Шекара маңындағы аймақтар арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелеріне арналған форумның жұмысына облыстардың басшылары, екі елдің салалық мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Президенті жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Форум екіжақты қатынастардың, әсіресе өңірлердің өзара байланыстарының құрамдас әрі маңызды бөлігіне айналғанын айтты. Мемлекет басшысы індеттің таралуына байланысты күрделі кезеңде Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.
– Ресей алғашқылардың бірі болып дәрі-дәрмек жеткізді, сынама жүйелерін қайтарымсыз ұсынды, Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға айтарлықтай көмек көрсетті. Бірнеше апта бойы ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен эпидемиологиялық ахуалы күрделі өңірлерде иық тіресе еңбек етті және тәжірибелері мен білімдерін бөлісе отырып, өздерінің кәсіби міндеттерін абыроймен атқарды. Өзара уағдаластықтарды орындау барысында ресейлік «Спутник V» вакцинасын Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірудің іске қосылуы осы кезеңдегі ынтымақтастығымыздың маңызды сәті болды. Мұның бәрі Ресей мен Қазақстанның стратегиялық серіктес әрі одақтас екенін нақтылай түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстанда 7500-ден астам ресейлік және 3500-ге жуық бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Ынтымақтастық орнатқан уақыттан бері Форум аясында 200-ге жуық келісім мен шартқа қол қойылды. Осы кезеңде тауар айналымы 3,5 есеге өсіп, 19 миллиард долларға жетті. Ресейден тартылған тікелей инвестицияның көлемі соңғы 15 жылда 16 миллиард доллардан асты. Өз кезегінде Ресейге салынған қазақстандық инвестицияның көлемі 4,5 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз арасындағы іс-қимылдар экономиканың барлық саласы: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым бағыттары бойынша жүргізілуде.
– Биыл біз мұнай тасымалдайтын Каспий құбыр желісі консорциумы – ірі халықаралық жобаның 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл кәсіпорын құрылған уақыттан бері әлемдік нарыққа 745 миллион тоннадан астам мұнай тасымалдады. Мұнай өндіру ісінің артуына және жаңа кен орындарының игерілуіне, соның ішінде мұнай өндіру жөніндегі бірлескен жобалардың әзірленуіне байланысты мұнай құбырларының өткізу мүмкіндігін алдын ала күшейту, осы күрделі халықаралық жобаны басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Біздің кәсіпорындарымыз Теңіз, Қарашығанақ сияқты әлемдік деңгейдегі кен орындарын бірлесе игеруде. Каспийдің қазақстандық бөлігінде Жеңіс, Әл-Фараби теңіз жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың жалпы құны 6,5 миллиард доллар. Бұдан бөлек біз Қаламқас-теңіз – Хазар ірі кен орындарын игеруге кірісеміз. Ресеймен арадағы стратегиялық серіктес анықталды. Ол «Лукойл» компаниясы. Жобаның жалпы құны – 5 миллиард долларға жуық. Біз теңіз жобаларын жүзеге асырып жатқан инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасадық, – деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, Қазақстан Үкіметі инвестицияға қатысты жаңа механизм – үздік модельді келісім әзірлеген. Аталған құжат инвестицияның заңдық тұрғыдан қорғалуын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жеңілдіктердің жаңартылған топтамасын қамтиды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл жөніндегі бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, ресейлік серіктестерді жаңа жобаларды іске асыруға шақырды. Қазіргі уақытта 3 жоба іске қосылды. Олар: «Кировец» маркалы тракторын, «Hyundai» автомобилін және ГАЗ автокөліктеріне арналған қосалқы бөлшектерді шығару жобасы. Сәуірде қуаттылығы жылына 3,5 миллион дана дөңгелек шығаратын зауыттың құрылысы басталды.
– Мемлекеттеріміздегі порттардың қуаттылығының әлеуеті зор. Қазіргі жағдайда негізгі экспорттаушылар қалыптасқан бағыттарға балама жолдар қарастыруда. Сондықтан Қазақстан мен Ресейдің теңіз порттары арқылы мультимодальді транскаспий бағытын дамыту өте өзекті болып отыр. Біз Ресейдің Солтүстік теңіз жолына қатысты үлкен жоспарлары мен жобалары туралы білеміз. Іс жүзінде Қазақстан мен Ресей бірлесе отырып, экспорттаушыларға Еуропадағы және басқа да аймақтардағы көлік тораптарымен байланыстыратын балама транзитті бағыттар желісін ұсына алады, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы екі елдің шекарасы арқылы өтетін жүк тасымалдаушылардың мәселелеріне арнайы тоқталды.
– Қазақстан мен Ресей шекарасында 30 автокөлік бекеті бар. Оның тек бесеуі ғана бақылау-тексеру кешендерімен жабдықталған. Өкінішке қарай, олар сәт сайын істен шығып жатады. Бұл ретте Саратов, Орынбор, Челябинск, Курган, Тюмень және басқа да облыстармен шекарадағы өткізу бекеттері туралы айтып отырмын. Ресейдің Шекара қызметі аталған мәселені қамтамасыз ету үшін көліктердің жүк бөлімдерінде «технологиялық өту» сияқты жаңа талаптар енгізді. Сол тексеру аймағында жүргізушілерді жүктерін түсіруге мәжбүрлейді. Бұл көбінесе тауарлардың бұзылуына әкеп соқтырады. Осыдан кейін тасымалдаушылар көлігінің 2/3 бөлігіне ғана жүк тиеуге мәжбүр болады. Нәтижесінде көліктердің шығыны артып, тауар бағасы өседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент өткізу пункттерін коммерциялық транзит қауіпсіздігі мен жылдамдық мәселелерін шеше алатын заманауи тексеру кешендерімен жабдықтауды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі форумның тақырыбы экология мен «жасыл экономикалық» өсім саласындағы ынтымақтастық екенін атап өтіп, аталған мәселенің маңызды әрі шұғыл сипат алып отырғанын айтты.
– Қазақстан мен Ресейдің экологиялық мәселелері ұқсас. Бұл – ауаның, судың, топырақтың ластануы, радиация мен өндірістік қалдықтардың жиналып қалуы. Оған қоса, көрші отырған соң көптеген мәселе екі жаққа да ортақ. Оны шешу үшін үкіметтер экология, биологиялық әртүрлілікті сақтау, трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау салаларындағы 7 келісімге қол қойды. Келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Алайда, экологиялық ахуалдың нашарлауы тоқтайтын емес. Сондықтан аталған мәселелерді шешу халықаралық деңгейде бірлескен әрекеттерді күшейтуді талап етеді, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пікірінше, экономиканы көміртегінен арылту мәселесін екі ел үкіметтері бірлесіп пысықтап, тәжірибе алмасуы қажет. Сондай-ақ оның экономикаға тигізетін кері әсерін жеңілдету мақсатында халықаралық келісімдерге, әсіресе ДСҰ аясында енгізілетін нормаларға қатысты ортақ ұстанымға келуі керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзенінің өте қатты тартылуы және ондағы экологиялық жағдайдың нашарлауы Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ Ресейдің де шекаралас аймақтарындағы тұрғындар үшін аса қауіпті екенін айтты.
– Владимир Владимирович, 2019 жылы Омбы қаласындағы кездесуіміздің қорытындысы бойынша Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды. Сол үшін Сізге алғысымды білдіремін. Үкіметтерімізге аталған бағдарламаның сапалы іске асырылуы жайында, сондай-ақ бір жылда атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама әзірлеуді тапсыруды ұсынамын. Шағын өзендердегі бөгеттердің құрылысы мен оларды пайдалану тиімділігіне қатысты мәселеге, сондай-ақ жаңа тоғандар құрылысын ұйымдастыруға ерекше мән берген жөн, – деді Қазақстан Президенті.
Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мақсатында теңіздің солтүстігінде мемлекеттік резерваттар құру мүмкіндігін, сондай-ақ киіктердің маусымдық қоныс аударуы кезінде екі елдің шекарасынан еркін өту жолын қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің «жасыл» экономика саласы бойынша ынтымақтастығы белсенді түрде артып жатқанын атап өтті. Елдеріміздің жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту жөніндегі әлеуеті зор.
– Қазақстан жел энергиясы бойынша бір жылда сағатына үш триллион киловатқа жуық қуат өндіруге қауқарлы. Еліміз – «жасыл» сутегін экспорттау әлеуеті жоғары әлемдегі сегіз мемлекеттің бірі. Баламалы энергетика саласындағы жобаларды іске асыру үшін өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды қалыптастыру керек, сондай-ақ жоғары білікті мамандар қажет. Осыған орай біз энергетика саласында Жоғары технологиялық инновациялар жөніндегі құзыреттер орталығын ашамыз. Ресейдің мықты ғылыми базасы мен тиісті кадрлық әлеуеті бар. Сондықтан Ресей мамандарын өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Форум аясында киіктерді қорғау және олардың санын көбейту, Каспий итбалығын қорғау, сондай-ақ өңірлер мен кәсіпкерлер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жөнінде 13 құжатқа қол қойылды.
– Форумның дәстүрлі өнеркәсіптік-экономикалық күн тәртібіне экология және жасыл экономиканы дамыту мәселесін сәтті енгізе алғанымыз қуантады. Бұл сән қуу емес, шын мәнінде, қажеттілік әрі елдеріміздің болашағы. Осы саладағы жобаларымыз екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
Пленарлық отырыс аясында Ресей Президенті Владимир Путин, Қазақстан мен Ресейдің салалық министрліктері мен өңір басшылары сөз сөйледі.
Форум қорытындысы бойынша төмендегі құжаттарға қол қойылды:
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР:
2021 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бразилия мен Чилидегі елшілігі «он-лайн» режимде «Қазгеология «Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ мен Чили CODELCO-Chile ұлттық компаниясы басшылары арасында іскерлік кездесу ұйымдастырды.
Қазақстандық тараптан ҚР-ның Бразилия мен Чилидегі елшісі Болат Нүсіпов, ҚР-ның Бразилия мен Чилидегі елшілігінің бірінші хатшысы Дана Қарағұлова және «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Боранбаев қатысты.
CODELCO-Chile-ден Минералды ресурстар жөніндегі вице-президент Патрисио Вергара мырза және Халықаралық қатынастар жөніндегі корпоративтік директор Ангело Агилар мырза қатысты.
Кездесуде ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Бірлескен геологиялық барлау жобаларындағы синергия және Қазақстан Республикасының аумағында сапалы геологиялық ақпарат алу ынтымақтастықтың негізі болып табылады.
Конференция қорытындысы бойынша чилидік әріптестер «Қазгеология» АҚ-мен ұзақ мерзімді негізде (бес жыл) ынтымақтастық бойынша келісім жасасу туралы шешім қабылдады.
CODELCO-Chile – Чили ұлттық мыс корпорациясы. Әлемдегі ең ірі мыс өндіруші. 2020 жылы CODELCO-Chile меншікті мыс өндірісі 1,618,018 тоннаға жетті, яғни 2019 жылмен салыстырғанда 2% өсті. Ілеспе молибден өндірісі 27 915 тоннаны құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 25%-ға көп. CODELCO-Chile кен орындарының барланған қорлары мыс өндірісін кемінде 70 жыл қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Биылғы жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы қарсаңында ресей тарапымен бірге онлайн режимде «Жануарлар мен өсімдіктер әлемі» тақырыбында панельдік сессия өтті.
Панельдік сессия аясында тараптар трансшекаралық орман өрттерін сөндіру, орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес, «Алтай» трансшекаралық резерваты мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Каспий итбалығының популяциясын сақтау мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Ресейдің бірлескен бағдарламалары аясында осы бағыттағы зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Панельдік сессия жұмысына ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы екі елдің 100-ден астам жетекші мамандары қатысты.
Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар әзірленді:
Трансшекаралық орман өрттерін сөндіру бойынша:
Орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша:
Шекара маңындағы аумақтарда орман зиянкестеріне қарсы күрес шараларын ұйымдастыру және жүргізуде тәжірибе алмасу бойынша кездесулер, конференциялар мен семинарлар өткізу.
Киіктерді сақтаудағы ынтымақтастық бойынша:
Каспий итбалығының популяциясын сақтау бойынша:
Сондай-ақ, тараптар бірлескен зерттеулерді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
2021 жылғы 30 қыркүйекте “Ашық диалог” порталында «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі проблемалар» тақырыбында интернет-конференция өткізіледі.
Сіз келесі сілтеме бойынша өтіп, біздің сарапшыларға өз сұрақтарыңызды қоя аласыз: https://dialog.egov.kz/conference/2029
2021 жылғы 26 қыркүйекте 13 сағат 30 минутта «Қазавиаорманқорғау» РМҚК бақылаушы ұшқышы Қаскелең орманшылығы 12 орамының 6 телімінде орман өртін анықтады.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына:
– Ұлттық парктен: 60 адам, 10 бірлік техника, 1 арнайы өрт сөндіру машинасы, 4 атты адам және 3 мотоцикл;
– «Қазавиаорманқорғау» РМҚК суағар құрылғысы бар 1-сыныпты (МИ-8) тікұшақ;
– Алматы облысының ТЖД 25 адам, ТЖМ №28237 азаматтық қорғаныс бөлімінен 50 адам (полк), 9 техника, оның ішінде 1 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің алдын-ала ауданы 5 га орманды, оның ішінде 2 га орманмен көмкерілген.
28 қыркүйекте Қазавиаорманқорғау РМҚК МИ-8 тікұшағы суағар құрылғысымен 4 рет су құюды жүзеге асырды. Сондай-ақ, П1-00 сыртқы аспалы қондырғысынан стационарлық ыдысы бар су жеткізілді. Орман өрті ор қазу және ранцылық орман өрт сөндіру құрылғысымен сөндірілуде.
Орман өртінің түрі төменгі, тұрақты, орташа. Қазіргі уақытта жану ошағы жоқ.
Өрт сөндіруге жұмылдырылған адамдар қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысты.
Биылғы жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының 17 форумы қарсаңында ресей тарапымен бірлесіп онлайн режимде «Трансшекаралық су объектілері» және «Климаттың өзгеруі» тақырыптары бойынша панельдік сессиялар өтті.
Панельдік сессиялар барысында трансшекаралық су ресурстарын басқару, төмен көміртекті даму, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Трансшекаралық су объектілері» тақырыбындағы панельдік сессия шеңберінде тараптар ірі өзендер (Жайық, Ертіс және басқалары) бассейндерінде зерттеулер жүргізу бойынша бірыңғай Жол картасын іске асыру, трансшекаралық сулардың су ресурстарын кешенді және ұтымды пайдалану, судың ластануын азайту, сондай-ақ су экожүйелерін сақтау бойынша бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады.
Сонымен, тараптар трансшекаралық су объектілерінде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өзара жедел хабарлау тетігін жетілдіру мәселелерін талқылады.
«Климаттың өзгеруі» тақырыбындағы панельдік сессия аясында тараптар парниктік газдар шығарындыларын шектеу жөніндегі шараларды қоса алғанда, климаттың өзгеру салдарын жұмсарту, сондай-ақ қолайсыз салдарларды барынша азайта отырып, климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін талқылады.
Панельдік сессия жұмысына қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ климаттың өзгеруі саласындағы екі елдің 100-ден астам жетекші мамандары қатысты.
Панельдік сессиялар жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ тараптар тұрақты байланыстарды қолдау, уағдаластықтардың орындалу барысын бақылау және белгіленген тақырыптардағы өзара тиімді жобалар мен бастамаларды қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Құрметті журналистер!
2021 жылғы 28-30 қыркүйекте онлайн форматында Мемлекет басшыларының қатысуымен «Экология және жасыл өсу саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді.
28-29 қыркүйекте Форум аясында келесі панельдік сессиялар өтеді:
2021 жылғы 28 қыркүйек:
12:30 – 15:00 сағ. – «Климаттың өзгеруі»;
13:30-16:00 сағ. – «Трансшекаралық су нысандары»;
2021 жылғы 29 қыркүйек:
15:30-17:30 сағ. – «Жануарлар мен өсімдіктер әлемі».
Панельдік сессиялар барысында климаттың өзгеруі, төмен көміртекті даму, Жайық, Ертіс трансшекаралық өзендерінің экожүйесін сақтау, Каспий итбалығының популяциясын сақтау, киіктерді сақтаудағы ынтымақтастық мәселелері қаралады.
Форум экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған қатысушылар арасындағы нақты уағдаластықтарға қол жеткізу үшін халықаралық диалог алаңын құрады.
Толығырақ: https://regionalforum.kz/kz/
Барлық ниет білдірушілерді шараға қатысуға шақырамыз!
БАҚ-ты аккредиттеу 27 қыркүйек сағат 20.00-ге дейін +7 701 356 21 88; +7 775 871 53 99 телефондары арқылы қабылданады.
2021 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ГФР Елшісі Моника Иверсенді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар геология, климаттың өзгеруімен күрес және экономиканы декарбонизациялау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«Елдер арасында климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласында белсенді ынтымақтастық жүргізілуде. Біздің еліміз 2060 жылға қарай көміртегінің бейтараптығына қол жеткізуге ниетті. Осыған орай, 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі Доктринаны әзірлеуге жәрдемдесуде халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамына алғысымды білдіргім келеді», – деді Серікқали Брекешев.
Сондай-ақ, Серікқали Брекешев Қазақстан Үкіметі Германия компанияларымен бірлесіп, іске асыру үшін әлеуетті жобаларды талқылау бойынша тұрақты диалог жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Премьер-Министрдің орынбасары Р.Склярдың төрағалығымен ай сайын Германия бизнесімен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының онлайн-іс-шаралары өткізіледі. Осыған байланысты Германия компанияларының озық тәжірибесін назарға ала отырып, қалдықтарды кәдеге жарату, ауыз сумен жабдықтау, сондай-ақ Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша неміс тарапын ынтымақтастыққа шақырғым келеді», – деп атап өтті Министр.
Өз кезегінде, Елші Моника Иверсен ханым «Жасыл Орталық Азия» өңірлік саяси диалогы шеңберіндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті, оның негізгі бағыттары климаттың өзгеру әсерін бағалау, су ресурстарын трансшекаралық басқару, қалдықтарды кәдеге жарату, Орталық Азия елдерімен алдын алу шараларын әзірлеу болып табылады.
Германия да Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастар бүгінгі күні тұрақты нығайту серпінімен және федералдық және өңірлік деңгейлерде өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін іздестірумен сипатталады.
Құрметті достар !
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін «Ашық диалог» порталында «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі проблемалар» сауалнама жүргізілетінін хабарлайды.
Сауалнамаға қатысу үшін сілтеме бойынша өтуге болады https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=2547
Кері байланыс біз үшін маңызды
24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Брекешев пен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектеновтың қатысуымен экология, геология және табиғи ресурстар саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізілді.
Бейнеконференцбайланыс арқылы комитеттердің, құрылымдық бөлімшелердің, министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының, министрліктің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылары қатысты.
Бірлескен кеңесте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері, министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі, мемлекеттік қызметтер мен бизнес-процестерді автоматтандыру, министрліктің, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелері талқыланды.
Министрлік жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын ұйымдастырды, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары іске асырылып келеді. Министрліктің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бекітілді, онда іс-шаралар мен жауапты бөлімшелер бекітілді, азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне жедел ден қою қамтамасыз етілді.
Барлық басшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді жеке істеріне қоса тіркеу арқылы оларды сақтау туралы міндеттемелер қабылдады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Комплаенс-қызметтер құрылды, ISO 37001 стандарты енгізілуде.
«Адалдық алаңы» жобасы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу жөніндегі комиссиялардың, тәртіптік комиссиялардың қызметіне қатысады. «Адалдық алаңы» жобасының қатысуымен су саласындағы проблемалық нысандарға мониторинг жүргізілді және 2 нысан пайдалануға берілді (Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов топтық су құбыры және Қарағанды облысындағы Эскулин су құбыры).
Кеңес барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде аумақтық департаменттер мен инспекциялардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша проблемалық мәселелерге назар аударды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа бару себептерін жою бойынша ұсынымдар берді. Қажет жағдайда Агенттік көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша министр С.А. Брекешев барлық деңгейдегі басшыларға сеніп тапсырылған учаскелердегі қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның талаптарын және барлық деңгейдегі басшылар қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау туралы міндеттемелерді мүлтіксіз сақтау, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тарапынан қоғамдық мониторингті тарту, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру объектісіне бару және мемлекеттік қызметтер көрсету арқылы тікелей байланысты болдырмау мақсатында ішкі бизнес-процестерді автоматтандыруды тапсырды.
Дерек көз – gov.kz