Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2018 жылғы 29 маусымда Женева қаласында қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде ҚР Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 29 маусымда Женева қаласында (Швейцария) қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, CERN тарапынан – осы ұйымның Бас директоры Фабиола Джанотти қол қойды.

Ынтымақтастық туралы халықаралық келісімге бар ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан Республикасының ғалымдары, инженерлері, студенттері мен техникалық мамандарына CERN ғылыми-зерттеу жобаларына ұзақ мерзімді негізде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін негіз салу мақсатында қол қойылды.

Қазақстанның CERN шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастығы еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта оң имиджін қолдау үшін үлкен мәнге ие екендігін атап өту қажет, ол өз кезегінде елдің ғылыми және инновациялық потенциалының дамуына әсерін тигізеді.

Жалпы CERN-мен ынтымақтастық теория мен тәжірибені біріктіруге, осылайша жүргізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Маңызды тұсы: CERN-ге қатысушы елдердің жылдық жарнасы жылына 1,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Мүше-мемлекеттің жыл сайынғы белгіленген жарнасы 13-14 млн.долларды құрайды. Бүгінде Германия (200 млн. евродан жоғары), Франция, Ұлыбритания және  Италия (100 млн. евродан жоғары) ірі донор болып табылады.

Қазақстан, өз кезегінде осындай ірі соманы төлемей-ақ CERN-нің түрлі қондырғыларында бірегей зерттеулер жүргізуге қатысатын мүмкіндікке ие болады, осылайша ядролық физика саласындағы озық әрі ең жаңа технологияларды қамтамасыз етеді.

Келісімге қол қойғаннан кейін Қазақстанның жас ғалымдары мен мамандары қолданыстағы қондырғыларда тағылымдама өтуге және ең ірі жобасы үлкен адрон коллайдері болып саналатын Ұйымның қондырғыларында жүргізілетін бірлескен тәжірибелеріне қатысуға мүмкіндік алады.

Жыл сайын еліміздің 50-ден аса магистр мен PhD докторлары CERN-ң түрлі қондырғыларында бірегей зерттеулер жүргізетін болады, осылайша ядролық физика саласындағы озық әрі ең жаңа технологияларды қамтамасыз етеді.

Сапар барысында қазақстандық делегация әлемдегі ең ірі эксперименталды қондырғы үлкен адрон коллайдерімен танысты.  Аталған қондырғыны құру және зерттеу жұмысына 100-ден астам мемлекеттен құралған 10 000 астам ғалым мен инженерлер тобы қатысады.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз сөзінде: «Қазақстанда казіргі уақытта ядролық ғылым мен техника саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер дамуда. Зерттеулерде Ядролық физика институты және ҚР Ұлттық ядролық орталығымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Физика-техникалық институтының ғалымдары белсенді қатысады. Осы келісім үлкен мәртебеге ие болып, іргелі ядролық физика саласындағы ынтымақтастықтың деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін болады», – деді.

Сондай-ақ, ол Қазақстан ғалымдарының атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы қызметтің негізгі бағыттары ядролық физика бойынша іргелі зерттеулер, қарапайым бөлшектер физикасы және жоғарғы энергиялар физикасы, қатты денелердің радиациялық физикасы, ядролық физика бойынша қолданбалы зерттеулер, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және медицинада ядролық технологияларды әзірлеу және қолдану болып табылатынын атап өтті.

Министр «Ядролық физика институты 2010 жылдан бастап Қазақстанның және ТМД жас мамандары үшін бірлескен CERN мектептерін ұйымдастырады. Астана, Дубна және CERN қалаларында 3 мектеп өткізілді (барлығы 80 артық жас ғалымдар тағылымдамадан өтті). Қазақстанда тағы келесі 4-ші мектепті ұйымдастыру жоспарлануда. Экзотикалық ядролар қасиетін зерттеу, сондай-ақ болашақ ядролық реакторлардың конструкциялық элементтеріне жоғары дозалы сәуленің тигізетін әсерін зерттеу бойынша бірлескен тәжірибелерді талқылау жүргізілуде» – деп қорытындылады.

%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b5%d0%b2%d0%b0-29-06-18-min

нықтама.Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы қарапайым бөлшектер физикасын зерттеу саласындағы жетекші халықаралық ұйым болып табылады. Штаб-пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан.

Соғыстан кейінгі физиканың пионерлері Рауль Дотри, Пьер Оже, Лев Коварски, Эдоардо Амальди и Нильс Бор физикалық тәжірибелерді зерттеу үшін біртұтас ұйым құрудың қажеттігі туралы мәлімдеді. Еуропа мәдениет конференциясында (Лозанна қаласы, Швейцария, 1949ж.) Луи де Бройль еуропалық зертхана құруды ресми түрде ұсынды. 1951 жылы желтоқсанда Париж қаласында өткен ЮНЕСКО үкіметаралық кездесуінде Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымын құру туралы шешім қабылданды. 1953 жылғы 29 маусым 1 шілде аралығында Парижде 12 еуропа мемлекеттерінің өкілдері CERN құру жөніндегі келісімге қол қойды. Ұйым 1954 жылы 29 қыркүйекте құрылды.

Қазіргі уақытта CERN-ге 22 мемлекет мүше болып табылады. Одан басқа, кейбір елдер және халықаралық ұйымдар бақылаушы статусына ие. CERN-де 2400 жуық адам тұрақты жұмыс істейді, және 113 елдің 580 университеттері мен институттарынан
10 мыңнан астам физик пен инженерлер CERN-ң халықаралық тәжірибелеріне қатысып, сонда уақытша жұмыс істеуде.

Баспасөз ақпараты: 2018 жылдың 19 – 21 маусымында Женева қ. (Швейцария) Орхусконвенциясы Тараптары жұмыстобыныңжиырмаекінші кездесуі болып өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 19-21 маусымында Женева қ.ОрхусконвенциясыТараптарыЖұмыстобыныңжиырмаекіншікездесуі болып өтті. Жұмыс тобында 2015 – 2017 жылдардағы Конвенцияны жүзеге асырудың және сонымен қатар ақпаратқа қолжетімділікке ықпал етуде қол жеткен прогресс, жұртшылықтың сот әділдігіне қол жеткізуі мен қатысуы, сондай-ақ Генетикалық өзгертілген организмдер туралы түзетулерді ратификациялауды қамтамасыз етуді қамтитын бірқатар мәселелер талқыланды.Кездесу барысында Ақпаратқа қол жеткізуге және халықаралық форумдарда Конвенцияның принциптерін қолдануға ықпал етугеқатыстыекі тақырыптық сессия өткізілді.

Ақпаратқа қол жеткізу бойынша бірінші тақырыптық сессия интерактивті пікірталас форум форматында ұйымдастырылған, және одан кейін бірнеше тақырыптар бойынша жалпы талқылау өткізілді: экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігін қамтамасз ету ерекшелігі және пайда болған проблемалар; экологиялық ақпарат көлемі; ақпаратты жеткізушілер; ақпаратты ұсынудан бас тарту және бас тартудың негіздері; ұсынылған ақпараттың форматы және уақыттылығы; және әртүрлі пайдаланушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, өзекті, нақты және функционалдық форматтаэкологиялық ақпаратты тарату.

Екінші тақырыптық сессия халықаралық форумдарда Конвенцияның принциптерін қолдануды ықпал етуге арналған болатын. Сессия барысында басты назарашықтыққа ықпал ету және жұртшылықтың химиялық заттар мен қалдықтарға байланысты халықаралық шешімдер қабылдауына тиімділікпен қатысуын қамтамасыз етуге аударылды.

Сонымен қатар, кездесудін екінші күнінде Орхус Конвенциясын қабылдаудың жиырма жылдығына арналған арнайы тақырыптық секция ұйымдастырылды.

Тақырыптық секцияларда Конвенция органдарының бұрынғы және қазіргі төрағалары, Үкімет, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым қоғамдастықтаржәне Конвенцияны ілгерілетуде маңызды рөл атқарған басқа да сарапшылар сөз сөйледі.

«Экологиялық ақпаратқа мол қол жеткізуді қамтамасыз теу саласындағы Қазақстанның қол жеткізген тәжірибесі» атты баяндамаменҚазақстан Республикасы Энергетика министрлігіЭкологиялық мониторинг және ақпаратдепартаментінің директоры С.Қ.Тәшкенбаева С.К сөз сөйледі.

Қазақстан-Австрия өңірлік форумы өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 27 маусымда Астана қ. Қазақстан-Австрия өңірлік форумы өтті: Қазақстанның тұрақты дамуына арналған австриялық технологиялар. Форумды ҚР Энергетика министрлігі Австрия Елшілігінің Сауда бөлімі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және облыстық әкімдіктермен бірлесіп ұйымдастырды.

Алғы сөзді ҚР Энергетика Бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, Австрияның Инновациялық және технологиялар Федералдық министрлігінің Бас хатшысы Андреас Райхардт, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ҚР Австрия Елшісі Герхард Сайллер сөйледі.

Форумда талқыланған негізгі мәселе Қазақстанның тұрақты дамуы үшін австриялық жасыл технологияларды пайдалану болды.

Австрия делегациясы құрамына 16 жетекші австриялық компаниялар кірді: олар ЖЭК, жасыл құрылыс, қалдықтарды басқару, суды тазарту және ақылды қала секторын ұсынды.

Айта кету керек, Форум ЭКСПО-2017 көрмесіне автрияның ойдағыдай қатысуының жалғасы болып табылды және қазақстандық компаниялар австриялық компаниялардың үздік сарапшыларымен бірлесіп,  Қазақстанның өңірлерінде нақты жобаларға қатысу және іске асыру мүмкіндігін талқылауға мүмкіндік берді.

ТМД және ЕАЭО елдері қалдықтар мен жаңартылатын энергия саласындағы тәжірибе алмасу үшін, 2018 жылдың 3-5 шілдесінде Астана қаласында GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM Еуразиялық бизнес-форумы өтеді

Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz

«Green Energy & Waste Recycling Forum – GEWR’18» қалдықтарды басқару және жаңартылатын энергия көздері бойынша Еуразиялық Бизнес Форумы 2018 жылдың 3-5 шілде аралығында Астана қаласында «Astana Finance Days» аясында өтеді.
Форумның ұйымдастырушылары: «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша қазақстандық қауымдастығы, Астана халықаралық қаржылық орталығы (АХҚО), «ERBA» Еуропа-Ресей бизнес қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіның қолдауымен өтеді.

Форум мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, ТМД және ЕАЭО елдерінің «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі мәселелерді талқылауға арналған ашық диалог үшін халықаралық алаң бола алады.

Форум бағдарламасына тұрақты энергия көздерін дамыту, жаңартылатын энергияны пайдалануды ынталандыруды күшейту, жинақтау үшін инновациялық технологияларды енгізу және пайдалану бойынша практикалық тапсырмалар мен шешімдер, қалдықтардың әртүрлі түрлерін өңдеу, қалдықтарды басқару саласында индустрияны дамытуға жаңа ынталандыру бойынша пікірталастар, панельдік және техникалық сессиялар және дөңгелек үстелдер өтеді.

Спикерлер ТМД және ЕЭА елдерінің сарапшылары, Қазақстанның салалық қауымдастығының өкілдері, жетекші сарапшылар және қалдықтарды басқару саласында көшбасшы компаниялар болады.

«KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша қазақстандық қауымдастығы «жасыл» дамуға қызығушылық танытқаны және ең өзекті экологиялық мәселелерге назар аударғаны үшін АХҚО-на өзінің алғысын білдіреді.

Өткізу күні: 2018 жыл 3-5 шілде
Өткізу орны: Астана қаласы, «Hilton Astana», Сауран 46 көшесі.

Тіркелу туралы ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 727 255 87 78; +7 776 255 84 21; Рыскулова Айжан/Адильбек Нургуль
kazwaste.org@gmail.com
infokazwaste@gmail.com
Сондай-ақ, ақпаратты ұйымдастырушылар сайттарынан табуға болады:
http://www.astanafindays.org/
http://www.gewr.ru
http://kaz-waste.kz

 

ҚР Энергетика Министрі ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы төртінші Министрлік кездесуіне қатысты

Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz

35963622_862375913970646_1709333753299468288_n 35971279_862375910637313_3523442997561655296_n

2018 жылғы 23 маусымда ҚР Энергетика Министрі Қ.Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация ОПЕК мүше мемлекеттері мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы төртінші министрлік кездесуіне қатысты.

Министрлік кездесу ОПЕК президенті, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика министрі Сухейл әл-Мазруи мен Ресей Федерациясының Энергетика министрі А.Новактың төрағалығымен өтті.

Отырыс барысында дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шаралар талқыланды, сондай-ақ осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мұнай шығарудың жиынтық көлемін күнде бір миллион баррельге арттыруға келісілді.

Төртінші министрлік кездесуге ОПЕК мүше мемлекеттерімен бірге Қазақстан, Әзірбайжан, Бахрейн, Бруней, Габон, Конго, Малайзия, Мексика, Мысыр, Оман, Ресей, Судан, Уганда, Чад, Эквадор, сондай-ақ Оңтүстік Африка қатысты.

ОПЕК мүше мемлекеттері мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер бас қосып дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтандыруға және инвесторлардың мұнай индустрияға сенімдерін қалпына келтіру барысында өз үлестерін қосты. Мұнай саласы еліміздің экономикасында маңызды рөл атқаратынына байланысты тұрақты дүниежүзілік мұнай нарығын сақтау Қазақстанның мүдделеріне сай келеді.

20-нан 22-не дейінгі мерзім аралығында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы маусымның 20-нан 22-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор» Компания Филиалы; «Каустик» АҚ; «Азиялық Газқұбыры» ЖШС; «Мостостроительный отряд №25 им. Рязанова А.» ЖШС; «АП-НАФТА ОПЕРЕЙТИНГ» ЖШС; Жеке тұлға; «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ; «Чабан В.В.» ЖК; «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ; «Александрит – ИВ» ЖШС; «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ;  «АлатауТазалық Сервис» ЖШС; «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қалдықтарды басқару бойынша өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы;
  • Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмнет;
  • Қазақстандағы ластаушы заттардың шығарылуын және аудару тізілімін енгізу;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару.

Дәріс оқығандар:

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Асанова Жанар Талгаровна – Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Жайсанбай Асем Серикбайкызы – ҚР ЭМ  ҚБД әкімшілік басшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна –  ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

event8 event7 event6 event5

Қызылордада су айдындарынан 50 тоннадай қоқыс, мыңнан аса ау шығарылды

Дереккөз: www.inform.kz

fotoarticles_20180531223923_w320_h240

«Мұндай шара мамыр айында облыс аумағында «Таза су айдындары» атты табиғатты қорғау акциясы аясында өткізілді. Су айдындарын тұрмыстық қалдықтардан тазалау – басты мақсатымыз. Таза су – денсаулық кепілі, тіршілік көзі, облыс көлеміндегі су айдындары таза болса, денсаулығымыз да жақсы болады. Балық пен басқа да су жануарларының қоры көбейеді», – деді Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов.

Бұл шараға ауыл тұрғындары, студенттер, оқушылар қатысты. Нәтижесінде 48,5 тоннаға жуық әр түрлі тұрмыстық қоқыстар мен 1011 ау-құралдардың қалдықтары жиналып, тиісті орындарға шығарылды.

Астана көшелеріне 6 мыңнан астам сары түсті контейнер қойылады

Дереккөз: www.inform.kz

20180613190821

Елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды екіге бөліп жинауды ұйымдастыру жобасы іске асырыла бастайды. Жобаны елорда әкімдігі мен «Оператор РОП» ЖШС бірлесіп әзірледі. Бірінші кезеңде әзірлеушілер тұрғындарға қоқысты бөліп жинаудың ережелері мен басымдықтарын түсіндіретін болады.

Ал шілдеде алаңдарда сары түсті 6276 контейнерді орнату жұмыстары басталмақ. Бұл контейнерлер металл, пластик, қағаз, шыны сияқты құрғақ қалдықтарға арналған.

Жасыл түсті мырышталған контейнерлерге азық-түлік қалдықтарын, өңделмейтін органикалық қоқысты тастау керек.

Қалдықтарды бөліп жинаудың қаншалықты пайдалы екендігін АҚШ-та, Түркияда, Қытайда, Швейцарияда, Испанияда, Бельгияда, басқа да елдерде тұратын отандастарымыз айтып отыр.

Энергетика министрі Қ. Бозымбаев: барлық салада өсім бар

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 19 маусымында Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.

Өзінің баяндамасында ведомство басшысы энергетика саласында атқарылған жұмыстар, жетістіктер және болашақ жоспарлар, сонымен қатар өткен жылда іске асырылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті.

Министрліктің қызметі үш стратегиялық бағытқа негізделген: мұнай-газ және мұнай-газ химия салалары; электр энергетика, көмір және атом энергиясын пайдалану салаларын дамыту; қоршаған ортаны қорғауды жақсарту.

Мұнай-газ химия саласы бойынша:

Мұнай-газ саласының барлық секторларындағы көрсеткіштер 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсімді көрсетеді.

Жоспарланған мұнай өндірудегі өсім 1% болды, ал іс жүзінде бұл өсім 6,4% көрсетті. Мұнай өндіру көлемі 6,3 млн.тоннаны құрады, өсім 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% құрады. Жоспарланған мұнай экспорты 1,4%,өсім 5,7% құрады. Жоспарланған газ өндіру көлемі 0,8%, өсім 6,4% құрады.Жоспарланған сұйытылған және тауарлық газды өндірудегі өсім  3,4% және 1%, өсім 4,7% және  7,6% құрады.

Мұнай өндіру көлемі өсетін болады және 2025 жылға қарай 104 млн. тоннаға дейін жетеді.

Бұл үшін барлық үш ірі жобада (Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған) өндірісті әріқарай кеңейту және ұзарту жобалары іске асырылып жатыр.

Қашағанда, 2024 жылға қарай бұдан әрі кеңейту жобасы бойынша өндіріс көлемін жылына 13 млн. тоннадан 16 млн-ға жеткізу күтілуде. Жобаны іске асыру кезеңінен бастап (1998 ж.), Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына құйылған инвестиция көлемі 570 млн. АҚШ долларын құрады. Жалпы, әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуға жыл сайын 50 млн. АҚШ доллары бөлінуде.

Қарашығанақтағы болашақ игеру жоспарына сәйкес ағымдағы өндіру көлемін сақтап қалу бойынша жобаларды іске асыру көзделген, олар – газ қуаттарын жаңғырту, 4-ші компрессорды және 5-ші ішкі кәсіпшілік құбырын салу. Іске асыру мерзімі 2020 жыл, инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ доллары. Қарашығанақты игеру жылдарында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына шамамен 342 млн. АҚШ доллар бөлінді.

Жалпы, өңірдің әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына жыл сайын 20 млн. АҚШ доллары бөлінуде.

Бүгінгі таңда Болашақ кеңейту жобасы шеңберінде Теңізде 30 мыңнан астам қазақстандықтар жұмыс істейді. Жоба бойынша инвестициялар көлемі 38 миллиард АҚШ долларын құрады, 2 жыл ішіндегі нақты игеру – 11 млрд. доллардан астам, ал 2018 жылғы жоспар 7 миллиард доллардан асады. 2022 жылдан кейін Теңіздегі мұнай өндіру көлемі 26-дан 39 миллионға дейін артатын болады.

1993 жылдан бастап Теңізшевройлмен Атырау облысының тұрғындары үшін әлеуметтік жобаларға 1,5 млрд. АҚШ доллары берілді.

Жалпы, Атырау облысының әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына жыл сайын шамамен 25 млн. АҚШ доллары бөлінуде.

Жер қойнауы туралы кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру айтарлықтай жеңілдетілді, мерзімдер қысқартылды (келісімшарт 40 жұмыс күніне дейін), әкімшілік кедергілер төмендетілді (құқықтық, экономикалық сараптамалар, келісімшартқа қол қою үшін жобалық құжат қысқартылды).

Осы жылы жер қойнауын пайдалану құқығына конкурстар жалғастырылатын болады, бірінші 5 өңірде (Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында) 11 жер қойнауы учаскелері ұсынылды. Конкурстың нәтижелері бойынша келісімшарттарға Жаңа кодекстің нормалары бойынша қол қойылады.

2018 жылы Шымкент зауытындағы жаңғырту жұмыстары аяқталады. 2018 жылы мұнай өңдеудің жалпы көлемі 1 млн. тоннаға өсіп, 16 млн. тоннаны құрайды.

2018 жылдың басынан бастап, Кеден одағының Техникалық регламенті күшіне енді. 2018 жылдың шілдесінен бастап, мотор отындарының сапасы K-4 және 5 экологиялық класстарына сәйкес келуі тиіс.

Ағымдағы жылы үш мұнай өңдеу зауытына енгізілетін, жөндеуді басқаруды автоматтандыру жүйесі (ТОРО) МӨЗ-дерді жөндеудің жылдық кезеңін 45-тен 20 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 45 күнге тоқтату жұмыстары үш жылда бір рет жүзеге асырылатын болады.

Әр мұнай өңдеу зауытындағы мұнай өңдеу көлемі орта есеппен жылына 300 мың тоннаға артады деп күтілуде.

5 айда нарықтың отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етлуі: бензин бойынша – 84,8%, дизельдік отын – 95%, әуе керосині– шамамен 36%-ға жетті.

Тапшылықты болдырмау мақсатында Энергетика министрлігімен тәулік бойы мұнай базаларындағы өнімдер көлемі және ЖЖМ импорты бақыланып отырады.

Жанар-жағар май бағасына келетін болсақ, Global Petroleum Prices халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша Қазақстан 167 елдің ішінде бензин бағасы бойынша 12-ші орынды, ал дизель отын бойынша – 15-ші орынды иеленеді (11.06.18ж сәйкес ақпарат).

Қымбат бензин Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ, Ресей, Әзірбайжан сияқты елдерде. Арзан бензин               11 елде (Венесуэла, Иран, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Түркменстан) және арзан дизельдік отын 14 елде (Венесуэла, Иран, Кувейт, Түркіменстан). Рейтинг ай сайын жасалады.

Жаңа МӨЗ салу: Алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Жылдың екінші жартысында зауыттың орналасатын жері, оның параметрлері және қаржыландыру механизмі анықталады.

Елді газдандыру деңгейі шамамен 47,4% құрайды. 1300-ден астам елді мекен газға қол жеткізді. Республикалық бюджеттен газдандыруға жыл сайын шамамен 13 млрд. теңге бөлінуде.

Мемлекет басшысының 5-ші әлеуметтік бастамасының арқасында Астана, Қарағанды және Ақмола облыстарын газдандыру мәселесі шешілуде. «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының салтанатты ашылуын шілде айының басында өткізу жоспарланып отыр.

«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша бірінші кезең 2019 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады. Бірінші кезеңнің болжамды құны 267 млрд. теңгеден асады.

1 – кезеңде газ құбыры бойынша 171 елді мекенге тартылады, 2,7 миллион адам газбен қамтамасыз етіледі.

Елорда тұрғындары үшін, ең алдымен, газды «Коктал-1,2», «Железнодорожный», «Юго-Восток» оң және сол жақ аудандарына, сонымен қатар ЖЭЦ-1,2,3.

Жылдан жылға битум өндірісінің көлемі артып, ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етуде. 2017 жылы 731 мың тонна битум өндірілді, бұл 2016 жылмен (480 мың. тонн) салыстырғанда екі есе көп. 2018 жылға 750 мың тонна битум шығару жоспарлануда.

500 мың тонна полипропилен және 1,250 мың тонна полиэтилен өндіретін ірі мұнай-газ химиялық жобаларын жүзеге асыру жалғастырылуда.

Полипропилен жобасының құрылыс кезеңі іске асырылуда (аяқталу мерзімі – 2021 жыл).

Полипропилен жобасының құрылыс кезеңі іске асырылуда (аяқталу мерзімі – 2021 жыл).

Полиэтилен жобасы бойынша стратегиялық әріптесі – Borealis австриялық компаниясымен техникалық экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары жүргізілуде (аяқталу мерзімі – 2018 жылдың соңы). Екі жоба бойынша инвестициялар көлемі 9 млрд. АҚШ долларынан астамды құрайды.

Құрылыс кезеңінде шамамен 10 мың жұмыс орны және пайдалануға беру кезеңінде 1000-нан астам жұмыс орны пайда болады. Екі жобадан ЖІӨ-ге (жалпы ішкі өнім) үлесі алдын ала 1,5% бағаланды.

Қоршаған ортаны қорғау:

Қазіргі уақытта инвестициялар тарту және технологияларды енгізу бөлігінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға заңнамалық деңгейде қолайлы жағдайлар жасалды.

Еуропа қайта құру және даму банкімен Қазақстандағы ЖЭК жобаларына инвестициялау үшін тағы 480 млн. еуро тарту арқылы банк тарапынан 200 млн. еуро бөлу туралы келісімдерге қол жеткізілді.

«Жасыл» климаттық қор ЖЭК жобаларын іске асыру үшін Қазақстанға 110 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржыландыруды мақұлдады.

Қазіргі уақытта республикада ЖЭК бойынша жалпы қуаты 352 МВт болатын 58 объекті бар. Осы жылы жалпы қуаты 138 МВт болатын 10 ЖЭК объектісін енгізу жоспарланып отыр.

Мамыр айының соңында – маусым айының басында жалпы қуаты 245 МВт көлеміндегі ЖЭК жобалары үшін бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Жалпы аукциондарда Ресей, Франция, Болгария, Түркия, Қытай және Қазақстан сияқты әлемнің 6 елінен 53 компания қатысты. Қатысушылар жалпы қуаты 960 МВт-қа өтінімдер ұсынылды. Бұл сұраныстан 4 есеге артық.

Нәтижесінде электр энергиясына тариф жел станцияларында 20%-ға, кіші су электр станцияларында – 23%-ға, күн энергиясына 25,5%-ға төмендеді. Қазірдің өзінде 19 компания жалпы қуаты 194 МВт-қа ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен 15 жылға келісімшартқа қол қою мүмкіндігіне ие.

Ағымдағы жылдың қазан айында күзгі аукциондық сауда-саттық өткізу жоспарлануда. Ол жерде сатып алынатын белгіленген қуат көлемі 755 МВт мөлшерінде анықталған.

2017 жылы экологиялық реттеуге қатысты бизнеске ауыртпалықты төмендету бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Кәсіпкерлік кодексте тексерулердің санын шамамен екі есеге қысқартуға мүмкіндік берген тәуекелдер деңгейін бағалау жүйесі енгізілді: 2016 жылғы 3177 тексеруден 2017 жылы 1753 тексеруге дейін қысқартылды.

Жасыл технологияларды пайдалануда бизнесті ынталандыру мәселесіне ерекше мән беріледі.

«ЭКСПО-2017» өткізілгеннен соң 105 шетелдік және 28 отандық технология іріктелді, оның ішінде әкімдіктер мен ұлттық компаниялар іске асыру үшін 98 технологияны таңдап алды. Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстары әкімдіктерімен 9 технология енгізілді.

2018 жылдың соңына дейін ЭКСПО көрмесінің тағы 9 технологиясын енгізу жоспарлануда.

Қалдықтарды басқару саласында келесі жетістіктерге қол жеткізілді. 2015 жылдан бастап өңделген және кәдеге жаратылған өндіріс қалдықтарының үлесі 1,3 есеге өсті, тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) – 5 есеге өсті. Қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметпен еліміздің 69% тұрғыны қамтамасыз етілген. Экологиялық және санитарлық талаптарға сай келетін полигондардың үлесі 16% құрайды.

Әкімдіктер бизнесті кеңінен тарта отырып ТҚҚ заманауи кәдеге жарату және өңдеу бойынша шаралар кешенін әзірлеуде. Қазіргі таңда түрлі кезеңдерде бөлек жинау – 40, ал сұрыптау – 19 елді мекенде жүзеге асырылады. ТҚҚ бөлек жинау, сұрыптау және өңдеу бойынша 130-дан астам кәсіпорын жұмыс жасайды, олар қайталама шикізаттан өнімнің 20-дан астам түрін шығарады.

МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) шеңберінде Алматының Алатау ауданында қуаты тәулігіне 1500 тоннаға дейін қоқыс сұрыптау кешенін салу қарастырылады. Аяқталу мерзімі – шамамен 2018 жылдың екінші жарты жылдығы.

Оралда ICM Recyclingфин компаниясы осы жылдан бастап қоқыс сұрыптау кешенін салу бойынша жобаны іске асыруды бастады. Қазіргі уақытта коммуникациялар жүргізу бойынша жұмыстар жүруде.

Қарағандыда SETCleanTech фин компаниясы «Қарағанды қаласының «Горкомтранс» ЖШС-мен бірлесіп газ синтезін ала отырып қалдықтарды өңдеу бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Енгізілген ӨКМ механизмі қалдықтарды басқаруға айтарлықтай үлес қосты. ӨКМ-ді іске асыру кезеңінде (2016-2017 жж.) 136 мың тонна қалдық жиналды және өңделді. Өңдеушілердің төлем көлемі 5 миллиард теңгеден асты.

Құрамында сынап бар шамдарды және батареяларды жинауға шамамен 1 млрд. теңге сомасына 2 мыңнан астам контейнер шығарылып, әкімдіктерге берілді. Жеке және заңды тұлғалардан 5,6 млрд. теңге сомасына шамамен 40 мың автомобиль кәдеге жаратуға сатылып алынды.

2018 жылы қаптама және электр жабдықтар қалдықтарын жинауға, тасымалдауға және өңдеуге 3 млрд.теңгеден астам бөлінді. Ағымдағы жылы 7 елді мекенде сұрыптау желілерін, Шымкент, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ Алматы облысы және СҚО-ның Қызылжар ауданында қалдықты өңдеу бойынша 5 объектіні іске қосу жоспарлануда.

Тарихи ластануды жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда 15 тарихи қалдықтар объектісі республикалық меншікте. Олардың 3-і жойылған, атап айтқанда Қарағанды қаласында құрамында сынап бар қалдықтар, Маңғыстау облысында мұнай шламдары, Қостанай облысының Тоғызақ ауылында улы химикаттар.

Жалпы аталған жобаларды іске асырудан республикалық бюджетке 94 млн. теңгеге жуық қаражат түсті.

Осы жылы ҚР Энергетика министрлігі Қарағанды облысындағы Теміртау электрометаллургиялық комбинатының сұйық химиялық қалдықтарын жою, Қостанай және Маңғыстау облыстарында қауіпті иесіз қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін анықтау және құнын бағалау, сондай-ақ Қарағанды облысындағы 137 цезий  иондаушы сәулелендіру көзін көмуді жоспарлап отыр.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

2018 жылғы маусымның 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық аудит» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы маусымның 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық аудит» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, Мемлекеттік емес мекеме – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Сыр табиғаты» заңды тұлғалар ассоциациясы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ,  «ЛАБОРАТОРИЯ-АТМОСФЕРА» ЖШС, «Чабан В.В.» ЖК, «Еңбек» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Экологиялық аудит;
  • Экологиялық сақтандыру;
  • Өндірістік экологиялық мониторинг және есеп беру бағдарламасы;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмнет;
  • Мемлекеттік бақылау саласындағы реформалар (профилактикалық бақылауға көшу).

Дәріс оқығандар:

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна –  ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_8391 img_8390 img_8381 img_8368

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика