Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Жәйрем кен-байыту комбинаты» АҚ, «Халлибуртон Интернэшнл ГмбХ» компаниясының филиалы, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ, «Жамбыл Петролеум» ЖШС, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тоспа су» МКК, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының Атырау филиалы, «Кристалл Менеджмент» АҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Жәйрем кен-байыту комбинаты» АҚ, «Халлибуртон Интернэшнл ГмбХ» компаниясының филиалы, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ, «Жамбыл Петролеум» ЖШС, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тоспа су» МКК, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының Атырау филиалы, «Кристалл Менеджмент» АҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз:www.energo.gov.kz
Алматы қаласында «жасыл» экономиканы ілгерілетудегі өңірлік ынтымақтастық рөліне және Орталық Азиядағы су, азық-түлік, энергия және экожүйесі арасындағы байланысының тәсілдері қарастырылған, 8-ші Орталық Азиялық Көшбасшылар Бағдарламасы (ОАКБ) өтті.
Негізгі мақсаты – «жасыл экономика», су мен энергия саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың тиімділігі мен артықшылықтарын көрсету және аталған салада Орталық Азия мен Ауғанстан көшбасшыларының әлеуетін дамыту.
Аталған іс-шараға халықаралық және өңірлік ұйымдардың мүшелері, экологиялық үздіктер мен жетекші сарапшылар қатысты.
ОАКБ Норвегия үкіметінің, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің және USAID-тің қолдауымен ЮНЕП-пен ынтымақтастықта Орталық Азиядағы өңірлік экологиялық орталық ұйымдастырды.
Сессиялар Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық контекстінде қоршаған орта мен тұрақты даму, жасыл өсім мен «жасыл» экономика бойынша ынтымақтастықтың жаһандық үдерістері мен платформаларына арналды.
ОАКБ қатысушылары Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың мақсаттарын іске асыру және «жасыл экономиканы» ілгерілету, Киото хаттамасын орындау және ОА елдерінде экологиялық ақпаратты тарату мәселелеріне қызығушылық білдірді.
Дереккөз: www.24.kz
«Байтақ болашақ» экологиялық альянсы «18 миллион көшет» жобасы бойынша ағаш отырғызу маусымын ашты.
Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалында бірлестік өкілдері мәлімдеді.
Сарапшылардың айтуынша, наурыз айынан бері Қазақстанда 830 мың жас ағаш отырғызылған. Экологиялық альянс шараға еріктілерді тарту мақсатында «Жастар қанатын» құрыпты. Енді «Байтақ болашақ» еліміздің мектептері және жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жастарды аталған жобаны қолдауға шақыратын Challenge жүйесі іске қосылды.
«Байтақ болашақ» экологиялық альянсы 2016 жылы құрылған. Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы:
– Он сегіз миллион тал отырғызу үшін 90 миллиард теңге қаражат керек екен. Бізге бірінші криптовалюта жасау идеясы келді. «Бір тал» деген криптовалютаны бүгін жасадық. Біз соны халықаралық криптобиржасына қоюымыз керек. Бүгінгі күні криптовалютамызды іске қостық. Ол техникалық тұрғыда жұмыс істеп тұр. Осы арқылы біз халықтан, әлемнен қаражат жинасақ деген ойымыз бар.
Дереккөз: www.24.kz
Батысқазақстандық шаруалар биыл 4 мың гектар алқапқа картоп еккен болатын.
Күні бүгінге дейін әр гектардан жиналған өнім көлемі 150 тоннаға жуықтап отыр. Қазір өңірде картоп жинау науқаны аяқталып келеді. Облыс орталығында аталған өнімнің әр келісі 40-45 теңгеден сатылып жатыр. Жиі ұйымдастырылатын жәрмеңкелер арқылы аймақта азық-түлік пен көкөніс бағасын арзандатуға мүмкіндік бар.
Картоп егілген алқаптардың дені Зеленов ауданының аумағында. Мичурин ауылындағы шаруалар биыл мол өнім жиналғанын айтады. Бұған тамшылатып суару секілді заманауи технология жетістігін пайдалану да өз әсерін тигізген.
Александр Предко, шаруа қожалығының басшысы:
– Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ең алдымен тұқымның сыннан өткен сұрыптарын егумен қатар жер өңдеудің тың әдіс-тәсілдерін қолдану қажет. Әрине, ең бастысы, техникаң да сайлы болуы керек. Тыңайтқыштарды орнымен пайдалану, түрлі ауруларға қарсы іс-шараларды қолдану мол өнім алудың кепілі деп ойлаймын.
Шаруа қожалықтары жиын-терім науқаны кезінде жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартады. Олар жиналған өнімді сұрыптап, сақтайтын орындарға жеткізуге көмектеседі. Алқаптан жиналған өнім негізінен Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ресей нарығына шығарылады.
Рита Хамидова, кәсіпкер:
– Дәндерін жыл сайын жаңартады, сол себепті бұл кісілерге шағым жоқ. Сақталуы да жақсы, халықтың алуы да жақсы, жері де жақсы. Біздің Оралдың картобы сұранысқа ие.
Қожалықтың қоймасында 3 мың тоннадай картоп сақталады. Кәсіпкер келер жылы тағы осындай көлемде көкөніс сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр. Жалпы, өңір шаруалары картоп пен майлы дақылдар алқаптарының көлемін жыл санап ұлғайтып келеді.
Беккали Бержанов, Мичурин ауылдық округінің әкімі:
– Осы кәсіпкерлердің арқасында Жамбыл ауылының тұрғындары жұмыспен қамтылған. Екіншіден, кәсіпкерлер осы ауылдағы мектепке, басқа да жанұяларға көмектерін тигізіп тұрады.
Өңір тұрғындары жылына 60 мың тоннадай картоп өнімін тұтынады. Бұл көлем толықтай жергілікті шаруашылықтардан алынады. «Алдағы 3 жылда картоп егілетін алқаптар көлемі 5 мың гекарға дейін ұлғаяды», – дейді мамандар.
Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов
Дереккөз: www.24.kz
– Астана EXPO 2017 әлемнің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қандай жобаларды таныстырды?
– Күн, жел, су әлеуетін пайдаланғаннан ұтарымыз не?
– Болашақ энергиясын бағдарлаған елдер көрмеде қандай жетістіктерін ұсынды?
Дереккөз: www.24.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі берген дерекке сүйенсек, еліміз бойынша 20 мың 369 тонна бидай майдаланған.
Сонымен қатар дәнді-дақылдардың 96,3%-ы жиналған. Орташа өнімділік гектарына 13,8 центнерден айналып отыр. Ал егіс орағын аяқтаған Ақмола облысында аймақ диқандары биыл 5 млн тоннадан астам астық жинады. Өнімділік гектарына 11,85 центнерден келді. Жалпы, егін орағына 9 мыңға жуық комбайн жұмылдырылған. Үкіметтен 70 мың тонна арзандатылған жанармай бөлінген.
Мамандардың айтуынша, биыл егіннің сапасы өте жақсы. Бидайдың 80%-дан астамы 3-санатқа жатады. Әрі биыл астық былтырғыдан әлдеқайда құрғақ. Сондықтан шаруалар оны жылдағыдай кептіріп әуре болмай, бірден қоймаға жинап алған. Ал биыл экспортқа 2 млн тонна бидай жөнелтіледі деген болжам бар. Енді жиналмаған 100 мың гектардай майлы дақылдар ғана қалып отыр. Аймақ шаруалары ағымдағы жылы 4 млн 300 мың гектар жерге дәнді-дақыл сепкен болатын.
Мұрат Балпан, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
– Биылғы егіннің сапасы жылдағыдан біршама жоғары. Қазір қоймаларға жиналған 1 млн 300 мың тонна бидайдың 87%-ы 3-санатқа жатады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 60% ғана болған еді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ, «Өскемен құсфабрикасы» АҚ, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна– ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ, «Өскемен құсфабрикасы» АҚ, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна– ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz
2017 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің баспасөз орталығында ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.
ҚР Энергетика министрлігі Нұр-Әлем ұлттық павильонында орналастыру үшін 28 отандық әзірлемені таңдады. Аталған жобалар келесі бағыттарды қамтиды: жаңартылатын энергия көздері (Альберт Болотов, Марат Кошумбай, Николай Буктуковтың жобалары), қалдықтарды басқару саласында (Александр Устименко, Сергей Требуховтың жобалары), энергиялық тиімділік (Амангельды Таукенов, Асқар Арынгазин, Диас Байсеитовтің жобалары) және тағы басқалары.
Сонымен қатар ЭКСПОда ұсынылған алдыңғы қатарлы шетел технологияларын еліміздің экономикасына енгізу үшін ҚР Энергетика министрлігі сарапшылар жұмыс тобын құрды. Оның құрамына ҚазМұнайГаз, ҚазТрансГаз, КЕГОК және т.б. ұлттық компаниялардың 40-тан астам сарапшылары, сондай-ақ энергетиканың әр түрлі секторынан сарапшы-талдаушылар, министрлік өкілдері және құрылымдық бөлімшелердің өкілдері кіреді.
Сарапшылар жұмыс тобы Австрия, Германия, Нидерланды, Ресей, Финляндия және тағы басқа елдерден 105 технологиядан тұратын тізім әзірледі. Ерекшеліктеріне қарай аталған технологиялар 4 бағытқа бөлінді:
– мұнай және газ – 27 технология,
– көмір және атом өнеркәсібі – 5 технология,
– электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК – 44 технология,
– экология, соның ішінде қалдықтарды басқару, су тазалау, ауа сапасын бақылау – 29 технология.
Қазіргі уақытта 105 технологиядан 42 технология 9 отандық компанияда толық зерттеленуде, 14 технологияны 2 университет және 12 жобаны 2 әкімдік қарастыруда.
Қажетті мәліметтермен технологиялардың тізімі Министрліктің сайтында орналастырылған (жобаларға сілтеме: http://energo.gov.kz/index.php?id=7), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға және 170 компанияға жолданды.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі