Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz
Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірлесе отырып, бүгін 2017 жылы 21 қыркүйекте Астана қаласында жасыл құрылыс бойынша стандарт семинары өткізіледі.
Семинардың негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғау стандарттары бойынша құрылыс мәселелерін талқылау, Австрияның жасыл құрылыс саласындағы халықаралық тәжірибесімен танысу, Қазақстан Республикасындағы жаңартылған энергия көздерін пайдалану арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған техникалық шешімдердің озық тәжірибелерін талқылау болып табылады.
Осы отырыста 90 нан астам орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП, аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері, халықаралық қаржы институттары және халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастық, бизнес және басқалары қатысады.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Шілде айының 3-і мен 6-сы аралығында Астана қаласында ЕХРО-2017 аясына «GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM» – қалдықтарды қайта өңдеу және жаңғырамалы энергия бойынша екінші Еуразиялық бизнес-форум өтті. Форумға 11 елден 270 адам қатысты – мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ассоциациялардың, ҒӨБ мен кәсіпорындардың өкілдері.
Форумды ұымдастырған Энергетика министрлігі және «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы. Қауымдастықтың мүшелерінің бірі – «Шаруа» ЖШС-і (Қостанай қ.), форумда «Қазақстанда қауіпті қалдықтарды басқару мүмкіндіктері мен келешегі, «Шаруа» ЖШС-нің үлгісінде» тақырыбымен ,баяндама жасады.
Баяндамада Қазақстан Республикасын қалдықтарды басқару саласында «Жасыл экономикаға» көшіру бойынша концепцияны жүзеге асыру тақырыбы қозғалды. Кәсіпорын Концепцияны орындау мақсатында қауіпті қалдықтарды айналдыру бойынша өз қызметін жетілдіруде.
«Шаруа» ЖШС-і 1998 жылы құрылған, 2005 жылдан бастап қауіпті,уытты қалдықтарды өз полигонында орналастырады. 2005 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықта полигонда 3092 т қауіпті қалдық орналастырылды. 2013 жылы «Шаруа» ЖШС-і «Парыз» конкурсының «Экологияға қосқан үлесі» номинациясын жеңіп алды.
2018 жылы кәсіпорынға 2 жаңа технологиялық желі енгізіледі. Бірінші желі – қауіпті химиялық өнімдердің(пестицидтердің, техникалық сұйықтықтардың, қышқылдардың, сілтілердің және т.б.) пластик қаптама (канистрлерді) қалдықтарын қайта өңдеу мен майсыздандыру кешені. Қалай болғанда да, қауіпті өнімдердің ағызылып алынбай қалған қалдықтары қалып қоятындықтан, канистрлерді майсыздандыру қажет. Екінші желі – бұл қауіпті қалдықтарды термиялық жою кешені, соның ішінде инсинератор базасында сұйық қалдықтарды да.
Концепция ережелерін басшылыққа ала отырып, Қазақстанға жедел түрде қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін жасау қажет. Осы мақсаттар үшін барлық жерлерде ауқымды және шығыны көп жұмыстар басталуда, ал оны негізінен орта және шағын бизнес орындайды. Алайда, бизнес мемлекет қолдаусыз ол жұмысты тындыра алмайды.
Қазіргі таңда жоспарларды жүзеге асыруды «тежеп» отырған мәселелер қалып отыр, және олардың шешімін таппай, алға қарай жылжу мүмкін емес. Ең көкейкесті мәселелер ҚР заңнамаларының жетілмегендігіне байланысты болып отыр.
Қалдықтарды басқару саласында заңнамаға жедел өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады, атап айтқанда:
– Экологиялық кодекске қауіпті химиялық өнімдердің пластик қаптамаларын айналдыру мәселелері, және оны қауіпті қалдықтар санатына көшіру мәселелері бойынша. Қазір ондай қаптамалар қауіпсіздер ретінде қабылданады, себебі қолданыстағы заңнамада ол нақты қауіпті қалдықтарға жататындығы жазылмаған;
– Қалдықтар классификаторына классификацияны жақсарту бойынша қалдықтардың қауіпті қаситеттерін анықтау категориялары бойынша қауіпті және қауіпсіз қалдықтарды нақты белгілеу қажет;
– Экологиялық кодекске және заңға қарасты актілерге қалдықтарды қазіргідей қалдық түрі бойынша емес, оларың индексі (қауіптілік деңгейі) бойынша орналастыруға рұқсат алу мәселесі бойынша.
Сонымен қатар, қалдықтардың жеке категорияларының айналымы бойынша арнайы стандарттар жасау қажет.
Қазіргі таңда «Шаруа» ЖШС-і – бұл қауіпті қалдықтар айналымы мәселелерін шешумен жұмыс жасап жатқан, өз өңіріндегі жалғыз кәсіпорын.
Алға тартылған мәселелер мен олар бойынша ұсыныстар Қалдықтарды басқару саласындағы концепцияны жүзеге асыру үрдісінде назарға алынады деген үміттеміз.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС, «Валары-КЗ» ЖШС, «FLAGMAN_ EXPERT» ЖШС, «Интеллект плюс» ЖШС, «OPTIMUM» жобалау институты» ЖШС, «ҚБТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС, «Қазақ мұнай және газ ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ, «BNG Ltd» ЖШС, «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
2017 жылғы 10-15 қыркүйекте Будва қаласында (Черногорие) Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясының (Орхус конвенциясы) Тараптары Кеңесінің алтыншы сессиясы, сондай-ақ Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы Хаттама (бұдан әрі–ЛШТТ) Тараптарының үшінші сессиясы өтті.
Осы шаралар, Орхус конвенциясына қол қойған Тараптарға Орхус конвенциясын насихаттаудағы жетістіктер мен міндеттерді талқылау үшін, платформа болып табылады. Тараптар Орхус конвенциясы мен ЛШТТ туралы Хаттаманың мақсаттарын глобалды насихаттауды талқылады және жұмыс бағдарламаларын қоса алғандағы, болашақта оларды іске асыруды басшылыққа алу үшін бірнеше шешімдер қабылдады.
Қазақстан тарапынан ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Жоғарға сотының және ҮЕҰ мүшелері қатысты.
Кеңесте, ақпараттандырудың электрондық құралдарын есепке алғанда, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері, сондай-ақ шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы; сот әділдігіне қол жеткізу, генетикалық өзгертілген организмдер; Конвенцияны іске асыруға әсер ететін процедуралар мен механизмдер (есеп беру механизмі, сақтау механизмі, потенциалды арттыру), Конвенцияны қолдануға ықпал ету, ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу саласында қоршаған орта бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Бағдарламасының бастамалары туралы жаңартылған ақпарат, 2015–2017 жыларға бағдарламаларды іске асыру, жұмыстың болашақ бағдарламасы, қаржа механизмдері және т.б. қарастырылды.
Кеңес қортындысы бойынша Қазақстанның өз міндеттерін орындауына қатысты VI/8g шешімі шығарылды.
Сонымен қатар, Қазақстан өкілдері Орхус орталықтарының 15- жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.
Аталған сессия жұмысына қатысу, Қазақстанға тек Орхус конвенциясын насихаттаудағы халықаралық оң тәжрибемен танысуға мүмкіндік қана берген жоқ, сонымен қатар Қазақстанның Орхус конвенциясының ережелерін іске асыруы және ЛШТТ туралы Хаттаманы ратификациялау бойынша қадамдарымен Орхус конвенциясының қатысушы елдерін таныстыруға мүмкіндік берді.
Дереккөз: www.24.kz
Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілікке 109 мыңнан астам тұрғын, 5729 мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.
Өткізілген айлық аясында 3,7 млн шаршы метр аумақта саябақтар мен гүлзарлар жиналды, 9571 көшеттер отырғызылды. Атап айтар болсақ, қызыл тал, татар үйеңкісі, қайың, қарағай, емен, терек, шетен ағаштары егілді.
«Алматы» ауданында – 3 724 ағаш, «Есіл» ауданында – 3 170 ағаш, «Сарыарқа» аудында – 628 тал, құрылыс басқармасы нысандарында 2 049 ағаш отырғызылды.
Естеріңізге саламыз, айлық барысында 18 452 ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Жалпықалалық сенбілік күнінде 9571 көшет егілді, ал 8881 данасы айлықтың соңына дейін отырғызылады.
Ақпарат көзі: astana.gov.kz
Дереккөз: www.24.kz
Астанада өткен шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары бір кісідей атсалысты.
Халық қалаулылары көппен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. Олар қаланың сол жағалауындағы жаңа даңғыл бойына 100-ге жуық тал екті. Депуттар: «Мұндай шара шаһар тазалығына атсалысумен қатар, ұжым рухын көтереді», – деп отыр.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
– Осындай қалалық сенбілік жақсы дәстүрге айналды. Барлық қала тұрғындары үшін үлкен мереке. Себебі біздің гүлденіп жатқан Астанамызға үлес қосу –депутаттар үшін үлкен міндет.
Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Астананың жасыл елге айналғаны – Президентіміздің бастамасы. «Жасыл ел» – шынында да үлкен бағдарлама. Қазақстанда жүріп жатыр. Қыркүйектің 4-інде сессиямызды бастадық. Біз азғантай болса да жақсылығымызды көрсетеміз. Сондай мүмкіндігіміз бар.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қазақстан Республикасының делегациясы (энергетика, ауыл шаруашылығы және сыртқы істер министрліктері қызметкерлері) Стокгольмдегі «Дүниежүзілік су аптасының» жұмысына қатысты.
Әлемнің әртүрлі елдерінен келген делегаттар әлемдегі, атап айтқанда Орталық Азия елдеріндегі су мәселесін үйлестіру және талқылау үшін Швецияның астанасында бас қосты.
Дүниежүзілік су аптасы тұрақты даму және су ресурстарын басқару мәселелері бойынша жаһандық күн тәртібін қалыптастыратын ірі платформалардың бірі болып табылады.
Осы процеске Қазақстанның қатысуы өңірдің ішіндегі су ынтымақтастығы бойынша жаңа мақсаттар әзірлеу және «түйісу нүктесін» іздеу кезінде елдің мүддесін білдіруге мүмкіндік берді.
Қазақстанда 8 алап бар екендігін атап өткен жөн, олардың жетеуі трансшекаралық, сол себепті су ресурстарын басқару мәселелеріндегі ынтымақтастық еліміз үшін су саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.
Іс-шара барысында Орталық Азия елдерінің өкілдері ынтымақтастық идеяларымен және сумен байланысты өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін әзірлеуге қатысты ойларымен алмасты.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.24.kz
Атырау облысында күзгі балық аулау маусымы басталды. Осыған орай балық қорғау инспекциясы да бақылау шараларын күшейтті. Арнайы рейдтік тексеруге шыққан инспекторлар заңсыз құрылған ауларды сүзіп, браконьерлердің су көліктерін айып тұрағына алып кетті.
Күріштің арқасында күрмектің су ішетіндей балық аулау маусымы басталған тұста браконьерлер де құтырып кетеді. Өткен сегіз айдың ішінде заңсыз балық аулаушыларға 15 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.
Арман Молдашев, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі иснпекциясы басшысының орынбасары:
– Жайық өзенінің бойынан облыс бойынша 2023 дана иесіз ау құралдары тәркіленді, яғни сүзіп судан шығарылды. 706 әкімшілік хаттама толтырылып, оның өрескел сипаттағы 206-і хаттамасы сотқа жолданды.
Су жәндіктерінің уылдырық шашу және балық аулау маусымы кезінде табиғат қорғау мекемелері біріккен іс-қимылға көшеді. Сондай мекемелердің бірі «Ақжайық» табиғи резерватының иинспекторлары да браконьерлерге қарсы тосқауылды күшейтті.
Арман Құрманбаев, «Ақжайық» МТР директоры:
– Балық қорғау инспекциясымен бірігіп, Жайық өзенінің Каспий теңізіне құятын сағаларының барлығына жылжымалы бекеттер орнаттық. Енді өндірістік кооперативтерге тіркелмеген, заңды құжаты жоқ су көліктері ашық теңізге шығарылмайды.
Балық қорғау инспекциясы енді ҰҚК шекара қызметінің жағалау күзеті, ІІД су полициясы секілді құзырлы органдармен де біріккен тексеру рейдтерін өткізуді жоспарлап отыр. Жалпы Жайық өзені мен Каспий теңізіндегі заңсыз балық аулаушыларға қарсы күрес жаз-күз маусымында ғана емес, қыстың күні де жалғасатын болады.
Авторлары: Бекен Әлирахым, Әзілхан Уахитов
Дереккөз: www.24.kz
Батыс Қазақстан облысында тағы бір қой бордақылау алаңы ашылады. Ол бұған дейінгілерінен әлдеқайда ірі 30 мың басқа арналған. Бұл туралы Қытайдың Наньнин қаласындағы аймақаралық ынтымақтастық форуымында айтылды.
Сол жерде ет өңдеумен айналысатын оралдық кәсіпорын бордақылау кешенін салу туралы Қытай компаниясымен екіжақты меморандумға қол қойды. Жаңа нысанда келесі жылдан бастап салқындатылған және мұздатылған бір мың тонна ет әзірленбек. Ол Қытайға экспортталады. 47 млн доллардың жобасы қалдықсыз жұмыс істеуге бағытталған.
Арман Өтеғұлов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары:
– Еттен бөлек ішкі құрылыстарын өңдеп, Қытайға ұсынбақшымыз. Бұл үшін сертификат алуға тиістіміз. Қытай жағы мен Қазақстан жағы соған қазір жұмыс жасауда. Сол өнімдерді ұсынамыз.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қыркүйектің 6-нан 8-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Өскемен ЖЭО» ЖШС, ҚР ЭМ «Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Байкал» филиалы, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.