Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қазақстан Республикасының делегациясы (энергетика, ауыл шаруашылығы және сыртқы істер министрліктері қызметкерлері) Стокгольмдегі «Дүниежүзілік су аптасының» жұмысына қатысты.
Әлемнің әртүрлі елдерінен келген делегаттар әлемдегі, атап айтқанда Орталық Азия елдеріндегі су мәселесін үйлестіру және талқылау үшін Швецияның астанасында бас қосты.
Дүниежүзілік су аптасы тұрақты даму және су ресурстарын басқару мәселелері бойынша жаһандық күн тәртібін қалыптастыратын ірі платформалардың бірі болып табылады.
Осы процеске Қазақстанның қатысуы өңірдің ішіндегі су ынтымақтастығы бойынша жаңа мақсаттар әзірлеу және «түйісу нүктесін» іздеу кезінде елдің мүддесін білдіруге мүмкіндік берді.
Қазақстанда 8 алап бар екендігін атап өткен жөн, олардың жетеуі трансшекаралық, сол себепті су ресурстарын басқару мәселелеріндегі ынтымақтастық еліміз үшін су саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.
Іс-шара барысында Орталық Азия елдерінің өкілдері ынтымақтастық идеяларымен және сумен байланысты өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін әзірлеуге қатысты ойларымен алмасты.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.24.kz
Атырау облысында күзгі балық аулау маусымы басталды. Осыған орай балық қорғау инспекциясы да бақылау шараларын күшейтті. Арнайы рейдтік тексеруге шыққан инспекторлар заңсыз құрылған ауларды сүзіп, браконьерлердің су көліктерін айып тұрағына алып кетті.
Күріштің арқасында күрмектің су ішетіндей балық аулау маусымы басталған тұста браконьерлер де құтырып кетеді. Өткен сегіз айдың ішінде заңсыз балық аулаушыларға 15 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.
Арман Молдашев, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі иснпекциясы басшысының орынбасары:
– Жайық өзенінің бойынан облыс бойынша 2023 дана иесіз ау құралдары тәркіленді, яғни сүзіп судан шығарылды. 706 әкімшілік хаттама толтырылып, оның өрескел сипаттағы 206-і хаттамасы сотқа жолданды.
Су жәндіктерінің уылдырық шашу және балық аулау маусымы кезінде табиғат қорғау мекемелері біріккен іс-қимылға көшеді. Сондай мекемелердің бірі «Ақжайық» табиғи резерватының иинспекторлары да браконьерлерге қарсы тосқауылды күшейтті.
Арман Құрманбаев, «Ақжайық» МТР директоры:
– Балық қорғау инспекциясымен бірігіп, Жайық өзенінің Каспий теңізіне құятын сағаларының барлығына жылжымалы бекеттер орнаттық. Енді өндірістік кооперативтерге тіркелмеген, заңды құжаты жоқ су көліктері ашық теңізге шығарылмайды.
Балық қорғау инспекциясы енді ҰҚК шекара қызметінің жағалау күзеті, ІІД су полициясы секілді құзырлы органдармен де біріккен тексеру рейдтерін өткізуді жоспарлап отыр. Жалпы Жайық өзені мен Каспий теңізіндегі заңсыз балық аулаушыларға қарсы күрес жаз-күз маусымында ғана емес, қыстың күні де жалғасатын болады.
Авторлары: Бекен Әлирахым, Әзілхан Уахитов
Дереккөз: www.24.kz
Батыс Қазақстан облысында тағы бір қой бордақылау алаңы ашылады. Ол бұған дейінгілерінен әлдеқайда ірі 30 мың басқа арналған. Бұл туралы Қытайдың Наньнин қаласындағы аймақаралық ынтымақтастық форуымында айтылды.
Сол жерде ет өңдеумен айналысатын оралдық кәсіпорын бордақылау кешенін салу туралы Қытай компаниясымен екіжақты меморандумға қол қойды. Жаңа нысанда келесі жылдан бастап салқындатылған және мұздатылған бір мың тонна ет әзірленбек. Ол Қытайға экспортталады. 47 млн доллардың жобасы қалдықсыз жұмыс істеуге бағытталған.
Арман Өтеғұлов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары:
– Еттен бөлек ішкі құрылыстарын өңдеп, Қытайға ұсынбақшымыз. Бұл үшін сертификат алуға тиістіміз. Қытай жағы мен Қазақстан жағы соған қазір жұмыс жасауда. Сол өнімдерді ұсынамыз.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Өскемен ЖЭО» ЖШС, ҚР ЭМ «Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Байкал» филиалы, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қыркүйектің 6-нан 8-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Өскемен ЖЭО» ЖШС, ҚР ЭМ «Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Байкал» филиалы, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Дереккөз: www.24.kz
– Қазақ жерінде өткен халықаралық шараға дүйім жұрт атсалысты. Жоғары деңгейдегі көрме ТМД елдері арасында алғаш рет өтті.
– Астанадағы көрменің басты павильоны «Нұр Әлем» расында әлем назарын өзіне аударып, жұршылық қызығушылығын арттырған. Павильонға келушілердің саны күніне 28 мыңға жуықтаған.
– Көрмеге үш айда 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысып, болашақ энергиясы тақырыбында өз ізденістерін көрсетті.
– Астана EXPO 2017 көрмесінен кейін, жоғары технологиялар орталығы ғана емес, әлемдік өркениеттің тоғысқан мекеніне айналды.
– Аталмыш көрмені өткізу ендігі Араб Әмірліктеріне бұйырды. 2020 жылы Дубай қаласы EXPO қонақтарын құшағын кеңінен жайып қарсы алмақ.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2017 жылғы 7-8 қыркүйекте Бангкок қаласында Азия-Тынық мұхит аймағының қоршаған ортасы жөніндегі VII Министрлік конференциясы (MCED-7) өтті.
Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков басшылық етті.
Конференция шеңберінде Ғани Сәдібеков «Азия-Тынық мұхит аймағының ресурс тиімділігі және экологиялық қауіпсіздігі жолында» Министрлік диалогында сөз сөйледі. Қазақстандық делегацияның басшысы «Жасыл экономикаға» көшу бойынша Қазақстан Республикасының жетістіктері мен жоспарлары және «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы айтты.
Бұдан басқа, Ғ. Сәдібековтің БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЭСКАТО атқарушы директоры Шамшад Ахтармен, Корея Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Минхо Лимен, Бангладеш Қоршаған орта мен орман министрінің орынбасары Абдуллах Аль Ислам Жакобпен екі жақты кездесулері өтті.
Кездесулер барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы, атап айтқанда «жасыл экономика» және климаттың өзгеруі салаларындағы ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ «Болашақ энергиясы» жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша Халықаралық орталығын құру бойынша екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.24.kz
Бүгін 40-қа жуық мұсылман елі Білім министрлері қатысқан жиында құжаттың соңғы нұсқасы қаралды.
Құжат 12 бағыттан тұрады. Оның ішінде денсаулық сақтау, су қорын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны аялауға басымдық берілген.
Болатбек Әбдірәсілов, ҚР БҒМ ғылым комитетінің төрағасы:
– Құжат жан-жақтан қаралды. Әр елдің мүмкіншіліктеріне байланысты Ислам елдерінің қауымдастығына кіретін елдердің түрлі мүмкіндіктері бар. Сол себептен құжат дайындалған кезде әр елдің ұлттық мәселелеріне, ұлттық ерекшеліктеріне байланысты жасалған құжат.
Ислам елдеріндегі білім беру мәселесі ертеңгі самиттің негізгі тақырыбы. Мұсылман елдерінің бірі барлық азаматтарының құқы бір десе, енді бірі қыз-келіншектердің білім алуын шектейді. Осы тұрғыда бір ұстанымға келу керек. Бұл құжатта айқын көрсетілген.
Мухаммад Наим Хан, ИЫҰ төрағасының ғылым мен технология жөніндегі орынбасары:
– Алдымен негізгі деген 4 пәнге мән бергіміз келеді. Ол математика, физика, биология және химия. Бұл пәндер мектеп қабырғасында қалып қоймауы керек. Колледж бен университетке де енгізіледі. Гендерлік сипатына қарай бөлмей, ұл-қызға бірдей қарауға үйренуіміз керек. Осылайша Ислам елдерінің жоғары оқу орындарын топ-5-ке енгізу де құжатта жан-жақты көрсетілген.
Хоссам Аль Малехи, Мысыр жоғары білім беру министрінің орынбасары:
– Мысалы Қазақстан мен Мысыр елінің делегациясы арасында Назарбаев университетінде меморандумға қол қою рәсімі өтті. Қазақстанда мұндай университеттің бары қуантады. Болашақта әріптестігіміз нығая түседі.
2026 жылға дейінгі даму бағдарламасы Ислам елдерінің арасындағы екіжақтық және көпжақты серіктестікті нығайту жөніндегі негізгі құжаттардың бірі болмақ.
Авторлары: Жамбыл Зейнолла, Ербол Дайыров
Дереккөз: www.24.kz
Ақ алтынның басым бөлігі егілген мақтаралдық диқандар алғашқылардың бірі болып өнімді жинауға кірісті. Жерді өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін қолданудың арқасында облыстағы 134 мың гектар жерге себілген шит толық шыққан.
Биыл қырманға ақ алтынның 300 мың тоннасы жиналады деген үміт бар. «Дегенмен зиянкестердің бұл көрсеткішке кері әсері болуы мүмкін», – дейді мамандар. Өйткені Мырзашөлдегі бірнеше гектар алқаптағы мақта көсегін құрт жеп қойған. Агротехникалық талаптарды қатаң сақтаудың арқасында егін бітік шыққан. Алқатпағы кейбір мақта сабағы 12-ден 20 көсекке дейін байлапты. Ауыл адамдары алғашқы ашылған ақ ұлпаны қолмен теріп жатыр. Ол сосын заутта өңделіп, талшық алынады. Ал егістік алқабындағы мақта көсектері толық ашылған кезде арнайы техника көмекке келеді.
Фузали Жавлановтың жеке қожалығында он гектар жері бар. Ол кезінде пай үлесіне тиген. Былтыр мақтасы бітік шығып, табысына техника сатып алыпты. Соның көмегімен сәуірде сепкен шитінің көсегі шетінен ашыла бастапты. Дер кезінде биотәсілмен өңдегендіктен мақтасына көсек құрты түспеген. Бала кезінен еңбекпен өскен ұстаз: «Ата кәсіпті шығыны көп болса да, тастай алмаймын», – дейді.
Фузали Жавланов, шаруа қожалық төрағасы:
– Мақта өнімділігі өте жақсы. Атамекен ауылдық округі бойынша 20-25 центнерден келуде. Былтырға қарағанда шығын көп. Оның себебі: минералды тыңайтқыштың бағасы нарықта көтеріліп кетті. Терім науқаны да көтерілді. Мақтарал ауданы бойынша баға 200 теңгеден асса ғана шығын жабылады.
Мақтаралдық шаруалар жиын-терімді биыл жылдағыдан бірнеше күн бұрын бастады. Мақтаға жауын тисе, сарғайып сорты төмендеп кетеді. Сондықтан оны суыққа ұрындырмай жинап алу қажет. Бірінші терімге ауыл адамдарының күшін жұмылдырып жатыр. Әр келісіне 20 теңгеден ақы төлейді. Маусым кезінде осылайша жұртқа қосымша жұмыс тауып береді.
Дильшат Ходжиева, Мақтарал ауданының тұрғыны:
– Жылда ауыл тұрғындарымен бірге жиын-терімге шығамыз. 100-150 келі тереміз. Алдыңғы жылға қарағанда биыл мақта өте жақсы. Осы тапқан табысымызға бала-шағаға мектепке киім жаратамыз.
Өнімділікті арттыру мақсатында диқандар бірнеше жылдан бері мақтаны жерді терең қопсыту арқылы егеді. Ол ылғалды ұзақ сақтайды. Енді америкалық тәсілді еңгізіпті. Жерді күзден бастап өңдейді. Қыс бойы сорын шаяды, тыңайтқыштар мен арамшөпке қарсы дәрілер себеді. Көктемде тек тырмалап егеді. Бұл жер құнарын арттырып, өнімділікті көтереді. Биыл мақтаралдық шаруалар ағын судан да тапшылық көрмеген.
Марат Әбуов, Мақтарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
– Биылғы жылы ағын судан шаруаларда қиындық болған жоқ. Негізінен біз жәрдем ретінде қосымша Шардара су қоймасынан су көтеру арқылы да қосымша алатынбыз. Биыл Достық каналынан келген су жетті. Ағын судан ешқандай мәселе болған жоқ.
Ақ алтынның басым бөлігі егілген Мырзашөл өңірінде биыл өнімділік біршама төмен болатын түрі бар. Өйткені бірқатар мақта алқабын көсек құрт жеп қойған. Зиянкес аудандағы егіс алқабының 50 пайызында кездескен.
Сейтжан Азбергенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
– Бұл өзі Мақтарал ауданында бұрыннан келе жатқан зиянкестер. Мақта зиянкестері егіс көлемінің 10 пайызын жеп қойды. Биыл қыстың өзі қолайлы болды. Жер қатпады, сол себепті зиянкестер биыл көбейіп кетті. Мақтаның егіс көлемін қысқартып, басқа дақылдармен ауыстырып ексе, зиянкестер жойылады.
Зиянкестерге қарамастан диқандар: «Биыл жалпы 300 мың тонна өнім жинаймыз», – деп межелеп отыр. Өйткені мақта шиті былтырғыдан 25 мың гектар жерге артық себілген. Шаруалар 134 мың гектар жердегі ақ ұлпаны суыққа ұрындырмай жинап алуға тырысып жатыр. Оңтүстіктің мақтасына қазірдің өзінде көрші Ресей мен Қытай және Еуропа елдерінен сұраныс артқан.
Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов
Дереккөз: www.24.kz