Бейне материалдар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ақтөбеде бекіре тұқымдас балықтың әрбіріне «төлқұжат берілді»

Дереккөз: 24.kz

АҚТӨБЕ БЕКІРЕ ТҰҚЫМДАС БАЛЫҚ ҚҰЖАТ СОНДАЙ-АҚ… Ақтөбедегі автобустардан көптеген олқылық табылды Ақтөбеде полицейлер білім ордалары маңында кезекшілікке шықты Ақтөбелік тұрғын АӘК-ті екі жерден алып отырған Ақтөбелік студенттердің білімді шетте шыңдау мүмкіндігі бар Ақтөбеде жылу құны арзандайды Ақтөбеде бекіре тұқымдас балықтың әрбіріне «төлқұжат берілді» 14:09, 08.10.2019 84 UPD: 15:55, 08.10.2019 Ақтөбеде бекіре тұқымдас балықтар есепке алынып, әрбіреуіне құжат бекітілуде. Өңірде балықтың бұл түрін өсірумен шұғылданып отырған жалғыз шаруа қожалығы бар. Бұл нарыққа заңсыз жолмен жеткен уылдырықты анықтау үшін жасалған шара.

Балықтардың салмағы мен ұзындығын өлшеп, генетикалық ерекшелігін анықтауға сынама алынады. Содан кейін бекіренің әрбіреуіне төлқұжат даярланады. Бұл болашақта саудаға шығарылатын уылдырықтың заңды түрде әрі дені сау аналықтан алынғандығын дәлелдеу үшін жасалған шара. Мамандар электрондық чип орнатып ғана қоймай, әрбір жануардың жай-күйін да бақылауы тиіс.

Зәмира Болатбекова, балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының кіші ғылыми қызметкері:

– Бұл құнды балықтардың шыққан тегін анықтау үшін, уылдырықтың нарыққа заңды жолмен жетуіне жағдай жасау үшін керек. Сондай-ақ браконьерлермен күрестің бір әдісі. Және еліміздегі әрбір балық шаруашылығының өзен-көлдерді шабақтандыруға қосқан үлесін бақылай аламыз.

Құрылғанын 15 жылға таяп қалған шаруашылықта уылдырық көлемі өндірістік деңгейге жете қоймаған. Тек келер жылы ғана сібір бекіресінен берекелі өнім алуды көздеп отыр. Сондықтан генетикалық құжатты осы бастан  даярлайды.

Момынжан Қали, шаруа қожалығының өкілі:

– Біз бекіре балығын 100 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Оның ішінде сібір және орыс бекіресі, сүйрік, ақсерке, ескектұмсық және будан балық тұқымдары бар. Ал,  уылдырық көлемі алдағы 5-10 жыл ішінде ғана 1 тоннаға жақындауы тиіс.

Бұл жолы 300 бекіреге жеке құжат даярланып, электрондық анықтама беріледі. Генетикалық құжат бекіту болашақта еліміздегі барлық шаруа қожалықтарына міндеттелуі мүмкін. Сонда ғана ауын асынып, өзен-көлдерден балық торуылдайтын қылмыскерлердің саудаға шығарар жолы тарылатын болады.

Көкшетауда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу полигоны салынады

Бірақ өкілетті орган өкілдері оның қашан пайдалануға берілетінін дөп басып айта алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Қамбар Бекенов, тілші: -Қазіргі таңда қала тұрғындары тастаған қоқыс облыс орталығындағы жалғыз алаңда залалсыздандырылады. Дегенмен, оның да қауқары шектеулі. Табиғат қорғаушылардың айтуынша таяу уақытта жаңа полигонның құрылысы басталмаса, экологиялық мәселе туындауы мүмкін. Мына шағын тұрмыстық қатты қалдық жою алаңы Көкшетауға өте жақын орналасқан. Ескі полигон екі жыл бұрын жұмысын тоқтатқандықтан, бар салмақ осыған түседі. Мұнда күнделікті 150 тонна қоқыс төгіледі екен. Анатолий Черняев, кәсіпорын директорының орынбасары: – Тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау үшін таразы, кеңселік вагондар қойылып, сұрыптау желісі жұмыс істейді. Полигонда техника да жеткілікті. Соның бірі – жүк тиегіштер тәулік бойы тоқтамайды. Жеке кәсіпорын биыл сұрыптау желісін іске қосты. Қондырғы тәулігіне 2 тоннадай қоқысты өңдеуден өткізеді. Дегенмен, Анатолий Черняев қалаға типтік жобадағы кешен керектігін айтады. Жаңа полигон қоқысты көп көлемде қабылдап, тұрғындарды жағымсыз иістен құтқарады. Анатолий Черняев, кәсіпорын директорының орынбасары: – Әрине, біз әзірге қазір түсіп жатқан қоқыс көлемін қабылдап отырмыз. Тұрғындар өте жақын орналасқаны қынжылтады. Біз қолайсыздық тудырып отырғанымызды жақсы түсінеміз. Қоршаған ортаны ластауды барынша азайтуға тырысудамыз. Бірақ әзірге басқа таңдау болмай тұр. Экологтардың айтуынша, полигонның жобалық қуаттылығы келесі жылға дейін ғана есептелген. Сондықтан қалаға жаңа қоқыс алаңы өте қажет. «Мамандандырылған қалдық өңдеу нысаны салынбаса, табиғатқа тигізер залалы ауыр болмақ», – дейді мамандар. Болат Биғараев, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары: – Біз бұл мәселені бірнеше мәрте көтердік. Облыс орталығы мен маңайындағы ауылдардың қоқысын тастайтын ірі полигон салынбаса санитарлық қауіпсіздік, экологиялық мәселелер ашық күйінде қалады. Тіпті қала қоқысқа көміліп қалуы да ғажап емес. Қазіргі таңда жаңа полигон салу жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Бірақ құрылыстың нақты уақыты белгісіз қалып отыр. Авторлары: Қамбар Бекенов, Азамат Казжанов, Евгений Шинкаренко

Дереккөз: 24.kz

Атырау облысының Қиғаш өзенінде жер бетіндегі сирек лотос гүлі өседі

Дереккөз: 24.kz

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТҰМСА ТАБИҒАТ ХАБАР 24 СОНДАЙ-АҚ… Әлемдік мұнай бағасының қымбаттауына не себеп Түркияда болашақ спорт жұлдыздары мен чемпиондар бастауыш сыныптан анықталады Британияда спорт қаншалықты қолжетімді Елордада Еуразия форумы басталды 2021 жылы 5 мың елді мекен интернетпен қамтылады Атырау облысының Қиғаш өзенінде жер бетіндегі сирек лотос гүлі өседі 19:21, 15.09.2019 107 UPD: 20:27, 15.09.2019 Атырау облысындағы Қиғаш өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы нағыз туристік орталыққа айналдыруға болатын ғажайып мекен. Теңіз атырабындағы ондаған өзен сағасында сан алуан өсімдіктер өсіп, түрлі балық пен аң-құс мекен етеді. Жазғы маусымда мұнда құстар балапан басып, жылы жаққа кері ұшып кетеді. Бұл аңшылар мен балықшылардың қанжығасы майланатын сәт. Бір ғана Қиғаш өзенінің  сағаларындағы әсем табиғат көріністері мен су жәндіктері, аң мен құсын есепке алса «шағын қызыл кітап» деуге болады. Мұнда жер бетінде сирек кездесетін лотос гүлдерімен су жаңғақтары да бар. Бүкіл жер шарын айналып келетін жыл құстары да жазда осында тұрақтайды.   Сансызбай Тоғаев, «Ақжайық» табиғи қорығының инспекторы: – Біздің жақта неше түрлі құстар бар. Соның ішінде қызыл кітапқа енген 36 түрі бар. мысалы бірқазан, қарабай, үйректің шүрегей деген түрі бар, кіп-кіштентай болады. Сондай көптен-көп құстар бар қызыл кітапқа енген. Сулы да, нулы да бұл өлкені маусым кезінде құс төресі – аққулар да  мекен етеді. Қолайлы ортада тез қанаттанып үлгерген ақүрпек балапандарын өргізіп су бетіне шыққанда аспандағы ақ бұлттар айдын көлге қонғандай әсер аласыз. Осындай ғажайып табиғи орта бұл аймаққа туристердің көптеп келуіне бірден-бір септігін тигізіп отыр.  Махамбет Көптілеуов, «Қиғаш» экологиялық туризм базасының басшысы: – Адамдардың соңғы кездері экологиялық туримзге баса мән беруі мені қатты қуантады.  Бүкіл отбасы, бала-шағаларымен келіп демалып, мына қайталанбас табиғи көріністерге куә болып жатады.  Отандастарымыздың арасында ішкі туризм енді дамып келе жатқанымен тылсым табиғат аясындағы саяхаттан ләззат алатын шетелдіктер бұл ғажайып мекенді көптен біледі. ТМД мен Еуропа елдерінен келетін туристерді айтпағанның өзінде Америка, Африкадан арнайы келетін қонақтарда бар екен. Ал алыстан ат арылтып келетін меймандар үшін аймақтағы 5 туристік орталық өкілдері талапқа сай сервистік қызмет көрсетеді. Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында тұрғындар қыс қамын ойлауға асықпай отыр Шамалғандағы апатқа байланысты жедел штаб жұмысын бастады »

Ашаршылық кезінде азық болған құмаршық дақылы ұмыт бола бастады

Дереккөз:24.kz

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы құмдауыт жерлерде молырақ болатын құмаршық өсімдігі жайлы естіп пе едіңіз?

Өткен ғасырлардағы жұт, аштық, соғыс кездерінде жергілікті халықты осы өсімдік аман-сақтап қалған. Жергілікті тұрғындар құмаршықтың дәнінен нан пісіріп, талғажау еткен. Кейінгі молшылық заманда бұл үрдіс ұмытыла бастады. Қазір құмаршықтан азық-түлік өндіру технологиясын көнекөз қариялар мен әжелер ғана біледі.    

Құмаршық шөлейтті аймақтарда өнетін, дәнінің құрамында өте құнарлы дәрумендері бар өсімдік. Бүгіндері мал жейтін шөпке айналған өсімдіктің қадірін білетін жандар аз қалды. Кезінде құмаршықтың арқасында мыңдаған отбасы аштықтың азабынан құтылған болатын. Кезінде құмаршық дәнегінен ұн, талқан, ботқа пісіріп, күнбағыс майы секілді май да өндірілген. 

Раушан Жайықова, Құрманғазы ауылының тұрғыны:

– Менің әкем біздің бала кезімізде үйге құмаршықты алып келетін. 1920-30 жылдары бұл өсімдік қырда тұратын бүкіл қарапайым халықты асырады. Бидай ұны болған жоқ, осы құмаршық құтқарды бізді. 

Құмаршықтан пісірілген нан тары талқанынан әзірленген нан секілді өте дәмді болып келеді. Тойымды әрі құнарлы, көпке дейін қарын аштырмайды. Орталықтан өте алыс, шалғай ауылда тұратын Мәрия Ғұмарова да құмаршықтың қадірін жақсы білетін жандардың бірі.   

Мәрия Ғұмарова, Қошалақ ауылының тұрғыны:

– Мен балаларыма құмаршық туралы жиі айтып отырамын. Әр істің өз құпиясы бар. Оларға құмаршықтан қалай ұн тарту керектігі, талқан жасау, одан соң қалай нан пісіру керектігін үйретемін.

Жергілікті тұрғындар осылайша ұмыт бола бастаған дәстүрдің жоғалып кетпеуіне күш салуда. Өңірге келетін шетелдік туристер қымыз, саумал, шұбат секілді табиғи таза, таңсық асқа өте құмар. Мұның қатарына құмаршықтан істелетін нан мен тарыны қосқан соң мүлде жаңа мазмұнға ие болды дейді ауыл тұрғындары. Оған қоса Құрманғазы ауылындағы өзен-көлдерде туристерді қызықтыратын аң мен құс, түрлі табиғи өсіміктер жетіп артылады. Бұл ерекшеліктер аймақтағы экологиялық және этнологиялық туризмнің дамуына да ықпал етіп отыр.  

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

#Birge #TazaQazaqstan: Мәжілісмендер 7 тоннаға жуық қоқыс жинады

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаттары бүгін Нұр-Сұлтан қаласының маңында өткен #Birge #TazaQazaqstan экочелленджіне қатысты, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Мәжілістегі барлық саяси партиялардың парламенттік фракциялары «Nur Otan», «Ақ жол», «ҚКХП», Қазақстан халқы Ассамблеясы, сондай-ақ Мәжіліс аппараттарының қызметкерлері мен еріктілер Қосшы ауылының жанындағы Нұра өзенінің жағасын қоқыстардан тазартты.

Пластикалық және шыны бөтелкелер, құрылыс және бірнеше жылдан бері жиналған тұрмыстық қалдықтар әртүрлі контейнерлерде жиналып, әрі қарай өңдеу мен жоюға шығарылды.

«Мәжіліс депутаттары Birge Taza Qazaqstan акциясын қолдайды. Мұндай акциялардың қажет екені сөзсіз. Осы орайда, табиғатты сақтаудың ең бастысы оны ластамау. Біз алдағы сессияда қоршаған ортаны ластағаны үшін жазаны қатайту бойынша жұмыс істейтін боламыз. Әсіресе, қазір Үкіметпен бірге біз жаңа Экологиялық кодексті әзірлеу үстіндеміз. Бұл мәселелердің бәрі сол жерде ескеріледі деп ойлаймын, – деді Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский.

Экологиялық акцияға барлығы 1500 адам қатысып, 7 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.

Қызылорда аумағында «Жасыл белдеу» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Дереккөз: 24.kz

Қызылорда қаласында аумағы 30 гектар болатын «Денсаулық және демалыс» саябағы салынып жатыр.

Ал қала аумағында «Жасыл белдеу» жобасы жүзеге асырылуда. Климаты қатаң әрі шөлейтті болып келетін аймақта жасыл желектің ауқымын арттыру үшін тағы қандай шаралар қолға алынбақ? Тақырыпты Нұрлан Жақыпбеков тарқатады.

Қаланы көгалдандыруға үлес қосып жүрген белсенді азаматтардың бірі Болат Нұрқожаев. Ол күнделікті күйбеңнен қолы қалт етсе, саябақтардың сәнін келтіруді ойлайды. Су келмей тұрған арықтарды тазалап, ауырып тұрған ағашқа нәр беруге қаланың әрбір азаматы үлес қосуы тиіс деп санайды ол. 

Болат Нұрқожаев, қала тұрғыны:

– Арықты тазалау, су жіберу, суды жүргізу, алдына жүрмей жатқан жерін трубалардың астынан тесіп, бітеліп қалады, соларды тазалып жіберіп, суды жүргізіп жіберуге жауапты адамдар болса болды. Мұнда басқа ешқандай проблема жоқ.

Қызылорда қаласында жасыл желекпен көмкерілген саялы орындар жоқ емес. Дегенмен тағы 10 мың шаршы метрден астам жер көгалдандырылады. Ол үшін 11 шақырым аяқ су каналы тартылады.  Оның маңайына 12 спорт алаңы, веложол секілді демалыс аймақтары қарастырылған. Айтулы жобаның құны 1 млрд теңгеден асып жығылады. Ал осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған «Жасыл белдеу» жобасы аясында бүгінде 24 гектар шөлейтті жерде 14 мың түп ағаш өсіп тұр.

Байкенже Әметов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

– Қазір біз мынау «Батыс Еуропа-Батыс Қытайдың» Аралға кетіп бара жатқан жолын зерттеп жатырмыз. Кезінде көпдеген жерлер, жекеге беріліп кеткен. Жекеге алғандар бізге бергісі жоқ қайтадан үкіметке. Бұл енді қазір қалалық жер қатынастары бөлімі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Себебі жолдың бойына әдемі қылып ағаш егуіміз керек. 

Бұл жоба биыл да жалғасын тауып, тағы 534 гектар жерді игеру үшін зерделеу жұмыстары басталған.   

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамед Байділдаев

Қазақстанның сирек кездесетін аңдары фотоқақпанға түсіп қалды

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет елімізде сирек кездесетін аңдардың суреті мен видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Буаз ұрғашы қар барысы! Алматы облысында Қазақстанның аңшылар мен балықшылар қоғамының «Табиғат» аңшылық шаруашылығының аумағында фотоқақпанға ұрғашы қар барысы түсіп қалды. Буаз сияқты», – деп жазды Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында.

Оның атап өтуінше, видео 2019 жылдың жаз айында түсірілген. «Табиғат» аңшылық шаруашылығының аумағында 70-тен астам фотоқақпан бар. Фотоқақпандардың объективіне құлан мен қабан үйірі, бірнеше құзғын мен қорқау қасқыр түсіп қалған.

Елорданың жасыл белдеуі 30 мың гектарға дейін ұлғаяды

Дереккөз: 24.kz

Қазіргі көрсеткіш 15 мың гектар шамасында. Бас қаланың жасыл желегін жайқалту ісі 2021 жылы жаңаша серпін алмақ. Қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр. 

Бұдан 20 жыл бұрын елорданың іргесіне егілген тал-шыбық қазір зәулім ағашқа айналды. Жалпы аумағы 15 мың гектар жасыл белдеу келешекте екі есе ұлғаюы тиіс. Қазір орман арасы жас шыбықтармен толығып жатыр. Биылдың өзінде 511 мың түп тал отырғызылды. Қайың-қарағайы жайқалып тұрған орманда шырша, емен, үйеңкі сынды ағаштардың 36 түрі өседі. Арасында қарақат, шие тәрізді жеміс-жидектер де бар.

Ардақ Хасенов, «Астана орманы» мекемесінің бас агрономы:

– Шілде-маусым айларында біз орманды зиянкестерден қорғасақ, қазір дала өртінен қорғау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл бойынша бізде Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуі бойынша 6 пост орналастырылған. Онда 40 адам және 6 су таситын машиналар тәулік бойы жұмыс атқарады.

Енді ғана еңсе тіктеп келе жатқан тал-теректерге ерекше күтім қажет. Биыл жауын-шашын мөлшері аз болғандықтан, жұмысшылар тынымсыз тер төгуге мәжбүр. Есесіне бұл бас қалаға жақын ауыл тұрғындары үшін екі қолға бір күрек. Таңның атысы, күннің батысы 900-дей еңбеккер ағаштарды суарып, орман алқабын көркейтуге үлес қосады.

Дәметай Сүлейменова, жұмысшы:

– Мен Оразақ ауылының тұрғынымын. Осы Астана орманында бірнеше жылдан бері жұмыс істеймін. Уақытында келіп кетеміз. Айлық жақсы, ай сайын беріп тұрады. Осы талдарды егіп, елка, клен ағаштарын егіп, жақсы өсіп тұрса, өте қуанамыз.

Елордадағы жасыл белдеу аумағы 30 мың гектарға жетсе, 1 миллионнан астам тұрғыны бар бас қала үшін экологиялық ахуал да жақсарады. Сонда ғана әрбір тұрғынға 250 шаршы метр орман алқабы тиесілі болып, халықаралық талаптарға толық сәйкес келмек. Қазірдің өзінде, Арқаның аңызағы азайғаны анық байқалады. Бұл осы бағыттағы жұмыстардың игі нәтижесі. 

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Арман Ақшабаев

БҚО-да 4 мың жарым гектар суармалы алқап қалпына келтірілген

Дереккөз:24.kz

Батыс Қазақстан облысында суландыру жүйесін жаңғыртып, суармалы алқаптардың аумағын арттыруда соңғы жылдары ауқымды жұмыс атқарылды.

Киров-Шежін каналын аршудың арқасында биыл Жайықтың суы Қараөзенге жеткізілсе, тағы бес нысанды қалпына келтіру нәтижесінде көлтабандар көлемі 29 мың гектарға көбейген, су барған соң 300 мың гектар жайылым игерілген. Таяу жылдары Жайық өзенінің сол жағалауына су шығару көзделген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жайық өзені арқылы жылына 10 млрд текше метр су ағып өтеді. Өңір шаруалары соның оннан бірін де пайдаланбайды. 600 млн текше метр тіршілік нәрін ұстап қалуға жоспар болғанымен, оны орындаудың өзі оңай емес. Себебі Жайықтан шығар арналар әбден тайыздап, бітеліп қалған.

Махамбет Ықсанғали , облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары:

– Көшім су каналына дейінгі 45 шақырым жерді тазалау мәселесі. Онда бұрыннан батып кеткен су нысандары, баржалар, соларды алып тастау мәселесі тұр. Бұл жұмыс қазіргі таңда жүргізіліп жатыр. Осы арқылы біздер Киров су қоймасына секундына 30-35 куб судың келуін қамтамасыз ету керек.

«Киров су қоймасы мен одан төрт тарапқа тарайтын суландыру жүйесінің тіршілік нәріне толуы осы жұмыстарға тікелей байланысты», – дейді мамандар. Сонда ғана суландыру жүйесін қалпына келмек. Соңғы жылдары атқарылған істердің арқасында өңірде 29 мың гектар көлтабанға су шыққан, 4 мың жарым гектар суармалы алқап қалпына келтірілген. Мәселен, Казталов ауданына қарасты Қайшақұдық ауылының маңында биыл мың жарым гектарға жүгері мен жоңышқа егіліпті. 

Рүстем Зұлқашев, Қазталов ауданы әкімінің орынбасары:

– 11 км канал Фурманов каналы тазартылды, 30 шақты қақпа жөнделді. Сол «Дөңгелек» су қоймасынан мамыр айында су берілді. Енді екінші кезеңі бар осы жобаның. Осы шаралар жақсы істеп кетіп жатса, тағы да 2400 гектардай суармалы жүйелер қалпына келтіру жоспары бар.

 Су келгесін шалғай аудандарға инвесторлардың да қызығушылығы артқан. Осы Талдыапан округінде күні бүгін 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып жатыр.

Андрей Попов, учаске бастығы:

– Күзге қарай құрылыс аяқталады. Жақын ауылдардағы қожалықтар мен тұрғындардан малды сатып алуды бастаймыз. Бұл бордақылау алаңның төбесі ашық болады, жан-жағына желден қорғайтын қоршаулар орнатамыз. Жұмыс жүріп кетсе кешенді кеңейту, 10-20 мың басқа жеткізу ойда бар.

Келешекте Жайықтың сол жағындағы аудандарды да суландыру жоспарланған. Қазір жоба-сметалық құжаттар сараптамадан өтіп жатыр.

Махамбет Ықсанғали, облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары:

– Ақжайықтан су алып Шалқар көлі арқылы Солянка су қоймасына дейін су жеткізу. Екінші кезеңі одан Азынабай-Тайпақ каналына жеткізу, одан кейін каналын жөндеген кезде Жайық өзенінің сол жағынан 300 мың гектар жерге су шығаруға мүмкіндік пайда болады. Бұрын су жайылған жерлер, қазір үлкен каналда су болмағандықтан осы жерлер пайдаланылмай тұр.

Су – тіршілік көзі. Суландыру жүйесін жаңғырту – ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына, осы арқылы әлеуметтің әлеуеті артуына ықпал етпек.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов

Министрлер мен әкімдер су қоймасын қоқыстан тазалады

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоянды су қоймасын қоқыстан тазартуды мақсат еткен «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Акцияға 1200 адам қатысып, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қоянды су қоймасын тазалады. Жалпы көпшілікпен бірге қоқыс жинауға Үкімет мүшелері, елорда мен Ақмола облысының әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпус, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, студенттер мен волонтерлер атсалысты.

#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына атсалысқан Премьер-Министр Қоянды су қоймасының жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарына қолғабыс жасады. Үкімет басшысы барлық облыс басшыларын министр Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасын жалғастыруға шақырды.

«Мен бұл акция бүкіл Қазақстан бойынша жалғасатынына сенімдімін. Бұл жобаны Қазақстан аймақтарында дамытуға шақырамын. Акция жалпыхалықтық сипат алып, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына жол ашады деп сенемін», – деді Асқар Мамин.

Еске сала кетейік, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа бастама көтеріп, елорда маңындағы демалыс орындарын бірге тазалауға шақырған болатын. 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика