхбат берді.

Серік Нұрланұлы ЛШТТ деген не екендігі туралы өзекті мәселелерге тоқталды, сонымен қатар 2017 жылға арналған есептерді ұсынған кәсіпорындардың саны туралы және сондай-ақ Қазақстандағы ЛШТТ белсенді дамуы мемлекет, ҮЕҰ және өнеркәсіптік кәсіпорындардың өзара тиімді экологиялық ластауыштардың мөлшерін азайтуға және қоршаған ортаның ластауыштар санын азайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Серік Нұрланұлы «ЛШТТ дегеніміз не?» деген негізгі ұстанымдарға тоқталды, 2017 жылға арналған есептерін ұсынған кәсіпорындардың саны және Қазақстанда ЛШТТ-тың белсенді дамуы мемлекеттің, ҮЕҰ және өнеркәсіптік кәсіпорындардың және қоршаған ортаға ластауыш заттардың мөлшерін минимизациялауға және азайтуға өзара іс-қимылына тиімді ықпал ететінін атап өтті.

Сұхбат https://www.youtube.com/watch?v=NHJfzYOWDmI сілтеме арқылы қол жетімді.

Қарағанды облысының экологиялық жағдайын жақсартуға 50 млрд теңге қаржы бөлінеді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қарағанды облысының экологиялық ахуалын жақсартуға 50 миллиард теңге қаржы бөлінеді.

Бұл туралы Теміртауда өткен «жасыл кеңестің» көшпелі жиынында айтылды. Табиғат жанашырлары құрышты қаланы өндірістік қалдықтан тазартудың кешенді жоспарын талқылады. Естеріңізге сала кетейік, бұл маңызды құжат былтыр

Теміртауда «қара қар» жауған соң жедел қабылданған болатын. Онда 77 экологиялық шара қамтылған, өткен жылы соның 24-і жүзеге асыпты. Биыл Теміртау қаласындағы 4 ірі кәсіпорын газ бен шаңды сүзгіден өткізетін қондырғыларын жаңартпақшы. Теміртауда биылдан бастап 40 мың түп ағаш көшеттері отырғызылады.

Ол үшін 1 миллиард теңге қаржы бөлінген. Руслан Төлепбаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы: – Кешенді жоспар жүзеге асқан кезде қоршаған ортаға таралатын зиянды заттар шамамен 20 мың тоннаға азаяды деп күтіп отырмыз. Сондай-ақ зауыт-фабрикалардан шығатын өндірістік қалдықтар 1,3 миллион тоннаға және көліктерден ауаға бөлінетін улы газдар 10-20 пайызға кемитін болады.

2019 жылғы 24 қаңтарда “Қазақстандағы тұрақты қалалық инфрақұрылым: жасыл құрылыс көрсеткіштері” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Дөңгелек үстелдің мақсаты “жасыл” технологияларды қолдану арқылы “жасыл” құрылыс әдістерін интеграциялау бойынша ұлттық серіктестердің мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) және Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (UN ESCAP) ынтымақтастығы шеңберінде қалалық аудандардың проблемаларын шешуге және Қазақстандағы тез урбанизация мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Қазақстан шикі мұнай экспорты бойынша 12-ші орында және көмірді тұтыну бойынша әлемде 15-ші орында тұр. Қазбалы энергияны тұтыну энергияның жалпы тұтынуының 76% құрайды. Қазба отынына энергетикалық тәуелділікке байланысты еліміз қала аудандарында энергия өндіру мен тұтынудың ұлғаю проблемаларымен бетпе-бет келеді, бұл ел экономикасының елу пайыздан астамын құрайды.

“Қазақстандағы ғимараттардың энергия және су тиімділігі әлеуетін пайдалану энергияны үнемдеуге, ауа сапасын жақсартуға және су ресурстарын сақтауға әкелуі мүмкін. Субсидиялар мен ынталандыруларды қоса алғанда, тиісті рейтингтік, сертификаттық және саяси құралдары бар жасыл құрылыс жүйесі отын тұтынуды және парниктік газдар шығарындыларының үрдістерін тоқтатуы мүмкін” – деп атап өтті IGTIC басшысы Рәпіл Жошыбаев.

Дөңгелек үстел барысында БҰҰ Даму бағдарламасы Тұрақты даму мақсатын енгізу бойынша жұмысты қалай қолдайтынын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрақты қалаларын дамыту бойынша нәтижелермен және сараптамалық зерттеулермен бөлісті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жасыл ғимараттарда жасыл технологияларды қолдану және нарықтың тұрақтылығы мен кеңеюі тұрғысынан экологиялық құрылысты сертификаттауды (OMIR) енгізу бойынша ұсыныстар ұсынды.

Сарапшылардың айтуынша, жаһандық деңгейде ғимараттар барлық энергияның 40 пайызын және тұщы судың 12 пайызын тұтынады. БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне сәйкес жасыл өсу дамушы елдер үшін үлкен мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді, өйткені экономикалық жүйенің өзгеруі оларға дамудың жаңа сатысына қадам жасауға мүмкіндік береді, олар индустриялық елдермен тең деңгейде бәсекелесе алады.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Қазақстан Нью-Йорк қаласында (АҚШ) БҰҰ жоғары деңгейдегі саяси форумы аясында тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша ерікті ұлттық шолу ұсынады.

Қазақстан Республикасының мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің екінші рейтингінің қорытындыларын жариялау бойынша Баспасөз хабарламасы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2019 жылғы 22 қаңтарда Астанада экологиялық жауапкершілік саласында Қазақстанның мұнай-газ компанияларының ашықтығының екінші рейтингісін әзірлеу қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және КРЕОН тобы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен экологиялық жауапкершілік саласындағы Қазақстанның мұнай-газ компанияларының ашықтық рейтингісінің қорытындысын екінші рет ұсынды.  Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (UNEP-CA) қолдауымен жүзеге асырылады, рейтинг есебін Ұлттық рейтинг агенттігі жүргізді. Жоба серіктесі CREON Capital S.a.r.l. компаниясы болды.

Биылғы жылғы рейтинг есебі өткен жылғы көшбасшылардың табыстылығын растады және жаңа есім ашты. Екінші рет тізімді “ҚазМұнайГаз “ҰК” басқарды, күміс жүлдегер де өзгеріссіз қалды, бұл “Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.”. Алғаш рет көшбасшылар үштігіне “Ембімұнайгаз” компаниясы енді, үшінші орын “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз”.

ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай “Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің рейтингін өткізу Қазақстанда жұмыс істейтін мұнай-газ компанияларының жариялылық және ашықтық деңгейін арттырады»,-деді.

Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық рейтингінің негізіне экологиялық жауапкершілік саласында 19 компанияның ашықтық деңгейі туралы салыстырмалы ақпарат және қоршаған ортаға олардың қызметінің әсер ету ауқымы жария кеңістікте бар Қазақстан аумағындағы компаниялардың қызметі туралы келесі критерийлер бойынша: экологиялық менеджмент, қоршаған ортаға әсер ету, ақпаратты ашу/ашықтық критерийлері бойынша деректер енді.

«Соңғы онжылдықта қоршаған ортаны сақтау жөніндегі талаптарды ескере отырып, орнықты даму моделіне көшу көптеген елдердің үкіметтері үшін стратегиялық басымдыққа айналды, оның ішінде Қазақстан үшін де» – деді БҰҰ кеңсесінің Орталық Азия бойынша қоршаған орта ұлттық бағдарламалық қызметкері Олжас Атымтаев.

Рейтингті ұйымдастырушы, топ басшысы КРЕОН Фарес Кильзие: XXI ғасырда әлемдік экономикадағы қоршаған ортаға ұқыпты қарау шешуші факторға айналатынына сенімді.

Ресейдің WWF табиғатты қорғау саясаты жөніндегі директоры Евгений Шварц “экологиялық жауапкершіліктің ерікті тетіктері әлеуметтік-экологиялық инновацияларды, қызметтің ашықтығын ынталандырады және бизнес үшін және тұтынушылық артықшылықтарды қалыптастыру кезінде және қаржы институттарының тәуекелдерін бағалау кезінде нарықтық бәсекелестік артықшылықтарды құрады”деп есептейді.

Ұлттық рейтинг агенттігінің президенті Виктор Четвериков “бүкіл әлемде кредиттік емес рейтингтерге деген қызығушылық артып келеді, олардың қажеттілігі айқын. Қазақстан компаниялары үшін осындай маңызды рейтингтің болуы экология мәселелерінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің өсуіне ықпал ететін болады.”

Осылайша, Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігі саласындағы ашықтық рейтингін іске асыру көмірсутек шикізатын өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу кезінде экологиялық тәуекелдерді басқару сапасын арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге ықпал ететін болады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

«Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту» сессиясын өткізу қорытындысының баспасөз – хабарламасы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстандағы БҰҰДБ-мен бірлесіп, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) қолдауымен 2019 жылғы 14 Қаңтарда Абу-Даби қаласында Дүниежүзілік энергетикалық Саммит шеңберінде «Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту» тақырыбында сессия өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторында коммерциялық жобаларды дамыту және іске асыру үшін инвесторлардың қызығушылығын арттыру болды.

Сессия Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі  С. Есімханов, ИРЕНА атқарушы директоры Гурбуз Гонулдың қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар ЕҚДБ, БҰҰДБ, РФО, күн энергиясы қауымдастығы (SPAQ), Шелл және т.б. сияқты ЖЭК мәселелері бойынша бөлімшелер мен ұйымдардың басшылары презентациялармен және баяндамалармен сөз сөйледі. Өз кезегінде баяндамашылар Қазақстандағы ЖЭК даму жағдайы туралы және энергетиканың осы секторын дамыту үшін әлеуетті инвесторлар мен серіктестерді тарту үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Іс-шара барысында жеке сектордың инвестицияларын оқшаулайтын негізгі кедергілерді анықтау және ЖЭК дамытуды қолдау мен ынталандырудың жақсы жұмыс істейтін және тұрақты жүйесін құру жолы арқылы жаңартылатын энергия көздері саласындағы Қазақстанның орасан әлеуетін іске асыру әдістері туралы сапалы сараптамалы диалог қалыптасты.

Ашық пікір алмасудың арқасында қатысушылар инвестициялауға кедергі келтіретін негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешудің бірқатар тиімді жолдарын ұсынды.

Осы сессия шеңберінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен «ЮКСЭС-50» ЖШС (Risen Energy компаниясы қаржыландыратын) арасында Шолаққорған күн энергетикасы бойынша жобаны қаржыландыру үшін Қарыз туралы келісімге қол қойылды. ЕҚДБ 17 миллиард теңгеге (шамамен 45 миллион АҚШ доллары) дейінгі соманы бөледі және қосымша 10 миллион АҚШ долларына жуық жасыл климаттық қор бөлетін болады.

Бұдан басқа, дүниежүзілік энергетикалық саммит алаңында өткен негізгі іс-шаралар шеңберінде “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ мен жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (ИРЕНА) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен осындай іс-шаралар Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту және ілгерілету бойынша тиімді құрал болып табылады деген ортақ пікірге келді.

Іс-шараға Қазақстанда инвестицияларға қызығушылық танытатын 20-дан астам шетелдік компания қатысты.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Халық арасындағы ЛШТТ туралы білім бағасы

2018 жылдың қаңтарында Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ (Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі) жүзеге асыру шеңберіндеhttps://ru.surveymonkey.com/r/TSRFVSL сілтемесі бойынша Survey Monkey серверінде онлайн-сауалнама үдерісі іске қосылды, сонымен қатар сауалнаманың баспа нұсқасылары семинарларда, конференцияларда, қонақ дәрістерінде және жобаның жұмыс тобы ұйымдастырған басқа да іс-шараларда жұртшылыққа таратылды. 2019 жылдың басында ақпаратты жинау бойынша алаңдарды үлғайту үшін әртүрлі платформаларда https://ru.surveymonkey.com/r/GQYZH7S және https://docs.google.com/forms/d/1cOfJHn08IzcghNhPd_FzDIeA0YWVEdNUne59DReCLqs/edit. сілтемелері бойынша  Survey Monkey және Google forms серверінде сауалнамалар қайта құрылды.

Деректер талдауы сауал алынғандардың 52%-ы ЛШТТ-ты жақсы біледі, 34% -ы аталған тіркелім туралы біраз естіген, ал қалған 14%-ы бұл не екенін білмейтіндігін көрсетті.

Респонденттер «өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды шығарындылары туралы ақпаратпен қоса, адам ағзасына зиянды әсерлері туралы ақпаратты алуға мүдделі ма?» деген екінші сұраққа қатысты екі нұсқада тең «иә, бұл маңызды деп ойлаймын» және «бұны білу пайдалы болар еді» деген жауаптар алынды. Сауал алынғандардың ешқайсысының «маған бәрібір, бұл мені қызықтырмайды» деген нұсқаны таңдамағандығынан, сөзсіз жұртшылықтың ЛШТТ қажеттілігін түсіну деңгейінің жоғары екендігін атап өту қажет. Бұл қазірдің өзінде халықтың өзекті экологиялық ақпарат мониторингіне және өз денсаулығын сақтауға мүдделі екендігін көрсетеді.

Сауал алынғандар (55%) ақпарат алудың ең қолайлы жолы ретінде арнайы интернет сайтты таңдады. Респонденттердің 38%-ы экологиялық ақпаратты әлеуметтік желіден алуды жөн санады. қатысушылардың қалған 7%-ының пікірі теңге бөлінді: ақпарат алудың ең жақсы тәсілі – газеттер, журналдар және семинарлар.

Сауал жүргізу барысында респонденттердің 80%-ы 25 тен 44 жас санатындағылар, 17%-ы 25 жасқа дейінгілер және 3%-ы 44-60 жастағылар екендігі анықталды.

Сауалнама нұсқасының соңында Қазақстандық кәсіпорындардың зиянды шығарындыларының бұқаралық тізілімін құрудың маңыздылығы туралы сұрақ қойылды. Аталған жағдайда пікірлер екіге бөлінді. Көпшілігі (65,5%) жұртшылық үшін экологиялық ақпараттың қолжетімділігін қолдайтындығын атап өткен жөн. Респонденттердің 17,2%-ы оның қаншалықты маңызды және қажет екенін білмейміз деп жауап берді. Қалған 17,3%-ы «ШЖК (шекті жол берілетін концентрат) және оның нормалары» дегеннің не екендігін барлығы білмейтіндіктен экологиялық ақпараттың бұқаралығының маңыздылығын түсінбейміз деп жауап берді. Алайда, болашақта сайтты қарапайым халықтың экологиялық ақпаратты толық түсіне алатындай негізгі анықтамалармен түсіндіретін ақпаратпен толықтыру жоспарлануда.

ЛШТТ туралы білімнің Қазақстан Республикасы халқының арасында таралуы

Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ жүзеге асыру шеңберінде жұмыс тобымен ЛШТТ мәселелері бойынша халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал ететін әртүрлі тақырыптардағы ақпараттық брошюралар әзірленді.

Бірінші бюллетенге Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі (бұдан әрі – ЛШТТ) деген не, ЛШТТ жүргізу ережелері және сондай-ақ, I санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар қандай негізгі ақпаратты ұсынуы қажеттілігіне назар аударатын ақпарат кіреді. Осылайша кәсіпорындар келесі деректерді ұсынуы қажет: кәсіпорынның атауы, мекенжайы және қызмет түрі, экологиялық рұқсат берудің электронды .ұсқасы, қоршаған ортаға нақты эмиссияның көлемі, мемлекеттік экологиялық бақылау және т.б. нәтижелері. Сонымен қатар бюллетенде сайтқа және Қазақстандағы ЛШТТ әлеуметтік желілердегі ресми парақтарға сілтемелер көрсетілген.

Екінші ақпараттық бюллетенде ЛШТТ негізіне жататын ақпарат, оның мақсаттары: қоршаған ортаның ластануын азайтуға және алдын алуға ықпал ететін жанама ақпарат көрініс табады

Үшінші бюллетень ЛШТТ құралының жұмысы туралы түсінік береді. ЛШТТ жұмысының механизмін барынша түсіну үшін, барлық үдеріс төрт кезеңге бөлінген: қоршаған ортаны ластауыш заттардың 86 түрі бойынша кәсіпорындармен ұсынылатын есептер; алынған деректерді жүйелеу және жекелеген кәсіпорындар мен ластауыш заттар үшін ыңғайлы және қол жетімді деректер базасын құру; Қазақстандағы ЛШТТ ресми сайтындағы ақпараттың қол жетімділігі; және сәйкесінше ағымдағы экологиялық жағдай туралы хабардарлық деңгейді арттыру мақсатында Қазақстандағы ЛШТТ ресми сайтына кіру.

Төртінші бюллетень Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНИТАР) Оқу және Ғылыми зерттеу институтының оқыту бейне-модулдері негізінде әзірленген және ЛШТТ деректерін жинау үшін эмиссиялар бағасының төрт әдісі туралы ақпараттан тұрады: мониторинг, материалдық тепе-теңдік, эмиссия факторы және техникалық есептеулер. Бюллетенде әдістердің негізгі мәні, сондай-ақ олардың күшті және әлсіз жақтары анықталады.

Барлық ақпараттық бюллетендер халық арасында оқу семинарлары, дөңгелек үстелдер, ЖОО-дағы дәрістерде және басқа да іс-шараларда таратылады. Көптеген жұртшылық өкілдері бюллетень ақпаратымен өз достары мен туыстарымен ақпарат алмасуға дайын, бұл сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының арасында ЛШТТ туралы білімдерінің кеңінен таралуына ықпал етеді.

2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп беру туралы ақпарат

Дереккөз: energo.gov.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына түзетулер көпшілік алдында талқылауға енгізді.

«Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына ҚР Экологиялық кодексінің 154-бабына, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 87, 132-баптарына, «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына, ҚР «жасыл экономика» бойынша тұжырымдамасына, ҚР Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 «Әкімшілік деректерді әкімшілік дереккөздермен тегін беру ережесін бекіту туралы» бұйрығына, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Қалдықтардың сыныптамасын бекіту туралы» № 169-п бұйрығына сәйкес, сонымен қатар жыл сайын Министрлік және Үкімет арасындағы «Өнеркәсіптік қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы және «Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы бойынша стратегиялық жоспар көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі меморандумға сәйкес өзгерістер енгізіледі.

Түзетулерді қабылдау мерзімдерін ескере отырып, 2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу туралы жылдық есеп қолданыстағы нұсқада «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады, ал 2019 жылдың қалдықтарды түгендеу туралы жыл сайынғы есеп 2020 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылдың 1 наурызына дейін жаңа нысандаhttp://os.energo.gov.kz ҚОҚ БАЖ жүйесінде қалыптастырылады.

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (Е-ЛШТТ) Еуропалық тіркелімінде іздеуді қалай ұйымдастыруға болады?

Дереккөз: prtr.eea.europa.eu

Ластауыш заттар шығарындылары бойынша іздеу

Ластауыш заттардың шығарындысы опциясы пайдаланушыға ластауыш заттар тобының негізгі критерийлерін немесе Eуропалық ЛШТТ регламентінің II-қосымшасындағы әрбір 91 заты ретінде пайдалана отырып, деректерді іздестіруге мүмкіндік береді. Осы іздеу опциясының нәтижесі нақты ластауыштың жиынтық шығарындылары туралы есеп болып табылады. Ақпарат қызметтің әрбiр түрi үшiн таңдалған ластауыштың шығарындыларының жиынтығын, осы деректер бар кестелермен, әрбiр елдегi әр ластауыш заттың (кесте және сызба) жалпы шығарындысы және тиiстi ластауышты өндiретiн кәсiпорындардың тiзiмiн көрсететiн бірнеше парақта көрсетiледi.

Қалдықтардың тасымалдары бойынша іздеу

Қалдықтардың тасымалдары бойынша іздеу пайдаланушыға елдің іішндегі және елден тыс қалдықтардың тасымалы бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді. Осы іздеу опциясының нәтижесі жыл сайынғы қалдықтардың тасымалдары туралы  туралы есеп болып табылады. Ақпарат қызметтің әрбiр түрi үшiн таңдалған ластауыштың шығарындыларының жиынтығын, осы деректер бар кестелермен, әрбiр елдегi әр ластауыш заттың (кесте және сызба) жалпы шығарындысы және тиiстi ластауышты өндiретiн кәсiпорындардың тiзiмiн көрсететiн бірнеше парақта көрсетiледi; Қауіпті қалдықтарды тасымалдауды көрсететін қалдықтардың әрбір типі, сызбасы тасымалдайтын объектінің тізбесі  және алынған қауіпті қалдықтардың саны бар елдің кестесі. Елді басқан кезде ел ішіндегі нақты объектілердің тізімі көрінеді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика