Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Түркістан облысында тұқым бақтың жұмысы жанданып келеді

Дереккөз: www.24.kz

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы тұқым бақ жылына 1 млн көшет өндіреді.

Онда алма, алқоры, алша, жүзім және шие сияқты жеміс-жидек түрлері мен тропикалық және экзотикалық өсімдіктердің де көшеттері бар. Тропикалық жемістер жылыжайдың ішінде өсіріледі. Мұнда грек жаңғағы, інжір, анар дақылы да жерсіндірілген. Тұқым бақ мамандары енді киви өсіруді де қолға алыпты. Одан бөлек, жылыжайда 210 түп аналық лимон ағашы жайқалып тұр. Қазір жемісі көздің жауын алады. Тұқым бақ қызметкерлерінің айтуынша, күтімі жақсы болса мұндағы бір түп лимон 20 кг дейін өнім береді. Жалпы тұқым бақтың аумағы – 100 жектар. Оның 2,5 гектарында жылыжай орналасқан. Мұнда 50-ге жуық адам жыл он екі ай жұмыс істейді.

Танабай Шынтасов, тұқым бақ басшысы:

– Кем дегенде бір көшет шығару үшін үш жыл уақыт керек. Оған қажетті аналығын да 3 жыл ұстау керек. Соның барлығын үш жыл ұстағанан кейін барып, көшет шығару керек. Жұмыс өте ауыр. Істелетін жұмыстардың барлығы қолмен жасалады. Бұл жерде қол жұмысы өте көп.

«Трансшекаралық тұрғыдан қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы конвенцияға және оның стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі хаттамасына сәйкес Қазақстанда экологиялық бағалау жүйесін жетілдіру» қорытынды дөңгелек үстеліне анонс

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 14 қарашада Астана қаласында “Рэдиссон-Астана” қонақ үйінде «Трансшекаралық тұрғыдан қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы конвенцияға және оның стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі хаттамасына сәйкес Қазақстанда экологиялық бағалау жүйесін жетілдіру» атты қорытынды дөңгелек үстел өтеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (Министрлік) 2017 жылдан бастап БҰҰ ЕЭК-мен, Қазақстандағы Еуропалық одақтың өкілдігімен қолдауымен және ынтымақтастықта, ЕҚЫҰ бағдарламаларының Астанадағы кеңсесі және БҰҰДБ Қазақстандағы Өкілдігі «Қазақстанның “Жасыл экономика” моделіне көшуін қолдау» бірлескен жобасы шеңберінде БҰҰ ЕЭК трансшекаралық тұрғыда қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы Конвенциясының (Эспо конвенциясы) және оның стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) жөніндегі хаттамасына (ЭСПО жөніндегі Хаттама) сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау (ЭСПО Конвенциясы) бойынша ұлттық жүйені құру және қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асырады.

Бұл жұмыс Эспо Конвенциясының ережелеріне және СЭБ жөніндегі хаттамаға сәйкес қолданыстағы ұлттық экологиялық заңнаманы шолуды және қайта қарауды және Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына қатысты жүргізілетін СЭБ жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды көздейді.

             Дөңгелек үстел Энергетика Вице-министрі С. Н. Нұрлыбайдың төрағалығымен өтеді.

            Дөңгелек үстел жұмысына келесі тұлғалар қатысады деп күтілуде:

Виктор Бадакер мырза, Тұрақты энергетика бөлімінің қызметкері, БҰҰ ЕЭК Хатшылығы.

елші Дьердь Сабо мырза, ЕҚЫҰ бағдарламаларының Астанадағы кеңсесінің басшысы;

ЙоханесСтенбаекМадсен мырза, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері, ҚР Энергетика министрлігінің салалық департаменттерінің сарапшылары, СЭБ және ҚОӘБ бойынша ұлттық сарапшылар мен халықаралық сарапшылар ЕржиЕндрошка мырза, СЭБ және ҚОӘБ бойынша заңнаманы дамыту саласындағы негізгі халықаралық сарапшы Елена Лаевская ханым (СЭБ және ҚОӘБ бойынша заңнаманы дамыту саласындағы халықаралық сарапшы), сондай-ақ Грузия, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинадан келген жетекші сарапшылар.

Дөңгелек үстел бағдарламасына сәйкес, күннің бірінші жартысында

ҚОӘБ және СЭБ жөніндегі заңнаманы дамыту саласындағы негізгі халықаралық сарапшы Ержи Ендрошка мырзаЭспо конвенциясының ережелері мен талаптары және орталық және Шығыс Еуропа елдерінде ҚОӘБ саласындағы заңнамалық реформалардың тәжірибесі туралы хабардар етеді.

            Украинаның Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қоршаған ортаға әсерді бағалау бөлімінің бастығы Марина Шимкус ханым Украина Республикасының экологиялық бағалау жүйесін реформалаудағы тәжірибесі туралы айтып береді.

   Тбилиси мэриясының қоршаған ортаны қорғау муниципалдық қызметінің бастығы Гига Гигашвилли ханым Ұлттық экологиялық бағалау жүйесін реформалаудағы Грузияның тәжірибесін таныстырады.

       Мәдина Ибрашева ханым – Қазақстандағы СЭБ және ҚОӘБ жөніндегі жобаның жетекшісі Қазақстандағы СЭБ және ҚОӘБ-ті жетілдіру бойынша жоба туралы қысқаша ақпаратты ұсынады: мақсаттары, кезеңдері және алынған сабақтар.

     Сондай-ақ жоба шеңберінде ұсынылып отырған Қазақстандағы заңнамалық реформа және ҚОӘБ саласындағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне түзетулер жобалары, атап айтқанда Экологиялық кодекс тарауларының «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» және “Трансшекаралық тұрғыда қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобалары қаралатын және талқыланатын болады.

       СЭБ және ҚОӘБ жөніндегі заңнаманы дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Елена Лаевская ханымСтратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі хаттаманың ережелері туралы ақпарат береді. Орталық және Шығыс Еуропа, сондай-ақ Кавказ елдерінде СЭБ саласындағы заңнамалық реформа.

            Күннің екінші жартысында қаралатын және талқыланатын болады        

     Қазақстандағы СЭБ саласындағы заңнамалық реформа жобасы шеңберінде ұсынылатын жобалар: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі үшін «Стратегиялық экологиялық бағалау» тараулары және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стратегиялық экологиялық бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, сондай-ақ стратегиялық экологиялық бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының заңға тәуелді актілерінің жобалары.

   Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына қатысты ЭОЖ бойынша пилоттық жобаның нәтижелері (мақсаттары, тәсілдері мен рәсімі), «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» туралы ақпарат (мазмұны, жоспарлау процесі және одан әрі қадамдар), сондай-ақ ЭОЖ бойынша пилоттық жобаның негізгі қорытындылары мен нәтижелері (тұжырымдамаға байланысты түйінді мәселелер мен ықтимал негізгі әсерлер).

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына қатысты СЭБ жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелері (мақсаттары, тәсілдері мен рәсімі), «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» туралы ақпарат (мазмұны, жоспарлау процесі және одан әрі қадамдар), сондай-ақ СЭБ жөніндегі пилоттық жобаның негізгі қорытындылары мен нәтижелері (тұжырымдамаға байланысты түйінді мәселелер мен тұжырымдамамен байланысты ықтимал негізгі әсерлер).

            Шара соңында БҰҰЕЭК халықаралық кеңесшілері СЭБ ұсынымдарымен таныстырады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша осы мәселе жөніндегі келесі іс-қимылдарға қатысты ұсынымдар мен қадамдар ұсынылады деп күтілуде.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссия отырысына Баспасөз релизі

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Энергетика министрлігінде отын-энергетика кешені және экология мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, министрліктің, «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ және Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңес мүшелеріне Астана қаласы мен солтүстік аймақтарды газдандырудың негізгі мүмкіндіктері таныстырылды (қаржыландыру, газдандыруды қамту, газ жеткізудің тұрақтылығы, Инфрақұрылым, баға белгілеу және т.б.), ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ-да) көзделген жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын басқару және жұмсау бойынша тиімді тетікті әзірлеу бойынша ақпарат тыңдалды, жер қойнауын пайдаланушылар мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімінде (Nadlock) жүзеге асыратын олардың мердігерлік), Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасының іске асырылу барысы туралы есеп тыңдалды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, қызмет этикасын сақтау, Энергетика министрлігіндегі азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері де  талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша мұнай және газ жөніндегі комиссия мүшелері Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған Бас схемасын іске асыру бойынша, ҒЗТКЖ-да көзделген жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын басқару және жұмсаудың тиімді тетіктерін әзірлеу бойынша тиісті ұсынымдар берді.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспөз қызметі

Еуропалық Одақ Кеңесі ЛШТТ есептілігін ұсыну бойынша қолданыстағы міндеттемелерді жеңілдетуді қолдайды

Дереккөз: www.consilium.europa.eu

Еуропалық Одақ әртүрлі бірқатар экологиялық заңдар шеңберінде ЛШТТ бойынша есептілік талаптарын келісуге ұмтылады. 7 қарашада Кеңес экологиялық есептілікке неғұрлым дәйекті тәсілді қамтамасыз ететін есептілікті реттеу бойынша өз ұстанымын келісті.

Болжамды реттеу он заңнамалық актіні қамтиды. Қолданыстағы есептілікті ұсыну  бойынша міндеттемелерді жеңілдету арқылы әкімшілік шығындарды қысқартуға,  болашақ бағалаулар мен ашықтықты арттыру үшін қолжетімді деректердің сапасын жақсартуға болады.

Реттеудің ұсыныстарына түзетулер келесі он заңнамалық актіде қолданылатын болады:

Ағынды суларды тазарту бойынша директивтер 86/278 / EEC;

Шу бойынша директивтер 2002/49 / EC;

Экологиялық зиянның алдын алу және жою жөніндегі экологиялық жауапкершілік туралы директивтер 2004/35 / EC;

Еуропалық қоғамдастық директивіндегі жазықтықты ақпараттың инфрақұрылымы (INSPIRE) 2007/2 / EC;

Құстар бойынша директивтер 2009/147 / EC;

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарын Еуропалық реттеу (E-ЛШТТ) (ЕС) № 166/2006;

Жануарларды тестілеу бойынша директивтер 2010/63 / EC;

Орман материалдарын реттеу ЕС (ЕС) № 995/2010;

Орман заңнамасын, басқаруды және сауданы реттеу (FLEGT) (ЕС) № 2173/2005;

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциясы (СИТЕС) 338/97.

Мүше-мемлекеттер экологиялық жауапкершілік туралы директивте ұсынылған өзгерістерге қолдау көрсетпеді.  Мұның себебі бұл өзгерістер есептілік шегінен асып кетеді және қосымша әкімшілік жүктемені тудырады.

Ұсыныспен http://data.consilium.europa.eu/doc/document/ST-9617-2018-INIT/en/pdf сілтемесі бойынша танысуға болады.

Таласқа түскен мұнай тағдыры шешілді

Дереккөз: www.24.kz

Ресей мен Қазақстан арасында біраз таласқа түскен 142 мың тонна мұнай отандық компанияның меншігіне өтетін болды.

Бұл жөнінде бүгінгі Сенат отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін «Омбы – Павлодар» мұнай құбырының 141 мың 728 тонна мұнайы Ресей аумағында қалып, осы күнге дейін оның меншігі шешілмей келді. Ақыры ұзақ келісімдерден кейін ол «Қазтрансойл» компаниясына өтетін болды. Есесіне «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» мұнай құбырының Қазақстан бөлігінде қалған 62 мың тонна мұнай ресейлік компанияға қайтарылады. Сенат депутаттары аталған заңды бірауыздан қолдап дауыс берді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

– Келісімді ратификациялау және іске асыру бұрын талас болып келген 141 728 мың тонна технологиялық мұнайға «Қазтрансойл» АҚ-ның заңды ие болуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикасына қосымша пайда әкеледі. Қазіргі күні технологиялық мұнай жер қойнауын пайдаланушыларға қайтарылмайды. Олар аталған мұнайды Қазақстанның мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа жеткізуге мүмкіндік алады.

2018 жылғы қарашаның 7-нен 9-на дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы   қарашаның 7-нен 9-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану»   тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Атырау –Тенгиз Констракшн Сервис» ЖШС; «ТеңізСервис» ЖШС; «СКФ «Жаиксельстрой» ЖШС; Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық  шаруашылық басқармасының шаруашылық  жүргізу құқығындағы «Алматы су» МКК; «ERG Service» (И-Ар-Джи Сервис) АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Экологиялық кодекстегі өзгертулер. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтары саласындағы заңнаманың қазіргі жағдайы және 2016, 2017, 2018 жылдардағы экологиялық кодекске енгізілген түзетулер
  • I санаттағы объектілерге экологиялық рұқсаттар беру
  • Климаттың өзгеруіне байланысты тұрақты даму мақсаттары мен көрсеткіштері.
  • Экологиялық басқару
  • Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілген өзгерістер);

Дәріс оқығандар:

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Асанова Жанар Талгаровна – АҚ «Жасыл Даму» Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Досмакова Бизара ЖакиевнаҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті     директорының орынбасары;

Макенова Ризагуль Сериковна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;

Сергазина Гульмира Халеловна – АҚ «Жасыл Даму» бас директордың орынбасары;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна –  ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ  бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Ақтөбеде инновациялық қоқыс контейнерлері орнатылады

Дереккөз: www.24.kz

Ақтөбе қаласында инновациялық қоқыс контейнерлері орнатылмақ.

Пилоттық жоба бұған дейін Астана мен Алматыда іске асырылған еді. Сыйымдылығы 5 текше метр болатын 1 жаңа контейнер ескі 6 контейнерді алмастырады. Биіктігі 3 метрлік қондырғының үштен екі бөлігі жер астында орналасады. Контейнердің ішінде жанбайтын, жыртылмайтын материалдан тігілген қап бар. Мұндағы қоқыс қыста қатпайды, ал жазда жағымсыз иіс жайламайды. Беті жабық болғандықтан, қоқыс желге ұшып, жан-жаққа шашылмайды. Арнайы қапты 3 жылда бір ауыстыруға болады. Ал контейнердің өзі 15 жылға дейін сыр бермейді. Ресейден әкелінген экологиялық таза қондырғының бағасы 700 мың теңгеден басталады. Әзірге қала бойынша осындай 3 контейнер орнатылды.

Жанат Қуанышева, қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы:

– Қалаға барлығы 60 контейнер сатып алу жоспарланып отыр. «Батыс-2» ауданында 40, «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында 20 қондырғы орнатылады. Ескі контейнерлермен салыстырғанда, тиімділігі жоғары. Экологиялық ахуалдың жақсаруына септігін тигізеді. Және үй аулалары таза болады.

«Экология және жасыл экономика көшбасшысы» ұлттық конкурсы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы 2018 жылғы 10 қыркүйектен бастап табиғат қорғау бастамаларын қолдайтын, сондай-ақ «жасыл технологияларды» пайдаланумен байланысты жобаларды іске асыратын ұйымдар мен азаматтар арасында «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» байқауына қатысу туралы өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

КОНКУРС МИССИЯСЫ:

— экологиялық таза Қазақстанды дамытуға себептесу;

— мемлекеттің, азаматтық қоғамның, ғылымның және бизнестің әлеуетін біріктіру арқылы экологиялық мәселелерді шешуге себептесу

КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

— экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, халық арасында «жасыл экономика» қағидаларын насихаттау;

— табиғатты қорғау, экология және климаттық теңгерімді сақтау мәселелерін шешуге мемлекеттік органдардың, бизнес пен қоғамның назарын аударту;

— экономиканың барлық салаларында инновациялық және экологиялық таза бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Жеңімпаздар Астана қаласында 2018 жылғы қарашада өтетін Бірінші экологиялық форум аясында марапатталады. Экология, «жасыл экономика» және тұрақты даму саласындағы сарапшылардан тұратын  қазылар алқасы жарияланған 7 номинацияның әрқайсысында 3 жеңімпазды анықтайды:

1. Эко әкімдік

2. Эко кәсіпкер

3. Эко өндіріс

4. Эко ҮЕҰ

5. Эко мекеме (мектептер, аурухагалар және т.б.)

6. Эко тұлға

7. Эко волонтер

Негізгі іріктеу критерийі тұрғындар мен елді мекендер үшін іске асырылатын іс-шаралар мен жобалардың тиімділігі мен пайдалылығы болады.

Материалдар 2018 жылғы 20 қарашадан кешіктірмей қабылданады.

 конкурсқа сілтеме

2018 ж.1 қарашасында ҚР Премьер-Министрдің Кеңсесінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондарының қорытындылары жөнінде ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның қатысуымен пресс-конференция өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 1 қарашасында ҚР Премьер-Министрдің Кеңсесінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондарының қорытындылары жөнінде ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның қатысуымен пресс-конференция өтті.
Аукциондық сауда «КОРЭМ» АҚ электронды сауда-саттық алаңы арқылы өткізілді. Аукциондық сауда-саттықтың өткізу барысын тексеру барлық аукциондық сауда-саттыққа қатысқан бақылау комиссиясымен қамтамасыз етілді. ҚР Энергетика министрлігінің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бақылау комиссиясының құрамына кірді.
Аукциондық сауда-саттық, ЖЭК жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды бәсекелес іріктеуге және ЖЭК объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттық механизмі, 2018 жылға дейін қолданыста болып, бастапқы кезеңде елімізде ЖЭК секторын іске қосуға мүмкіндік берген тіркелген тарифтердің орнына келді. Аукциондық сауда-саттық механизм ЖЭК объектілерімен өндірілген электр энергиясына әділ нарықтық бағаны анықтауға, әлеуетті инвесторларды іріктеудегі айқын процесті құруға және елдегі жаңартылатын генерация секторын дамытуға бағытталған салаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылы Қазақстанда ЖЭК жобаларының белгіленген қуаты 1000 МВт көлемінде ЖЭК түрлері бойынша бөлінген болатын:
• 290 МВт – күн электр станцияларын;
• 620 МВт – жел электр станцияларын;
• 75 МВт – су электр станцияларын;
• 15 МВт – биоэлектр станцияларын іске асыру ұсынылды.
Ағымдағы жылдың барысында көктемгі және күзгі аукциондық сауда-саттықтың сессиялары өткізілді. Көктемгі 2018 жылдың 23 мамырдан 7 маусым және күзгі 3-18 қазанға дейінгі мерзімде сесссиялар өткізілді.
Аукциондық сауда-саттық жергілікті де, халықаралық қатысушылардың үлкен қызығушылығын көрсетті.
Сауда-саттықта 9 елден: Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Франция, Болгария, Италия, Біріккен Араб Әмірлігі, Нидерланд Корольдігінен 113 компания өкілдері қатысты.
Аукциондық сауда-саттықтың нәтижесінде 30 компанияның 15 жылға жалпы қуаты 857,93 МВт-қа, оның ішінде ЖЭС – 500,85 МВт, КЭС- 270 МВт, кіші СЭС -82,08 МВт және БиоЭС – 5 МВт ЖЭК электр энергиясын біріңғай сатып алушымен шарт жасасуға мүмкіндігі бар.
2018 жылы аукциондық сауда-саттықты өткізу нәтижесінде жел генерациясына – 23,3%, күн генерациясына – 48% кіші СЭС жобаларына – 23,4 %, БиоЭС – 1% аукциондық бағаның максималды төмендеуі бәсекелестік аймақтың құрылуы ЖЭК-пен өндірілетін электр энергиясына нарықтық бағаны анықтауға мүмкіндік берілуін растайтын өте жақсы нәтижесі болып табылады.

Қазақстанда ұлттық табиғи парк ашылды

Дереккөз: www.24.kz

Елімізде Үкімет қаулысымен он үшінші ұлттық табиғи парк ашылды.

Мемлекеттік саябақта Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай тауының күнгейі мен теріскейі, бірнеше өзені ерекше қорғауға алынады. Мекемеге 200-ге жуық жергілікті тұрғын жұмысқа алынып, сирек кездесетін өсімдіктер мен жан-жануарлар әлемін бақылауға алады. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарып, туризмді дамыту да жоспарланған.

Болат Көкенайұлы, Twitter@bolekekokenay

– Қойнауы құт берекеге толы қарт Тарбағатайда 1640-тан астам өсімдік, 370-тен астам аң-құс, өзендерде балықтардың 16-ы түрі кездеседі екен. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгендері де көп. Ал Ұлттық Парк қызметкерлерінің алдына қойылған басты мақсат – осы алуан түрлі табиғатты сақтап қана қоймай, оларды түрлендіріп, көбейту.

Тарбағатай тауының етегінен бастап ең биік шыңына дейінгі ұшқан құс, жүгірген аң, жайқалған жасыл дүниенің бәрі енді бақылауда болады. Ұлттық табиғи парктің жалпы аумағы 144 мың гектарды алып жатыр. Мұнда 4 түрлі аумақ бар. Алғашқы екеуі қорықтық және экологиялық тұрақтылық деп аталады. Бұл жерлер ерекше күзетіледі, оған тек арнайы рұқсатпен кіре аласыз.

Әлібек Тоқымтаев, «Тарбағатай» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркінің директоры:

– Үшінші зонамыз экологиялық, туризмді дамыту зонасы болып табылады Ол жерде үлкен жоспарлар бар. Төртінші зонада мал бағуға болады және шөп шабуға болады. Бірақ оның бәрі біздің саябақпен келісімде істеу керек. Әрбір ауылдық әкімдіктерге барып, ұлттық парктің ашылу мақсатын түсіндіру, таныстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

40 жылға жуық осы маңда орманшы болып еңбек еткен Ережеп ақсақал жаңадан құрылған парк әлемде теңдесі жоқ Үржар апорты мен әйгілі Сиверс алмасын да қайта жаңғыртуға септігін тигізеді деген сенімде.

Ережеп Темешов, «Тарбағатай» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркінің бөлім меңгерушісі:

– Әлемнің қай түбіне барсаңыздар да осындай ғажайып жерді көрдіңіздер ме? Мысалы, біз бүгінгі таңда 1100 метр биіктікте алманы алма ағаштан жеп көріп тұрмыз. Парктің ашылуы бізге жақсы болды, осындай жерлерімізді ары қарай сақтауға, ары қарай дамытуға көп себебі тиеді деп отырмын.

Қазірдің өзінде 8 техника алынып, парк қызметкерлері арнайы киім, құрал-жабдықтармен қамтылып жатыр. Болашақта 5 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, бағыт-бағдар нақтыланбақ. Ал жергілікті әкімдік бұрынғы мектеп ғимаратын жаңа мекеменің игілігіне беруді жөн санапты. Оны келесі жылы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика