Дереккөз: www.24.kz
Ғимараттарды еуропалық «жасыл» стандарттар бойынша сертификаттау бұрыннан келе жатқан жүйе. Әрбір нысан иесі қандай да бір құрылысқа кіріспес бұрын экологиялық декларация толтырады. Арнайы жүйелер бойынша сертификаттаудан өтеді. Еуропада мұндай «жасыл» сертификатыңыз болмаса нарықта мойындалуыңыз екі талай. Ал біздегі жағдай қандай?
Дереккөз: www.24.kz
Адамның шығындайтын суының параметрлері тұрақты емес. Себебі ол маусымдық сұраныс пен әр түрлі тұрмыстық қажеттілікке байланысты. Бір де аз, бір де көп кететін оны қалай үнемдейміз? Бүгінде суды тиімді пайдаланудың қандай тәсілдері бар деген сауалға қазақстандық респонденттердің 20,9 пайызы ауыз су мен техникалық суды бөліп пайдалану керек дегенді алға тартады. Ал олардың 4 пайызы суға тарифті қымбаттату керек деп есептейді. Ал сіз суды қалай үнемдейсіз?
Дереккөз: www.24.kz
Робототехника байқауы World Robot Olympiad ұйымының бастамасымен 2004 жылдан бастап ұйымдастырылады. Оның Қазақстандағы ұлттық операторы Назарбаев зияткерлік мектептері. Осыған байланысты жыл сайын республиканың түкпір-түкпіріндегі жас таланттар робот құрастырудан бақтарын сынайды. Жеңіске жеткен команда ұлттық құрамаға ілініп, дүниежүзілік роботтар олимпиадасына қатысады. Биыл бұл шара Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді. Тақырып: қоқыстармен күрес. Үздік шыққан оқушылардың өнертабыстары EXPO көрмесіне қатысуы мүмкін. Толығырақ бүгінгі шығарылымда.
Дереккөз: www.24.kz
22 қыркүйек – дүниежүзілік бір күндік автокөліктен бас тарту күні. Табиғат жанашырлары халықты темір тұлпарларын велосипедтерге ауыстыруға шақырады. Ең алғаш рет бұл шара Исландияда аталып өткен. Оны британдықтар да қолдады. Ал біздің көзқарасымыз қандай? Қазақстандықтар автокөліктен бас тартуға дайын ба?
Дереккөз: www.24.kz
Жасыл технологиялар, инновациялар мен қолжетімді энергияға көшуде халықаралық «Жасыл» көпір қозғалысының маңызы зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылы көтерген бастамасын барлық мемлекет қолдап әкетті. Ондағы мақсат «жасыл» экономика саласындағы жаңашылдықтарды Еуропа мен Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің арасында дамыту. Ендеше сол халықаралық қауымдастықты не алаңдатып отыр? «Жасыл» экономикаға көшуде қандай шаралар жасау керек?
Дереккөз: www.24.kz
Озон қабатының бұзылуы биосферада ауқымды өзгерістер туғызумен қатар, қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін өте қауіпті. Оның тозуына ұшақтар, толық жанып бітпеген отын өнімдері мен ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Жалпы әлем бойынша бүгінде шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отыр екен. Оның 35 пайызы АҚШ, 40 пайызы Еуропа елдері, 10-12 пайызы Жапония, 10 пайызы Ресейдің үлесінде. Сондықтан қазіргі таңда экологтар бұл проблеманы жан-жақты зерттеп, әлем елдері маңызды келісімшарттар мен бағдарламалар қабылдауда. Ол жайлы толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.
Дереккөз: www.24.kz
Көлік иелері өздерінің темір тұлпарларын арнайы жуу орнына апарар тұста оған қанша судың жұмсалатынын ойлай бермейді. Осы орайда бағдарламаның түсірілім тобы мамандармен бірігіп, Астананың көлік жуу станцияларын аралады. Бір белгілі болғаны бұл нысандар суды қайта айдау қондырғыларын орнатулары қажет. Ол суды 60 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік бермек. Толығырақ осы шығарылымда.
Аңшылық біреулер үшін жәй ғана хобби болса, кейбір адамдар үшін табиғат аясына шығып дем алудың керемет мүмкіндігі. Ал біздіңше, бұл – тұтастай бір ғылым. Жыл сайын үкіметтен қоршаған ортаны қорғауға ауқымды қаражат бөлініп жатыр. Жеке шаруа қожалықтары өздерінің территорияларынан арнайы аумақтарды бөлуде. Аңшылық кезінде қандай талаптарды сақтау керек? Түз тағыларын адамның теріс әрекетінен қалай қорғаймыз? Бүл туралы осы бағдарламамызда.
Дерек көзі: www.24.kz
Экология дегенде ауа, су, топырақ жағдайын бірден сөз ететініміз бар. Олардың сапасына қарап, қоршаған ортаның хал-ахуалын білуге болады. Егер жағдай нашарласа, зиян табиғатқа, одан қалды адам денсаулығына тиеді. Сол себепті олардың нормадан еш ауытқымауын сала мамандары үнемі назарда ұстайды. Біз тыныстайтын ауа мен ішетін су сапасы қалай анықталады? Бұл туралы осы хабарда толығырақ айтып береміз. Пікір қалдырыңыз
Дерек көзі: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
Ауаға шығарылатын улы газдар көлемінің, суды пайдаланудың артуы, Жердегі қазба байлықтарының азаюы адамзат баласын энергияның жаңа көздерін табуға итермелейді. Солардың бірі – биогаз технологиялары. Болжамға сәйкес, 2040 жылға қарай биомасса үлесі жалпы энергия көлемінде 23,5%-ға жетеді. Биогаз өндірісі туралы осы шығарылымда баяндаймыз.