Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ертіс өңірінде күзгі дала жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін

Дереккөз: www.24.kz

b2f37a60c54a747d5df58ad96a39b3f9_l

Ертіс өңіріндегі диқандар үшін биыл күзгі дала жұмыстары жылдағыдан ерте аяқталуы мүмкін.

Бұған ауа райы ғана емес, қолданыстағы заманауи техниканың да пайдасы тиді. Айталық, Павлодар облысы Ертіс ауданының шаруаларына ауыл шаруашылығы кооперативінің комбайндары көмекке келіпті.

Павлодардың диқандары үшін биылғы жыл жайлы болды. Күзгі дала жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін. Ертіс ауданының шаруаларына жаңа комбайндар бригадасы қолқабыс етіп жатыр. Осының арқасында өнімділік артып, шығын көлемі азайған.

Жеңіс Қанапиянов, кооператив басшысы:

– Бір комбайн күніне 50 гектарды өңдеп шығады. Бұл – өте жақсы жетістік. Біз күніне 250 гектар жердің егінін орамыз. Биыл 12 центнерден кем өнім алмаймыз деген жоспарымыз бар.

Қазір науқанның нағыз қызған шағы. Ауа райының әрбір қолайлы сәтін тиімді пайдаланбаса, жаз бойғы еңбек зая кетеді. Шаруа қожалығының жетекшісі Арман Қабиев жұмыс қарқынына дән риза. Биыл ауыл шаруашылығы кооперативінің көмегі көп тиді. Жаңа техника өз құнын ақтайтынын айтады. Ол бұрындары төрт жүз гектар алқапқа астық салатын. Жылда осы уақытта егіннің тек үштен бірін орып бітетін.

Арман Қабиев, шаруа қожалығының жетекшісі:

– Тозығы жеткен техникамен астық ору қиынға түсетін. Мәселен, бұрын 26 күн жинайтын алқапты мен қазір жаңа техниканың көмегімен бір күнде жинап шығамын. Шыны керек ескі техникадан әбден шаршадық.

Биыл бір гектардан 10 центнер бидай алынып жатыр. Шаруалар астықты ысырапсыз жинау басты жеңіс деп санайды. Бүгінгі күні аймақта сапасы жоғары 670 мың тонна астық бастырылған.

Байболат Рақымжанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

– Осы жылы өткен жылмен салыстырғанда қарқын жаман емес, орып алу науқаны аяқталуға жақын. Бір жұманың ішінде толық аяқталады деген жоспарымыз бар. Өнімділігі де жаман емес, орташа есеппен 10 центнерден асып отыр. Осы күнге дейін 630 мың гектар алынды.

Қазан айының басында майлы дақылдарға орақ түседі. Орташа есеппен гектарынан 6 центнер өнім келеді деген жоспар бар. Жалпы көлемі 100 мың тонна майлы дақыл алу межесі тұр.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Маңғыстау облысындағы «Қошқар ата» қалдық қоймасы қалпына келтіріледі

Дереккөз: www.24.kz

1513bd5bbfbc0cc7e454087b42374d3e_l

Маңғыстау облысындағы «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіруге ел қазынасынан 17,5 млрд теңге бөлінеді. Келер жылдан бастап жұмсалатын қаражат төрт жылда игерілмек.

Алдымен жол салынады. Мұнан соң қоймаға кәріздік тазарту құрылғысынан шығатын суды жеткізу үшін арықтар қазылады. Сондай-ақ полигонның ең қауіпті бөлігіне құм төселеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары Мұнайлы ауданына арнайы барып, қажетті сынамалар алған. Нәтижесінде техногендік қалдықтар көмілген қойманы қалпына келтіруді ұйғарды. Басқұдық ауылындағы экологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында полигонның оңтүстік бөлігіне сексеуіл көшеттері егіліп жатыр. Жалпы аумағы 8 гектардан асатын жасыл желек улы көлден ұшып келетін шаң-тозаңға тосқауыл болмақ.

Серік Сағынбаев, өңірлік табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

– Экспериментальды түрде 8,2 гектар жерге сексеуіл тұқымдарын егу жоспарланған. Себебі ол жер – сор жер. Елді мекенге әсерін азайту үшін сол жұмыстар басталған болатын. Бүгінгі таңда сол қорғаныш жақсы көтеріліп, сексеуіл өсіп бастады. Соған байланысты осы жылы 30 га жерде жұмыс жалғасын тапты. Облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, ұзындығы 3 км, ені жобамен 80-100 метрлік жасыл қорғаныш аймағы жасалып басталды.

«Жасыл құрылыс бойынша стандарт» семинары

Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz

Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірлесе отырып, бүгін 2017 жылы 21 қыркүйекте Астана қаласында жасыл құрылыс бойынша стандарт семинары өткізіледі.

Семинардың негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғау стандарттары бойынша құрылыс мәселелерін талқылау, Австрияның жасыл құрылыс саласындағы халықаралық тәжірибесімен танысу, Қазақстан Республикасындағы жаңартылған энергия көздерін пайдалану арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған техникалық шешімдердің озық тәжірибелерін талқылау болып табылады.

Осы отырыста 90 нан астам орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП, аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері, халықаралық қаржы институттары және халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастық, бизнес және басқалары қатысады.

Қауіпті қалдықтарды басқару саласындағы «Жасыл экономика» концепциясын жүзеге асырудағы мәселелер

Дереккөз:  www.energo.gov.kz

Шілде айының 3-і мен 6-сы аралығында Астана қаласында ЕХРО-2017 аясына «GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM» – қалдықтарды қайта өңдеу және жаңғырамалы энергия бойынша екінші Еуразиялық бизнес-форум өтті. Форумға 11 елден 270 адам қатысты – мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ассоциациялардың, ҒӨБ мен кәсіпорындардың өкілдері.

Форумды ұымдастырған Энергетика министрлігі және «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы. Қауымдастықтың мүшелерінің бірі – «Шаруа» ЖШС-і (Қостанай қ.), форумда «Қазақстанда қауіпті қалдықтарды басқару мүмкіндіктері мен келешегі, «Шаруа» ЖШС-нің үлгісінде» тақырыбымен ,баяндама жасады.

Баяндамада Қазақстан Республикасын қалдықтарды басқару саласында «Жасыл экономикаға» көшіру бойынша концепцияны жүзеге асыру тақырыбы қозғалды. Кәсіпорын Концепцияны орындау мақсатында қауіпті қалдықтарды айналдыру бойынша өз қызметін жетілдіруде.

«Шаруа» ЖШС-і 1998 жылы құрылған, 2005 жылдан бастап қауіпті,уытты қалдықтарды өз полигонында орналастырады. 2005 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықта полигонда 3092 т қауіпті қалдық орналастырылды. 2013 жылы «Шаруа» ЖШС-і «Парыз» конкурсының «Экологияға қосқан үлесі» номинациясын жеңіп алды.

2018 жылы кәсіпорынға 2 жаңа технологиялық желі енгізіледі. Бірінші желі – қауіпті химиялық өнімдердің(пестицидтердің, техникалық сұйықтықтардың, қышқылдардың, сілтілердің және т.б.) пластик қаптама (канистрлерді) қалдықтарын қайта өңдеу мен майсыздандыру кешені. Қалай болғанда да, қауіпті өнімдердің ағызылып алынбай қалған қалдықтары қалып қоятындықтан, канистрлерді майсыздандыру қажет. Екінші желі – бұл қауіпті қалдықтарды термиялық жою кешені, соның ішінде инсинератор базасында сұйық қалдықтарды да.   

Концепция ережелерін басшылыққа ала отырып, Қазақстанға жедел түрде қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін жасау қажет. Осы мақсаттар үшін барлық жерлерде ауқымды және шығыны көп жұмыстар басталуда, ал оны негізінен орта және шағын бизнес орындайды. Алайда, бизнес мемлекет қолдаусыз ол жұмысты тындыра алмайды.

Қазіргі таңда жоспарларды жүзеге асыруды «тежеп» отырған мәселелер қалып отыр, және олардың шешімін таппай, алға қарай жылжу мүмкін емес. Ең көкейкесті мәселелер ҚР заңнамаларының жетілмегендігіне байланысты болып отыр.

Қалдықтарды басқару саласында заңнамаға жедел өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады, атап айтқанда:

– Экологиялық кодекске қауіпті химиялық өнімдердің пластик қаптамаларын айналдыру мәселелері, және оны қауіпті қалдықтар санатына көшіру мәселелері бойынша. Қазір ондай қаптамалар қауіпсіздер ретінде қабылданады, себебі қолданыстағы заңнамада ол нақты қауіпті қалдықтарға жататындығы жазылмаған;

– Қалдықтар классификаторына классификацияны жақсарту бойынша қалдықтардың қауіпті қаситеттерін анықтау категориялары бойынша қауіпті және қауіпсіз қалдықтарды нақты белгілеу қажет;

– Экологиялық кодекске және заңға қарасты актілерге қалдықтарды қазіргідей қалдық түрі бойынша емес, оларың индексі (қауіптілік деңгейі) бойынша орналастыруға рұқсат алу мәселесі бойынша.

Сонымен қатар, қалдықтардың жеке категорияларының айналымы бойынша арнайы стандарттар жасау қажет.

Қазіргі таңда «Шаруа» ЖШС-і – бұл қауіпті қалдықтар айналымы мәселелерін шешумен жұмыс жасап жатқан, өз өңіріндегі жалғыз кәсіпорын.

Алға тартылған мәселелер мен олар бойынша ұсыныстар Қалдықтарды басқару саласындағы концепцияны жүзеге асыру үрдісінде назарға алынады деген үміттеміз.

2017 жылғы қыркүйектің 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына өткізілген семинар туралы баспасөз хабарламасы

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС,  «Валары-КЗ» ЖШС, «FLAGMAN_ EXPERT» ЖШС,  «Интеллект плюс» ЖШС, «OPTIMUM» жобалау институты» ЖШС, «ҚБТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС, «Қазақ мұнай және газ ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ, «BNG Ltd» ЖШС, «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру тәртібі;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау;
  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын қалыптастыру;
  • Мемлекеттік аналитикалық бақылау;
  • Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу және т.б.

Дәріс оқығандар:

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_7356 img_7353 img_7339 img_7329

 

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қыркүйектің 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Ақтау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану»» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС,  «Валары-КЗ» ЖШС, «FLAGMAN_ EXPERT» ЖШС,  «Интеллект плюс» ЖШС, «OPTIMUM» жобалау институты» ЖШС, «ҚБТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС, «Қазақ мұнай және газ ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ, «BNG Ltd» ЖШС, «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру тәртібі;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау;
  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын қалыптастыру;
  • Мемлекеттік аналитикалық бақылау;
  • Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу және т.б.

Дәріс оқығандар:

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

 

Баспасөз

2017 жылғы 10-15 қыркүйекте Будва қаласында (Черногорие) Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясының (Орхус конвенциясы) Тараптары Кеңесінің алтыншы сессиясы, сондай-ақ Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы Хаттама (бұдан әрі–ЛШТТ) Тараптарының үшінші сессиясы өтті.

Осы шаралар, Орхус конвенциясына қол қойған Тараптарға Орхус конвенциясын насихаттаудағы жетістіктер мен міндеттерді талқылау үшін, платформа болып табылады. Тараптар Орхус конвенциясы мен ЛШТТ туралы Хаттаманың мақсаттарын глобалды насихаттауды талқылады және жұмыс бағдарламаларын қоса алғандағы, болашақта оларды іске асыруды басшылыққа алу үшін бірнеше шешімдер қабылдады.

Қазақстан тарапынан ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Жоғарға сотының және ҮЕҰ мүшелері қатысты.

Кеңесте, ақпараттандырудың электрондық құралдарын есепке алғанда, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері, сондай-ақ шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы; сот әділдігіне қол жеткізу, генетикалық өзгертілген организмдер; Конвенцияны іске асыруға әсер ететін процедуралар мен механизмдер (есеп беру механизмі, сақтау механизмі, потенциалды арттыру), Конвенцияны қолдануға ықпал ету, ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу саласында қоршаған орта бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Бағдарламасының бастамалары туралы жаңартылған ақпарат, 2015–2017 жыларға бағдарламаларды іске асыру, жұмыстың болашақ бағдарламасы, қаржа механизмдері және т.б. қарастырылды.

Кеңес қортындысы бойынша Қазақстанның өз міндеттерін орындауына қатысты VI/8g шешімі шығарылды.

Сонымен қатар, Қазақстан өкілдері Орхус орталықтарының 15- жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

Аталған сессия жұмысына қатысу, Қазақстанға тек Орхус конвенциясын насихаттаудағы халықаралық оң тәжрибемен танысуға мүмкіндік қана берген жоқ, сонымен қатар Қазақстанның Орхус конвенциясының ережелерін іске асыруы және ЛШТТ туралы Хаттаманы ратификациялау бойынша қадамдарымен Орхус конвенциясының қатысушы елдерін таныстыруға мүмкіндік берді.

whatsapp-image-2017-09-19-at-09-48-57 whatsapp-image-2017-09-19-at-09-49-18

Жалпықалалық сенбілікте 9571 көшет отырғызылды

Дереккөз:  www.24.kz

00939b4b1d2f62cfb23b568fb210d6ef_l

Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілікке 109 мыңнан астам тұрғын, 5729 мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.

Өткізілген айлық аясында 3,7 млн шаршы метр аумақта саябақтар мен гүлзарлар жиналды, 9571 көшеттер отырғызылды. Атап айтар болсақ, қызыл тал, татар үйеңкісі, қайың, қарағай, емен, терек, шетен ағаштары егілді.

«Алматы» ауданында – 3 724 ағаш, «Есіл» ауданында – 3 170 ағаш, «Сарыарқа» аудында – 628 тал, құрылыс басқармасы нысандарында 2 049 ағаш отырғызылды.

Естеріңізге саламыз, айлық барысында 18 452 ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Жалпықалалық сенбілік күнінде 9571 көшет егілді, ал 8881 данасы айлықтың соңына дейін отырғызылады.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Депутаттар жалпықалалық сенбілікке шықты

Дереккөз: www.24.kz

16d486838914261c1953559aa6d6970d_l

Астанада өткен шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары бір кісідей атсалысты.

Халық қалаулылары көппен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. Олар қаланың сол жағалауындағы жаңа даңғыл бойына 100-ге жуық тал екті. Депуттар: «Мұндай шара шаһар тазалығына атсалысумен қатар, ұжым рухын көтереді», – деп отыр.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Осындай қалалық сенбілік жақсы дәстүрге айналды. Барлық қала тұрғындары үшін үлкен мереке. Себебі біздің гүлденіп жатқан Астанамызға үлес қосу –депутаттар үшін үлкен міндет.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Астананың жасыл елге айналғаны – Президентіміздің бастамасы. «Жасыл ел» – шынында да үлкен бағдарлама. Қазақстанда жүріп жатыр. Қыркүйектің 4-інде сессиямызды бастадық. Біз азғантай болса да жақсылығымызды көрсетеміз. Сондай мүмкіндігіміз бар.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика