Дереккөз: www.24.lz
Елорда басқа қалалардан айналасын бойлай өскен жасыл желектермен ерекшеленеді. Мұндай жасыл белдеулі орман жолақтарының Орта Азияда баламасы жоқ.
Алайда табиғи ортада өсетін тал-теректер қоршаған ортаның түрлі әсеріне ұшырайды. Сондықтан кез-келген ауа райына төзімді, топыраққа тез жерсінетін ағаштарды өсіру Республикалық орман селекциялық орталығы мамандарына артылған міндет. Мұнда қызмет ететін ғалымдар мемлекеттік тапсырысты орындайды. Жылдық жоспар 20 мың түп ағаш өсіру. Ендеше орман ағаштарын микроклондау әдісімен көбейту қалай жүзеге асатынын бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.
Дереккөз: www.24.kz
Елімізде күн энергетикасы жылдан-жылға дамуда, себебі күн – таусылмайтын қуат көзі.
Атап өтейік, осы әлеуетті байқаған ел үкіметі 4 жыл бұрын фотоэлектрлі модульдерді шығаратын зауытты іске қосты. Басты мақсат – қолдағы шикізатты пайдалану арқылы отандық өндірісті жолға қойып, шетелдік өндірушілерге деген тәуелділіктен арылу. Бүгінгі шығарылымда сіздерді осы зауыттың жұмысымен таныстырамыз.
Дереккөз: www.24.kz
2017 жылы өтетін ЕХРО көрмесіне қатысатын елдер жыл соңына дейін көрме аумағындағы павильондарын толтыра бастайды.
Қазір оған дайындық қызу жүріп жатыр. Әр мемлекет өзі таңдап алған аумағына жасыл технологияларының ең үздік дегендерін шығарады.
Бүгінгі шығарылымда көрмеге қатысатын бірнеше елдің дайындығы туралы сөз қозғаймыз.
Дереккөз: www.24.kz
Шымкенттегі хайуанаттар бағы тағы бес бірдей өте сирек кездесетін жануарлармен толықты.
Олардың барлығы тұқымы құрып бара жатқан соң Қызыл кітапқа енгізілген аңдар. Ресейдің Ярославль қаласындағы зообақтан бұранда мүйізді теке мен ешкі және Африкалық Канна антилопасының жұбы, сондай-ақ қодас әкелінді. Жануарлар біртіндеп жерсініп, көпшілікке үйренісіп келе жатыр, – дейді мамандар. Ал қодасқа ерекше күтім жасалуда. Өйткені бұл жануар негізінен Еуропаның ылғалды, салқындау аумағында өмір сүреді. Негізі Шымкенттегі хайуанаттар бағында 1980 жылдары Канна антилопасы мен Еуропа қодасы болған. Ал бұранда мүйізді тауешкісі өте сирек кездеседі. Олардың алғашқы жұбы былтыр Новосібірдегі зообақтан әкелінген.Тау ешкісі биыл төлдеді.
Латипша Алиев, «Шымкент зообағы» МҚК басшысының орынбасары:
– Каннаның табиғи жаратылысы біздің ауа райына келеді. Ал бұранда мүйізді тау ешкісін болашақта біздің таулы аумаққа жібереміз. Зубрға біз жағдай жасауымыз керек. Әсіресе 2-3 ай жазда су бүркіп. көк шөп пен дұрыс жем береміз. Бәрі жақсы үйренеді, жақсы болады.
Дереккөз: www.24.kz
Суды үнемдей отырып, бақшадан жоғары өнім алу мүмкін бе?
Түркістан қаласының маңындағы Ораңғай ауылының шаруалары алдарына осындай мақсат қойып отыр. Бұл жердің жазы өте ыстық. Су ресурстарының тапшылыға да соңғы жылдары фермерлерді жиі мазалап жүр. Сондықтан тамшылап суарудың жаңа технологияларына көшу олар үшін таптырмас шешім болған. Толығырақ бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.
Дереккөі: www.24.kz
Оралда өткен Akzhaiyk Invest форумында құрылыс индустриясы мен машина жасау салаларына қатысты тың жобалар таныстырылды.
Өңір кәсіпкерлері инновациялық жобаларды қолдау мақсатында бюджеттік емес қор құрған. Сонымен қатар «Алгоритм» деп аталатын технопарк базасында өңірлік кеңес құру жоспарланып отыр. Инвестиция тарту бойынша Smart City жобасына басымдық берілді. Бұл қала инфрақұрылымын дамытуға сеп болмақ. Форум қорытындысы бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Арман Қашқынбеков, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы бас директорының орынбасары:
– Ең алдымен бұл тарифті индекстеу, ұлттық жоспарды дамыту бойынша Қазақстанда электр энергиясының тапшылығын жоюға сеп болады. Біз шетелдіктерге анық түсіндіре аламыз. Күн және жел станцияларын салу жөніндегі ұсынысты нақтылап береміз.
Жұматай Сәлімов, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ төрағасының орынбасары:
– Облыстың кәсіпкерлері инновациялық жобалардың маңызды екенін түсініп отыр.Соған байланысты осындай қор құру арқылы жобаларды жүзеге асырмақ. Міне, біздің келісім осы қызметті жандандыруға бағытталған.
Дереккөз: www.24.kz
Құрылыс қалдықтары қауіптіліктің 4-санатына жатады. Бүгінде үлкен қалалардағы инфрақұрылымдық нысандар саны көбейген сайын олардың көлемі де артып келеді.
Сондықтан құрылыспен айналысатын әрбір компания басшылығы құрылыс қалдықтарын тиімді іске асыру жайлы ойлауы тиіс. Оны кәдеге жаратудың өз қиыншылығы бар. Дегенмен бұл саладағы мамандар тартынып қалмақ емес. Қазіргі таңда біздің елде де қалдықтарды өңдейтін 3 зауыт бар. Олардың қуаттылығы қандай? Құрылыс алаңынан шыққан қалдықтар қалай жиналып, қайда өңделеді?
Дереккөз: www.24.kz
Cіз адам әрекеті арқылы жарық пен музыка шығаратын әткеншекті көрдіңіз бе? Ол жайлы сізге бүгінгі шығарылымда айтамыз.
Астанада өткен «Адам қуаты» тақырыбына арналған «Astana Art Fest» фестивалі келушілерді отандық және шетелдік суретшілердің, дизайнерлердің, сәулетшілердің заманауи өнер туындыларымен тәнті етті. Жел, күн энергиясына бағытталған бұл жоба «жасыл» экономиканы негізге алған. Сіз онда биіктігі 2 метр, салмағы 130 кг жететін мүсіндерді де кездестіресіз. Мұндай композициялар EXPO-ға келетін әрбір мемлекетті таныстырады. Ұйымдастырушылар оларды 2017 жылы елімізде өтетін халықаралық көрмеге қоймақ.
Дереккөз: www.24.kz
Париж келісімі әлемдік қауымдастықты ауқымды проблема төңірегіне біріктірген маңызды құжат болып отыр. Қазақстанның бұл бағыттағы позициясы айқын. 2030 жылға дейін парниктік газдар көлемін 15 пайызға төмендетіп, 2050 жылға дейін төмен көміртекті саланы дамытуға көшті. Аталған құжат аясында қандай келісімдер жүзеге асырылмақ?
Ол нысанның құрылысын жүргізуге Қытай инвесторлары ниет танытып отыр. Қазір шетелдік компаниямен қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Зауыт Өскемен қаласы үшін қажет. Өйткені шаһарда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, оны жою мәселесі өткір тұр. Себебі өңірдегі полигонның қолданысқа берілгеніне жарты ғасырдан астам уақыт өткен. Ал ол жерде келешекте қоқыс төгетін орын қалмауы мүмкін. Ол аздай, қала іші мен шеткері аудандарда заңсыз күл-қоқыс төгетін адамдар да көбейіп барады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салуға осыдан 4 жыл бұрын отандық компания ниет білідірген болатын. Алайда компания басшыларының жауапсыздығынан арадағы келісім бұзылған. Медет Нұрғалиев, облыстық табиғи ресурстарды пайдалану басқармасы басшысының орынбасары: – Алдындағы біздің санауымыз бойынша бұл зауыт арзан емес. Ең арзан дегенде 10 миллиард теңгеден астам қаржы керек болады. Оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлу-реттеу болу керек.
Дерек көзі: www.24.kz