Дерекөз: ҚазАқпарат
Ақтөбе облысында ауылдық елді мекендерді газбен қамтамасыз ету бойынша 19 жоба іске қосылды. Ол үшін бюджеттен 6,4 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің сайтына сілтеме жасап.
2019 жылы жоспарланған 19 жоба аяқталған соң Ақтөбе облысындағы 11 ауылдың 7 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отын желісіне қосылады. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ауылдардағы шағын және орта бизнестің дамуына ықпалын тигізеді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Дастан Амановтың айтуынша, қазіргі уақытта облыс халқының 88% немесе 752 мың адам газбен қамтылған. 2018 жылдың соңына дейін Әйтеке би ауданына қарасты Аралтөбе ауылы мен Хромтау ауданының Жазық ауылын газбен жабдықтау ісі аяқталады.
Елді түгелдей газдандыру ісі 2018 жылдың наурыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес әлеуметтік бастамасының бірі екені белгелі. Бүгінде республиканың 9 облысына газ тартылған. Олардың басым көпшілігі – оңтүстік және батыс өлкелер. Орталық және солтүстік өңірлер әзірге газбен жабдықталмаған.
Аталмыш мәселені шешу үшін Президент Н. Назарбаев Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша магистральдік газ құбырын салу туралы ұсыныс білдірді.

Дерекөз: ҚазАқпарат
Қарағандының жануарлар бағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Болашақта тәлімбақ аумағында заманауи ғимарат, қаумалдар, қашалар, жасанды шығанақтар мен көлдер пайда болады. Жануарларды ұстау шарттары мен оларды көрсету қағидалары да толығымен өзгеретіні күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қайта құру жобасын «Гражданпроект» институтының қызметкерлері зоолог мамандардың қатысуымен жасады. Зоопарктің аумағында жөндеуге жатпайтын ескі, апаттық ғимараттарға демонтаж жасау басталды. Оның орнына жануарларды қыста ұстайтын жаңа нысан тұрғызылады. Барлығы заманауи, инновациялық талаптарға сай жасалады», – деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Жоспар бойынша жаңа ғимарат холының орталығында үш қабаттан тұратын атриум болады. Келушілер бірінші қабаттан қолтырауын мен тасбақаларды көре алады. Екінші қабатта аквариумдардағы балықтар, рептилиялар мен құстар болады. Үшінші қабатта 46 адамға арналған көрме залы мен конференц-зал орналасады.
Құрылыстың мерзімі – 16 ай.
Қарағанды зообағы – Қазақстандағы ең ескі хайуанаттар бағының бірі, мемлекеттік маңызы бар парк. Оның іргесі 1938 жылы қаланған.
Дерекөз: ҚазАқпарат

Елорданың Сарыарқа ауданының әкімдігі қала тұрғындарына қоқыс жәшіктерінің түсін таңдауға қатысты сауалнама жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мамыр айында Қосшығұлұлы 25 мекенжайына контейнерлер алаңының жаңа дизайнын жасап, орнатқан болатынбыз. Оның сырты ағаш түсте қапталып, ақпараттық тақтайша қойылған. Оның түсі мен тиімділігі бойынша тұрғындардың пікірлерін білу мақсатында тестілеуден өткіздік. Жақында тұрғындардың жауаптарын алып, нәтижесінде «ағаш түсі» қалалық форматқа келмейтінін, ашық металдың кіршең болатынын, жалпы аяда оның айқын көрініп тұратынын және «қоқыс жәшіктері» көзге байқалмайтындай болу керектігін білдік. Сонда да менің жеке өзіме осы нұсқа ұнайды», – деп жазды Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек өзінің Фейсбук парақшасында.
Арман Тұрлыбек жақын уақытта аулаларға қойылатын жәшіктердің дизайнын, оның алаңының түсін таңдау, сондай-ақ анықтама тақтайшаларына не жазу керектігін білу үшін тұрғындармен пікір алмасқысы келетіндігін атап өтті.
«Пікірлерге Сізге ұнаған түстің нөмірін белгілеуіңізді немесе өз нұсқаңызды жазуыңызды сұраймыз. Көп дауыс санымен таңдалған нұсқаны дайындауға жібереміз. Сонымен бірге бүгінгі күні біз дәстүрлі контейнерлік алаңдарды ауданның 68 мекенжайына қосымша қойдық. Көктал 1, Агроқалашықтағы алаңдарды жөндеуді аяқтадық. Енді Көктал 2-ге 40 жаңа алаң орнатуға кірісеміз», – дейді ол.
Дереккөз: www.24.kz
Алматыда Орталық Азия аймағындағы трансшекаралық өзен-көлдер жөніндегі көкейкесті мәселелер талқыланған жиын өтті.
Аймақтық кеңеске ТМД елдерімен қатар Ауғанстан, Моңғолия, Қытай мен Иран елдерінің экологтары мен сарапшылары қатысты. Олар су ресурстарын ысырап қылмай дұрыс пайдалану, суғармалы жерлердегі суару жүйесінің озық технологиялар тиімділігін арттыру жөнінде тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар ауылшаруашылығы мен өндіріс саласында суды игеруде экологиялық зардаптардың алдын алу мәселелерін көтерді. «Жалпы соңғы 30 жылда Орталық Азия аймағының барлық елдерінде тұшы судың жетіспеушілігі анық байқалады. Сондықтан ортақ мәселені кеңесіп, келісіп шешу үшін осындай халықаралық бас қосудың маңызы зор» дейді сарапшылар
Мұрат Бейсенов, ҚР Ауылшаруашылығы министрлгі Су pесурстары комитетінің басқарма басшысы:
– Су ресурстарын бөлу, пайдалану жөніндегі біздің арамыздағы қарым-қатынас жылдан жылға нағайып келе жатыр. Соның нәтижесі ретінде су мәселесіндегі өзекті проблемалар өзінің шешімдерін тауып келе жатыр.
Дереккөз: www.inform.kz
Елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды екіге бөліп жинауды ұйымдастыру жобасы іске асырыла бастайды. Жобаны елорда әкімдігі мен «Оператор РОП» ЖШС бірлесіп әзірледі. Бірінші кезеңде әзірлеушілер тұрғындарға қоқысты бөліп жинаудың ережелері мен басымдықтарын түсіндіретін болады.
Ал шілдеде алаңдарда сары түсті 6276 контейнерді орнату жұмыстары басталмақ. Бұл контейнерлер металл, пластик, қағаз, шыны сияқты құрғақ қалдықтарға арналған.
Жасыл түсті мырышталған контейнерлерге азық-түлік қалдықтарын, өңделмейтін органикалық қоқысты тастау керек.
Қалдықтарды бөліп жинаудың қаншалықты пайдалы екендігін АҚШ-та, Түркияда, Қытайда, Швейцарияда, Испанияда, Бельгияда, басқа да елдерде тұратын отандастарымыз айтып отыр.
Дереккөз: www.24.kz
Семей қаласының Балалар биологиялық орталығы Қызыл кітапқа енген жануарлармен толықты.
Орталыққа Алматы зообағынан Ява макакасы мен екі үнді жайраны жеткізілген. Қазір жануарлар жаңа орынға бейімделіп жатыр. Женя есімді макакаға жаздық алаң берілді, ал жайрандар борсықтармен көршілес орналасты. Бүгінгі таңда биоорталықта 100-ден астам жануардың түрі бар, соның ішінде 14-і Қызыл кітапқа енген.
Ләззат Жүнісова, ұйымдастыру бөлімінің әдіскері:
– Бүгінгі таңда біздің жануарлар, яғни үнді жайраны мен Ява макалалары жақсы бейімделіп жатыр. Басында қорқыныш болғанымен, қазіргі кезде олар өздерін жақсы сезінеді. Оны біз оқушылармен, өзіміздің жас натуралистермен фенологиялық бақылау кезінде байқадық. Валергиялар еркін түрде шығады. Тамақтануы бойынша да олар еркін түрде тамақтана алады.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де – Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңадан салынған RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылданды. Осы уақыттан бастап «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» стратегиялық жобасы аясында іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау кезеңі – технологиялық қондырғыларды кешенді сынау жұмыстары басталады.
Шикізатты қабылдауға дейін келесідей үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді:
– су дайындау қондырғысы, БӨА сығылған ауа қондырғысы, азот өндіру, бу өндіру қондырғысы және т.с.с. жалпы зауыт шаруашылығы нысандарында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды;
– технологиялық қондырғыларда жеке сынау жұмыстары, энергоресурстарды қабылдау, реакторлы-регенераторлы және реакторлы блоктарды құрғату жұмыстары аяқталды және барлық тораптарды, блоктарды және жалпы технологиялық жүйені мұқият тексеріп шыққаннан кейін негізгі RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылдау және Merox, Prime G+, Claus, PSA-2 қондырғыларын қосу туралы жалпы шешім қабылданды.
Қуаты жылына 2 млн. тонна шикізат өңдейтін RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы UOP компаиясының (АҚШ) технологиясы бойынша жобаланып, салынды және ол осы кешеннің «жүрегі» болып табылады. Қондырғы ауыр мұнай қалдықтарын өңдеп, сұйытылған газ, бензин және жеңіл газойл сияқты жоғары сапалы бағалы өнімдерді алу үшін арналған.
Жалпы айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының екінші кезеңі аясында:
– RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы;
– Merox көмірсутекті газдарды тазалау қондырғысы;
– Prime G+ бензинді гидротазалау қондырғысы;
– Claus күкірт өндіру қондырғысы;
– PSA-2 сутекті тазалау қондырғысы сияқты технологиялық қондырғылар салынды.
Аталған қондырғыларды іске қосу зауытта шикізат өңдеу тереңдігін жоғарылатуға және сапасы жағынан К4 және К5 экологиялық класына сәйкес келетін автомобиль отындарын – бензин мен дизельді өндіру көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді.
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасын аяқтау 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда.
«ПҚОП» ЖШС Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 26-29 маусым аралығындағы мерзімде Ақмола облысының Бурабай кентінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) сарапшыларымен және мүдделі ұйымдардың өкілдерімен ынтымақтаса отырып, «Қаржылық тәуекелдерді үлестіру және ядролық-энергетикалық бағдарламалардағы экономикалық мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысына ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның, «Ядролық физика институты» РМК-ның, «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК-ның, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның және «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Сарапшылар жаңа атом электр станцияларының жобаларын қаржыландырумен байланысты тәуекелдерді басқару жөнінде, АЭС құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесінің рөлі мен сипаттамасы туралы өзекті ақпаратты ұсынды. АЭХА сарапшылары қатысушыларды ядролық бағдарламаны қолдау мен ядролық-отын циклінің соңғы кезеңіндегі міндеттемелерді қаржыландыру бойынша Ұлыбритания мысалында халықаралық тәжірибемен таныстырды.
Топтық тәжірибелік сабақтар кезінде қатысушылар АЭС салу жобасы бойынша қаржылық модельдердің түрлерін өз беттерінше қалыптастырды, негізгі жобалық тәуекелдерді анықтады, сондай-ақ АЭС жобасын іске асыруды бастаумен байланысты олқылықтарды және оларды шешу жолдарын анықтады.
Топтық оқулар нәтижесі бойынша халықаралық сарапшылар оң бағасын беріп, орындалған жобаларға ұсынымдар, кеңестер мен ескертулерін ұсынды.
Семинар шеңберінде қатысушылар алған білімдер мен дағдыларын атом саласын дамытудың қазақстандық бағдарламасын іске асыру кезінде пайдаланатын болады.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы маусымның 27-нен 29-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Ақтөбе қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Батыс су арнасы» ЖШС; «Актюбинская Региональная Экспертиза» ЖШС; «Бетон-Пресс» ЖШС; «Тау-Кен» ЖШС; «Лигабуе Орта Азия» ЖШС; «Вест Моторс Сервис» ЖШС; «Central Asian School Of Petroleum Engineering» (CASPE)» ЖШС; «Конденсат» АҚ; «Байтау Партнерс» ЖШС; «Арал Петролеум Кэпитал» ЖШС Ақтөбе филиалы.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Ағымдағы жылы 28 маусымда Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешен және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Экология бойынша Комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа Қоғамдық кеңестің, Министрліктің, Үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының, «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясының, Халықаралық «Жасыл» технологиялар орталығының, WWF өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің мүшелері «Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ұзақ қашықтықта жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын беру және сату жөніндегі халықаралық желіні құру бойынша Заңды тұлғалар бірлестігінің «Жібек жолының керемет желісі» бастамаларымен таныстырылды.
«EXPO&WOmEn» Халықаралық ұйымымен Бейжін қаласында «Жасыл өмір – бұл жақсы өмір» ЭКСПО-2019 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Қазақстандағы әйелдердің қатысуы туралы дайындығы және ұсыныстарының талдауы ұсынылды.
Сондай-ақ, отырыста WWF-тің Ресейлік филиалы ұсынған экологиялық жауапкершілік саласындағы Қазақстанның мұнай-газ және тау-кен компанияларының ашықтығының бірінші рейтингісін әзірлеу мәселесі қарастырылды.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің мүшелерімен 2016 жылға арналған қоршаған орта жағдайы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Интерактивті есебі мақұлданды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Экология бойынша Комиссия мүшелерімен тиісті ұсыныстар ұсынылды.