Аграрлы аймақ саналатын облыста жыл санап егістік көлемі ұлғайып келеді. Мәселен облыста биылғы жылы арнайы әзірленген картаның нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 41,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал қайтарылған жердің 2,1 мың гектары егістік болса, 38,9 мың гектары жайылым жерлер. Сондай-ақ биылғы жылы өңірде егістік алқабы 47 мың гектарға дейін ұлғайып, 768,5 мың гектарға жеткен. Тиісінше егістік көлемі ұлғайған сайын суға қажеттілік те арта түсуде.
«Негізі Жамбыл облысына вегетация кезінде жерүсті су ресурстарының 80 пайызы көршілес Қырғыз Республикасынан Шу және Талас трансшекаралық өзендері арқылы келеді. 1983 жылғы келісім бойынша вегетациялық кезеңде Шу өзені бойынша 370 миллион текше метр, Талас өзені бойынша 590 миллион текше метр су жіберілуі керек. 2021 жылдың суару маусымына Шу мен Талас өзенінің мемлекетаралық су алу кестелері екі тараппен келісіліп, Қазақстанға Шу өзенінен 318,0 миллион текше метр, Талас өзені бойынша 500 миллион текше метр су алуымыз керек болған. Алайда Шу өзені арқылы 151,8 миллион текше метр (жетіспеген су көлемі – 166,2 миллион текше метр) су берілген. Жоспарланған көлемнің 48 пайызын ала алмадық. Талас өзені арқылы 377,4 миллион текше метр су (жетіспегені – 122,6 миллион текше метр) берілген. Жоспарланған көлемнің 75 пайызы алынған. Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасы тарапынан су бөлу ережелері мен су бөлу кестелеріндегі шарттарды толық қамтамасыз ету бойынша тұрақты комиссияға ұсыныс берілді»,- деді «Қазсушар» РМК Жамбыл облысы филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.
Ал, екі ел арасындағы келісімнің өз деңгейінде орындалмауына бүгінгі күні ағын су мәселесі Қырғыз Республикасында да өзекті екені себеп болып отыр. Қыста тауға қардың аз түсуінен және көктем-жаз мезгілдерінде жауын-шашынның аз жаууынан айыр қалпақты ағайындар да құрғақшылықтың зардабын тартты. Соған қарамастан қырғыз тарапы мүмкіндіктерінше трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бөлу жөніндегі екі ел арасындағы мемлекетаралық келісімді сақтап тұра алды. Нәтижесінде табиғат құбылыстарының әсерінен біршама қиындықтар туындағанымен, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, Жамбыл облысы әкімдігінің жыл бойы атқарған жүйелі жұмысының арқасында вегетациялық кезең сәтті аяқталды. Мәселен, биылғы жылдың тамыз айында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Молдияров, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының басшылығы Қырғыз Республикасына арнайы барып, бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.
«Қырғыз Республикасының су шаруашылығы саласының мамандары өздерінде де судың тапшы екенін айтып, Жамбыл облысына секундына 10 текше метр су жіберітіндерін айтқан болатын. Егер 10 текше метр су жіберілетін болса, облысқа бар болғаны 6 текше метр су жетеді. Өйткені 4 текше метр су техникалық кедергіге ұшырап, жерге сіңіп кетеді. Ал 6 текше метр сумен алқаптарды толық суарып алу мүмкін емес. Сондықтан да вице-министр секундына 18 текше метр су беруін талап етті. Кейін келісім бойынша Талас су торабына секундына 17-18 текше метр су жіберілді»,- деп атап өтті Қазыбек Бедебаев.
Осылайша Қазсушар мекемесінің нәтижелі жұмысының арқасында, сынаққа толы болған биылғы жылдың вегетация кезеңі үлкен шығынсыз аяқталды. Атқарылған жұмыстар ауқымды. Алда тұрған міндеттер де аз емес.
Биылғы жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің Еуропалық қайта құру және даму банкінің тұрақты инфрақұрылым тобының Басқарушы директоры Нандита Паршадпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында биылғы жылдың қараша айында Глазго қаласында өтетін климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Негіздемелік конвенциясы Тараптар конференциясының 26-шы сессиясына (ТК-26) Қазақстанның қатысуына дайындық мәселелері талқыланды.
Тараптар Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Доктринасының жобасын іске асыру жөніндегі жоспарларын талқылады, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары ретінде шығарындылар саудасы жүйесін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Министр С.Брекешев Еуропалық қайта құру және даму банкін Арал теңізінің құрғаған түбінде сексеуіл егу процесіне қатысуға шақырды.
Еуропалық қайта құру және даму банкі қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша пилоттық жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша министрлік пен Еуропалық қайта құру және даму банкі өкілдерінің қатысуымен «Қазсушар» РМК-ның корпоративтік дамуын әзірлеу жөніндегі жобаны ары қарай іске асыру, сондай-ақ оның алғашқы отырысын жақын арада өткізу жөнінде жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Құрметті журналистер!
2021 жылғы 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында сағат 17:00-де «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция өтеді.
Халықаралық конференцияға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатысады.
Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз!
БАҚ-ты аккредиттеу 11 қазан күнгі сағат 20:00-ге дейін мына телефондар арқылы қабылданады: 8 701 356 21 88, 8 775 871 53 99.
Өтетін күні: 2021 жыл 13 қазан
Уақыты: 17:00 сағ.
Өтетін орны: «Hilton» қонақ үйі
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» брифинг өтті. Спикерлер ретінде экология вице-министрі Ә. Шалабекова мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Д. Тұрғамбаев сөз сөйледі.
Вице-министрдің айтуынша, жаңа заң жобасын қабылдаудың мақсаты – жануарларға адамгершілікпен қарауды құқықтық реттеу, оларға мейіріммен қарау. Оның негізі жалпы қабылданған этникалық құндылықтар шеңберінде жануарлар мен адамның амандығы және адамдардың бойына жанашырлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.
Жаңа заң жобасында мыналар қарастырылған:
– мемлекеттік органдардың жануарларға қатынас пен оларды реттеу саласындағы өкілеттіліктерін бөлу;
– жануарларды ұстауға және тасымалдауға, сондай-ақ өсіруге және ветеринариялық қызмет көрсетуге қойылатын жалпы талаптар;
– жануарларға қатыгез қарым-қатынасты насихаттауға тыйым салу.
Сонымен қатар, Әлия Шалабекова жекелеген санаттағы жануарларды мәдени және ойын-сауық мақсатта, эксперименттік (зертханалық), қызметтік, үй жағдайында ұстау және қараусыз, қаңғыбас жануарларға қарау кезінде қойылатын талаптар анықталғанын атап өтті.
Қоғамдық бақылау үшін мұндай жағдайға немқұрайлы қарамайтын азаматтар мен қоғамдық ұйымдар жануарларды емдеу саласындағы «қоғамдық инспекторлар» ұғымын енгізуді ұсынады. Неғұрлым егжей-тегжейлі тәртіпті уәкілетті орган айқындайтын болады.
Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікті қоса алғанда, жануарлардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін иесінің жеке жауапкершілігін енгізу (қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін) және қылмыстық жауаптылық (құқық бұзушылық үшін жаза қатаңдатылады – жануардың өліміне әкеп соққан құқық бұзушылық үшін жаза 120-дан 200 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзған кезде 1000 АЕК-ке дейін не бір жылға дейін бас бостандығынан айыру) туралы да айта кеткеніміз жөн.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын қабылдау Қазақстанның прогрессивті, заманауи мемлекет ретіндегі имиджін нығайтады, барлық тіршілік иелеріне адамгершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Үй жануарларына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алады, сондай-ақ жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды», – деді Әлия Шалабекова.
Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті.
Кездесуде тараптар су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады. Серікқали Брекешев бұл бағытта екі ел арасындағы түсіністік арқасында оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болғанын атап өтті.
“Биыл Шу және Талас өзендерінің бассейндеріндегі судың аздығына қарамастан, қырғыз әріптестерімізбен бірлескен іс-қимылдардың арқасында вегетациялық кезеңді үлкен шығынсыз аяқтай алдық», – деді Министр.
Сондай-ақ тараптар жануаралар әлемі, орман тақырыбында да пікір алмасты. Дастан Дюшекеев қарақұйрық популяциясына қатысты және шекара маңы аумақтарындағы өрт тақырыбын көтерді. Алдағы уақытта бұл мәселені толық талқылап, екі жақты оң шешімге қол жеткізілетініне сенім білдірді.
Заң жобасы жануарларға қатыгездік танытқаны үшін жауапкершілікті күшейтуді қарастырады.
Соңғы уақытта жанураларға қатысты қатыгез қарым-қатынас таныту жағдайлары жиілеп кетті.
Осыған байланысты Экология министрлігі азаматтық сектормен бірлесіп жануарларға жаупкершілікпен қарау туралы тиісті заң жобасын әзірледі.
Жануарларды қорғау туралы жеке заң қатыгездік, иттер төбелесі, жануарларға анестиясыз операция жасау, сабау, оларды заңсыз аулау сияқты адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге тосқауыл қояды деп күтілуде.
Жануарлар қорлаудан нашар қорғалған. Сондықтан қолданыстағы Әкімшілік кодекске және Қылмыстық кодекске бірқатар өзгерістер енгізілетін болады. Сол өзгерістерге сәйкес жануарларға жауапкершіліксіз қарағандарға тағайындалатын жаза түрлері қатаңдатылады.
“Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” Заң жобасын қабылдау Қазақстанды заманға сай өркендеген ел ретінде паш етіп, айналадағы тіршілік иелеріне мейірімділікпен қарауға тәрбиелеп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қоғамдағы агрессияны азайтуға мүмкіндік береді.
Заң жобасын талқылаған депутаттар заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша тиісті қорытынды дайындайтындарын жеткізді.
Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың жобалары жария талқылау үшін “Ашық бюджеттер” порталында жарияланғанын хабарлайды.
ҚР ЭГТРМ-нің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын жария талқылауға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=7493723 ЭЦҚ-ның болуы міндетті.
Бес жыл ішінде 600 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында каналдар мен су қоймаларын салуды талқылау кезінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, біз 2030 жылға дейін суармалы жер көлемін 3 миллион гектарға дейін жеткізуіміз қажет. Суармалы егіншілік негізгі су тұтынушы болып отырғанын айта кету керек. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің алаңы 1,6 миллион гектарды құрады. Бес жыл ішінде 600 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Осылайша, суармалы жерлердің алаңы 2,2 миллион гектарға дейін жеткізілетін болады», – деді С. Брекешев.
Суармалы егіншіліктің ағымдағы жай-күйіне тоқталсақ, су тартудың барлығын алғанда 12,1 текше километр тұрақты суаруға келеді. Оның ішінде 11,8 текше километр 4 оңтүстік облысқа тиесілі: 1,25 млн гектар суармалы алаңы бар Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары қамтылған. Яғни, бұл суаруға арналған су тартудың 97% пайызы және ел бойынша барлық суармалы алаңның 78% пайызы. Бұл ретте, осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаң республика бойынша 248 мың гектарды құрады. Оның ішінде оңтүстік өңірде 1,25 млн гектардың тек 5,4 пайызы немесе 67,7 мың гектары ғана енгізілген.
Су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаңдар 450 мың гектарға дейін жеткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында каналдар мен су қоймаларын салуды талқылау кезінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаң республика бойынша 248 мың гектарды құрады. Оның ішінде оңтүстік өңірде 1,25 млн гектардың тек 5,4 пайызы немесе 67,7 мың гектары ғана енгізілген.
«2025 жылға қарай Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаңдарды 450 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жыл сайын 1,5 текше километр көлемінде суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, министрлік Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, алаңдарды анықтай отырып, барлық облыстар бойынша су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі жол карталарын әзірлеуді және бекітуді ұсынады», – деді С. Брекешев.