Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Сочиде Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрі және Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерді талқылады

Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz

2017 жылдың 30 қыркүйек – 1 қазан аралығында Сочи қ. (Ресей Федерациясы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау ведомстволары басшыларының кездесуі және ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің III отырысы өткізілді.
Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің кездесуі шеңберінде 2030 жылға дейін тұрақты даму шеңберіндегі мәнмәтінінде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарларды, өсімдіктерді сақтау стратегиясын іске асыру тәжірибесімен және ТМД қатысушы мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласында одан әрі ынтымақтастықты нығайту туралы мәселелері талқыланды.
ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің III отырысы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау ведомстволарының басшылары өз елдерінің биологиялық әртүрлігін, атмосфералық ауаны, жер қойнауын қорғау шеңберінде үздік тәжірибелер туралы айтып өтті. Сонымен бірге, Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің мүшелері «Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің жұмыс топтарының ережесі туралы», «ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесі жұмысының регламенті туралы», «ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің 2018-2019 жылдарына жұмысының жоспары туралы» шешімдерді қабылдады.
ТМД Атқару комитетінің өкілінің экология және қоршаған ортаны қорғау саласында шарттық-құқықтық базаны түгендеу туралы және кеңес секретариатының өкілінің «ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің қызметі туралы» «Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Достастықтың уставтық және басқа органдарындағы жанындағы өкілетті өкілдері кеңесінің шешімі туралы» есептері тыңдалды.
ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің регламентіне сәйкес кеңес мүшелері кеңестің төрағалығы туралы шешім қабылдады, және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына ауысты. ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің төрағалығына Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі С.Е. Донской сайланды.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі С.Е. Донскоймен және ҚР Энергетика вице-министрі Ғ. Қ. Сәдібековпен екіжақты кездесу өткізілді, кездесуде қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде Жайық-Орал трансшекаралық өзенінің экожүйесін қорғау жөніндегі қазақстан-ресей комиссиясының жұмысы талқыланды.

Ақтөбе облысындағы бекіре шаруашылығы қара уылдырық өндіре бастады

Дереккөз: www.24.kz

26f63521b0944bdec580e58b3eafeb1c_l

Балық санын көбейту үшін уылдырықты бұрын Ресейден тасымалдайтын.

Шаруа бірнеше рет шет елдерден мамандар шақырып, балық өсірудің қыр-сырын меңгерген. Енді сол қыруар еңбектің арқасында өз өнімін ала бастады. Қарғалы ауданында орналасқан қожалық балық шаруашылығын 2006 жылы қолға алды. 19 жерден жасанды тоған қазып, Ресейден бекіретұқымдас балық түрлерін сатып әкелді. Аса бапты қажет ететін бағалы балықтарды күзде санап, қысқы тоғанға көшіреді. Сапалы уылдырық алу үшін дәрумен қосылған жем береді.

Биыл жазда жемге Каспий майшабағын қосқан. Нәтижесінде бекіре балығы 400 келіге дейін салмақ қосыпты. Бүгінде кәсіпкердің балалары мен немерелері де осы кәсіпке ден қойған. Отбасылық бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау бар. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен шаруашылыққа кіреберіс жол салынып, тоғанға су айдайтын құбырлар жүргізілді. Шаруашылықта жергілікті 30 адам еңбек етіп жүр.

Момынжан Қали, фермер:

– Инкубациялық цех салып жатырмыз. Соны аяқтасақ, 8 келіге дейін өнім аламыз. Келесі жылдың жазында цехты кеңейтіп, қуаттылығын 25 келі өнім алуға жеткіземіз. Яғни 1 жылдан кейін қара уылдырық көлемі бірнеше есеге өседі. Ал 4 жылдан кейін 200 келіге дейін бекіре уылдырығын аламыз деген жоспар бар.

Ақмола облысында асылтұқымды мал басы көбейіп келеді

Дереккөз: www.24.kz

64e72c1daca6f4f1ad779b1d15fcc8ee_l

Ақмола облысының Ерейментау ауданына алғаш рет Башқұрстаннан 100-ден астам асылтұқымды Романов қойлары әкелінді.

Бұл тұқымның біздің ұсақ малдардан ерекшелігі ол жылына екі рет төлдейді. Ал бір төлдегенде 2-3, кейде 4-ке дейін қозылайды екен. Асылтұқымды қой шаруашылығын жас кәсіпкер Мұхтар Мәметов қолға алыпты. Мақсаты – ауданда ұсақ малдарды асылдандырып, олардың басын мейлінше көбейту. Қойлардың алды төлдеп те үлгерген. Ал шаруашылықтың мал бағу әдісі – баяғы шопандар секілді жайлауға үй тігіп, қойларды қысы-жазы жайылымда өрістету. Дегенмен заманауи технологияларды да ферма тиімді пайдаланып отыр. Мәселен, үй-жай мен қораға қажетті электр қуаты мұнда күннен алынады. Жалпы ауданда соңғы жылдары асылтұқымды мал шаруашылығы жақсы дамып келеді.

Мұхтар Мәметов, шаруашылық басшысы:

– Бүгінде біздің шаруашылықта 100 бас аналық қой, 5 бас қошқар бар. Біздің ең басты мақсатымыз – осы 2-3 жылда 5 мың басқа дейін көбейту. Асылтұқымды мал ұстағымыз келеді.

Абылай Иманжүсіпов, Ерейментау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

– Бізде асылтұқымды қара малды көп шаруашылықтар ауданға әкеліп жатыр. Жуырда шаруа қожалығы Қойтас ауылынан 60 бас ақбас сиыр әкелді. Келесі жылы тағы 60 бас әкелеміз деп отыр. Ал қой басы бізде былтырғы жылға қарастырғанда 80 мың болса, қазір 100 мың боп тұр.

2017 жылғы қыркүйектің 27-нен 29-на дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарламасы

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Жәйрем кен-байыту комбинаты» АҚ, «Халлибуртон Интернэшнл ГмбХ» компаниясының филиалы, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ, «Жамбыл Петролеум» ЖШС, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Тоспа су» МКК,  «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының Атырау филиалы, «Кристалл Менеджмент» АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау;
  • ҚОӘБ жүргізу рәсімі. Жобалық құжат құрамындағы қалдықтарды басқару бағдарламасы;
  • Экологиялық аудит;
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік және т.б.

Дәріс оқығандар:

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_7385123 img_7383123 img_7388-123

VIII Орталық Азиялық Көшбасшылар Бағдарламасы «Жасыл экономиканы» насихаттау тақырыбына арналды

Дереккөз:www.energo.gov.kz

Алматы қаласында «жасыл» экономиканы ілгерілетудегі өңірлік ынтымақтастық рөліне және Орталық Азиядағы су, азық-түлік, энергия және экожүйесі арасындағы байланысының тәсілдері қарастырылған, 8-ші Орталық Азиялық Көшбасшылар Бағдарламасы (ОАКБ) өтті.

Негізгі мақсаты – «жасыл экономика», су мен энергия саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың тиімділігі мен артықшылықтарын көрсету және аталған салада Орталық Азия мен Ауғанстан көшбасшыларының әлеуетін дамыту.

Аталған іс-шараға халықаралық және өңірлік ұйымдардың мүшелері, экологиялық үздіктер мен жетекші сарапшылар қатысты.

ОАКБ Норвегия үкіметінің, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің және USAID-тің қолдауымен ЮНЕП-пен ынтымақтастықта Орталық Азиядағы өңірлік экологиялық орталық ұйымдастырды.

Сессиялар Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық контекстінде қоршаған орта мен тұрақты даму, жасыл өсім мен «жасыл» экономика бойынша ынтымақтастықтың жаһандық үдерістері мен платформаларына арналды.

ОАКБ қатысушылары Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың мақсаттарын іске асыру және «жасыл экономиканы» ілгерілету, Киото хаттамасын орындау және ОА елдерінде экологиялық ақпаратты тарату мәселелеріне қызығушылық білдірді.

Алматыда «18 миллион көшет» жобасы бойынша ағаш егу басталды

Дереккөз: www.24.kz

«Байтақ болашақ» экологиялық альянсы «18 миллион көшет» жобасы бойынша ағаш отырғызу маусымын ашты.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалында бірлестік өкілдері мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, наурыз айынан бері Қазақстанда 830 мың жас ағаш отырғызылған. Экологиялық альянс шараға еріктілерді тарту мақсатында «Жастар қанатын» құрыпты. Енді «Байтақ болашақ» еліміздің мектептері және жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жастарды аталған жобаны қолдауға шақыратын Challenge жүйесі іске қосылды.

«Байтақ болашақ» экологиялық альянсы 2016 жылы құрылған. Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы: 

– Он сегіз миллион тал отырғызу үшін 90 миллиард теңге қаражат керек екен. Бізге бірінші криптовалюта жасау идеясы келді. «Бір тал» деген криптовалютаны бүгін жасадық. Біз соны халықаралық криптобиржасына қоюымыз керек. Бүгінгі күні криптовалютамызды іске қостық. Ол техникалық тұрғыда жұмыс істеп тұр. Осы арқылы біз халықтан, әлемнен қаражат жинасақ деген ойымыз бар.

БҚО-да картоп жинау науқаны аяқталып келеді

Дереккөз: www.24.kz

8618ac77f062065e7b7f3bec1dea0c82_l

Батысқазақстандық шаруалар биыл 4 мың гектар алқапқа картоп еккен болатын.

Күні бүгінге дейін әр гектардан жиналған өнім көлемі 150 тоннаға жуықтап отыр. Қазір өңірде картоп жинау науқаны аяқталып келеді. Облыс орталығында аталған өнімнің әр келісі 40-45 теңгеден сатылып жатыр. Жиі ұйымдастырылатын жәрмеңкелер арқылы аймақта азық-түлік пен көкөніс бағасын арзандатуға мүмкіндік бар.

Картоп егілген алқаптардың дені Зеленов ауданының аумағында. Мичурин ауылындағы шаруалар биыл мол өнім жиналғанын айтады. Бұған тамшылатып суару секілді заманауи технология жетістігін пайдалану да өз әсерін тигізген.

Александр Предко, шаруа қожалығының басшысы:  

– Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ең алдымен тұқымның сыннан өткен сұрыптарын егумен қатар жер өңдеудің тың әдіс-тәсілдерін қолдану қажет. Әрине, ең бастысы, техникаң да сайлы болуы керек. Тыңайтқыштарды орнымен пайдалану, түрлі ауруларға қарсы іс-шараларды қолдану мол өнім алудың кепілі деп ойлаймын.   

Шаруа қожалықтары жиын-терім науқаны кезінде жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартады. Олар жиналған өнімді сұрыптап, сақтайтын орындарға жеткізуге көмектеседі. Алқаптан жиналған өнім негізінен Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ресей нарығына шығарылады.

Рита Хамидова, кәсіпкер:  

– Дәндерін жыл сайын жаңартады, сол себепті бұл кісілерге шағым жоқ. Сақталуы да жақсы, халықтың алуы да жақсы, жері де жақсы. Біздің Оралдың картобы сұранысқа ие.  

Қожалықтың қоймасында 3 мың тоннадай картоп сақталады. Кәсіпкер келер жылы тағы осындай көлемде көкөніс сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр. Жалпы, өңір шаруалары картоп пен майлы дақылдар алқаптарының көлемін жыл санап ұлғайтып келеді.

Беккали Бержанов, Мичурин ауылдық округінің әкімі:  

– Осы кәсіпкерлердің арқасында Жамбыл ауылының тұрғындары жұмыспен қамтылған. Екіншіден, кәсіпкерлер осы ауылдағы мектепке, басқа да жанұяларға көмектерін тигізіп тұрады.

Өңір тұрғындары жылына 60 мың тоннадай картоп өнімін тұтынады. Бұл көлем толықтай жергілікті шаруашылықтардан алынады. «Алдағы 3 жылда картоп егілетін алқаптар көлемі 5 мың гекарға дейін ұлғаяды», – дейді мамандар.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Ақмолалық диқандар 5 млн тоннадан астам астық жинады

Дереккөз: www.24.kz

8bf0691cb54066bdceb325cec2743c7d_l

Ауыл шаруашылығы министрлігі берген дерекке сүйенсек, еліміз бойынша 20 мың 369 тонна бидай майдаланған.

Сонымен қатар дәнді-дақылдардың 96,3%-ы жиналған. Орташа өнімділік гектарына 13,8 центнерден айналып отыр. Ал егіс орағын аяқтаған Ақмола облысында аймақ диқандары биыл 5 млн тоннадан астам астық жинады. Өнімділік гектарына 11,85 центнерден келді. Жалпы, егін орағына 9 мыңға жуық комбайн жұмылдырылған. Үкіметтен 70 мың тонна арзандатылған жанармай бөлінген.

Мамандардың айтуынша, биыл егіннің сапасы өте жақсы. Бидайдың 80%-дан астамы 3-санатқа жатады. Әрі биыл астық былтырғыдан әлдеқайда құрғақ. Сондықтан шаруалар оны жылдағыдай кептіріп әуре болмай, бірден қоймаға жинап алған. Ал биыл экспортқа 2 млн тонна бидай жөнелтіледі деген болжам бар. Енді жиналмаған 100 мың гектардай майлы дақылдар ғана қалып отыр. Аймақ шаруалары ағымдағы жылы 4 млн 300 мың гектар жерге дәнді-дақыл сепкен болатын.

Мұрат Балпан, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: 

– Биылғы егіннің сапасы жылдағыдан біршама жоғары. Қазір қоймаларға жиналған 1 млн 300 мың тонна бидайдың 87%-ы 3-санатқа жатады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 60% ғана болған еді.

2017 жылғы қыркүйектің 20-нан 22-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинар туралы баспасөз хабарламасы

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ,  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ, «Өскемен құсфабрикасы» АҚ, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шараларды жоспарлау бойынша соңғы өзгертулер мен толықтырулар;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау;
  • ҚОӘБ жүргізу рәсімі. Жобалық құжат құрамындағы қалдықтарды басқару бағдарламасы;
  • Экологиялық сақтандыру;
  • Экологиялық басқару және т.б.

Дәріс оқығандар:

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара АхметовнаҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_7373 img_7374 img_7375 img_7376-1

ЭКСПО-2017 нәтижелері бойынша баспасөз хабарламасы

Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz

2017 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің баспасөз орталығында ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

ҚР Энергетика министрлігі Нұр-Әлем ұлттық павильонында орналастыру үшін 28 отандық әзірлемені таңдады. Аталған жобалар келесі бағыттарды қамтиды: жаңартылатын энергия көздері (Альберт Болотов, Марат Кошумбай, Николай Буктуковтың жобалары), қалдықтарды басқару саласында (Александр Устименко, Сергей Требуховтың жобалары), энергиялық тиімділік (Амангельды Таукенов, Асқар Арынгазин, Диас Байсеитовтің жобалары) және тағы басқалары.

Сонымен қатар ЭКСПОда ұсынылған алдыңғы қатарлы шетел технологияларын еліміздің экономикасына енгізу үшін ҚР Энергетика министрлігі сарапшылар жұмыс тобын құрды. Оның құрамына ҚазМұнайГаз, ҚазТрансГаз, КЕГОК және т.б. ұлттық компаниялардың 40-тан астам сарапшылары, сондай-ақ энергетиканың әр түрлі секторынан сарапшы-талдаушылар, министрлік өкілдері және құрылымдық бөлімшелердің өкілдері кіреді.

Сарапшылар жұмыс тобы Австрия, Германия, Нидерланды, Ресей, Финляндия және тағы басқа елдерден 105 технологиядан тұратын тізім әзірледі. Ерекшеліктеріне қарай аталған технологиялар 4 бағытқа бөлінді:

– мұнай және газ – 27 технология,

– көмір және атом өнеркәсібі – 5 технология,

– электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК – 44 технология,

– экология, соның ішінде қалдықтарды басқару, су тазалау, ауа сапасын бақылау – 29 технология.

Қазіргі уақытта 105 технологиядан 42 технология 9 отандық компанияда толық зерттеленуде, 14 технологияны 2 университет және 12 жобаны 2 әкімдік қарастыруда.

Қажетті мәліметтермен технологиялардың тізімі Министрліктің сайтында орналастырылған (жобаларға сілтеме: http://energo.gov.kz/index.php?id=7), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға және 170 компанияға жолданды.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика