Бейне материалдар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Елбасы ресми сапармен Сербияға барады .

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл іссапармен Сербияға барады. Бүгін бұл туралы Қазақстанның Венгрия, Сербия және Македониядағы елшісі Нұрбах Рүстемов мәлімдеді. Бұдан бөлек, осы елдің Премьер-министрі Александр Вучич Астанаға келеді деп күтілуде. Мұның бәрі екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ерекше серпіліс береді, – дейді дипломат. Айту кеткен жөн, Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық байланыс 1996 жылы орнаған. Арадағы барыс-келіс пен алыс-берістің көлемі былтыр 56 млн АҚШ доллары шамасында болды. Нұрбах Рүстемов, ҚР Венгрия, Сербия және Македониядағы Төтенше және Өкілетті елшісі: – Екі ел арасында өзара сенімді қарым-қатынас орнады. Сауда-экономикалық байланысты айтатын болсақ, біз баж салығынсыз сауда-саттықпен айналысып келеміз. Елбасының Сербияға сапары қарсаңында үкіметаралық комиссияның отырысын өткізу көзделіп отыр. Онда біз іскерлік кеңесті бекітеміз.

Источник: www.24.kz 

Павлодарда электр желісі қалпына келтірілді

Бүгін таңертең Павлодарда электр желісі қалпына келтірілді. Естеріңізге сала кетейік, кеше қатты соққан жел 1200 шаршы метр шатыр жабындысын ұшырып, электр желілерін үзген болатын. Салдарынан 40 мыңдай үй жарықсыз қалды. Дүлей дауыл 3 бірдей станцияның жұмысын тоқтатып, қаланың шығыс және орталық бөлігін электр қуатынан толықтай ажыратып тастады. Келтірілген шығын көлемі есептелуде.

Дерек көзі:  www.24.kz 

Алматылық оқушылар қаланы селден қорғауға арналған құрылғы ойлап тапты

№ 117 мектептің шәкірттері тың жобаларын жүзеге асыруға 3 жыл уақыттарын сарп еткен. Соңғы уақытта жауын-шашын шамадан тыс көп болып тұр. Табиғаттың бұл мінезі оқушыларды да толғандыруда.  Олар «Қар суы, жауын-шашын мен пайдаланылған суды тазалаудың жергілікті жүйесі» жобасын жасап шықты. Жылу өткізетін талшық енгізілген екі тік түтік тау беткейлеріндегі қарға орналастырылып, күн энергиясы арқылы жылытылады.  Дильнура Аюпова, 117 мектептің оқушысы -Екі түтіктің арасындағы кеңістікке қар түсісімен ол ери бастайды да арнайы құбырлар арқылы жасанды су қоймасына құяды. Бұл сумен жазда бассейндерді толтыруға, егінді суғаруға болады. Жиналған су көміртек пирамидасы арқылы тазартылған.  Оқушылардың жобасына сәйкес, автокөліктерді жуған суды үш түрлі сүзгінінің көмегімен майдан тазартуға болады. Манат Смақова, жобаның жетекшісі, химия-биология пәнінің мұғалімі -Балалар мұның барлығын ұсақ бөлшектерден құрастырды. Жобаны жасауға үш жыл уақыт кетті. Әр құрылғының бөлшектері мұқият зерттеліп, ғылыми негізде жасалды. Нөсер жауыннан көпір астында жиналған судан көліктер өшіп қалмас үшін шығармашылық топ арық жүйесін қайта жасауды ұсынады. «Өзендердің табиғи арнасын сақтай отырып, үйлердің шатырынан бастап жерасты жолдарына дейін су өткізетін құбырлар қою керек», – дейді талапты жастар. Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Галина Муленкова, Валентин Лобанов

Дерек көзі: www.khabar.kz

Алматыда алдағы үш күнде тағы да жауын жауып, су тасуы мүмкін

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды. Бұған дейін толассыз жауған жауын-шашын жергілікті жұртты әбден әбіргерге салған болатын. Жаңбыр суы арық арналарынан асып, метро бекеттері мен жерасты жолдарына жиналып қалды. Қазір коммуналдық қызметтер тұрмыстық қалдықтар мен топыраққа толған арықтарды тазалауға кірісті. Сонымен қатар су басқан көшелерді тазалау жұмыстары да тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауын-шашыннан әсіресе Алатау ауданы едәуір зардап шекккен еді. Қазір сонда орналасқан жеке тұрғын үй секторларында селдің салдары жойыла бастады. Бағдат Мәнізоров, Алатау ауданының әкімі: – Алатау ауданында 156500 метр арықтар бар. Бүгінгі күні ең негізгі көшелердегі 25600 ге жуық арықтарды толық тазаладық. Қазіргі күні төтенше жағдайлар болса қай жерде қауіп бар екені біз білеміз. Мынау АЗТМ де бар, Шаңырақта бар онда да жұмыс жасап жатырмыз. Мамандардың болжамы бойынша алдағы күндері еліміздің оңтүстік аймақтарында нөсер құйып, бұршақ аралас жауын жауады. Соған байланысты төтенше жағдайлар қызметі бұл күндері таулы мекендер мен өзен-көлдерге бармауға кеңес береді. Сандуғаш Бекмұхаметова, қалалық ТЖД ресми өкілі: – Алматы қаласы және Алматы облысының тұрғындары мен келген қонақтарға таулы жерлерге, тау жаққа шықпауға кеңес береміз. Демалыс күндері барлығы су арнасы, өзен жағасына баруға тырысады. Сондықтан сондай жерлерден алшақ болсын деп кеңес береміз.

Дерек көзі :  www.24.kz 

Жасыл экономика. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы

Үстіміздегі жылы еліміздің «Жасыл экономика туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қол қойылды. Онда 12 заңнама актісіне қатысты өзгертулер орын алған. Жаңа заң аясында экономиканың бірнеше саласының қоршаған ортаны сақтап қалу тұрғысынан әрі қара қалай жұмыс істеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі шығарылымда біз осы құжаттың әр тармағына жекелей тоқталамыз.

Дерек көзі : www.24.kz

Мемлекет басшысы Астананың «жасыл аймағының» даму барысымен танысты

Жыл сайын жаз айларында Елбасы елорда маңындағы «жасыл белдеуді» аралайды. Биыл да бұл дағдысынан жаңылған жоқ. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев көкке бойлаған көк желекті өз көзімен көріп, оны күтіп-баптап жүрген мамандармен кездесті.   Айта кетейік, Астана аумағын және қала сыртын «көкпен» көмкеруге Президент 1997 жылы пәрмен берген болатын. Содан бергі аралықта бас қаланың айналасында жалпы аумағы 73 мың гектардан астам екпе орман пайда болды.  Бұл – Бурабай ұлттық паркінің көлемімен тең аумақ. Ендігі мақсат – Астананың жасыл аймағын Ақмола облысы Ақкөл ауданының орманына қосу.   Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  -60-тан артық ағаштың сорттары өседі. Оның ішінде алма да бар, жидек те бар, жеміс те бар,  барлығы да бар. Даладан тыңды игерген кезде, трактордың шуынан қашып кеткен жәндіктердің барлығы қайтып келді. Түлкі де бар, қоян да бар, елік те бар, қырғауыл да бар. Барлық құстар да бар. Өздеріңіз көріп отырсыздар. Сондықтан бұл, біріншіден, Астананың, ауаның тазалығы. Екіншіден, шаң жібермейтін, үшіншіден – желді ұстайтын қорған.

Источник:  www.khabar.kz

 

Жасыл экономика. Кен орындарын игерудің экологиялық әдісі

Жұмыс процесін экологиялық таза, өндіріс орнын зиянсыз, тұрмысты қалдықсыз етуге болады. Сөзімізге дәлел Мойынқұмда орналасқан уран өндіретін кәсіпорынның осы бағыттағы бүгінгі қарқыны. Өндіріс ошағы жер қойнауының қазба байлықтарын экологиялық қауіпсіз жолмен алады. Жаңа технологияларды ұтымды пайдалануды көздеген мамандар уран кеніштеріндегі энерготиімділік мәселесін шешуді де қолға алған. Осылайша үнемделген қаражат есебінен онда күн паркін салу жоспарда бар. Сондай-ақ энерготиімділік мәселесін қадағалау үшін 2017 жылы сандық кеніш жүйесі де іске қосылады. Жалпы бұл салада отандық компаниялар ұсынған жаңашылдық қандай?

Источник: www.24.kz

«Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуы Үкіметтің бақылауында

«Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаржы дұрыс игерілмей жатыр. Мәселен биыл бюджеттен бұл бағытта 840 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінге дейін бұл соманың тек 12 пайызы ғана кәдеге жаратылған. Осы орайда үкіметтің селекторлық отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов Ұлттық қордың игерілмеген қаржыларын даму қарқыны зор аймақтарға қайта бөлу керектігін айтып, бұл істі Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа жүзеге асыруды тапсырды. Еске салсақ, өткен айда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинеті мен облыс әкімдерін жинап кеңейтілген отырыс өткізген. Мемлекет басшысы онда бюджеттен бөлінген қаржының тиімді игерілмей жатқанын сөз етіп, «Нұрлы жол» бойынша жұмсалған әрбір теңге сұралатынын жеткізген еді.     Кәрім МӘСІМОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:   Биылғы жылға қаражат бөлінді. Тек оны игеру мәселесі кейбір аймақтарда бәсең болып тұр. Экономика министрі осы жағдайды зепрттеп, тиімді аймақтарға қаржыны бөлуді қайта қарауы керек. Бір апта ішінде маған ұсыныс беріліп, дамуы зор өңірлер нақтылануы қажет. Келесі отырыста қайда және қанша бөлінетіні туралы шешім қабылдаймыз.

Дерек көзі: www.kazakh-tv.kz

Жасыл экономика. Экологиялық тәрбиенің маңызы

12 мамыр – Экологиялық білім күні. Бұл датаның басты мақсаты – экономиканың барлық саласында экологиялық білім маңыздылығын насихаттау. Алғаш рет 1972 жылы Стокгольмде өткен БҰҰ конференциясында қоршаған орта проблемалары күн тәртібіне шығарылды. 20 жылдан кейін оқу орындарына экология негіздерін енгізу мәселесі қозғалды.

Жасыл экономика. Органикалық өнімдер

Бүгінде отандық супермаркеттерде эко, био немесе табиғи деп таңбаланған органикалық өнімдердің түр-түрі бар. Алайда таза органика олардың 0,1 пайызына ғана тиесілі екен. Сондықтан бұл бағытты дамыту жолында түрлі жобалар атқарылуда.  Еліміз импорттық көкөніс нарығына тәуелді болғанымен жылыжай мен бақшаларды пайдалану арқылы ішкі сұранысты өтей алады дейді мамандар. Осы орайда мемлекет сырттан әкелінетін тауарлар үлесін азайту үшін шағын жылыжайларды салуға қаржы бөлетін бағдарлама құрған. Қазіргі таңда бұл салада өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкер әйелдер де баршылық. Бірі жидек жапырағынан қош иісті шайлар жасап, кептірілген көк шөптерден тағамдық қоспалар әзірлесе, енді бірі «жасыл» технологиямен жабдықталған жылыжай иесі. Органикалық өнімдердің насихатын көбейту үшін қоғамдық ұйымдар мен ауыл әкімдіктері де бірігіп, жұмыссыз қыз-келіншектерге табыс табуға жаңа мүмкіндік бермек. Ақмола облысының 2 ауылында әйелдер өз бақшаларында таза органикалық өнім өсіріп, оны саудаға шығара алады. Табиғи ортада өскен көкөністер бірден Астана дүкендеріне қойылмақ. Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика