Бұл өнімдерді пайдалану тек қана зиян деу қате дейді мамандар. Себебі бактериялар мен өсімдіктерге оларды енгізу арқылы сыртқы әсерге төзімді өсімдік түрін алуға болады. Медицина мен өнеркәсіпке қажетті ақуыздар да дәл осы организмдерден алынады. Бүгінде еліміздегі қарқын қандай? Осы бағытта түрлі зерттеулер жүргізіп отырған Ұлттық биотехнология орталығының жұмысы нәтиже берді ме? Олар жасанды қоректік ортада мақатаны қалай өсірді? Отандық ғалымдардың ойлап тапқан кәріз суларын тазартатын препараттың мүмкіндіктері қандай?
Кәсібіңізді «жасыл» экономика негізінде жүргізсеңіз, табысыңыз еселене түсері анық. Мұны түсінген кәсіпкер әйелдер бүгінде Жасыл технологиялар академиясында білімдерін шыңдауда. Жалпы ауылдағы экономикалық ахуалды жақсартуда бұл нәзік жандылардың қосып жатқан үлесі аз емес. Олар мойындарына тек үй шаруасын ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген қамқорлықты да алды. Ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі үшін өте маңызды «жасыл» технологияларды өз істерінде пайдалануда. «Жасыл» экономика әйелдерге қандай пайда әкеледі? Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.
Электромобиль қарапайым көліктерден бұрын шыққанын білесіз бе? Бүгінгі шығарылымды біз осы көліктердің өндірісіне арнаймыз. Жаһандық жылынудың тұсында экологиялық таза технологиялар жай тренд қана емес, қоғам қажеттілігін дәлелдеген көмекшілерге айналды. Осы орайда автомобиль өндірушілері жаңа технологиялар үшін миллиондарын аяп қалмады. Бүгінде әлемде кең қолданысқа еніп жатқан электромобильдер сөзімізге дәлел болса керек. Қазақстанға мұндай көліктердің келгеніне көп бола қойған жоқ. Саны 4 млн асатын жеңіл көліктердің тек 200 шақтысы электромобиль. Десек те елімізде бұл сала да барынша іргерілеуге тырысуда. Жаңа дүниеге аса сақтықпен қарайтын халық көлікті тестілеуден өткізіп жатыр. Мамандардың айтуынша алғашқы құн қымбат болғанымен, қолданыста арзанға шығады. Ендеше отандық электромобильдің қандай мүмкіндіктері бар? Бұзылған жағдайда оларды жөндейтін орталықтар бар ма? Қалай қуатталады, қанша шақырым жол жүруге мүмкіндігі бар? Электромобиль иелері үшін қандай да бір жеңілдіктер бар ма? Халықтың бұл көлікке деген қызығушылығын бағдарламаның түсірілім тобы қала көшелеріне шығып сұрастырып көрді. Кім не дейді?
EXPO-2017 жаһандық серіктестік пен жаңа мүмкіндіктердің тоғысатын алаңы. Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін көтеруде халық өнері аса маңызды орын алады. Ал ол экологиялық таза өнім болса тіпті жақсы. Осы орайда негізін қазақ әйелдері құрайтын EXPO & Women халықаралық ұйымының орны ерекше. Мұндағы басты мақсат бизнесте жүрген әйел қауымын көрме жобаларына тарту. Жергілікті қолөнершілер көрмеге қандай бұйымдар ұсынады? Олар қаншалықты экологиялық таза шикізаттан жасалады? Толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.
Астана 2 күнге EXPO-2017 көрмесінің қатысушылар ордасына айналды. 100-ден астам мемлекет өкілі бас қосқан жиында EXPO-2017 көрмесінің маңызды мәселелері талқыланды. Жобаның түрлі салалары бойынша таныстырылымдары өтіп, мемлекеттердің көрмеге қатысу шарты талқыланды. Баламалы қуат көздерін жаңғырту – болашақтың маңызды міндеті. Осы орайда энергетика саласындағы соңғы инновациялар қойылады деп жоспарланған бұл көрмеге өзге мемлекеттер қандай озық технологияларын ұсынбақ? Күн, су, жел секілді табиғи ресурстарды ауқымды түрде игеру басты мақсат еткен олардың «жасыл» энергетикадағы жетістіктері жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.
Бүгінде еліміздің ауыл шаруашылығы саласында агрохимикаттар мөлшері көп қолданылады. Әсіресе олардың қатарынан пестицидті жиі кездестіреміз. Өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға арналған ол адам ағзасы мен қоршаған ортаға ластанған су, топырақ, азық-түлік арқылы кесірін тизгізеді. Сондықтан елімізде органикалық заң күшіне енген соң тірі бактериялардан жасалатын екі есе тиімді препараттарды қолдану бағытында жұмыстар атқарылуда. Бұл бактериялар Ұлттық биотехнология орталығының мамандарымен жасалған. Бағдарлама барысында өсімдіктерді қорғаудың тиімді тәсілі мен экологиялық таза биоәдісті қолданатын астаналық жылыжайға толығырақ тоқталамыз.
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Кездесу барысында В.Школьник Мемлекет басшысына мұнай-газ секторындағы және электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал мен министрліктің басқа да бағыттағы жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ көмірсутек шикізаты бағасының төмендігіне байланысты туындаған дағдарысты еңсеру жөнінде министрлік пен Үкімет қабылдап жатқан шаралар да қарастырылды. Мемлекет басшысы энергетика саласындағы барлық перспективалы жобаларды, соның ішінде Қашаған кенішін іске қосу, Теңіз кенішін кеңейту, Қарашығанақ кенішін кеңейтудің екінші кезеңі сияқты жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. Энергетика министрі мұнай өндірісін 77 млн тоннаға дейін төмендету жөнінде биылғы жылға қарастырылып отырған көлемді кейін Қашаған кенішін іске қосу есебінен толтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. «Мұнай бағасының төмендігі барлық компанияларды өз бюджетін қысқарту мақсатымен қайта қарауға, өнімнің өзіндік құнын азайтумен айналысуға мәжбүрледі. Әлемнің барлық еліндегі сияқты үнемдеу режімі енгізілді, бірақ елдің мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды босатуға жол берілген жоқ», – деді В.Школьник. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Қазақстанның полигонында жиналған қоқыс қалдықтары 100 млн тоннадан асып барады. Оның 37 пайызы тамақ қалдықтары болса, өңделуі мүмкін қағаз бен картон 40, пластмасса 15, ал шыны қалдықтары 6 пайыз. Алайда бұларды полигонға жеткізбей-ақ қайта сұрыптау арқылы шикізаттың жаңа көздерін табуға болады. Елімізде бұл бағытта ашылып жатқан бастамалар да жоқ емес. Бүгінгі шығарылымды біз қағаз өнімін қайта өңдеу ісіне арнамақпыз.
EXPO-2017 нысандарын көгалдандыру мақсатында Астана қаласы әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бірлескен жоба әзірледі. Осы бағыттағы жұмыс қалай жүзеге асып жатыр?
Дүкендерде тегін берілетін полиэтилен пакеттерінің қоршаған ортаға тигізер әсері зор.
Оларды өртеу салдары экологияға өлшеусіз залал келтіреді. Өнімнің ыдырау уақыты 500 жыл, кейде 1000 жылға дейін созылады екен. Ал қайта өңдеу энергия көзін көп шығындайды. Экологтардың ұсынған мәліметіне сай полиэтилен пакеттері күл-қоқыстардың 7-9 пайызын құрайды. Сондықтан бұл өнімнен бас тарту қажет. Елімізде осыған қатысты жүргізілген сауалнамада халық не дейді? Бүгінде әлем полиэтилен пакеттерінің баламасы ретінде матадан тігілген пакеттерді алмастыруда. Қазақстанда да мұндай өнімдер қолданысқа енуде. Бағдарламаның түсірілім тобы экопакеттер шығаратын цехқа барды. Компания 2014 жылы ашылған. Күніне 300-дей пакет өндіретін цех 100 пайыз отандық өнімді қолданады. Ол нарық сұранысын қаншалықты қанағаттандырып отыр?
Дерексөз: 24.kz