Кешенді ластанудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Еуропалық Бюро, Ресей Федерациясының ең озық қолжетімді технологиялар бюросы, Еуропалық Одақ – Орталық Азия жобасы: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық (WECOOP), Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы (ОААЭО), Франция Citepa ауаның ластануы және климаттың өзгеруі жөніндегі техникалық орталығы және т.б. қоршаған ортаны қорғау саласынағы жетекші ұйымдардың бірқатар делегаттары іс-шарада негізгі спикер болды.
Іс-шараға қатысушылар Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының өнеркәсіптің негізгі салаларына ЕҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлеу жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалады.
“Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” ұйымдастырған іс-шара ZOOM платформасында оффлайн және онлайн түрде өтті.
Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 26-30 сәуір аралығындағы кезеңде ҚР Экология министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өзен бассейніне ластанудың барлық көздерін және оның экожүйесіне теріс әсер етудің басқа да факторларын анықтау тұрғысынан кешенді зерттеу жүргізілді.
Жүргізілген зерттеулер барысында трансшекаралық аумақтардан, сарқынды сулардың төгінділері байқалатын жерлерден сынамалар алынды. Су объектілерінің, оның жағалау аймағының жай-күйіне көзбен шолу жүргізілді, гидрологиялық тексерулер жүргізілді. Ластанудың болжамды көзі орындарында ауаның ластану деңгейін 6 көрсеткіш (күкіртті сутек, формальдегид, аммиак, күкірт диоксиді, азот оксиді, азот диоксиді) бойынша өлшеу және су сапасына гидрохимиялық талдау 33-38 көрсеткіш бойынша жүргізілді.
Кешенді тексеру қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының аумағында су сапасының 4 және >5-класы, Атырау облысында – 1-4-класы анықталды.
Батыс Қазақстан облысының аумағында Жайық өзенінің су сынамаларында ОБТ5 (5 тәулік ішінде оттегін биохимиялық тұтыну), фосфаттар мен жалпы фосфор, аммоний-ион, жалпы темір, магний және хлоридтер бойынша Бірыңғай жіктеу жүйесіне сәйкес су сапасының 1-класы (ең жақсы сапа) нормаларының асып кетуі байқалады.
Жоғарыда аталған ластаушы заттарды шамадан тыс мөлшерде табу қардың еруінен, жағалаулардың шайылуынан және су тасқыны кезеңінде су деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде судың ластануынан туындауы мүмкін.
Сондай-ақ, атмосфералық ауа сынамалары алынды. Мониторинг нәтижелері бойынша шекті жол берілетін концентрациялардың артуы анықталған жоқ.
Облыс аумағында төгінділерді жүзеге асыратын кәсіпорындар «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс су Арнасы» ЖШС болып табылады, алайда кешенді зерттеу жүргізу кезінде бұл кәсіпорындардың су сапасына әсері анықталған жоқ.
Атырау облысында кешенді тексеру барысында Индер, Махамбет аудандарында, Атырау қаласының аумағында, Жайық өзенінің сағасында, яғни Каспий теңізінің өзенмен қосылған жерінде ауа, су сынамалары алынды.
Жайық өзенінде ОХТ (оттегіні химиялық тұтыну), темір, мұнай өнімдері, магний, нитрит анион, ОБТ5 бойынша су сапасының 1-класы нормаларынан асу анықталған.
Одан бөлек, Индер ауданы Индербор кентіндегі ауданда коммуналдық қалдықтар, автокөлік құралдарының қалдықтары, ағаш және т.б. анықталды. Индербор кентінің Орталық көпірінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде иесіз кемелер су астында қалып, өзенді ластағаны анықталды.
Нәтижесінде атмосфералық ауада зиянды заттардың ШЖК арту жағдайлары анықталған жоқ.
Облыс аумағында төгуді жүзеге асыратын кәсіпорындар «Атырау Су Арнасы» КМК, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РКМК, «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РКМК, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС болып табылады. Кешенді тексеру жүргізу кезінде осы кәсіпорындардың су сапасына әсері анықталған жоқ.
Ақтөбе облысында Жайық өзенінің саласы болып табылатын Елек өзенінің су сынамаларында аммоний-ион, ОХТ, қорғасын, фенол, магний, фторидтер, хром (6+), нитриттер және минералдану бойынша су сапасының 1-класы нормаларынан асу байқалады.
Елек өзенінің экожүйесіне әсер ететін облыс аумағындағы ластану көзі қож үйіндісі бар «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, шлам жинағыштары бар «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ болып табылады.
Өзеннің төменгі ағысында Ақтөбе қаласын сумен жабдықтау және су бұрумен айналысатын «Aktobe su-energy group» АҚ тазарту құрылыстары орналасқан. Кәсіпорын су тасқыны кезеңінде шартты түрде тазартылған сарқынды суларды Елек өзеніне жоспарлы ағызуды жүзеге асырады.
Елек өзені суларын ластау көздері өзен арнасына тікелей жақын орналасқан және су тасқыны кезеңінде өзенге қалдықтарын орналастыратын көптеген мал шаруашылығы шаруашылықтары болуы мүмкін.
Сондай-ақ, Елек өзенінің ағысымен Алға қаласындағы бұрынғы Киров атындағы химия зауытының буландырғыш тоғандары ластану көзі болып табылады.
Кешенді тексеру барысында атмосфералық ауа сынамалары да алынды, ластаушы заттардың ШЖК артуы анықталған жоқ.
Түркістан облысында «Үлкен Келес» магистралды каналы арқылы суландыратын «Р-3» каналының құрылысы биыл аяқталады. Жоспар бойынша келесі жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Мерлан Керімжанов хабарлады.
Қайта жөндеуден өткен канал арналары бетондалған. Нәтижесінде 5590 га егістік алқабын суару мүмкіндігі туып, ағын су шығынын азайтады.
Сондай-ақ канал бойындағы су реттегіш гидротехникалық құрылғылары күрделі жөндеуден өткізілді. Филиал директоры тағы бірнешеуі жаңадан салынғанын да атап өтті. Және 2022 жылы күтілетін өзгерістермен бөлісті.
«2022 жылы Отырар ауданында «Шәуілдір үстеме каналын реконструкциялау» және «Ішкі коллекторлық дренаж жүйелерін реконструкциялау» жобалары іске қосылмақ.
«Жоба аясында 30,4 шақырым канал бетонмен қапталып, 417 шақырым коллектор дренаж жүйелері механикалық тазалаудан өткізіледі. Нәтижесінде «Д.Алтынбеков», «Көкмардан» каналдары бойындағы 12 мың га жерді сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, жаңадан 7 мың га суармалы жерлер айналымға қосылатын болады»- деді Мерлан Керімжанов.
Айта кетсек, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты 315 мың га суармалы жер бар. Бүгінде вегетациялық маусым сәтті аяқталды. «Қазгидромет» РМК консультативтік болжамына сәйкес биыл өңірді сумен қамтамасыз ету шамамен 70%-ды құрады. Су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынып, арнайы мамандардан құрылған комиссия су тапшылығы байқалған аймақтарда судың тең бөлінуін қадағалады.
2021 жылдың 3 қазан күні дүниежүзілік «ЭКСПО-2020 Дубай» көрмесін өткізу шеңберінде Қазақстанның ұлттық павильонында «KazakhstanGreenDay» атты іскерлік іс-шаралар сериясы өтеді.
Халықаралық және ұлттық сарапшылар, қоршаған ортаны қорғау саласындағыуәкілетті орган, бизнес-қоғамдастық және салалық қауымдастық өкілдері қатысады. Сала мамандары өңірлік экологиялық тәуекелдерд ібасқару жүйесін, ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу, сондай-ақ парниктік газдарды басқаруға қатысты бірқатар мәселелерді талқылайды.
Шақырылған делегаттардың ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетекші ұйымдардың өкілдері, соның ішінде кешенді ластанудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Еуропалық Бюро (EuropeanIntegratedPollutionPreventionandControlBureau), Ресей Федерациясының ең озық қолжетімді технологиялар бюросы, Еуропалық Одақтың жобасы – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеру саласындағы ынтымақтастық (WECOOP), Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы (АЭЦЦА), Citepa ауаны ластау жөніндегі Француз техникалық орталығы сияқты ірі ұйымдар бас қосады.
Жасыл технологиялар трансферітетігі ретінде «Жасылкөпір» әріптестік бағдарламасы мен өңірлік экологиялық тәуекелдерді басқару жүйесіне басты назар аударатын болады. Талқылау барысында Еуропалық Одақ пен Ресей Федерациясының ең үздік қолжетімді технологиялар (ҮҚТ) енгізу бойынша тәжірибесін талқылау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, сарапшылар ҮҚТ Орталық Азия бюросының даму перспективаларын талқылауға ниетті.
Үшінші панельдік сессия шеңберіндеҚазақстанның төмен көміртекті даму, ҚТҚ қайта өңдеу саласындағы саясаты және парниктік газдарды басқару саласындағы іс-қимылдардың ашықтығына қолжеткізу мәселелері көтеріледі. Сарапшылардың соңғы кездесуі ҮҚТ енгізу және дамыту мәселелеріне арналады. Қазақстанның ірі өнеркәсіптік компаниялары («KEGOC» АҚ, «Самұрық-энерго» АҚ, ERG, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ, «АрселорМитталТеміртау» АҚ, Kazminerals, Kazakhmys) өкілдерінің қатысуы күтілуде. Іс-шараның ұйымдастырушысы Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы. Ол өнер кәсіптің негізгісалаларында ҮҚТ анықтамаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Іс-шара офлайн және онлайн форматта ZOOM платформасындаөтеді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, оңтүстік өңірдегі өзекті проблемалардың бірі – су мәселесіне талқылады.
Министр алдымен «Түркістан магистральды каналына» барып, канал арналарын бетондау жұмысымен танысты. Канал ұзындығы 149 км құрайды және жергілікті шаруа қожалықтарының негізгі су көзі болып табылады. Жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығына тоқталған Серікқали Брекешев жоба аяқталған соң су шығыны азаятынын хабарлады. 2020 жылы басталған құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталып, эксплутацияға беріледі.
Сондай-ақ Ескі Иқан ауылдық округінде «Ирригациялық және дренаждық жүйелеррді жетілдіру жобасы» аясында жүргізіліп жатқан жұмыспен танысты. Жоба аясында 72 дана тік дренажды ұңғыма және 300 шақырымға жуық канал жаңғырады. Серікқали Брекешев құрылыс қарқынын жылдамдатып, жоспарға сай аяқтауды тапсырды.
Серікқали Брекешев артынша өңірдегі су тасқын мәселесін шешуге септігін тигізген «Көксарай» су реттегішінің бүгінгі күйін байқады. «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Керимжанов Мерлан 2011 жылы қолданысқа берілген контрреттегіш жаңғыртуды қажет етедіндігін жеткізді. Жаңғырту мақсатында дайындалған жобаны министрге таныстырып, мамандармен талқылады. Айтылған пікірлермен мен ұсыныстар ескеріліп, жобалау жұмыстары жыл соңына дейін ұсынылатын болды.
Жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров, «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасовпен бірге Шардара су қоймасына барды. Жергілікті тұрғындармен тілдесіп, су шаруашылығына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Тұрғындарды 50 жылдан асқан су қоймасының қауіпсіздігі алаңдатады. Министр Серікқали Брекешев қойманы жаңғырту жұмысымен айналысып жатқанмердігер компанияға құрылыс жұмыстарын белгіленген уақытта аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ жобада көрсетілген қаражаттан асып, артық шығын келтірмеуді міндеттеді.
Шардара су қоймасында жүзеге асырылып жатқан жөндеу,сейсмотұрақтылығын арттыру жұмыстары 2022 жылы аяқталады. Құрылыс аяқталған соң 7 балдық жер сілкінісіне шыдас беретін төзімділікке ие болады.
Сондай-ақ министр Серікқали Брекешев жұмыс сапары аясында жергілікті балық шаруашылығы саласының кәсіпкерлерімен кездесті. Өңірдегі балық өндірісінің қарқынын байқап, ұлғайту мақсатында мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан жобаларды таныстырды.
2021 жылғы 1 қазанда ҚР Экология вице-министрі А.Пірімқұлов РФ Омбы облысының губернаторы А.Бурковпен кездесіп, Ертіс өзенінің сулылығын ұлғайту мен су ресурсының сапасын мониторингілеу бойынша пікір алмасты.
А.Пірімқұлов Ресей тарапына Қазақстан тарапының Жоғарғы Ертіс каскадының су қоймаларынан су жіберу ҚР мен РФ экономика салаларының қажеттіліктерін, сондай-ақ Ертіс өзенінің экожүйесін ескеретін Одақ кезінде қабылданған нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлады.
Тараптар ірі өзендердің бассейндерінде, оның ішінде Ертіс өзенінің бассейнінде зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандыру бойынша бірыңғай жол картасы шеңберінде оң жұмыстардың басталғаны туралы атап өтті және бірлескен зерттеулер нәтижелері бойынша экологиялық жағдайды, оның ішінде су қоймаларының режимін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, тараптар трансшекаралық су объектілерінің су ресурстары жай-күйінің сапалы көрсеткіштерін мониторингтеу әдістемелерін бірізділендіруге қатысты пікір алмасты. Қазақстан тарапы бұл мәселені трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының кезекті отырысында қарауды ұсынды.
2021 жылғы 1 қазанда Түркістан қаласында «Өңірлік ынтымақтастық және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін бірлескен іс-қимылдар жолдары» атты бірінші Орталық Азия форумының ашылуы өтті.
Іс-шараның ашылуына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қатысты. Министр өз сөзінде Қазақстан үшін климаттың өзгеруіне күрес басым бағыт болып табылатынын атап өтті.
«Климат жөніндегі Париж келісіміне қосылу арқылы Қазақстан атмосферадағы парниктік газдардың құрамын төмендету бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салуға міндеттенді. Осыған байланысты тиісті инфрақұрылым құру және «жасыл» технологиялар нарығын дамыту қажеттілігі туындады. Бұл үшін біз бірқатар заңнамалық құжаттарды, соның ішінде Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңды қабылдау арқылы институционалдық негіз қаладық. Парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласындағы заңнама жетілдірілді, оның ішінде климаттың өзгеруіне бейімделу туралы жаңа тарау әзірленді», – деді Серікқали Брекешев.
Форумды Әлия Назарбаеваның төрағалығымен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы ұйымдастырды. Форум жұмысына қоғам өкілдері, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан Парламентінің, Германия елшілігінің, халықаралық ұйымдардың депутаттары, бизнес және экологиялық қоғамдастық өкілдері қатысты.
Форумның панельдік сессияларының алаңдарында қатысушылар климаттың жылынуының салдарлары мен қатерлері, көміртекті бейтараптықты іске асырудың артықшылықтары, кедергілер мен тосқауылдар мәселелерін талқылайды, сондай-ақ «жасыл» жобаларды іске асырудағы табысты тәжірибелерімен бөліседі.
Форум қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы көміртегі бейтараптығына бірлесіп қол жеткізу жөніндегі Декларацияға қол қойылады.
2021 жылғы 29 қыркүйектен 1 қазанға дейін Женева қаласындағы (Швейцария) Ұлттар Сарайында трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция Тараптары кеңесінің кезекті 9-шы сессиясы өтті.
Іс-шараға онлайн режимде экология министрі Серікқали Брекешев қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде ол су тұтыну көлемінің өсуіне байланысты су ресурстарын қорғау және оларды ұтымды пайдалану проблемасының өзектілігін атап өтті.
«Жер шарындағы халық санының өсуімен, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өндірісінің артуымен қатар суды тұтыну мен суды пайдалану көлемі да артуда, тұщы су тапшылығының артуы да байқалады. Жер ебтінде су ресурстарының елдер арасында біркелкі таралмауы мәселені ушықтыра түседі. Су экономикалық дамудың, әлеуметтік әл-ауқаттың және әлемдегі тұрақтылықты сақтаудың негізгі факторына айналуда», – деді экология министрі.
Айта кетейік, Қазақстан су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен көңіл бөледі және барлық іргелес елдермен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Атап айтқанда, Орталық Азия елдерімен, Ресеймен және Қытаймен бірқатар келісімдерге қол қойылды.
Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерді қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) және Мемлекетаралық үйлестіруші Су шаруашылығы комиссиясы (ХШҚК) және орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссия (ОДМК) сияқты оның құрылымдық органдарының қызметі шеңберінде, ал Ресей, Қытай және Қырғызстанмен-екі жақты комиссиялар шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазақстанның бастамасы бойынша Орталық Азия елдері көшбасшыларының тұрақты консультациялық кездесулері өткізіледі, онда өңірдің су шаруашылығы саласындағы неғұрлым өзекті проблемалар талқыланады.
Су ресурстарын пайдалану мен қорғау проблемаларын шешуде еліміз халықаралық Су құқығы нормаларын ұстанады және Орталық Азиядан конвенцияға қосылған алғашқы елдердің бірі.
Өткен үш жылда Қазақстан Жұмыс бағдарламасын және Конвенцияны жүзеге асыру стратегиясын орындауға жәрдем көрсетті. Атап айтқанда, біздің республика су ресурстарын трансшекаралық контексте бөлу жөніндегі Конвенция нұсқаулығын әзірлеуді қолдады.
Қазақстанның қолдауымен Гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз басқару, су және энергетикалық ресурстарды бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша Орталық Азия елдері үшін бірқатар өңірлік іс-шаралар өткізілді.
2017 жылдан бастап еліміздің бастамасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында Конвенцияның ынтымақтастық орталығы – Суды бағалаудың халықаралық орталығы (ХТҚО) орналасқан.
Тараптар Кеңесінің 9-шы сессиясының жұмысы пленарлық сессиялар, жоғары деңгейлі сегмент, жалпы сегмент және параллель іс-шаралар түрінде ұйымдастырылды. Сондай-ақ Конвенцияны орындаудағы прогресс қаралып, 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы қабылданды.
Сөз соңында С. Брекешев БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясына, Конвенция Хатшылығына және елдерге Конвенция бюросына төрағалық ету кезеңінде Қазақстанды қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Эстония Үкіметіне қалыптасқан күрделі жағдайларда 9-сессияны уақытылы ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Форум екі елдің экология және «жасыл экономикалық өсім» саласындағы ынтымақтастығы аясында өтті.
Форумда тараптар экология, биоалуантүрлілікті сақтау, трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерді талқылады.
Экология министрі С.Брекешев Қазақстан мен Ресей арасындағы экологиялық ынтымақтастықты дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізілгенін тілге тиек етті.
«Біз келісім-шарт базасын үнемі кеңейтіп отырамыз. Қазақстан мен Ресей арасындағы экология, биоалуантүрлілікті сақтау, трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы 7 Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Аталған келісімдерді жүзеге асыру үшін екіжақты комиссиялар мен арнайы жұмыс топтары жұмыс істейді», – деп атап өтті Министр.
Форум аясында салалар бойынша 13 құжатқа қол қойылды. Экология Министрлігінің қызметі бойынша келесі құжаттарға қол қойылды: