Дереккөз: www.energo.gov.kz
Павлодар облысы бойынша Аймақтық коммуникациялар қызметі негізінде ағымдағы жылдың 5 сәуірінде «Екібастұз Станциясы ГРЭС-2» АҚ-да «Табиғатты қорғау қызметінің жоспарында және кәсіпорынның экологиялық саясаты туралы» тақырыбында «Станция ЭГРЭС-2» АҚ басқарма төрағасы Николай Леонидович Тушинского, «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарының басқармасы» ММ басшысының орынбасары Айгерим Жанбиртаевна Кабылтаеваның, экологиялық реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Гульнар Сеильбековна Сагитованың сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен пресс-конференциясы өтті.
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – қуаттылығы 1000 МВт болатын, екі 500 МВт қуатты қондырғылардан тұратын, жылу электр станциясы. Бірінші энергоблок 1990 жылы желтоқсанда, ал екінші энергоблок – 1993 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді
2017 жылға шараларды орындау сомасы 292 098 000 теңгеге жоспарланды, 2017 жылдың нәтижесі бойынша сомасы 341 984 000 теңгеге қаражат игерілді.
2017 жыл бойынша ауа бассейнді қорғауға 88 124 000 теңге шығынды құрады.
Кәсіпорындардың санитарлық қорғаныш аймақтарын көгалдандыруы. 2017 жылға 2 000 шақты жасыл екпелер отырғызылды. Бұл шараны орындауда 9 036 000 теңге шығындарды құрды. Кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймақтар аймағында барлығы 17 000 көшеттер отырғызылды.
Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғауға 76 310 000 теңге жұмсалды.
Жер ресурстарын қорғауға жұмсалған шығындылар соммасы 161 838 000 теңгені құрады.
2017 жылы қалдықтар айналысына қатысты жалпы шығындылар соммасы 1 947 000 теңгені құрды.
Сондай-ақ, «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ-на электрофильтрлардың құрғақ күлді іріктеу жүйесі енгізілді. Күл жинау қондырғыларын қайта құру барысында, өткізгіш газдардан күлдерді тұту дәрежесі айтарлықтай көтерілді, сонымен қатар күл шығындарын 3 – 4 есеге дейін төмендетілді. Электрофильтрлерді орнатқанға дейін, тозаңдану – 2274 мг/нм3 құраса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш – 393 мг/нм3 көрсеткішке дейін төмендеген. Тиісінше, жылына, атмосфералық ауағы көмір күлінің шығындары 8 тоннаға дейін төмендеген (өткен жылы бұл көрсеткіш 28 тоннаны көрсеткен.
Өндірістік экологиялық бақылау. Кәсіпорындарда ИСО 14001:2015 халықаралық стандартқа сәйкес сертификатталған экологиялық менеджмент жүйесі жұмыс істейді.
Сондай-ақ, 2009 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау бөлімінің зертханасы аккредиттелді, ол беткі, жер асты және ағынды сулардың, газ шығаратын автокөлік құралдардың, энергетикалық қазандықтардың түтінді газдардың өндірістік мониторингын жүргізуді қамтамасыз етеді.Топырақ және атмосфера ауаныңөндірістік мониторингы бөгде аккредиттелген зертхананы шақырту арқылы жүргізіледі.
Қалдықтарды орналастыру көлемі – 1 440 457 тоннаны, лимит кезінде – 2 023 188 тоннаны құрды.
Пайдаланылған су ресуртардың көлемі – 2 773 377 м3, бекіліген лимит кезінде – 5 591 483 м3 құрды.
2018 жылға шаралар соммасы 154,6 млн. теңгеге жоспарланды.
Нәтижелерді қорытындылай келе, станция басшысы қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту үшін айтарлықтай күш-жігер жұмсағанын, жоспарда көзделген барлық табиғатты қорғау шараларының орындалуын және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтап отырғандығын атап өтті.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші Индустриялық революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты тапсырмасы бойынша, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту мемлекеттің дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осылайша, әрі қарай даму «баламалы», «таза» энергетика, «жасыл» технологияларға инвестиция салу, сондай-ақ шағын және орта бизнесті кеңінен тарту арқылы қатты қалдықтарды қайта өңдеу және қайта өңдеу салаларында прогреске қол жеткізуге бағытталған.
Бұл шаралар заңнаманы, оның ішінде Экологиялық кодексті жаңартуды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында оның негізгі бағыттарын іске асырудың Ұлттық жоспары әзірленді. Негізгі ережелерінің бірі 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне жаңа Экологиялық кодексті енгізу болып табылады.
Экологиялық заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары қоршаған ортаға әсерді бағалаудың ағымдағы жүйесін қайта қарау, стратегиялық экологиялық бағалау сияқты прогрессивті механизмдерді енгізу болып табылады, бұл халық денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін экономикалық даму нұсқаларын таңдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ «ластаушы төлейді» принципін ескере отырып, қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу шығындары үшін қоршаған ортаны ластағыштар зардап шеккенін және табиғат пайдаланушыны ластау көздерін жаңғырту мен жөндеуге жұмсалған шығындардың салдарын жоюға, сондай-ақ шығарындылар стандарттарын белгілеуге және оны бақылауға арналған тәсілдерді қайта қарауға міндеттейтінің айтады, шығарындыларды азайту үшін табиғат пайдаланушыны ынталандыру.
Бұл бағытта алғашқы қадам 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиялық жоспарын қабылдау болып табылады, ол қоршаған ортаны ластауды ең жақсы қолжетімді технологияларды қолдану негізінде ластаушы төлейтін қағидатты енгізу негізінде кешенді экологиялық рұқсаттарды беру арқылы алдын алуды көздейді.
Қоршаған ортаны бұзушылар үшін қоршаған ортаны бұзу және шығарындылар бойынша төлемдер үшін айыппұлдарды өндіріп алудың қазіргі жүйесі ерекше мақсатқа ие емес және экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған емес. Табиғат пайдаланушысына қоршаған ортаға инвестиция салу, ластауыш заттардың шығарындыларын азайту, экологиялық шараларды инвестициялау үшін экономикалық жағынан тиімді болатын осындай шарттардағы заңнамалық деңгейде жазалау мен айыппұлдардан арылуға және төтенше жағдайларда мемлекеттік мәжбүрлеу механизмін пайдалануға мүмкіндік береді.
Осыған орай, ұлттық экологиялық заңнаманы халықаралық экологиялық келісімдерге сәйкес үйлестіру Қазақстанның ұлттық экологиялық заңнаманы ЭЫДҰ талаптарына сәйкес келтіру және әлемнің 30 дамыған елдеріне қосылу туралы міндеттемесін растайды.
2017 жылы Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, ҚР Кәсіпкерлік кодексі, бұл үшін Экологиялық кодексті түбегейлі қайта қарау қажет.
Осы жұмысты жүзеге асыру үшін ЭЫДҰ өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қауымдастықтары және табиғат пайдаланушылар кіретін экологиялық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды.
Экологиялық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыс жоспары және жаңа Экологиялық кодекс жобасын әзірлеу үшін жол картасы бекітілді.
2018 жылғы 15 наурызында Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың төрағалығымен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Қазіргі уақытта заң жобасының тұжырымдамасы әзірленуде.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
Еліміздегі көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім үшін республикалық бюджеттен 60 млрд теңге бөлінді.
Қаржыны бөлу кезінде аймақтың ерекшеліктері де есепке алынды. Мәселен, егін шаруашылығымен айналысатын Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына қаражаттың 60 пайызы берілді. Қалған 40 пайызы басқа аймақтарға үлестірілді. Бұл жөнінде 2018 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыруға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі отырысында айтылды. Баспасөз жиынында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» Холдингі өкілдері қаражаттың бөліну тәртібі мен ережелері туралы диқандарға егжей-тегжейлі түсіндірді. Биыл қаржыландыру қаңтар айында, яғни өткен жылмен салыстырғанда бір айға ерте басталды. Нәтижесінде шаруалар тұқым, гербицид, қосалқы бөлшектерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ 21,8 млн гектар алқапқа дән сіңіріледі. Ал 14,7 млн гектар жерге дәнді дақылдар егіледі. Оның ішінде 11,4 млн гектарға бидай себіледі. Қазіргі уақытта оңтүстік аймақ көктемгі далалық жұмыстарын бастады.
Акпар Тазалиұлы Мəуленов, ҚР АШМ егіншілік департаменті директорының орынбасары:
– Биылдан бастап майлы дақылдар, жем-шөпті жəне жабық топырақта өндірілетін көкөністі субцидиялау алынып тасталды. Бұл жерде қант қызылшасы, күріш, мақта қалады. Мұның өзінде субсидия гектарға берілмейді. Қайта өңдеу кəсіпорнына берілген тоннаға беріледі.
Дереккөз: www.24.kz
Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» шағын несиеге шамамен 27 млрд теңге бөледі.
Былтыр қор бұл мақсатқа 19 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған болатын. Енді Елбасының шағын несиені арттыруға бағытталған бастамасынан кейін бөлінетін қаржының көлемі ұлғайды. Жылдық үстемақысы 6 пайыз болатын жеңілдетілген несие өз ісін енді бастаймын деп отырған кәсіпкерлерге де беріледі. Несиенің шекті мөлшері биыл 19 млн теңгеден асады. Осындай қолдаудың арқасында былтыр 2 мың 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылған болатын.
Жандар Омаров, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы:
– Жеңілдетілген несиелер 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейін. Жылдық пайызы 6 пайызбен берілетін болады. Несенің мөлшері 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылдың 16 наурызында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған және Алматы қаласының жас тұрғындарының қоршаған ортаны сақтау, қорғау мәселелеріне көңілін бөлу, балалардың экологиялық мәдениетін арттыру, әлеуметтік және экологиялық жауапты азаматтарды тәрбиелеу мақсатында өткізілетін конкурстың көрмесі өтті.
Конкурс балалар үйлері мен арнайы мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерінің 1-4 сынып оқушылары арасында жүргізілді.
Конкурстық көрмені Алматы қаласы бойынша Экология депаратментінің басшысының орынбасары Құрманбеков Данияр Карбозұлы қатысушылар мен келген қонақтарға алғыс сөзін айтуымен ашты.
Комиссия мүшесі Мамандандырылған «Жанұя» кешені КММ тәрбиелеу жұмысы бойынша орынбасары Шапиева Жазира Шакеновна алғыс сөзін айтып, қатысушыларға ілтипатын білдірді. Қоршаған ортаны сақтау, қорғау мәселелеріне көңілін бөлу жайлы айтып өтті.
Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша әр жас аралығында жеңімпаздарды марапаттау (I, II, III орындар) жүргізілді. Конкурстық орындардан бөлек оқушылар «Менің өлкем» және «Табиғатты аялайық» номинациялары бойынша марапатталады. ГРАН ПРИ орын иегері болып Мамандандырылған «Жанұя» кешені КММ тәрбиеленушісі Нұрғожаева Дильназ марапатталды.
ГРАН ПРИ иегерінің жұмысы 16 аймақ бойынша Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде өтетін конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Ағымдағы жылдың 28 наурызда Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Мұнай және газ жөніндегі комиссияның отырысында келесі мәселелер қарастырылды:
1. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарымен отандық нарықта ЖЖМ үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету бойынша жұмысты пысықтау;
2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұлттық оператордан сатып алынатын тауарлық газды сату үшін құқық қолдану практикасында анықталған құқықтық кемшіліктерді жою туралы есепті тыңдау;
3. Қарағанды бассейнінен көмір қабаттарынан метанды өндіруді дамыту;
4. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодекске сәйкес жаңа механизмдер және ережелер туралы.
Отырысқа Қоғамдық кеңестің мүшелері, Министрліктің, «ҚазТрансГаз» АҚ және Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағының өкілдері қатысты.
Бірінші мәселе бойынша Комиссия жетекшісі Б.Ауетаевпен ішкі нарықтың қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ететін нақты уақыт туралы мәселені көтерді, сондай-ақ ресурстарды ұстаушылардан мұнай өнімдерін сататын көптеген делдалдық құрылымдарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау ұсынылды.
Екінші мәселе бойынша Комиссия мүшесі В.М. Борисовпен газ және газбен жабдықтау саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Министрліктің «ҚазТраснГаз» АҚ тығыз өзара байланыс механизмін пысықтау мәселесі көтерілді.
Үшінші мәселе бойынша «ҚазТраснГаз» АҚ өкілдерімен көмір қабаттарынан метан өндіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы егжей-тегжейлі баяндалды және осы жобаны одан әрі зерттеу үшін қаржыландыру жолдарын іздеу мәселесін көтерілді.
Осы мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне ұсыныстар берілді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Горводоканал» ӨБ» МБК,
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Қызылту Су Арнасы» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Костанай облысы бойынша экология департаменті», «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, «АБК-Автодор НС» ЖШС Зырян филиалы, ҚПО Б.В..
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының м.а.;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Турысбекова Эльмира Жумахановна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы наурыздың 28-нен 30-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Горводоканал» ӨБ» МБК,
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Қызылту Су Арнасы» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Костанай облысы бойынша экология департаменті», «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, «АБК-Автодор НС» ЖШС Зырян филиалы, ҚПО Б.В..
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының м.а.;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Турысбекова Эльмира Жумахановна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz