Бейне материалдар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Жасыл экономика. Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау

«Жасыл экономика» тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға қарай барлық тұрмыстық қалдықтың 40%-ы өңделуі тиіс. Ал 2050 жылы ол 50%-ға жетуі тиіс. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш – небәрі екі пайыз. Бұл саланың дамуына барлығымыз атсалысуымыз керек. Қазақстанда жыл сайын 5-6 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналады. Бұл қалдықтың жиналғаннан кейінгі қозғалысы әзірге тек 3 кезеңнен ғана тұрады: жинау, полигонға тасу, көму. Бүгінде полигондарда шамамен 100 млн тонна қалдық жиналып қалған. Еліміздегі қатты тұрмыстық қалдықтардың сұрыпталу барысы туралы бағдарламамызда айтып береміз.

Дерек көзі:  www.24.kz 

Жасыл экономика. Судың да сұрауы бар

Шортанды-Бурабай көл жүйесінен суды есепсіз тұтыну салдарынан ондағы су мөлшері азая бастаған. Экологиялық проблеманың алдын алу үшін мамандар бұл аймақта су реттеу станциясын салған. Бүгінгі шығарылымда осы станцияның жұмысы жайлы тарқатамыз.

Дерек көзі: www.24.kz 

Жасыл экономика. Халыққа электр қуатын үнемдеуді үйрететін орталық

Арнасай ауылының сәтті тәжірибесін қарағандылықтар іліп әкетті. Орталық Қазақстанның агротехникалық колледжінің негізінде «Жасыл» технологияларды тарату орталығы ашылды. Орталықтың басты мақсаты – тиімділігі дәлелденген инновациялық технологиялардың пайдасын қарапайым халыққа түсіндіру, үнемшілдікке үйрету. Толық ақпарат бүгінгі шығарылымда.

Дерек көзі:: www.24.kz 

Жасыл экономика. Суды биологиялық әдіспен тазарту

Ағын сулардың ластануы экожүйенің жалпы жағдайына үлкен  қауіп төндіріп тұр. Бүгінде өзен суларының құрамындағы ластағыштардың 42 пайызы минералды және 58 пайызы органикалық заттар. Өзен, көлдерде өздігінен тазару процесі жүреді. Бірақ бұл өте баяу үрдіс. Эколог мамандар мұнда биологиялық әдістердің қолданысын кеңінен тарату керек дейді. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.

Дерек көзі:  www.24.kz

Жасыл экономика. Энергияны үнемдеуге бағытталған механизм

Өндірістегі шығындардың көбі электр энергиясынан келеді. Осыны ескерген мамандар бүгінде энергия шығынын азайтудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Ол – ЭСКО механизмі. Бұл жүйемен жұмыс істеген кәсіпорыннан бір тиын да қаражат кетпейді дейді мамандар. Бар жұмысты сіз үшін ЭСКО компания атқарады. Өз кезегінде олар жұмсаған шығыстарын үнемді жабдықтарды қойғаннан артылған ақша есебінен қайтарады. Бұл әдісті алғашқылардың бірі болып қолданған мекеме – «Қазпочта». Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.

Дерек көзі: www.24.kz .

ОҚО-да энергетикалық құрылыс қарқыны артады

Аймақта 2022 жылға дейін мыңға жуық трансформаторды жаңарту жоспарда. Сондай-ақ 20 электрмен қамту нысаны салынып, 4 мың шақырымнан астам желі мен 844 жабдық қайта жаңғыртылмақ.  Бұл өңір халқын энергиямен тұрақты қамтып, шығынды 10 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.    Шымкенттің іргесінде жеке сектордағы 60-қа жуық үйдің тұрғындары 3 апта жарықсыз қалды.  Трансформатордың істен шығуы олардың күйін 90 жылдардағы қиын кезеңге кері шегіндірді.  Жабдықты жөндеп, жағдайды ретке келтіруге болар еді. Бірақ жергілікті халық үшін стратегиялық маңызды қосалқы станция жекенің иелігінде. Дүрия Әділбекова, Мәртөбе кентінің тұрғыны  -Свет керек па? Өзінің орнына как положено столбаларын қойып, линиясын тартып, электр энергиясындағыларды шақырып, орнатып бер деп қанша айтқанбыз. Оны олар істеп жатқан жоқ. Электр қуатын бұлайша бөлісіп пайдалану тұрғындардың қалтасына біраз салмақ.   Өмір Ноғаева, Мәртөбе кентінің тұрғыны  -Айлығым – 30 мың. Мысалы, күйеуім жұмыс істейтін болмаса, қайтіп біз береміз ол ақшаны? Білмедім. Шымкенттегі жүздеген тұрғын дәл осындай жағдайға тап болған. Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, тек облыс орталығының өзінде 500-ден астам трансформатор жеке меншікте.  Ал аймақ көлемінде тіптен көп. Сондықтан кез келген сәтте жарықтың сөніп қалуы бек мүмкін. Себебі транформаторлардың көбі ескірген.  Мәселені шешу үшін өңірде 20 электрмен қамту нысаны, ал Шымкентте үш қосалқы станция салынады. Бұл шаһардың солтүстік бөлігіне қуат көзін жеткізуге сеп.  Ал «Қызыл әскер» нысаны Мақтарал, Шардара мен Сарыағаш аудандарында қуат беруді жақсартуға ықпал етеді.   Нұралхан Шәріпов, ОҚО Энергетика және ТКШ басқармасы жетекшісінің орынбасары   -Жоспарланған қаржы көлемі 38 миллиард теңгеге жуық. Бір мың трансформатор жаңасына ауыстырылады. Олар жыл сайын ауыстырылып тұрады. Биыл 1 жарым мыңға жуығы жаңартылды. Бұл шаралар бес жылда іске аспақ. Әзірге Шымкенттің іргесіндегі жаңа үйлерде тұратын жұртшылық трансформаторды өздері сатып алуда.  Әкімдіктегілер: «Трансформатор электр қуатын тасымалдаушы компанияның қарауына алынады», – деп уәде етті. Жарық мәселесі сонда түбегейлі шешілмек. Бірақ нақты қай кезде орындалатынын дөп басып айтқан жоқ.   Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Наталья Цой, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Дерек көзі:  www.khabar.kz

Жасыл экономика. EXPO-2017 көрмесіне келетін елдердің дайындығы қалай?

EXPO шетелдік өнертапқыштар үшін жаңа инновациялық технологиялардың таныстырылым алаңы болмақ. Ол баламалы қуат көздерінен бастап, заманауи «жасыл» технологиялардың соңғы үлгілерін тамашалауға мүмкіндік береді. 3 ай бойы павильондарын жабдықтауы тиіс көрмеге тартылған мемлекеттердің бүгінде дайындығы қалай? Олар көрмеге келушілерді немен таңқалдырмақ?

Дерек көзі:  www.24.kz

Ақтөбеде жылына 200 мың тонна тұрмыстық қалдық қоқыс полигонына шығарылады

Ақтөбеде студенттер мен жоғары сынып оқушылары қоғамдық жұмыстарға тартылуда. Қазірдің өзінде 500-ге жуық жас құжатын тапсырып, еңбек етіп жүр. Маусымдық жұмысқа қабылдау әлі де жүріп жатыр. Қаланы абаттандыруға атсалысқан студенттер мен оқушыларға 59 мың теңге жалақы төленеді. Қоғамдық жұмысшылар облыс орталығы және онымен іргелес ауыл-аймақтарды күл-қоқыстан тазартып, тал-дарақтарды баптаумен айналысады. Осыдан 3 ай бұрын қаланы абаттандыру шараларын ұдайы назарда ұстайтын арнайы штаб құрылған болатын. Жастар осы орталықпен бірлесе жұмыс атқарып, тұрғындардан түскен арыз-шағымдар бойынша қоқыс жиналып қалған жерлерге барады. Қаладан күніне 400-450 тонна, жылына 200 мың тонна тұрмыстық қалдық қоқыс полигонына шығарылады. Эльмира Ранова, студент: – Көптеген жерлерді тазаладық, осы үйде жиырмасынан бері жұмыс жасап жатырмыз, жиырмасынан бері тазалап, орындықтар қойдық, тұрғындар ризашылықтарын білдіріп жатыр. Өзіме бұл жұмыс ұнады, өзім бірнеше жылдан бері істеп келемін, ұнап жатыр.

Дерек көзі:  www.24.kz

Жасыл экономика. Теңдесіз гидротехникалық нысан

Өткен ғасырда Орталық Қазақстан өңірлерінде орын алған су тапшылығы елімізде ең ірі әмбебап су шаруашылығы нысанының салынуына себепші болды. Солтүстік өзендерінің ағысын судан кенде болып отырған аймаққа бұруды көздейтін канал құрылысының жобасын академик Қаныш Сатпаев салды. Құрылысы 1962 жылы басталып, 1974 жылы аяқталды. Бүгінде ұзындығы 458 шақырымды алып жатқан Қаныш Сатпаев атындағы канал еліміздегі стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі. Бұл Ақмола, Павлодар, Қарағанды облысында тұратын халықты, өнеркәсіп пен энергетика салаларын сумен қамтамасыз етуде маңызды роль атқаратын су торабы. Мұндай гидротехникалық нысанның әлем бойынша баламасы жоқ дейді мамандар.

Источник: www.24.kz

Жасыл экономика. Ормандарды жандандыру мен экотуризмді дамыту

«Бурабай» ұлттық паркінің табиғатын сақтап қалу үшін бүгінде мамандар қандай шаралар атқарып жатыр? Мемлекет қорғауына алынған парктің жалпы аумағы 129 935 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылған аумақ 79 гектардан асады. Орманды жандандыру бойынша жылдық жоспар 90 гектарды құрағанымен, бұл көрсеткіш артық орындалады. Биылдың өзінде 104 гектар жерге ағаш отырғызылды. Туристік жолдарды абаттандыру мақсатында Бурабай мен Шортанды көлдерінің жағасында веложолдар салынуда. Оның жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Бұл ондағы демалушылар үшін өте қолайлы жол болмақ. Сондай-ақ мамандар парк аумағында құнары кеткен топырақты қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Келер жылдан бастап тамшылап суару әдісін егізу де жоспарда бар. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.

Дерек көзі:  www.24.kz 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика