Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Более 11 тысяч тонн мусора собрано в рамках Всемирной акции «World CleanUp Day» 2021

2021 жылғы 18 қыркүйекте еліміздің барлық өңірлерінде «World CleanUp Day 2021» Дүниежүзілік акциясы өтті.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған шараға 298 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 11 мың тоннадан асты. 23 мың гектар аумақ жиналып, 16 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Биыл бүкіл ел бойынша тазалау үшін мыңнан астам орын анықталды. Нұр-Сұлтан қаласындағы негізгі алаң Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаске болды.

«World CleanUp Day» Бүкіләлемдік акциясы қоқысты жинауға ғана емес, оны сұрыптап, қайта өңдеуге де бағытталған. Сұрыпталған қоқыстардан биылғы жылы қайта өңдеуге шыны, пластик, резеңке, қағаз, картон, металл сияқты екі мың тонна қалдық тапсырылды.

Мұндай акциялар халық арасында экологиялық мәдениетті одан әрі қалыптастырып, қоршаған ортаға құрметпен қарауға үйретеді әрі жастардың туған жерінің табиғатын құрметтеуіне ынта береді.

Посевные площади Туркестанской области могут увеличиться на 12 тыс. га

«Қазсушар» РМК Бас директоры Алтай Елжасов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Шардара ауданы шаруалармен жиын өткізіп, өңірдегі маңызды жобалардың бірі Жаушықұм алқабын суландыру мәселесін пысықтады.

Жиында бас директор облыс аумағында жаңадан айналымға қосылатын суармалы жерлердің ұлғаюуына аса мән берілетінін айтты. Айта кетсек, егер аталған жоба жүзеге асса Түркістан облысының егістік алқабы 12 мың гектарға ұлғаятын болады. Нәтижесінде ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Сондай-ақ Алтай Елжасов Шардара ауданындағы «Шардара су қоймасы бөгетінің сейсмотұрақтылығын реконструкциялау және арттыру» нысанының құрылысының автоматтандыру жұмысымен танысты. Бұл ретте филиал басшылығы тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылып, талқыға салынды. Шардара аграрлы аудан болғандықтан тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласымен айналысады. Ал егіншілік кәсіптің күре тамыры ағын су жүйелері екендігін ескерсек, бұл жобаның жүзеге асырылуы аймақ шаруалары, аудан тұрғандары үшін өте маңызды.

Сонымен қатар Алтай Елжасов Жетісай ауданының мәслихат депутаты М.Ділдәбековпен жүздесті. Онымен Жетісай ауданында Ислам даму банкі есебінен жоспарланған 210 дана тік дренажды ұңғыма құрылысын талқылады.

Дерек көз – gov.kz

Разработка Концепции углеродной нейтральности до 2060 г. находится на стадии завершения

2021 жылғы 16 қыркүйекте онлайн режимде ҚР және АҚШ төрағалығымен климат мәселелері бойынша “C5+1” форматындағы министрлердің кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, АҚШ Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри, Қырғыз Республикасының Экология және климат жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Динара Кутманова, Тәжікстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Баходур Шерализода, Түрікменстанның Ауылшаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрі Алланур Алтыев, Өзбекстан Республикасының Экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары Жүсіпбек Қазбеков қатысты.

Кездесу барысында тараптар Париж келісімі бойынша жаһандық температураның индустриялық деңгейден 2°C-тан төмен деңгейге көтерілуін шектеу және температураның 1,5°C-қа дейін көтерілуін шектеу бойынша күш-жігерді жалғастыру мақсатында климаттық амбициялардың жоспарланған өсуін талқылады.

Министр Серікқали Брекешев өз сөзінде бүгінгі күні Қазақстанда басқа халықаралық алаңдармен квоталар саудасы жүйесін қосу мақсатында парниктік газдар шығарындыларын реттеуді жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмысты аяқтауда.

«Алдын ала нәтижелер энергия тиімділігін арттыру, электрлендіру және ЖЭК үлесін 2020 жылғы 3% – бен салыстырғанда 2060 жылға қарай шамамен 82% – ға жеткізу қажеттілігін көрсетті. Көмір генерациясының үлесі қазіргі 69% деңгеймен салыстырғанда нөлге дейін азайтылуы тиіс. Қазақстан экономикасы энергия сыйымды екенін ескерсек, бұл біздің еліміз үшін өте күрделі, бірақ маңызды қадам», – деді Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ, биылғы жылдың қазан айында энергетика және қоршаған орта жөніндегі жұмыс тобының алдағы отырысы барысында Қазақстан Орталық Азия елдерінің өкілдерімен Орталық Азия өңірлік хабының тұжырымдамасын таныстыруға және талқылауға ниетті. Министрдің айтуынша, хаб қызметі бірлескен жобаларды іске асыру, технологиялар трансферті және халықаралық қаржы институттарының қолдауы арқылы аймақтағы «жасыл» экономикалық өсуді қамтамасыз етуде Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіруге бағытталады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар С5+1 институционалдық нығайту және ортақ өзекті мәселелерді шешу үшін осы платформаны пайдалану бойынша күш салуға келісті және бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Дерек көз – gov.kz

Государственный национальный природный парк «Көлсай көлдері» включен в всемирную сеть ЮНЕСКО

2021 жылғы 15 қыркүйекте ЮНЕСКО қазақстандық «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін өзінің дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосты. Мұндай шешім ЮНЕСКО бағдарламасының «Адам және биосфера» халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды.

Қазақстандық «Көлсай көлдері» өтінімінің елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиологиялық шектеулер жағдайында дайындалғандығы ерекше назар аударуға тұрарлық. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының Ұлттық желісі тағы бір биосфералық резерватпен толықтырылды.

Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұлттық желісінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны – 13. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттар көлемінің осылай танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударғанын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды.

Дерек көз – gov.kz

Министр Сериккали Брекешев принял участие в заседании Инвестиционного штаба

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, сондай-ақ Жамбыл және Ақмола облыстарының әкімдіктерінің инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев экология, геология, балық, орман және су шаруашылығы салаларында ЭГТРМ негізгі капиталға тартатын инвестициялардың 2021-2025 жылдарға арналған нысаналы көлемі 2,5 трлн теңгені құрайтынын мәлім етті.

Инвестициялық жобалар пулына Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент, Өскемен, Қарағанды және Алматы қалаларында «Waste to Energy» қоқыс жағатын зауыттарын салу, жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту, сумен қамтамасыз етудің тұйық цикліндегі балық өсіру шаруашылықтарын, тоған және шарбақты балық өсіру шаруашылықтарын дамыту, Каспий теңізінде балық аулауды ұйымдастыру, құрама жем, артемия цисталарын өңдеу зауыттарын салу және т. б. кіреді.

Орман қорында экологиялық туризмді дамыту мақсатында Іле Алатауы, Шарын, «Көлсай көлдері», «Алтын Емел» және т. б. мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша жобалар іске асырылады. Су шаруашылығы саласында Жамбыл облысындағы Тасөткел магистралды каналын, Үлкен Алматы каналын, Алматы облысының су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялау және жаңғырту, Түркістан облысындағы Өгем өзенінде СЭС каскады бар су тартқыш салу жоспарланып отыр.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/kr-premer-ministri-a-mamin-investiciyalyk-shtab-otyrysyn-otkizdi-1581941

Президент принял министра экологии, геологии и природных ресурсов Сериккали Брекешева

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің алдағы уақыттағы жоспарлары және Президенттің халыққа Жолдауында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды.

Атап айтқанда, Серікқали Брекешев Мемлекет басшысына Ұлттық геологиялық қызмет құруға қатысты жұмыстар, «Минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесінің әзірленуі жөнінде мәлімет берді.

Президентке су шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Министрдің айтуынша, бес жылдың ішінде суару желісінің кемінде 120 арнасы қалпына келтіріліп, жалпы көлемі 1,7 миллиард текше метр болатын жаңадан тоғыз су қоймасы салынады.

Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын енгізу ісін ынталандыру және су саласын цифрландыру қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында атмосфералық ауаның ластануын азайту бағытында қабылданып жатқан шараларға ерекше мән берілді. Ведомство басшысының айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында аймақтар бойынша жол карталары бекітіліп, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленді және кәсіпорындармен бірқатар меморандумға қол қойылды. Аталған құжаттар қалдықтардың көлемін 20-дан 30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрге бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Дерек көз – https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ekologiya-geologiya-zhane-tabigi-resurstar-ministri-serikkali-brekeshevti-kabyldady-138538

О назначении Брекешева С.А.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №657 Жарлығымен Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Дерек көз – gov.kz

Сегодня Международный день чистого воздуха для голубого неба!

Бұл күнді 2019 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Көк аспанға арналған Халықаралық таза ауа күні қоғамның назарын климатқа, адам денсаулығына кері әсер ететін ауаның ластану проблемасына аудару мақсатында атап өтіледі.

Бұл проблема өкінішке орай біздің еліміз үшінде өзекті.

Экологиялық мониторинг ақпаратына сәйкес Қазақстанның 10 қаласында атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейі байқалады. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. Олардың үлесі 2,5 миллион тонна болатын ластаушы заттардың шығарындысын құрады.

Министрлік жұртшылықпен, аймақтардағы экобелсенділермен бірлесіп, 2025 жылға қарай экологиялық проблемаларды шешу мен атмосфералық ауа жағдайының жақсаруға бағытталған 17 жол картасы әзірлеп, іске асыруда.

Дерек көз – gov.kz

Магзум Мирзагалиев избран председателем Межгосударственного экологического совета государств – участников СНГ

2021 жылғы 3 қыркүйекте онлайн форматта ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің VII отырысы өтті.

Қатысушылар Кеңестің жаңа төрағасын сайлады, ол ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев болды.

Отырысқа ТМД Мемлекетаралық экологиялық кеңесіне мүше мемлекеттер қатысты. Олар: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы. Сондай-ақ ТМД – ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Хатшылығының өкілдері, ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің Атқарушы комитеті және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушы елдер қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, полимерлік қаптаманы пайдаланудан экологиялық қауіпсіз қаптаманы пайдалануға кезең-кезеңімен көшу, парниктік газдар шығарындыларын сату жүйесі, ТМД аумағында қоршаған ортаны қорғау саласындағы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру және балық шаруашылығын дамыту саласында тәжірибе алмасты.

Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын саудалау жүйесінің тәжірибесімен бөлісті. ҚР жаңа экологиялық кодексінің шеңберінде Париж келісімі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласы жетілдірілді. Осылайша, 2021 жылдан бастап көміртегі бюджеті жыл сайын 1990 жылғы көміртегі бюджетінің деңгейінен 1,5% – ға қысқаратын болады.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап қоршаған ортаны қорғау саласындағы Тұрақты даму мақсаттарын енгізу тәжірибесімен алмасу нәтижелері және балық шаруашылығын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы хабарлады. Айта кетсек, Қазақстанның ауқымды балық шаруашылығы қоры бар. Сала мамандары мен сарапшылардың бағалауы бойынша балық шаруашылығындағы өндіріс әлеуеті жылына 600 мың тонна балыққа дейін бағаланады.

Кеңес барысында мүше мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Отырыс қорытындысы бойынша 2022–2023 жылдарға арналған ТМД -ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің жұмыс жоспары бекітілді, отырыстың хаттамасына қол қойылды.

Дерек көз –gov.kz

МЭГПР РК и АУНГ имени С.Утебаева подписали меморандум о взаимном сотрудничестве

2021 жыл 2 қыркүйек күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен «С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау саласындағы инновациялық және ақпараттық әзірлемелер мен тәсілдерді, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік -конструкторлық жұмыстарды қолдана отырып, экологиялық жобаларды іске асыру болып табылады.

Кездесу барысында Мағзұм Мырзағалиев меморандум жаңа экологиялық кодексті іске асыру бойынша күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Биыл 1 шілдеден бастап Экологиялық кодекс жаңа редакцияда күшіне енгені белгілі. Аталған меморандум қоршаған ортаны және экологияны қорғау саласындағы міндеттерді іске асыру үшін мамандандырылған сараптама блогын құруда күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Өз кезегінде Гүлзада Шакуликова Университет қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи әдістемелерді әзірлеу, экология саласындағы ІТ -шешімдер мен жобаларды әзірлеу және енгізу үшін университеттің сарапшылары мен зерттеушілерін жұмылдыруға дайын екенін атап өтті.

Дерек көз – gov.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика